Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:55, контрольная работа

Описание

Басқаша жобаны техникалық – экономикалық құжаттарының синтетикалық жиыны деп атауға болады.
Инвестициялық жоба ұғымын екі жақты қарастыруға болады:
1) қойылған нәтижеге жету мақсатында әзірленген кез келген іс, қызмет, шаралар кешені;
2) қойылған нәтижеге жету мақсатында әзірленген есептік - қаржылық және құқықтық – ұйымдастырушылық жүйесі.

Содержание

Инвестициялық жобалар

Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудын негізгі принциптері

Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері

4. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Работа состоит из  1 файл

СРС 2. Инвестиция..docx

— 38.49 Кб (Скачать документ)
  1. Инвестициялық жобалар

Инвестициялық жобалар ұғымы, оларды әзірлеу этаптары.

 Нақты инвестициялаудын барлық  формалары негізгі үш этаптардан  тұрады, олардын жиыны инвестициялық  циклы деп аталады:

1) инвестициялаудын алдындағы стадия, мұнда альтернативті шешімдер  нұсқаулары әзірленіп оларға  баға беріліп, іске қосылуға  нақты бір нұсқа қабылданады; 

2) инвестициялық стадия – инвестициялық  шешімінің іске асырылуы; 

3) инвестициялық стадиясынан кейн  – объектіні эксплуатациялау  процессін бақылау. 

Инвестициялаудын алдындағы стадиясы дегеңіміз инвестициялық жобаны дайындау, яғни бизнес – жоспарын, техникалық – экономикалық незідемесін әзірлеуден тұрады. 

Жоба (лат. рrojectus – брошенный вперед) – техникалық құжаттар – жаңадан  құрылатын ғимараттардын, құрылыстардын, машиналардын, цехтердің, зауыттардын, фабрикалардын макеттері, сызулары, экономикалық және техникалық есептері мен өндірістік пен әкімшілік  құрылыстарының орналасу генералдық жоспары. Басқаша жобаны техникалық – экономикалық құжаттарының синтетикалық жиыны деп  атауға болады.

Инвестициялық жоба ұғымын екі жақты  қарастыруға болады:

1) қойылған нәтижеге жету мақсатында  әзірленген кез келген  іс, қызмет, шаралар кешені; 

2) қойылған нәтижеге жету мақсатында  әзірленген есептік - қаржылық  және құқықтық – ұйымдастырушылық  жүйесі.

Сондықтан, инвестициялық жоба деп  нақты инвстициялауды жұргізуге  қажетті негізгі құжат, яғни онда жобаның сипаттамасы, қаржы көрсеткіштері  беріледі. 

Инвестициялық жобаны дайындау, әзірлеу, іске асыру мәнінде және оларды экономикалық бағалауда қолданылатын әдістерін  зерттеуде бірнеше этаптардан өту  керек: 

- инвестициялық идеяның тууы;

- инвестициялық мүмкіншілікті  зерттеу; 

- құрылыстың, объектіні қайта құру, техникалық қайта қаруландыру  жұмыстарының техникалық – экономикалық  негіздемесің құрастыру; 

- келісім шарт құжаттарын әзірлеу; 

- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;

- объектіні эксплуатациялау және  экономикалық көрсеткіштердің мониторингі. 

Инвестициялық идеяның тууы дегеңіміз:

- идеяны тандау және алдын  ала бағалау; 

- техникалық шешімді (техника,  ресурстар мен қызметтер объектілерің) инновациялық, патенттік, экологиялық  талдау; 

- сертификациялық талаптардың  орындалу қажеттілігін тексеру;  

- инвестициялық идеяны алдын  ала келістіру; 

- жобаны іске асыралатын кәсіпорында,  мекемені алдын ала таңдау;

- рецепиенттің ақпараттық меморандумын  дайындау. Рецепиент – инвестицияның  субъектісі – инвестицияны қолданатын  кәсіпорын, мекеме. 

Инвестициялық жобаның жіктелу. Инвестициялық  жобаларды бірнеше белгілерімен жіктеуге болады:    

1) инвестициялау мақсаты бойынша

- өнімді өндіру көлемін ұлғайтуға  арналған инвестициялық жоба;

-  өнім ассортиментің кеңейтуге  (жаңартуға) арналған инвестициялық  жоба;

- өнім сапасын жоғарлатуға арналған  инвестициялық жоба;

- өнімнің өзіндік құнын төмендетуге  арналған инвестициялық жоба;

- әлеуметтік, экологиялық және  басқа да тапсырмаларды шешуге  арналған инвестициялық жоба.

2) іске асыру автономиясы бойынша

- кәсіпорынның басқада жобаларын  іске асырудан тәуелсіз инвестициялық  жобалар; 

- кәсіпорынның басқада жобаларын  іске асырудан тәуелді инвестициялық  жобалар.

3) іске асыру уақыты бойынша

- қысқамерзімді – 1 жылға дейін;

- ортамерзімді – бір жылдан  үш жылға дейін;

- ұзақмерзімді -  үш жыл және  жоғары.

4) инвестициялық ресурстарының  қажетті көлемі бойынша

- үлкен емес инвестициялық жобалар  –1000 долл. дейін;

- орташа инвестициялық жобалар  -  1000 доллардаң 100 000 долларға дейін.;

- үлкен –100 000 доллардаң жоғары.

5) қаржыландыру схемасы бойынша

- ішкі қаражаттар көздерімен  қаржыландырылатын инвестициялық  жобалар;

- акционерлеу арқылы қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар ;

- несие қаражаттарымен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар;

- қаржыландырудын аралас формаларымен  қаржыландырылатын инвестициялық  жобалар. 

ЮНИДО (Организации Объединенных Нации  по Промышленному развитию) ұсыныстарына сәйкес инвестициялық жобалар келесі тараулардан тұруы қажет:

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру нұсқалары. Инвестициялық жобаларды  қаржыландыру схемасын әзірлеу кезінде  оның бес негізгі нұсқалары қарастырылады.  

1) толығымен өзін өзі қаржыландыру  – көбінде үлкен емес инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде  қолданылады.

2) акционерлеу – үлкен инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде  қолданылады.

3) несиелік қаржыландыру – үлкен  емес қысқа мерзімді және рентабелділік  нормасы жоғары инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде қолданылады. Рентабелділік нормасының деңгейі ұзақ мерзімді қаржы несиенің пайызынан жоғары болуы тиіс. 

4) лизинг немесе селенг –  меншікті қаржы қаражаттары жетіспеушілік   кезінде немесе қаржы несиенің  құны жоғары болған жағдайда  қолданылады. Кәсіпорынды қайта  құру немесе жаңарту мен модернизациялауға  ивестициялық жобаларды қаржыландыру  кезінде қолданылады. 

5) үлестік қаржыландыру – инвестициялық  жобалардын барлық түрлеріне  қолданылады -  жоғарыда аталып  кеткен нұсқалардын комбинациясы.

Аталып кеткен қаржыландыру схемасын есепке ала отырып инвестициялық  ресурстар көздерінің құрамында  пропорциялар белгіленеді. 

 

  1. Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудын негізгі принциптері

Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің мәні.       Тиімділік дегеніміз нәтижені шығындарға салыстыру.  Бірінші көз қарас  тиімділік туралы анықтамаға бұл  сұрақтын күрделілігін көрсетпейді. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде  шығындарды дұрыс есептеу мен  қоғамдық еңбек нәтижесін анықтау  дұрыс есептеудің  нәтижесіне жету жслдары болады. 

Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігінін  мәні қоғамдық еңбек өнімділігін  жоғарлатуда берілген, яғни өнімнің  құңын төмеңдетуде.  Кәзіргі қоғамда  капиталдық салымдардын тиімділігі екі аспектіден тұрады - экономикалық және әлеуметтік.

Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің аспектісін анықтау  кезінде шығындар (негізгі және қосымша) толығымен өндірушіде де тұтынушыларда  да есепке алынуы тиіс. 

Жалпы экономикалық тиімділік тиімділіктін (эффект) капиталдық салымдарға қатынасы. 

Жалпы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады: капиталдық салымдардын  өтелу көрсеткіші, яғни салынған қаражаттардын  өтелу (қайтарылу) мерзімін білдіреді, және капиталдық салымдардың үлесі, яғни капитал салымдылығын білдіреді ( өнімнің, қызметтің, жұмыстын бір тенгесіне  келетін ресурс мөлшері).

Аталып кеткен көрсеткіштерден  басқа бағалау көрсеткіштер жиынына  келесілер жатады: еңбек өнімділігі; қор қайтарылымы; өнімнің өзіндік  құны; өнімнің сапасы мен техникалық деңгейі; өнімнің, қызметтің, жұмыстын материал– және энерго сиымдылығы; жоба қуатын игеру ұзақтылығы; әлеуметтік тиімділігің әлеуметтік нормалармен  салыстырудағы көрсеткіштер; еңбек  жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты көрсеткіштер. Капиталдық салымдардың тиімділігін  есептеуде инвестициялық емес факторлаға байланысты тиімділіктерді (эффект) шегеру керек. Мысалы,  бұрындағы жобалардын өндіріс қуаты немесе еңбекті  ұйымдастыруды алдында енгізіген  шаралары,   кәсіпорынның сменалығын жоғарлату, өндіріс пен еңбекті  прогрессивті басқару және ұйымдастыру  формаларын игеру, сонымен қатар  капиталдық салымдарды қажет етпейтін шаралар. 

Инвестициялардын  әлеуметтік нәтижесін бағалау дегеңіміз  адамнын құқығын, әлеуметтік жағдай нормасын, стандартын сақтайтын жоба.

Жұмыскерлерге жақсы  еңбек ету мен дем алу жағдайларын  жасау жөнінде, оларды азық түлікпен, тұрғын үймен және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі  шаралар міңдетті болғанымен жеке бағалануға жатпайды.  

Жобаларда орын табуы тиіс инвестициялардын әлеуметтік нәтижелердің негізгі түрлері:

- аумақта жұмыскерлер  орнының өзгеруі;

- жұмыскерлердің  тұрғындық және мәдениет –  тұрмыстық жағдайларының жақсаруы;

- жұмыскерлердің  еңбек жағдайының жақсаруы;

- өндірістік  персонал құрылымының өзгеруі;

- халықтын тауралармен  жабдықталуы (отын – энергетикалық  кешенінің жобалары үшін –  отын мен энергия; аграрлық  сектор мен азық түлік кәсіби  жобалары үшін – азық түлікпен  және т.б.);

- жұмыскерлер  мен қоғамның жалпы денсаулығы;

- халықтын бос  уақытысының экономиясы. 

Әлеуметтік нәтижелердің құңдылығын бағалауда олардын жеке маныздылығы есептеледі. Жобаның  әлеуметтік нәтижесіне жетуге керекті  шығындар (мысалы, жұмыссыздыққа немесе уақытша еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты төленетін пособия шығыны), тиімділікті есептеуде жалпы  қолданылады және әлеуметтік нәтижеге құндылық баға беруде қолданылмайды.  

Жұмыскерлердің  еңбек жағдайымен қанағаттаңдырылығын  бағалау үшін социолгиялық сұраныс  берілгендері қолданылуы мүмкін. 

Жобаны іске асыру  кезінде жұмыскрелердін тұрғын және мәдениеттік - тұрмыстық жағдайларын  жақсартумен байланысты қосымша  шығындар пайда болуы мүмкін. Мысалы, оларға төлемсіз негізінде немесе женілдікпен  тұрғын үйлер беру, әлеуметтік –  тұрмыстық манызы бар объектілер салу. Осы объектілерді салуға кеткен, сатып алуға жұмсалған шығындар жоба бойынша шығындар көлеміне жатады және тиімділікті есептеуде қолданылады

Осы объектілерден  түскен кірістер  (тұрмыстық қызметтен  түскен кіріс, жалға беруден түскен кіріс және т.б.) жобаның нәтижесінде  есептеледі. Сонымен қатар тұрғын үйлер нарығындағы бағалар өзгерістері  де есепке алынуы тиіс. 

Өнідіріс  саласына тиімді инвестицияларын анықтау  әдістері.

Болашақ шығындар мен нәтижені бағалау  инвестициялық жобалардын тиімділігің  бағалауда есептеу мерзімімен шектеледі, оның ұзақтылығы (есептеу горизонты) есепке келесі жағдайларға сәйкес алынады:

- объектіні құру, эксплуатациялау  және керек болса жою ұзақталығы;

- негізгі құралдардын орташа  өлшемді нормативтік мерзімі;

- көздеген пайда мөлшері (кіріс  нормасы, пайда массасы және  т.б);

- инвестордын талабы.

Есептеу горизонты есептеу шагының  санымен анықталады. Есептеу шагы ай, тоқсан және жыл болады.

Шығында екі түрге бөлінеді  алғашқы немесе бастапы  және ағымдағы .

 

  1. Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері

Дәрістін қысқаша мазмұны

Инвестициялық жобалардын әр түрлі  нұсқаларын салыстыру және олардын  ішінде ең жақсысын таңдау әр түрлі  көрсеткіштерді қолданумен ұсынылады, оларға келесі түрлері жатады:

- Өтелу мерзімі

- Кірістік нормасы

- Таза ағымды құн 

- Нірістік ішкі нормасы

- Рентабелділік индексі.

Қосымша:

- Ақшалар ағымын бағалау

- Инвестициялық тәуекелді бағалау

Оптималдық инвестициялық бюджетін қалыптастыру жүргізіледі. 

Жобанын таза ағымды құны (тақа дисконттық кіріс) (NPV)– жобаны іске асырудан компаниянын  алатын пайдасы, яғни сомаланған дисконттық оң ақшалар ағымынын сомаланған дисконттық кері ақшалар ағымына айырмасы. Таза ағымды құн = Таза ақшалар ағымынын бүгінгі құны – бастапқы инвестициялар

NPV= немесе NPV=

мұнда СFn – n мерзімінің аяғындағы  ақшалар ағымы;

k – капитал құны немесе қаржыландыру  ставкасы;

I0 – бастапқы инвестициялар;

- CFn – n мерзімінің аяғындағы  кері ақшалар ағымы;

+ CFn – n мерзімінің яағындағы  оң ақшалар ағымы.

Егер NPV>0, жобаны қабылдау керек;

Егер NPV<0, жобаны қабылдамау керек;

Егер NPV=0, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады. 

Информация о работе Инвестициялық жобалар