Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:03, курсовая работа
Инвестициялық нарық капиталды (инвестицияларды) сату механизмін білдіреді. Осыған сәйкес ол нарықтың негізгі қатысушылары (мемлекет, тұтынушы-кәсіпорындар, инвестициялық және қаржылық делдалдар, тұрғындар және т.б.) жағынан сұраныс пен ұсыныстың әсер етуінде, сонымен бірге нақты және нақты емес нормалар мен ережелер жүйесі арқылы көрсетілетін нарық субъектілерінің қызығушылығын келістіру негізінде оның қызметін реттеу тәсілдері қалыптасады. Инвестициялық нарық несиелік және қор нарығының құрылымын және элементтерін қосатын кіші жүйе ретінде қалыптасады.
КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІКТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның рөлі............................................................................................5
1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтің объектілері мен
субъектілері.....................................................................................................5
1.2 Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі............8
1.3 Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы.............12
2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері...................................18
2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні......................................18
2.2 Инвестициялық тәуекел түрлері..................................................................20
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері................24
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................32
Нарықтың сенімділік сызығы – нақты қаржылық инструмент (баға-лы қағаз) бойынша жүйелі қатер деңгейі мен ол бойынша қажет түсімді-лік деңгейі арасындағы тәуелділікті анықтайтын графиктік әдіс (бұл гра-фик қатер факторын есептеудің әдістемелік нұсқасының нақты бөлімін қарастырғанда келтіріліп, қаралады).
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері
Тәуекелдің мөлшері екі критериімен өлшенеді:
1. Орташа күтілетін мәні
2. Мүмкін болатын нәтиженің өзгеруі
Орташа күтілетін мәні – бұл жағдайдың мөлшерінің мәні, белгісіздік ситуациямен байланысты болады. Ол мөлшер жалпы сандық сипаттаманы көрсектеді және капитал салымдарының қандай да бір вариантын шешімін шешуге жол береді.
Тәуекелден құтылу – бұл қаржылық тәуекелдерді нейтрализациялауға бағытиталады.
Лимидтеу – бұл қаржылық қызметте саясатты дайындау процесінде әртүрлі аспектілерді жүзеге асыру. Ішкі қаржылық нормативтерді кәсіпорында бекітіледі.
Хеджирлеу – ішкі және сыртқы қаржылық шығындар тәуекелдің төмендетуін әртүрлі механизмдерді пайдалану процесін сипаттайды.
Диверсификация – тәуекелдің жүйелі емес түрлерінің қаржыларын нейтрализациялауға қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдер диверсификациясының негізгі пішіні түрінде келесі бағыттарқолданылуы мүмкін:
- қаржылық қызмет түрлерінің диверсификациясы
- депозиттік қаржының диверсификациясы
- несиелік қаржының диверсификациясы
- бағалы қағаздар қаржысының диверсификациясы
- нақты инвестициялау бағдарламасының диверсификациясы
Тәуекелдерді бөлу. Қаржылық тәекелдерді бейтараптандыру бағыттарының механизмі бөлек қаржылық операциялар бойынша оларды серіктерге негативтік зардаптарды бейтараптандырудың көп мүмкіншілігі және ішкі сақтық қорғаныстың эффективті тәсілдері бар кәсіпорындық қаржылық тәуекелдерінің бөлігі тапсырылады.
Қаржылық тәуекелдерді ішкі бейтараптандыру тәсілдерінің басқасы. Осындай тәсілдердің негізгілеріне мыналар жатады:
- тәуекел үшін қаржылық операция бойынша контрогенттен сыйақының қосымша деңгейін талап етуді қамтамасыз ету
- контрогенттерден анықталған кепілдік ету
- контрагенттермен келісімдерде форс-мажорлық жағдайлар тізімін қысқарту
Жобалық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері және олардың пайдалану тиімділігі.
Анықсыздық жағдайында инвестициялық жобаны талдаудың маңызды мәселесі – тәуекелді басқару әдісі мен құралын таңдау. Теория мен практика тәуекелді басқарудың төрт негізгі әдістерін өңдеп шығарды:
1)Тәуекелді жою;
2) Тәуекелді бақылап, алдын алу;
3)Тәуекелді сақтандыру;
4)Тәуекелді жұту.
Тәуекелді жою жоба тәуекелі толығымен элиминирленетін инвестициялық жобаның трансформациясын немесе оны жүзеге асырудан бас тартуды білдіреді. Жобалық тәуекелдерді жою аталмыш әдіс жүзеге асырылатын нақты құралдарға қатысты оларды талдау негізінде жүзеге асырылатындықтан, аталмыш параграфтың алдыңғы тарауларында қарастырылған тәсілдемелерді пайдаланумен жобалық тәуекелдерді сапалы бағалау мен сандық талдау бойынша шараларды қарастыруға болады.
Тәуекелді бақылау және оның алдын алу — бұл жоба қатысушылары тәуекел факторларына максималды ықпал етіп, қолайсыз жағдайдың пайда болуын төмендете алатын жобалық әрекетті ұйымдастыру. Ол үшін жағымсыз салдарлардың алдын алу бойынша мынадай нақты шаралар жүзеге асырылуы мүмкін: персоналды оқыту; арнайы құрал-жабдықты сатып алу және орнату; технологиялық процестерді бақылау; құралдарды мониторинг режимінде бақылау; материалдар, шикізат пен жартылай фабрикаттар сапасын бақылау жүйесін құру.
Тәуекелді сақтандыру — бұл арнайы сақтандыру қорларынан шығындарды компенсациялау есебінен инвестцииялық жобаны жүзеге асыру барысында туындайтын залалды төмендетуге мүмкіндік беретін әдіс. Шетелдік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы сақтандырудың маңызды түрлерінің бірі – инвестицияларды саяси тәуекелдерден сақтандыру. Мұндай жағдайда сақтандыру бойынша халықаралық және ұлттық агенттіктердің сақтандыру жауапкершілігінің көлеміне мынадай тәуекелдер енеді:
- инвесторларға жобаны жүзеге асыруға кедергі болатын валюталық заңнамадағы өзгерістер;
- дивидендтерді шетелдік инвесторларға аударуға кедергі жасайтын валюталық заңнамадағы өзгерістер;
- инвесторларға табысты реинвестициялауға кедергі жасайтын нормативтік актілерді қабылдау;
- шетелдік инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорындарды ұлттандыру;
- әрі қарай инвестициялауға кедергі жасайтын салық салу саласындағы заңнаманы енгізу;
- шетелдік инвесторалрдың қатысуымен кәсіпорын өнімін толық тәркілеуге мүмкіндік беретін заңнаманы қабылдау;
- арбитражды тәжірибеге өзгерістер енгізу;
- шетелдік инвесторлардың қаражаттар салған кәсіпорындарының басқарушы органдарына ену құқықтарын шектейтін нормативтік актілерді қабылдау;
- инвесторлардың мүліктік шығындалуына әкелетін әскери әрекеттер, азаматтық толқулар мен әлеуметтік жөнсіздіктер.
Осы тәуекелдерге қосымша ретіндекелесі себептерге байланысты шығындар да сақтандырылады (коммерциялық және банктік несиелерге қатысты):
- импортерді төлем жүргізу бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерінен айыратын қабылдаушы елде нормативтік актілерді қабыладу;
- импортердің мемлекеттік органдар әрекеттерінің салдарынан келісім-шарттарды бұзуы;
- импорттық немесе экспорттық лицензиялаудыалып тастау, немесе импорттық/экспорттық лицензияларды енгізу;
- импорт немесе экспортқа эмбарго салу;
- мемелкеттік сатып алушының келісім-шартты орындай алмауы;
- импортер үшін өзінің міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін өзге де оқиғалар (импортер мүлкін тәркілеу, ұлттандыру; әскери әрекеттер, халықтық толқулар; көтерілістер, терроризм; салық заңнамасының өзгеруі; импортер елінен валютаны аударуға шектеулер енгізу).
АҚШ, ГФР, Жапоиня елдерінің мемлекеттік агенттіктерінің үлесіне инвестициялық тәуекелдерді сақтандырудың барлық мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын операциялардың жалпы көлемінің 80%-ы тиесілі.
Саяси тәуекелдерден сақтандырумен де жеке ұйымдар айналысады (әдетте мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып). Ірі жеке сақтандыру агенттіктерінің ішінде «Ллойд» және «Америкэн интернэшнл труп» корпорацияларын атап өтуге болады.
Тәуекелді жұтып алу - бұл тәуекелді материализациялау жағдайында залал жоба қатысушыларына жүктелетін жобалық әрекетті жүргізу тәсілі. Тәуекелді басқарудың аталмыш тәсілі әдетте тәуекел ықтималы жоғары болмаған жағдайда қолданылады.
Қаржылық қатер деңгейін бағалаудың экономикалық-статистикалық әдістері төмендегідей:
1. қаржылық қатер деңгейі бағалаудың жалпы алгоритмін сипаттай-ды, оның формуласы:
ҚД=ҚЫ×ШМ
мұндағы: ҚД- сәйкес қаржылық қатер деңгейі;
ҚЫ – қаржылық қатердің туындау ықтималдығы;
ШМ – қатер төнген кездегі қаржылық шығындар мөлшері.
Бұл алгоритмді тәжірибеде пайдаланған кезде қаржылық шығындар мөлшері әдетте абсолют сомамен, ал қаржылық қатердің туындау ықти-малдығы – сол ықтималдықты өлшеу коэффициенттерінің бірімен (вариа-ция коэффициенті, бета-коэффициенті, т.б.) өлшенеді.
2. дисперсия зерттеліп отырған көрсеткіштің ауытқу дәрежесін си-паттайды, оның формуласы:
мұндағы: δ2 — дисперсия;
і - қарастырылып отырған қаржылық операция бойынша күтілетін табыстың потенциал нұсқаларының нақты мәні;
R - қарастырылып отырған қаржылық операция бойынша табыстың күтілетін орташа мәні;
Р - қаржылық операция бойынша күтілетін табыстың жеке нұсқала-рын алу жиілігі (ықтималдығы);
n - бақылау саны
3. орташа квадраттық ауытқу. Бұл дисперсия сияқты, көрсеткіш же-ке қаржылық қатердің деңгейін бағалаудың кең таралған көрсеткіштері-нің бірі.
Қатер менеджментінің стратегиясы– бұл қатерді болжауға және оны азайту амалдарына негізделген, белгісіз шаруашылық жағдайлардың қатерін басқару өнері. Қатер менеджментінің стратегиясында төмендегі ережелер қолданылады:
1. Ұтыстың ең көп деңгейі.
2. Нәтиженің оптимал ықтималдығы.
3. Нәтиженің оптимал ауытқуы.
4. Ұтыс пен қатер шамасының оптимал үйлесуі.
Қатерді шешу жолдары: олардан қашу, бір деңгейде ұстап тұру, басқаға беру. Қатер дәрежесін төмендету үшін әртүрлі амалдар қолданылады, олар: диверсификация; таңдау және нәтиже туралы қосымша ақпарат алу; шек қою; өзін-өзі сақтандыру; сақтандыру; валюталық қатерден сақтандыру; хеджирова-ние; байланысты салалардағы қызметтерді бақылау; компанияның арнайы қорларын оның жалпы қорына пайдалану үлесін есепке алу және бағалау.
Диверсификация — қаржылық қатерлерді бейтараптандырудың тиім-ді жолдарының бірі, ол қаржылық қатердің кейбір түрлерін азайтуға мүм-кіндік береді. Ол көп салалы өндіріс немесе бағалы қағаздар портфелін құрудың стратегиялық бағыты. Оның мақсаты – инвестиция портфелінің қатерін банк жасаған инвестициялық саясат шеңберінде ұстап тұру. Диверсификацияның негізгі түрлері ұсынылып отыр.
Кесте 1. Тәуекелді басқару жолдары
Фирманың қаржылық қызметінің диверсификациясы | ||||
Валюта қоржынының диверсифика-циясы | Фирманың депозиттік портфелінің диверсифика-циясы | Сатып алушылар диверсифика-циясы | Фирманың бағалы қағаз-дар портфелі-нің диверсифи-кациясы | Фирма іске асы-ратын нақты инвестициялар бағдарламасы-ның диверсифи-кациясы |
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі
Әртүрлі қаржылық тәуекелдіктерінің түрлерін сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары сақтандыру қызметін көрсетеді. Қаржылық тәуекелдіктер мүліктік сақтандырудың объетісі болып табылады.
Қаржылық тәуекелдіктерді сақтандыру сақтандыру түрлерінің жиынтығын ұсынады, ол сақтандырушының сақтандыру төлемдері бойынша тұлғаларға табыстарын (қосымша шығындарды) толық немесе жартылай мөлшерде компенсациялауды қарастырады, алмүліктік сақтандыру келісім шарты туралы құрылған қызығушылықтар келесі оқиғаларға байланысты туындаған:
а) өндірістің тоқтатылуы немесе келісілген құбылыстардың нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы;
б) жұмысты жоғалту (жеке тұлғалар үшін);
в) банкротқа ұшырау;
г) күтілмеген шығындар;
д) сақтандырылған тұлғаның контрагентімен келісім шарт бойынша қызметтерін орындамау( олар орындалу қажет), ол келісім бойынша кредитор болып табылады;
е) сақтандырылған тұлғамен төленген соттық шығындар;
ж) басқа оқиғалар.
Қаржылық тәуекелдіктердің сақтандырылуы - сақтандырушымен сақтан-дыру ережелері негізінде өткізілу керек, ал сақтандыру ережесі, оны өткізу шарттары мен сақтандыру оқиғаларынан (сақтандыру жауапкершілігінің көлемі), сақтандыру тәуекелдіктерінен ерекше тізімді құрап, спецификалық тәртіппен ескертілу керек.
Қаржылық тәуекелдіктердің сақтандырылуы сақтандырушының сақтандыру төлемдері бойынша қызметтерін қарастыра алмайды, егер сақтандырылған тұлғаның келісім шарт қызметтері алдында сақтандырылған тұлғанының контрагентімен әдейі орындалмаған (орындалуы қажет) жағдайы орын алса.
Өндіріс келісім шартында амалсыз демалыстың нәтижесінде пайданы жоғалтудан сақтандырғанда, сақтанушы мүліктерінің бұзылуы немесе сынуы жағдайы (өрт, су тасқыны және т.б. жағдайда) анықталғанда шаруашылық іс-әрекеттің көрсеткіштері қысқарады. Сақтандырушы келісім шарты бойынша сақтанушыға алмаған табысын өтейді, ал оны алуға кәсіпорынның дұрыс жұмыс шартында сақтанушының мүмкіндігі болған еді. Кәсіпорынның демалысты сақтандыру келісім шарттарында келісім былай құрылуы мүм-кін, сақтандырушы тек алынбаған табысты өтемейді, сонымен қатар, көп тұрып қалған зиынды қысқарту бойынша қосымша шығындарды өтейді. Олар шаруашылық іс-әрекеттегі демалыс жағдайын сақтандыру шегінде, сонымен бірге, жеке, дербес түрінде сақтандыру шарттары бойынша өтелуі мүмкін, егер мұндай сақтандыру шығындарының өтемі тұрып қалумен қарастырылмаса.
Информация о работе Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері