Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 11:03, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру». Бұл жұмыста негізінен «Компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру» негізінде, кәсәпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.................................................5
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны.............................................5
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері......................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 20
2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері.................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................34 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ7.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)

Әрбір кезеңнің  сатыланып  бөлінуінен-ақ  әр кезеңде  жүргізілетін  іс

-әрекеттер  рет-ретімен  жүзеге асырылатыны  көрініп тұр.Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының  жүргізілмеуі  инвестициялық жобаны  дайындау мен  жүргізу процесін  бұзады.

              Несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклға  қатынасы әр түрлі:

              1.Жобалқы цикл қарыз  алушы  үшін едәуір  ұзақ   уақыт  шеңберінде іске асады,  яғни,  ол  жоба идеясының пайда  болуынан  бастап,  оның аяқталуына  дейінгі  мерзімді  қамтыса,  ал  несие  беруші  үшін жобалық  цикл  қарыз  алушыдан  өтініш   келіп  түскен уақыттан бастап,   қарыз  алушының  несие  және несиелік  шарт  бойынша  барлық  міндеттемелерін  өтеген  уақытқа  дейінгі  мерзімді  қамтиды,  яғни,   банк  үшін  жобалық  цикл  мерзімі  қысқалау.

              2.Қарыз  алушы мен  несие  беруші   жобалық циклдың  жекелеген  сатылары   шеңберінде  өздеріне   маңызды  түрлі  кезеңдерді  белгілейді.  Жобаның  мейлінше үйлесімді   іске  асуы  несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклдағы бір-бірінің  кезеңдерін  толық  білуіне  байланысты.  Банкке  қарыз  алушының  жобалық  циклін   толық  білу мынандай  мәліметтер  алу  үшін қажет:

              - жобаны іске асырудағы барлық  шығындар мен  түскен  табыстарды  білу үшін;

              - жобаны іске асыруда  пайда болатын  тәуекелдерді анықтау  үшін;

              - жобаны  іске асыруда  өз  бақылау  кестесін  құру  үшін[5].

              Айта кететін  жайт,  жобалық циклдың   үш  сатыға  бөлінуі  барлық  жобаларға  тән.  Кейбір   банктерде  бұдан  басқа  да    қосымша     сатылар

                                                                                                                                

болуы мүмкін. Мысалы, ХҚДБ  мамандарының  сараптауы  бойынша   жобалық цикл  мына  кезеңдерден  тұрады:

1.      Жобаларды  таңдау;

2.      Жобаларды  дайындау;

3.      Жобаларды  бағалау;

4.      Келіссөздер жүргізу  және  жобаны  бекіту;

5.      Жобаны  жүзеге  асыру және оны  бақылау;

6.      Жобаның нәтижелерін  бағалау.

Инвестициялық  жобаларды  қаржыландыруға  маманданған    банктер

жобалық  құжаттар,   жоба  бойынша  мамандардың лауазымды   міндеттемелері  жөнінде  мағлұматтары  бар  арнайы  нұсқаулар  дайындайды.  Мұндай  нұсқаулар  жобаның  тез іске  асуына  ықпал  етіп,  банктің  жобалық   циклін  қысқартады.  Әлемдік банктің    мәліметтеріне  сүйенсек,    инвестициялау    алдындағы   кезең   шығындарын  былайша 

топтауға   болады:      

-         жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;

-         инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%

-         жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

-         шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;

-         ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.

Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде  экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға  байланысты  жобаның  соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор  мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін  қанағаттандыру, табиғат ресуртарын  тиімді пайдалану,  жұмыссыздықты жою үшін пайда болған  ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға  бағытталған  жобалардың бірнеше түрі  болғандықтан, оның ең ұтымды  нұсқасын  таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның  болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде  жобаларды  таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға,  логикалық

                                                                                                                           

сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу  арқылы жүргізілуі  керек.  Ол үшін  алдын-ала  мынандай мәсәлелер  талданады:

-         нарық сұранысына  байланысты өндіріс көлемі;

-         қажетті қаржы  көлемі;

-         материалдық және еңбек ресурстарының  жеткіліктілігі;

-         саяси- ұйымдық  және басқарудағы кедергілердің мүмкін  болуы ,т.б.

Инвестициялау алдындағы  кезеңде,  ең алдымен,  жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның  тиімділігін  бағалайды. Осы мақсатта  жобалық  шешімдерді негіздеу және  дайындау үшін  әдістемелік  тәсілдер  жиынтығы, яғни,  инвестициялық  жобаларды талдауды  қолданады.Жобалық  талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау.  Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін  табыстар  мен жобаға жұмсалатын ресурстардың  арасындағы айырмамен  сипатталады.

Қойылған мақсатқа  жету үшін  жобалық  талдаудың алдына келесі міндеттер  белгіленеді:

1.Іске асырылатын  жобалардың  іс жүзінде кедергі болар шектеулерді  және шаралардың  өзгерістерін есепке ала отырып  қол жеткізетін  нәтижеге баға беру.

2.Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың  көлемін анықтау  және олардың әр түрлі шаралар  бойынша салыстыру.

3.Жобаның және оны  іске асырылу  жолдарының  бірнеше  болуына  қарай ең тиімді жобаны  қабылдауға  немесе ең тиімді нұсқаны  таңдауға шешім  шығару.

4.Жобаны іске асырудан  түсетін табыстарды  бағалау  және оны  инвесторлар  арасында бөлу.

Жобалық  талдаудың  міндеттеріне инвестициялық  жобаның іске асырылуын  бағалау, жобаның  нәтижелігін  бағалау, жобаның  тиімділігін                                                                                                                        

бағалау  және оптимизациялау  жатады[6].

Кез келген    инвестициялық  жобаны талдау барысында жобаның

                                                                                                                     

түріне,   сондай-ақ оның мазмұнына  және  сипатына байланысты  әр түрлі

саладағы  мамандардың қатысуы  талап етіледі. Ондай мамандарға  қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар  және т.б. жатады.

Инвестициялық  жобаны  талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін  жан-жақты бағалауға  негізделеді. Осыған  сәйкес  жобалық  талдау да бірнеше  түрлерге  бөлінеді:

-         жобаны  экономикалық  талдау,

-         жобаны  техникалық талдау;

-         жобаны  коммерциялық  талдау;

-         жобаны ұйымдастырушылық  талдау;

-         жобаны  әлеуметтік  талдау;

-         жобаны  экологиялық  талдау;

-         жобаны қаржылық талдау.   

Ал,  жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар  аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси  жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік  көрсеткіштерінің  тура екендігін  дәлелдеуге  мүмкіндік  береді.

              Қаржыландыру  үшін инвестициялық  жобалардың тиімділігіне  баға беру  жөніндегі  әдістемелік  ұсыныстар  халықаралық  тәжірибеде  кеңінен  қолданалатын  қағидалар  мен әдістерге  негізделген.

              Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне  деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға  болады.Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін  инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді.  Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын  қамтамасыз етудің факторы б.т.[7].

              2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  КОМПАНИЯЛАРДЫҢ  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  СТРАТЕГИЯСЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

              2.1 Қазақстан Республикасындағы   инвестициялық  стратегиясындағы кездесетін  мәселелер

              Инвестиция- Қазақстан экономикасының  нарықтық экономикаға  өтуі  кезінде  пайда болған  жаңа  термин.

Инвестиция деп  қаражаттарды  ұзақ мерзімге  белгілі  бір салаға  пайда табу  мақсатында  салуды  білдіреді.  Инвестициялық  қызметке  банктер  делдал  ретінде  қатысады. Банктер  өздерінің  инвестициялық  қызметінде тиімді  инвестициялық саясат  жасай отырып  жүзеге  асырады. Банктердің  инвестициялық  саясаты инвестиция портфелін  басқару  бойынша стратегияны  құру және  іске асыру  шараларын,  қалапты  қызметті,  табыстылықты арттыру, банк балансының  өтімділігін  қамтамасыз ету  бағытында  потрфельді  және  тура инвестициялардың  оптималды құрлымына  жетілдіруді  білдіреді. Банктің  инвестициялық саясаты  банктың  басқармасымен  жасалады. Инвестициялық саясаттың  басты  элементтердің  бірі- банкті  валюта-қаржылық  портфелін,  соның ішінде  инвестициялық  потрфелін  басқарудың тактикасы  мен стратегиясын  жасау  болып табылады.

Кәсіпорынның  инвестициялық  қызметі – бұл  кәсіпорының  шаруашылық  қызметінде  маңызды  роль  атқаратын  және өзіне  тән  заңдылықтарымен  дамып отыратан,  өзіндік  логикаға  ие  объективті  процесс, себебі инвестициялар  өзінің  экономикалық  табиғатынан жағынан  болашақта  табысқа  жету үшін ағымдағы  тұтынудан  бас тартуды білдіреді.  Сол  себептен  инвестициялық  процесс  кәсіпорынның   инвестициялық  жоспарын анықтаудан басталады, оны  таңдау  төмендегілерге  байланысты:

-         кәсіпорынның  өмір сүру  циклының сатылары;

                                                                                                                          

-         жалпы даму  стратегиялары;

-         инвестициялық  ресурстардың  ішкі  және  сыртқы  нарықтардың  жағдайы;

-         құралдардың  салу  объектісі  ретіндегі  кәсіпорынның  инвестициялық  тартымдылығы[8].

Сонымен, егер  бастапқыда  инвестицияны  жүзеге асыру жетекшілері өз  бетінше   инвестицияға  қатысты  шешім  қабылдай  алатын  кәсіпорынның  жұмысы  болып  көрінсе, онда мұндай  жағдайда  ең  әуелі шешімнің  зардаптарын  бағалауды  үйрену керек,  өйткені инвестициялардың  жүзеге асырылмауы  да  өзінше  бір стратегия. Инвестициялық     стратегиясы    деп    ұзақ   мерзімді   мақсаттар  кешені

оларға  жетудің  анағұрлым тиімді  жолдарын  таңдау түсініледі.

Кәсіпорынның  инвестициялық  стратегиясы  ұзақ  мерзімді  мақсаттарға  бағытталуы   қажет  және  сәйкес  инвестиялық  жобалар мен  бағдарламаларды   іріктеп  алу арқылы  ағымдағы  шаруашылық  қызмет  процессінде  жүзеге  асырылуы тиіс. Инвестиялық  жоспардың  қалаптасуы  күрделі  шығармашылық  процессті  білдіреді,  ол  кейбір  жағдайлар  мен   инвестициялық  нарықтың жалпы  және  жекелеген   сегменттер  аралығындағы  конъюнктурасын  болжауға  негізделген. Бұл стратегия әрқашан  да экономикалық  дамудың   жалпы стратегиясы  шеңберінде  қалаптасып,  онымен  мақсаты,  кезеңдері,  жүзеге  асу  мерзімі  бойынша  үйлеседі.  

Кәсіпорынның  әр  түрлі кезеңдердегі  нақтыланған  ұзақ мерзімді  мақсаттары ретінде  мыналар  болуы  мүмкін:  белгіленген  нормаларға  және пайда  көлеміне  жету,  нарыққа  бақылау  жүргізідің  үлесін  және сауда  айналымын ұлғайту  арқылы  масштапты  өсіру,  жаңа  өнім  өндіру, өндіріс  шығындарын   төмендету  үшін  тозған  қондырғыларды  ауыстыру,   қоршаған  ортаны қорғау және т.б.

Кәсіпорынның     инвестициялық     қызметке   қатысты    шешім  

                                                                                                                                

қабылдауы    бесекелік    ортада    дамудың    балама      нұсқаларын  таңдау  

проблемасына  тіреледі  және бұл  бәсекелік  орта  бір  немесе   басқа да  салаларға  тиісті  әр  түрлі  экономикалық,  құқықтық  және басқа да   факторлардың  ықпалында  болады.

Инвестициялық  қызмет  атқарылмаған  жағдайда  уақыт  өте келе  өндірістік аппараттардың  моральдық  және  физикалық  тозуы  және өндірісті   ұйымдастырудың  төмендеуі  салдарынан  салынған  құралдардың  табыстылығы   азайады,  бұл  нәтижесінде  мұндай  кәсіпорындардың  болашағына  күмән  келтіреді[9].

Кәсіпорынның  тұрақты  деңгейін  ұстап  тұру  үшін  қолданылатын пассивті  инвестицияландыру  орташа  салалық  деңгейден  қалып   қоюға  әкеледі  және  неғұрлым   ұзақ  мерзімде  де  осы  сияқты  зардаптарға  ие  болады.

Ал,  табыстылықтың  салымның  орташа   салалық  деңгейіне  дейін  өсуін   қамтамасыз  ететін   активті инвестицялық  стратегия  инновациялық  жобалардың  іріктеліп,  жүзеге  асуын,  нарықта  белсенді  әрекет  етуді  көздейді.

Тиімді  немесе  озу  стратегиясы  және  технологиялық  шешім  қабылдауменен  іске  асатын  және  мұндай  салымдардың  тәуекелдік  дәрежесімен   айрықшаланатын  инновациялармен  байланысты.

Кәсіпорынның инвестициялық  стратегиясын  қалыптастыру   кәсіпорынның да,  потенциялды  стратегиялық  инвестордың да  ортақ  мүдделерінің  қиылысуы  кезінде  жүзеге  асады.  Ал  инвестиция  болса  нарықта  айналысы  бар тауарды   білдіреді.   Сондықтан   оны   осы  немесе                                                                                                                                                                     

басқа  түрде  алу мүмкіндігі  серіктестердің  түсінікшілігімен  ортақ мүдделерін есепке  алуға  және  инвестициялық  объектіні  стратегиялық  инвестор  тұрғысынан  көре  алуы   мен оның  инвестициялық  тартымдылығын  бағалай алуына  байланысты.

Информация о работе Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері