Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 15:33, курс лекций
Қазіргі экономикалық дамудың көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады. Инновациялық өзгерістер қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық ұрпақ әлеуметтік өмірге өз ықпалын тигізеді.