Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 15:33, курс лекций

Описание

Қазіргі экономикалық дамудың көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады. Инновациялық өзгерістер қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық ұрпақ әлеуметтік өмірге өз ықпалын тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

ИнновУМК Маханова.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

 

            Лекция кешені:    

Тақырып 1: Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы

Жоспар

1. Инновациялық  менеджмент түсінігі

2. Инновациялық менеджменттің  түрлері мен функциясы

 

Лекцияның мақсаттары: Экономикалық ғылымның дамуына Й.Шумпетер және оның әріптестерінің үлесін зерттеу. Инновациялық менеджменттің түсінігі мен түрлері және негізгі формалары

Лекцияның  мазмұны

Қазіргі экономикалық дамудың  көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады.  Инновациялық өзгерістер  қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай,  әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі   негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес  техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық  ұрпақ әлеуметтік өмірге   өз ықпалын  тигізеді. Сонымен бірге, постиндустриялды қоғам жағдайында адамның өзін-өзі ұйымдастыру мен өмір сапасын жоғарлату технологиялық жаңарту мүмкіншілігімен тікелей байланысты.

Экономикалық процестердің инновациялық бағыттары, қазіргі әлемдік  экономикаға  тән, экономикалық дамудың    сапалық факторларын ескермейтін  дәстүрлі ұйымдастыру құрылымдары  мен әдістері менеджментінің тиімсіз  екенін дәлелдеді. Дәстүрлі  классикалық  менеджменттің концепциясы мен принциптерінің орнын жаңа инновациялық басқару моделі-инновациялық менеджмент орын басты.

Функционалды басқару  жүйесі ретінде инновациялық менеджментке  едәуір көңіл бөліп, көптеген авторлар оған  «қаржылық, еңбектік және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану  арқылы инновациялық мақсаттарды қалыптастыратын ұйымдық құрылымдардың кәсіптік қызметі және экономикалық ғылым  » деп мінездеме береді.

Инновациялық менеджмент жүйе болып инновациялық қызмет сферасын реттейтін формалды және формалдыемес ережелер, принциптер, нормалар, құндылық бағдарлар  комплексі болып табылады. Постиндустриялды қоғамда бұл келесі мағынаны білдіреді:

  1. Кәсіпкерлік қызметке, қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, инвестициялық, инновациялық дамуына белсенді әсер ететін әлеуметтік-экономикалық институт;
  2. қоғамда және шағын бизнесте  кәсіптік басқарушылық қызметпен айналысатын әлеуметтік менеджерлер тобы;
  3. өндірісті басқарудың техника-ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қарастыратын ғылыми пән;

Инновациялық менеджментті екі деңгейге бөлуге болады:

Бірінші,  инновациялық жүйемен  әлеуметтік басқару және инновациялық

дамудың стратегиясын жасауға, әлеуметтік-философиялық концепциясының өзгерістеріне көңіл бөлу.

 Инновациялық менеджменттің екінші деңгейі,  басқару шешімдерін жетілдірудің  ғылыми-әдістемелік базасын өңдеу, жаңа әдістерді қолданудағы инновациялық қызметті талдау, жаңа әдістерді қолдану, олардың қызметкерлерге, қаржылық ағымдарға әсері.

Функционалды инновациялық менеджмент жаңа өзгерісті өндіруді тиімді басқаруға бағытталған. Инновациялық менеджердің мақсаты оперативті өндіріс жүйенің оптималды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру және бақылау жүргізу. Инновциялық менеджменттің түрлері мен функциясы келесі кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1. Инновациялық менеджменттің  түрі мен функциясы

 

Стратегиялық

Функционалдық, оперативті

Болжау

Өсу мен даму стратегиясының  алғы шарттары

Жаңа тауарлар, технология

Жоспарлау

Жаңа сала нарығын  кеңейту

Тауарлардың сапасы мен бәсекелестігін арттыру

Сыртқы ортаны талдау

Макроэкономикалық, саяси  және нарық коньюнктурасын талдау

Сату көлемін, нарық  сиымдылығын, бәсекелестерді талдау ж.т.б.

Ішкі ортаны талдау

Бәселестік фирмалардың  басымдылығын талдау

Өндірістің тиімділік факторларын талдау

Шешім қабылдау түрлері

Фирма миссиясы мен дамуы  туралы стратегиялық шешімдер

 Өндірісті жаңарту  мен жаңалық еңгізудің оперативті  шешімдері 

Мотивация

Фирманың динамикалық  өсуі мен бәсекелестігін қамтамасыз ету

Өндірісті жаңарту, жоғарғы сапалы өнім мен жоғарғы еңбек өнімділін қамтамасыз ету

Бақылау

Фирма миссиясының орындалуы  және оның өсуі

 Орындау тәртібінің  сапалығын бақылау  


Қазіргі экономикадағы  сапалық өзгерістердің бірі экономикалық дамуды анықтайтын  факторларды  қайта топтастыру  алға шықты.  Дәстүрлі  экономикалық дамудың ресурстық мүмкіншіліктерінің қысқаруы, қолданылатын  шаралар шығындарының жоғарлауымен  және тиімділігінің төмендеуімен байланысты болуда. Бұл  XX ғасырдағы экономикалық өсудің  моделі инновациялық процесстер, ғылыми білімдер, жаңа технологиялар жүйесі болу керек  дегенді  білдіреді.

Инновациялық жүйелердің негізгі компоненттері  технологиялық, ғылыми, ғылыми-техникалық, басқарушылық, сонымен бірге жүзеге асырылған  когнитивті жаңа өзгерістер, ноу-хау  болып табылады. Өндірістік циклдың барлық стадиясында пайда бола отырып жаңа өзгерісті (инновацияны)  шыққан тегі,  тағайындалуы жаңалық дәрежесі, мазмұндық-құрылымы экономикалық процесстерге әсері мен таралуы бойынша ажыратылады.

Инновациялық қызмет қандай да бір өзгерісті ендіру акті ғана болып қоймай, өндіріске ендіру,  өндірісті меңгеру, диффузия  жаңалықты коммерциализациялау бойынша мақсаттылық шаралар жүйесі болады.

Көпвариаттылы, альтернативті  қызмет түрі бола отырып, инновациялық процесс  ғылыми идеялардың туумен оны жүзеге асырудың өзара байланысты комплексі болып табылады.

Инновациялық қызметті басқару процесінде әртүрлі жаңалықтардың  өзара қатынасын сипаттамап қоймай, үздіксіз эволюциялы инновациялық жүйе деп қарастыру керек.

Экономикадағы инновациялық процесстер рөлінін жоғарлауы шаруашылық жүйелердің динамикасының және қайтаөндірістік циклының жоғарлауына әкеледі. Бұл  сұраныс пен ұсыныстың диферсификациялануын және инновациялық фирмалардың жаңа сала мен жаңа нарыққа бағдар жасауына көмектеседі. Инновациялық менеджмент обьектісі  бола отырып, жаңа өзгерістер, менеджерлерден жаңа әдіс пен форма әрекеттерін іздеуді талап етіп қана қоймай, басқару процесіне жаңа мазмұнды стратегиялық бағыттармен толықтырады.

Инновациялық қызмет тек қана басқару обьектісі емес, ол қызметкерлерден жоғарғы біліктілікті, нақты  ерекше кәсіптілік бағдарды игеруді, мотивацияны, тәуекелге баруды талап етеді. Инновацияның түрлері мен мақсаттары келесі кесте 2 көрсетілген.

Кесте 2. Инновацияның түрлері  мен мақсаттары

Инновация түрлері

Инновациялық мақсаттар

Өнім-инновация

Пайданы  өсіру. Нарық  үлесін өсіру. Тәуекелсіздік. Клиент мүдделері. Деңгейді көтеру. Жаңа жұмыс орнын  құру. Айналым мен сатуды өсіру.

Процесс-инновация

Пайданы көтеру (шикізат  пен энергияны үнемдеу, өнімділікті көтеру нәтижесінде) Сыртқы ортаны ластауды төмендету

Әлеуметтік-инновация

Қоғамға және коллективке  деген әлеуметтік жауаптылық. Фирма  деңгейіе көтеру. Еңбек нарығындағы  жағдайын жақсарту.


Инновация түрлері  бір-бірімен  бөлінбес өзара тығыз байланыста болады. Мысалы, өнім-инновация, өндірістік процесске, технологияға, ұйымдастырушылық жағдайға әсерін тигізеді. Процесс-инновация арқылы өнім-инновацияға қажетті техникалық алғышарттарды жасайды. Өнім-инновация еңбек нәтижесіне бағытталған, процесс-инновация өндірістің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған, әлеуметтік инновация әлеуметтік-техникалық жүйенің өзгерістерімен байланысты.  Нәтижесінде барлық инновациялар өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталған, ал инновациялық қызмет нәтижесінде болашақтың табыстылығы мен қазіргі уақыттың тұрақтылығы анықталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Эволюциялық экономикалық  теорияның дамуына қандай ғалымдар  өзінің үлесін қосты

2. Мемлекеттің технологиялық  дамуына Й.Шумпетердың ойы бойынша   жаңашыл-кәсіпкердің ролі қандай

3. Жаңашыл-кәсіпкерлерді  ол қандай тортарға бөлді

4. Й.Шумпетердың пікірі  бойынша, инновациялардың түрлері  қандай

5. Институт дегеніміз  не

6. Инновациялық потенциалдың  даму стратегиясы неде тұрады

7. Ғылыми және инновациялық  қызметтің қандай түрлері бар

СӨЖ тапсырмасы:

Реферат түрінде  тақырыптың проблемалық сұрақтарын қарастыру (жеке тапсырманы оқытушыдан алуға болады). Жұмыс көлемі 6-8 паракты  құрайды

Әдебиеттер  тізімі:

1. Круглова Н. Инновационный  менеджмент: учебное пособие –  М.: РДЛ, 2001

2. Фатхутдинов Р. Инновационный менеджмент – СПб: Питер, 2003

3. Санто Б. Инновация как средство экономического развития – М.: Прогресс, 1990

4. Ильенкова С. Инновационный менеджмент – М.: Банки и биржи, 1992

5. Абдыгаппарова С. Инновационный менеджмент – Алматы: Экономика, 2003

 

Тақырып 2: Инновациялық менеджменттің методологиясы.

Жоспар

1. Менеджмент  және басқару түсінігі

2. Инновациялық менеджменттегі  жүйелік әдістер

 Лекцияның мақсаттары: Инновациялық қызметтің негізгі түсініктерін, технологиялық кезеңдер эволюциясын, жаңалықтардың классификациясын, инновациялық кәсіпкерліктің ерекшеліктерін қарастыру

Лекцияның  мазмұны:

«Басқару» түсінігі  әртүрлі  обьектіні реттеу, жетілдіру және дамыту арқылы әсер ету деген мағынаны білдіреді. Басқару  ағылшынша «менеджмент» деген сөзді білдіреді. Менеджмент  дегеніміз капитал, еңбек ресурстарын жоғарғы

 тиімділікпен басқару,  координациялау, бақылау әдістерін  атайды. Осы негізде инновациялық  менеджмент бұл  әлеуметтік-экономикалық  дамудың маңызды факторы ретінде, инновацияның тиімділікті максималды қолдану мақсатында жаңа өзгерістерді ендіру мен өңдеуге қатысатын адамдар ресурстарын мақсатты түрде басқарудың инновациялық қызметінің жүйесі.

19 ғ. пайда болған  басқару ғылыми  дамудың қиын  жолын бастан кешті.  Басқарудың алғашқы тәжірибесін талдауды ағылшын ғалымы Ф.У. Тейлор ғылыми менеджмент мектептерін ашумен алмастырды. Келесі менеджмент мектептері басқару ойлардың эволюциясына негізделді. Белгілі этаптарда ғалымдар басқару теориясы екі көзқараста;  ашық және жабық жүйелерін қарастырды.

Басқару эволюциясының  ерекшелігі басқару ғылыми пән ретінде  басқарушылық ой-пікірлер мектептері негізінде дамып отырды. Сондықтан  да дәстүрлі менеджментік және инновациялық менеджменттік басқаруда  осы  мектептердің әртүрлі ғылыми әдістеріне сүйеніп отырды.

Менеджмент ғылым ретінде  социология, логика, математика, кибернетика, экономикалық әдістерді кеңінен  қолданатын пәнаралық зерттеу болып  табылады.

Инновациялық менеджментті басқару және жетілдіру жүйелі әдісте кенінен талданады. Жүйелі талдаудың түсінгі болып  жүйе, яғни  ішкі құрылысы, бөлімдері, элементтері бар обьект.

Инновациялық менеджмент үшін принципті фактісі  ашық жүйелі ұйымдастыру болып табылады.  Сыртқы орта әсерімен тығыз байланыса  отырып, тікелей және жанама әсерлерге ұшырайды. Тікелей әсер элементтеріне мемлекеттік, заңдылық органдары. кәсіподақ, ғылыми және инновациялық ұйымдар, нарық факторлары, инвесторлар. бәсекелестер, тұтынушылар жатады.

Жанама әсер компонентеріне халықаралық, әлеуметтік экономикалық орта, экологиялық факторлар, ғылым мен техниканың жағдайы және инновацияға икемделу әсерлері жатады.

Фирманың ішкі факторына  ғылыми-техниалық потенциал жағдайы, психологиялық климат, инфраструктура қызметкерлердің біліктілік деңгейі  әсер етеді.

Жүйенің элементі бөлінбес- материалдық, ақпараттық байланыстармен мінезделінетін бірлік.

Жүйенің күрделігі  иерархия деңгейінің санымен анықталынады.  Үлкен және күрделі иерархиялық  жүйеге тән келесілер  болады: жалпы  мақсаттардың болуы, бүтіндігі мен  яақталынуы, орындалынатын функциялардың көптігі мен өлшемі, міндеттердің көпжоспарлығы мен әртүрлігі, бәсекелестік тендециялардың болуы.

Әлемдік және отандық  технико-экономикалық дамуды зерттеу  тенденциясы  өндірісті қайтаөндіру  процестері ұлттық экономикалық құрылымдарды, өзгертуге алып келетіні дәлелдеді. Ал бұл инновациялық өзгерістердің пайда болуымен  тұтас келеді. Инновациялық процестердің өмірлік циклының концепциясы негізінде  өндіріс стадиясы мен барлық процестерді синхронизациялау уақытша ғана болуы мүмкін.

Инновациялық қызмет  бір логикалық тізбекті біріктіретін көптеген шаралардан тұрады.  Әрбір  түйіннің өз даму логиксы, заңдылығы, ерекшелігі болады. Ғылыми зерттеулер, тәжірибелі –конструкторлы және технологиялық өңдеулер, маркетингтік шаралар өндіріс қуаттары, ұйымдастырушылық құрылымдары бір мақсатта шоғырланған-жаңалықты құру.

Экономкалық обьектілерді зерттегенде тауардың өмірлік циклы, технологяи және сұраныс аз уақыт  ішінде алғы орындарға ие болды.

Информация о работе Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы