Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 12:27, реферат

Описание

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениет деп белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығын айтуға болады. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Содержание

Кіріспе



I. Еуропа елдеріне жалпы шолу

II. Еуропа елдерінің мәдениеті

2.1 Антика ммәдениеті

2.2 Испания мәдениеті

2.3 Австрия мәдениеті

2.4 Швейцария мәдениеті



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

титулка.docx

— 38.23 Кб (Скачать документ)

Ең танымал спорт түрі болып футбол болып саналады. Ол ХХ ғасырдан бастап қалыптасқан спорт түрі. Испания қазіргі таңда спорт әлеміндегі державалардың бірі. Жаздық олимпиада ойындары Барселонада өтеді. 2008 жылы Испания футболдан Еуропа чемпионы, ал 2010 жылы әлем чемпионы болды. ХХІ ғасырдың басында Испания барлық спорт түрінен Еуропа чемпионы болған.

 

2.3 Австрия мәдениеті

Австрия - салт-дәстүрге, тарихқа, мәдениетке бай елдердің бірі. Бұл  елдің атын естігеннен сіздің көз  алдыңызға көгалда жайлып жүрген сиырлар,  ертегідей тау беткейлерінде  орналасқан үйлер елестейді.  Австрияны  әртүрлі елестетуге болады. Бұл бұрынғы  империя, музыканың корольдігі, сонымен  қатар Австрия Еуропадағы өзінің тау шаңғысы және курорттарымен  мақтана алатын елдердің бірі.

 Австрия ертеден музыка мен драматикалық өнердің елі болды. Зальцбергте Моцарт дүниеге келді, Венада Бетховен, Гайдн, Шуберт және Брамс өз өнерлерін әлемге паш етті. Иоган Штраус I Венаны вальс астанасы ретінде әлемге танытты. Артур Шницлердің басшылығымен Вендік драматикалық мектеп XIX – XX ғғ. Европа драматургиясына жаңа серпін берді. Үлгілі поэт және драматургтардың бірі Гуго фон Гофмансталь болды. 1917 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Зальцбург фестивальі драматика мен музыка өнерлерінің жетістіктерін көрсететін жыл сайын өткізілетін фестивальға айналды. Макс Рейнхардт Венаны театр өнеріне баулыйтын орталық етті. Густав Малер және Рихард Штраус  секілді әлемге аттары шыққан дирижерлар жұмыс істеген Веналық филармония мен веналық Мемлекеттік операның әлемдік танымалдыққа ие болды.1945 жылдан кейін бұл репутацияны Герберт фон Караян, Карл Бем және Лорин Маазель жалғастырды.

Мемлекеттік опера және «Бургтеатр» музыка мен драманың орталығы болды. Екі театр да Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шекті, алайда кейін қайта қалпына келтірілді. Мемлекеттік опера – Венаның мәдениетінің орталығы. Зальцбург фестивальының қойылымдарына жоғары талаптар оның басыты музыка-драма оқиғасында жоғарғы дәрежесін сақтауға көмектесті. Зальцбург фестивальі Моцарттың шығармалары негізінде өткізіледі. Брегенцтегі атақты опера фестиваль Зальцбург фестивальына бәсекелес болады. Жыл сайын маусымның алғашқы үш аптасында вена өзінің жеке фестивальын өткізеді.

Спорт орталығы болып 95 мың орындық стадионы бар Вена мен 1964, 1976 жылдары қысқы олимпиадалық ойындар өткізілген Инсбург қалалары болып табылады. Австрияда халқының аздығына қарамастан 1997 жылы күніне 20-дан астам газет шығып тұрды, бұл европа стандарты бойынша жоғарғы көрсеткіш болды.[1]

Габсбургтарға тиесілі ең ірі өнер шығармалар жинағы Венадағы Өнер тарихы мұражайында сақтаулы. Мұражай Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шекті, бірақ кейін қайта қалпына келтірілді. Бұл жинақ әлемге әйгілі «Альбертина» мұражайындағы графика жинағымен бірге Венаны европадағы өнер астаналарының бірі етті.

 Бельведер және Шенбрунн Венадағы керемет сарай өнерлерінің туындылары. Австрияда барлық жерде готика, барокко, рокко стильіндегі ескерткітер көптеп кездеседі. Мельк, бенединктіктердің Дунайдағы шіркеуі және Зальцбург шіркеуі барокко стильіндегі ерекше архитектура туындылары. Инсбург пен Зальцбургты нағыз архитектуралық стильдер мұражайы деугеболады. Бургенлан мен Тироледе орта ғасырдан қалган көптеген сарайлар сақталған.

Австриялықтардың  интелектуалдық өмірлері қазіргіге қарағанда бұрын  салмақтырақ болған. 1914 жылы Зигмунд Фрейд пен Альфред Адлер Венада психология саласы бойынша европалық зерттеу орталығын құрды.[2] Осы уақытта өзінің медициналық зерттеулері мен медициналық білімі деңгейі бойынша Веналық университет жоғары дәрежеге жетті. Австриялық экономика мектебі құрметке ие болды, ал Фридрих фон Хайек либералды экономист ретінде әлемдік құрметке ие болды.

Австрияда МАГАТЕ-нің көмегімен ядерлік физикамен айналысатын екі ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Австриялық Эрвин Шредингер (1887–1961) физикадан Нобель сыйлығынын лауреаты.

 Австрияда 1774жылы мемлекеттік мектептік білім беру жүйесі қабылданды, 1869 жылы міндетті сегіз жылдық білім, 1962 жылдан бастап тоғыз жылдық білім енгізілді.Төрт жылдық білімнен соң негізігі немесе гимнзияларға түсуге болады.[1]

Австрия университеттері білім берумен қатар зерттеумен де айналысады. Емтиханнан өткен әрбір адамға университет есігі ашық. Қазаргі таңда Австрияда 19 университет бар, жетеуі Венада. Оларда 220 мыңнан астам студенттер білім алуда оның 12% шетел студенттері. Университеттерден басқа арнайы жоғарғы мектептер, колледждер, академиялар бар.[3]

Австрияның ең үлкен университеттен тыс ғылыми орталықтарның бірі Австрия ғылым академиясының негізі  1847 жылы қаланды. Негізінен ол іргелі зерттеулермен айналысады. К.Лоренц атындағы салыстырмалы зерттеу институты, Халқаралық қолданбалы жүйелі анализ институты осы академия құрамына кіреді. Австрияда барлығы 25 мың-ға жуық адам жұмыс істейтін 2200-ге жуық ғылыми мекеме бар.

Кішкентай Австрия – ұлы ғалымдардың және біртұтас мектептердің елі, тек жаратылыстану ғылымының ғанаемес, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың да елі. Экономикада австриялық мектеп кеңінен танымал (К.Менгер, Ф. фон Визер, Е. фон Бём-Баверк), либерализм теоретигі Л. фон Мизес, психолог З.Фрейд, экономист Й.Шумпетер, Нобель сыйлығының  лауреаттары  Ф. фон Хайек и К.Лоренц.

Мәдениет саласында Австрия музыкамен байланысты. Алайда ол әдебиет саласында да терең дәстүрлерге ие. XII – XIIIғғ Австрия Вальтер фон дер Фогельвайденің «Песня о нибелунгах»  арқасында әдебиет өнерінің орталықтарының бірі болды. Сонымен қатар әдебиет саласының жандануына С.Цвейг, Р.М.Рильке и Ф.Кафка, Р.Музиль өз үлестерін қосты.

Елде XI ғ бергі әртүрлі дәуір мен стильдегі архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі, бірақ ерекше орынды қазірде австриялықтардың сәулеттерін бейнелейтін барокко стильі болып табылады.

 

2.4 Швейцария мәдениеті

Швейца́рия (нем. Schweiz, фр. Suisse, итал. Svizzera, ромш. Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі.Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.Швецария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі.

Швейцария — таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.

Швейцария - теңiзге шығусыз  ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:

Солтүстігіндегі Юра таулары,

Отралығындағы Швейцария  үстірті,

Оңтүстігінде Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.

Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi, оңтүстiк - Италиялық Альпiлер және Женевалық көлі бойымен.

Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швецария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. 2 ғ-ға жатады. Бұл кезде Ш-ның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 ж. рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. 5 ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. 7 ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.

10 — 11 ғасырларда Швейцария  “Қасиетті Рим империясының”  құрамында болды. 13 ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған “тау кантондарын” (Швиц, Ури, Төм. Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған “мәңгілік одақ” құрды. 1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Ш. “Қасиетті Рим империясынан” толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді.

Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі.

Ауыл шаруашылық — жоғары өнімді, ел сұранысының -ін бөлігін қанағаттандырады. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін ел аум-ның 11%-ы пайдаланылады. Жетекші сала — мал өсіру (а. ш. өнімдерінің -ін бөлігін береді), оның ішінде сүтті ірі қара (симменталь және швиц тұқымдары) мал өсіріледі. Негізгі дәнді дақылдар: бидай (бүкіл жыртылатын жердің жартысынан көбіне егіледі), қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған.

Швейцарияда жылына 12,5 млн-дай турист демалады. Мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған.

Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның еур. елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-ына жуығы тиеді. Қазақстан мен Ш. арасындағы сауда айналымы 2005 ж. 5710,6 млн. долл-ды құрады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін швейцариялық капиталдың қатысуымен 108 компания тіркелген.

Швейцарияның халық саны - 7.7 млн адам. Оның ішінде 3,8 млн ер адамдар және 3,9 млн әйелдер.

Тұрғындардың жас шамасына байланысты құрылымы:

0-14 жас: 15, 8%

15-64 жас: 68, 2%

65 жастан үлкенi: 16%

Тұрғынның орташа жас шамасы:

орташасы: 40, 7

еркектер: 39, 6

әйелдер: 41, 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды


Информация о работе Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері