Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 12:27, реферат

Описание

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениет деп белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығын айтуға болады. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Содержание

Кіріспе



I. Еуропа елдеріне жалпы шолу

II. Еуропа елдерінің мәдениеті

2.1 Антика ммәдениеті

2.2 Испания мәдениеті

2.3 Австрия мәдениеті

2.4 Швейцария мәдениеті



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

титулка.docx

— 38.23 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

Экономикалық факультет

Туризм кафедрасы

 

 

 

 

 

 

«Әлем халықтарының ұлттық мәдениеті» пәні бойынша

 

        

 

 

Тақырыбы: «Шетелдік Еуропаның  ұлттық мәдениет ерекшеліктері»

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы, 2012 жыл

Жоспар

Кіріспе

 

I.     Еуропа елдеріне  жалпы шолу

II.   Еуропа елдерінің  мәдениеті

2.1 Антика ммәдениеті 

2.2 Испания мәдениеті

2.3 Австрия мәдениеті

2.4 Швейцария мәдениеті

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп  отырады. Мәдениет деп белгілі бір  халықтың қол жеткізген табыстары  мен шығармашылығының жиынтығын  айтуға болады. Мәдени игіліктерді  толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. 

Мәдениет – жеке адамның  өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде  қалыптасатын ерекше құбылыс.

 Адамдар өздерін қоршаған  ортаға, оның әлеуметтік және  мәдени қатынасына әсер етеді,  өзгертеді. Олар оны өз мақсатына  пайдаланады. Болашақ қоғамға,  ұрпаққа мұра етіп қалдырады,  ал ол мұра белгілі жағдайда  үнемі дамуда болады.

 Мәдениет әр түрлі  әлеуметтік құрылымдардың, топтардың,  таптардың, жіктердің, ұлттардың,  жеке адамдардың өмір сүру  жағдайына, талабына сәйкес пайда  болып, қалыптасады.

Шетелдік (ТМД елдеріне қатысты) Еуропа 800 млн. адам халқы бар 10 млн. км территорияны қамтиды. Мұнда тарихи тағдырларының ортақтығымен, тығыз  саяси, экономикалық және мәдени қатынастармен  өзара байланысқан 40-тан астам  мемлекет орналасқан. Шетелдік Еуропа – дүниежүзілік өркениет ошақтарының  бірі, Ұлы географиялық ашылулардың, өнеркәсіп төңкерістерінің, қала агломерацияларының, халықаралық экономикалық интеграцияның  отаны, бұл аймақ қазіргі кезде  дүниежүзілік саясат пен экономикада  өте маңызды орын алады.

Шетелдік Еуропа мәдениеті  ерекше, әрі бай. Оның әр түрлі болып  келуі елдердің географиялық орналасуы, дамудың тарихи алуан түрлілігі, ғылыми жетістіктердің пайда болуы, аймақтық шиеленістер мен т.б  факторларға байланысты болып келеді.

Жұмысымызды жазу барысында  Еуропаның жалпы тарихына, мәдениетіне  және Еуропаның 3 мемлекетінің жалпы  сипатттамасы мен тарихына, ұлттық құрамы мен діни ерекшеліктеріне  және мәдениетіне тоқталып кеттік.

Біздің жұмысымыздың негізгі  мақсаты Еуропа туралы жалпы мәліметтермен  танысып, оның мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау, тарихи тұрғыдан ұлттар мен  таптардың, діндер мен тілдердің, мәдениет пен өркениеттің пайда болуы  мен дамуын анықтап, қазіргі уақытта  қандай деңгейде екенін білу болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

I.     Еуропа  елдеріне жалпы шолу

Еуропа — (гр. Europa, семит  тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен  шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің  батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын  алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен  бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі. Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған.

Еуропа – Еуразия материгінің  батысындағы дүние бөлігі. Оның аралдарымен  қоса есептегенде дүние бөлігі 10 млн кмә-ге жуық. Еуропа семит тілінің «эреб» - батыс деген сөзінен шыққан деп қарастырылады. Мифологияға сүйенетін болсақ бұл жер атауын грек мифологиясындағы Зевстің Критқа алып қашқан финикия патшайымы Еуропа есімімен байланысты деп айтылған.

Гесихий деген лексикографтың айтуы бойынша «Еуропа» сөзі «күн батыс елі» мағынасында берілген.

Еуропа Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік Еуропа елдеріне жіктеледі. Еуропа құрамындағы мемлекеттер: Австрия, Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Түркия (солтүстік-батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Югославия.

Ресей мен тәуелді мемлекеттерді  есептемегенде Еуропа құрамына 43 мемлекет кіреді. Еуропаның елдері дамыған  болып келеді.

Еуропа елдерінің ¾  бөлігінің басқару құрылымы республика, 12 мемлекетте монархия. Ватиканнан басқа  монархиялық мемлекеттерде конституциялық монархия сақталған.

Ұлы географиялық ашылулар заманынан бері эмиграция ошағы  болып келген Еуропа қазіргі кезде  еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ауданына айналған.

Еуропа елдерінде 80-нен  астам этнос өкілдері тұрады. Халқының басым көпшілігі үнді еуропалық  тіл семьясына жатады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада славян тобының  халықтары:орыстар, поляктар, чехтар, болгарлар, хорваттар, сербтар, словактар, словендер; Солтүстік және Орта Еуропа герман тіл тобына: шведтер, норвегтер, немістер, ағылшындар, голландықтар, исландықтар; Батыс, Оңтүстік-Батыс Еуропа роман  тіл тобына:француздар, итальяндар, испандар, румындар, португалдар бөлінеді.

 Еуропа христиан дінінің  кең таралған орталығы болып  саналады. Мұнда провославие, католик  және оның тармақтары болып  табылатын протестант шіркеулері  мен діни ағымдары кең қанат  жайған. Православие Шығыс және  Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін,  ал католик діні Батыс және  Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін  Қамтиды. Еуропаның түпкә тілдес  халықтарының көпшілігі ислам  дінін ұстанады.

 

II.   Еуропа  елдерінің мәдениеті

2.1 Антика ммәдениеті

«Антика» ұғымы Қайта  өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим  мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті  Европа мәдениетінің дамуында шығар  нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық  қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік  дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне  тән келесі белгілерді атап көрсетуге  болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер  риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық  есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің  келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде  ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі  философиялық бағыттардың болу құқығын  негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі – оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы.  Әдетте мерекелер полис қамқоршылары – құдайлардың құрметіне үнемі  салтанатты шерулер мен жарыстар өткізумен байланысты болды. Алайда барлық ғасырда антиканың негізгі  тенденцияларын көркем мәдениет - өнер толық бейнеледі.

Ежелгі Грек өнерінің тарихы бірнеше кезеңдерден құралады. Крито-микен  кезеңі немесе эгей кезеңінде (б.з. дейінгі  ІІІ-ІІ мыңжылдық) Крит шеберлерінің өнері  гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының шығармашылық белсенділігі өседі. Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға дейін шартты түрде «гомер» деп аталатын кезең жалғасады. Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады. Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір дербес қала полистерінің құрылуы және өнердің қарқынды даму кезеңі болды. Классикалық кезең б.з. дейінгі V және IV ғасырларды қамтиды және ежелгі грек өркениеті дамуының жоғарғы нүктесі болып саналады. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады.

Көне заман кезеңінде  қала-мемлекеттің антикалық полисі қалыптасады, оның азаматтық қауымына қаланы қоршап тұрған ауыл шаруашылық территориясы да кіреді. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге  бөлінгенмен, көне заман кезеңінде  “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда  болады.

Грек мәдениетінің органикалық  бөлігі саяси сипаттағы дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы бар, бірақ  антропоморфизм бірінші орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында  орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар  тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ  олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден  басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы  басқа халықтардың мәдениетіне  үлкен әсер етті, ол ақындар мен  суретшілердің шабыт көзі болып  табылады.

Грециядағы діннің ажырамас бөлігі құдай мүсінімен азаматтардың салтанатты шеруі формасында бас  құдайды құрметтеу және құрбандық  шалудан соң, мерекелік шаралар  өткізу болды. Ең белгілілері Зевске арналған спорт жарыстары – Олимпиада  ойындарын өткізу болды, Олимпиада  ойындары б.з. дейінгі 776 жылдан төрт жылда  бір рет өткізіледі.

 

2.2 Испания мәдениеті

Испания мемлекеті Еуропаның  оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Астанасы Мадрид қаласы. Ол Пириней  түбегінің көп бөлігін алып жатыр. Көлемі бойынша Испания Еуропада Ресей, Украина және Франциядан кейінгі  төртінші орынды алады. Ол ең таулы  жерде орналасқан.

Испания мемлекеті қазіргі  кезде валюталық қоры бойынша  әлемдегі тоғызыншы орынды алады. Испания  әлемдік экономикада өзінің тауарларын шығарып, айналымға жіберу арқылы осындай  дәрежеге жеткен. Ол жақта сонымен қатар АҚШ, Франция, Англия мемлекеттерінің үлкен компаниялары орналасқан. Оларға металлургия және көлік жасау компаниялары өнім өндіреді.

Испанияның ұлттық тілі кастильдік тіл. 95% халық католиктер болып табылады.  Испания консульдық монархиялық мемлекет. Мемлекет басшысы король.Қазіргі король Хуан Карлос І.Заң шығарушы орган екі палатадан тұрады депутаттар конгрессі және сенат. Сенат 259  адамнан турады. Барлық депутаттар төрт жылға сайланады. Ал конгресс депутаттары 350  адамнан құралған. Атқарушы үкімет басшысы ретінде премьер министр тағайындалады.

Испанияның  мәдениетіне  келетін болсақ,  ашық аспан астындағы музей деген атқа ие. Өйткені, бүкіл әлемдік маңызы бар тарихи оқиғалардан қалған ескерткіштер осы жерде сақталған. Ең танымал музей Мадрид қаласында орналасқан Прадо музейі. Оның кереметтілігін бір күнде көріп шығу мүмкін емес. Бұл музейді Фердинанд корольдің әйелі Изабелла салдырған болатын. Музнйде испан, француз, нидерланд, неміс қолөнершілердің туындылары сақталған.  Қазіргі таңда музейде 6000 сурет, 4000 скульптур және көптеген алтын мен ерекше бағалы заттар сақталған.  Музейде Эль Греко, Дего Виласкес және Франсиско Хоссе де Гойя атты суретшілердің суреттері бар.Эль Греконың суреттерін басқалардан айрықша бөліп, көзге ерекше түседі. Өйткені ол ашық түстерді көп қолданады. Сондықтан суреттері энергетикаға, позитивті дүниеге толы . Прадо музейінде «Троица»,« Распятие с Богоматерью, Иоанном  және  Марией Магдалиной», сонымен қатар «Крещение Христа» картиналарын кездестіруге болады.  Испандықтардың алтын ғасырлық қорына жататын суретшілердің бірі Диего Вилескас. Ол өз картиналарына ерекше бір мән беріп, картиналарға қаралау түсті берген.  Ең танымал картиналары  «Триумф Вакха или Пьяницы», «Портрет Филиппа IV в охотничьей одежде», «Изабелла Бурбон на коне».

Әрбір мемлекетте Мекке секілді барып құлшылық ететін ерекеше жерлері болады. Испания мемлекетінде ол Саргада соборы. Бұл собор ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды байланыстыратын көпір секілді. Собор слынғанына екі жүз жылдан асса да, қазіргі кезег дейін собор салынып, жаңа құрылыстар жүріп жатыр. Бұл ғажайып дүние ЮНЕСКОның қорына кірген собор.

Испандықтар  балық жегенді жақсы көреді. Мысалы. Анчоус, треска, мерлан, камбала. Сонымен қатар испандықтар етті де құрмет тұтады. Әсіресе қуырылған. Күріштен жасалған тағамдарда керемет дәмді деп есептелінеді

Коррида ойыны тек қана ойын емес, ол үлкен бір спектакль секілді. Бұл ойынның өз ережелері бар.  Ойынды басқаратын президент болып табылады. Ол көбінесе қала әкімі басқарады. Ойын кешкі сағат бесте басталады. Ойын басталмас бұрын арнайы адамдар бұқаларды тексеріп, кімдер қандай бұқамен шығатынын шешеді. Ойынның негізгі ойы матадордың бұқаны өлтіру керектігінде. Өлтіргесін ол матадор жеңді деп есептеледі. Оны президенттің өзі марапаттайды. Испанияда мыңдаған фермалар бар. Ол жерлерде коррида ойыны үшінарнайы бұқалар өсіріледі.

Информация о работе Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері