ҚР инвестициялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:06, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялыќ қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұлѓаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Инвестиция саясатының мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы
АҚШ-тағы инвестициялық саясаттың тәжірибесі


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс2.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

    2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ    ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ   САЯСАТЫ 

    2.1  Мемлекеттің инвестициялық  заңнамалары 
 

    Қазақстан Республикасының инвестициялық заңдары өзінің қалыптасуы мен даму барысында төрт кезеңнен өтті.

          Бірінші кезең - бұл  ең әуелі инвестициялық заңдарды қалыптастыру кезеңі. Бұның негізі 1990 жылы 7 желтоқсанда Қазақ ССР-ның "Қазақ ССР-дегі шетелдік инвестициялар туралы" Заңының қабылдауымен қаланған.

          Басты назар аударатын  мәселе, бірінші кезеңде республиканың  мұнай-газ саласын дамытуды құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Сол кезеңдегі  мұнай-газ саласын дамытудың басты  міндеті - Қазақстанның мұнай-газ тәуелсізідігін қамтамасыз ету, мұнай мен газ өндіру көлемінің кеміп кетуіне жол бермеу болды.

          Мұнай өнеркәсібінің  өндірістік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен республиканың мұнай-газ  секторын өркендету стратегиясы  жасалды, ол мұнай-газ кешенінің  айрықша маңызды басым объектілерін ерекшелеп, үкіметтің мынадай тиісті қаулыларымен рәсімделді: "Батыс Қазақстан -  Құмкөл мұнай құбырын салу туралы"; Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру туралы, "Жаңажол газ өндеу зауытын кеңейту туралы". Сонымен қатар, қазақстандық мамандар "Мұнай-газ кешенің дамыту бағдарламасын" жасап, осы саланы дамытуды белгілеген жобалар анықталды. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторлармен жасалаған 15-тен аса ірі келісімдер мен өзара шарттарға қол қойды, солардың ішінде үкіметтің қаулыларымен арнайы реттелгендері мыналар: Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында көмірсутектерін іздеу-барлау мен игеру жөнінде "Эльф мұнай-газ" фирмасымен (Франция) бекітілген ынтымақтастық туралы шарттар; "Теңіз шевройл" бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімдер мен шарттар.

          Шетелдік капиталды  қатыстыра отырып жеке мен әлемдік  практика негізінде жобаларды өткізу мен келісу процесі заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу  жөнінде белсенді жұмыс атқаруға мүмкіндік берді. Бұдан алынған  тәжірибе жер қойнаулары мен минералдық шикізатты өндеу туралы Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ кейінірек қабылданып, шетелдік инвестордың құқықтық мәтебесін айқындап берген заңнамалық актілерді пайдаланылды.

          Осылайша бұл  кезең Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуының бастапқы кезеңін және тұтастай тәуелсіз мемлкеттің және жекелей алғанда Қазақстанның ұлттық инвестициялық заң жүйесінің  қалыптасуын білдіреді.

          Инвестициялық заңдар дамуының екінші кезеңі. Қазақстан  Республикасында "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңның қабылдауымен байланысты. Бұл кезеңде мұнай-газ секторында шетелдік инвестициялар тарту мен жекешелендіруді қықұқтық және нормативтік жағынан қамтамасыз ету процесі басталды деуге болады. Оның үстіне, ҚР Президентінің "Мұнай туралы" деп аталатын  заңдық күші бар, негіз қалаушы жарлығы шықты.

          Инвестициялық заңдардың  дамуы мен жетілуіне, үшінші кезеңнің басталуына ҚР-ның "Тікелей инвестицияларды  мемлкеттік қолдау туралы" Заңының  қабылдануы себеп болды.

          2006 жылды ҚР-ның "Инвестициялар туралы" заңы қабылданды. Оның негізгі жетістігі инвестициялар мен шетелдік және ұлттық инвестицияларға ортақ құқықтық тәртіп орнатуға байланысты қатынастарды  реттейтін нормаларды біріктіру болады. Айта кететін бір жай, ол осы Заңда ұлттық инвесторлардың құқықтық дәрежесін шетелдік инвесторлардың деңгейіне көтерудің орнына, керісінше , шетел инвесторларының құқықтық дәрежесі сол күйінде қалып, ал, шетел инвесторларының құқықтық жағдайларының төмендегенін көрсетеді.

          Шетелдік инвестициялар мен тікелей инвестициялар туралы заңдардың күшін жойғанын мойындағаннан бері инвестициялық заңдылықтың дамуындағы жаңа, төртінші кезең басталады деуге болады. Бұл кезеңді былай деп ерекшелеуге тұрады - шетелдік және ұлттық инвесторларға тең мүмкіндіктер жасау кезеңі. Бірақ, тұрақты экономикалық даму - жалпы ұлттық мүдделер мен инвестициялардың өзара тиімді болу қағидасы ең басты болып, ұлттық және шетелдік инвесторлардың мүдделерін тиімді ұштастырмай, қамтамасыз етілмейтінің ұмытпаған жөн.

          Мұнай өндіруші кәсіпорындағы  әлеуметтік-экономикалық жағдайды құқықтық қамтамасыз ету мәселесі ұлттық макроэкономикалық  саясатпен айқындалып, жер қойнауын пайдалану барысында одан алынатын пайдалы қазбаларды ұқыпты әрі кешенді  түрде пайдалану қағидасы сақталуы тиіс.

          Іс жүзінде қолданылатын нарықтық тетіктердің елеулі кемшілігі  – көмірсутектегі ресурстарды кешенді  түрде пайдаланудың жоқтығы. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін мұнай  өндіруге пайдаланылып жүрген өзара  шарттардың бірде-біреуіне жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай-газ өндеу немесе мұнай химиясы өндірістерінің құрылысына инвестиция жұмсаймын деген міндеттемесі енгізілмеген. Ал шынтуайтында бұл - шикізатты кешенді түрде пайдаланудың міндетті шарты және ол заң жүзінде бекітілген де. Шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне  жеңілдік жағдайлар  жасай отырып, мемлекет өз мүдделерін қамтамасыз етуді ешқашанда ұмытпағаны  жөн.

          Сонымен, мұнай-газ  саласындағы кәсіпорындардағы әлеуметтік-экономикалық жайғдайларды  толыққанды құқықтық жүйемен қамтамасыз ету жалпы инвестициялық процестің жан-жақты, еліміз үшін тиімді дамуының кепілі, алғышарты. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мемлекетіміздің бірегей, салмақты, инвестицияларды тиімді пайдалануға бағытталған саясатынсыз мүмкін емес. Бұндай саясат жүйелі заңнама негізінде ғана мүмкін болады.

          Тікелей инвестицияларды  мемлкеттік қолдаудың мақсаты - тауарлар өндіруді жедел дамыту, экономиканың белді секторларында жұмыстар мен  қызметтерді атқару үшін қолайлы  инвестициялық хал-ахуал тудыру болып табылады.  
 

    2.2 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуалды талдау 
 

    Қазақстан экономикасының түйіні - мұнайгаз кешені. Қазақстанның "Стратегия - 2030" бағдарламасында  энергетикалық ресурстарға және оларды тиімді пайдалануға приоритеттік мән беріледі. Мұнай ұлттық министрлігі  экономиканың болашақтағы дамуын анықтайды және анықтап береді. Қабылданған стратегияға сай мұнайгаз секторы елдің экономикалық өркендеуінің негізі болып жақын болашақтағы белсенді қызметіне ұйытқы болуы тиіс. Соңғы жылдары мұнайгаз кешені шетелдік компаниялардың қатысуымен сипатталуда, мұның өзі көмірсутектік ресурстарды қолдану стратегиясының жетілген технологиямен ұзақ мерзімдік инвестицияларды іске тарту, экспорттық құбырларды құру, энергетикалық инфрақұрылымды жасаумен жүзеге асырылуын бейнелейді.

    Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорындарына салынған инвестициялар республикадағы экономикалық өрлеудің қуатты тетігі болды. Қазір мұнай мен газды барлауға және өндіруге жұмсалатын инвестициялар көлемі Қазақстанның минералдық-шикізат секторына салынатын барлық инвестициялардың  шамамен 74,5 пайызын құрайды.

    Қазақстан көптеген дүниежүзілік ірі және орташа компаниялардың назарын аударып  отыр. Олардың арасында "Шеврон", "Бритиш Петролеум", "Шелл", "Мобил", "Тоталь", "Статойл", "Аджип", "Бритиш газ" сияқты алыптар бар. Мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі ең ірі жобалардың бірі - дүние жүзіндегі ірі-ірі жеті мұнай компаниясын біріктіретін "ҚазақстанКаспийШельф" консорцииумы да ерекше.

    Шетелдік  мұнай компанияларының ішінде Теңіз алып кен орны бойынша өзара шартқа алғаш қойған "Шеврон" болды. Соңғы 4 жылда "Шеврон" Қазақстан экономикасына 700  млн. долларға жуық инвестиция салды, олар негізінен кен өндіру мен өндеу  жөніндегі қуаттардың деңгейін көтеруге, сондай-ақ жұмыскерлердің де, қоршаған ортаның да қауіпсіздігін арттыруға арналды.

    Жоғарыда келтіріліп отырған мұнайға инвестиция салушы ірі-ірі компаниялар іс ќимылдарының әлеуметтік салаларына тоқтасақ, олардың жүйелі, белгілі бір жоспардың негізінде іске асырылып жатқанын атап өту керек. Мысалы, мұнай-газ саласындағы инвестициялардың әлеуметтік мәнділігі Қазақстан Республикасы мен "Шеврон" корпорациясы арасындағы келісімге сәйкес құрылған "Теңізшевройл" БК негізінде сараптасақ, бұл тарапта қыруар жұмыс атқарылғанын көреміз. ТШР "Бонус Атырау", "Игілік" бағдарламаларын жүзеге асыру барысында әлеуметтік инфраќұрылымды өркендетуде көптген жұмыстар атқарды. Тек қана 147 мың доллар көлемінде атаулы көмек көрсетілді. 2006 жылы "Игілік" бағдарламасы шеңберінде Теңіз кен орны орналасқан аумақтағы Атырау мен Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыруға қыруар қаржы бөлінді. Облыстың 2007 жылының бюджетіне бұл мақсаттарға 8 млн.доллар бөлінген болатын.

    "Шеврон" отандық мамандарды тарту жөнінде де белгілі бір саясат ұстануда. Соңғы 10 жылда олардың саны 22 пайызға өсті. Тағы бір маңызды нәрсе: басқару үрдісінде орта буындағы жергілікті кадрлар саны да үздіксіз өсіп келеді. Компания үміткерлер арасынан әзір кадрларды іріктеумен бірге  өзі де ұлттық кадрларды даярлаумен және оқытумен байыпты шұғылдануда.

    Нарықтық сипаттағы жаңа өндірістік құрылымдарды құруды көздейтін алғашқы келісімдік құжаттар екі жаққа да нәтижелі міндеттер мен мақсаттарын кең  секторын ќамтиды.

    Осындай Қазақстан Республикасының басты міндеттері мынандай жағдайлармен байланысты шешілуі тиіс:

    -дүниежүзілік мұнай державаларының тәжірибесін зерттеу;

    -дайын  және аралық өнімдерді өткізудің ішкі және дүниежүзілік нарықтарын маркетингтік зерттеу;

    -өндірілген күкірт есебінен  полимерлерді өндіру бойынша мекемелерді құру мүмкіндіктерін дәлелдеу.

    Сол жылдары мемлекеттік органдар контракталық келісімдерді бекіту туралы, қаржылық, салықтық және басқа да жағдайлар туралы жеткілікті ақпараттарды иеленбеді және жұмысты ұйымдастыру барысы мен тәсілдерін реттеуші заңдық база болмады.

    Сондықтан, ҚР-нда мынандай заңдар бекітіліп, өз күшіне енді: "Мемлекеттік мекеме туралы", "Шаруашылықтық серіктестіктер туралы", "Еркін экономикалық зоналар туралы", "Мұнай туралы", Қазақстанда мұнай саласын жекешелендірудің алғашқы қадамы жасалды, яғни "Южнефтегаз", "Аќтөбемұнайгаз" және "Шымкентнефтеоргейнтез" (ШНОС) АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сатуға тендер жарияланды. "Харрикейн Хайдрокарбонс" канадалық компаниямен келісімге қол қойылды. Келісімге сай, пакеттің жалпы құны - 120 млн. АҚШ долларын құрап, 3 тараумен төленді.

    Инвестициялық бағдарламаның ұзақтығы - 6 жыл, инвестиция көлемі -280 млн. АҚШ доллары.

    Екінші  жекешелендірілген мекеме -Шымкент  мұнай өңдеу зауыты ШНОС - тың 85 пайызы акциясы Витол Мұнай компаниясына 60 млн. АҚШ долларға сатылып, 5 жыл ұзақтығындағы инвестициялық бағдарлама 150 млн. АҚШ долларын құраған. Мұнай саласының тарихындағы тағы бір жекешелендіру процесі аяқталды. Қазақстан үкіметі Қытай ұлттық мұнай компаниясымен арадағы "Актөбемұнайгаз" АЌ акциясының 60 пайызын сату туралы келісімге қол қойды.

    Қазақстанның жалпы өндіру көлемінің 23 пайызы құраған 20 бірлескен кәсіпорын тіркелді. Қол қойылған келісімдер бойынша шетел компаниялары арқылы 40 млрд АҚШ долларға инвестицияланды.

    2005 жылы мұнай операцияларын жүргізу сферасына қатысты құжаттардың  жаңа пакетіне қол қойылды соның ішінде маңыздылары: "Қазақстанкаспийшельф" және "ИмпексКаспиан Лтд" компанияларынын арасындағы Каспий шельф бойынша құқықтарды қабылдау орындалды. 
 

    2.3 Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау 
 

    Қызылорда облысының потенциалы жағынан еліміздегі ең дамыған аймақтардың бірі. Жер асты қазбалары бойынша ол Ресей Федерациясының Орал өлкесімен тепе-тең дәрежеде. Бұл тұрғыдағы басты байлығы – көп кимпоненті полиметалдар кені. Ал,  көмірсутек түрлерінен таскөмір мен ыстық сланецтің, мұнайдың ірі қор орындары бар. Аймақта сондай-ақ цемент, шыны шлактарын , цеолит өндіруге қажетті шикізаттардың қомақты қорлары сақталған.

    Облыста түсті металлургияның, тамақ өнеркәсібінің көптеген іргелі кәсіпорындары шоғырланған. Олардың әрбірінің өз өнімдерін тұтынушымен де, шикізаттарды, материалдарды, жинаќтаушы детальдарды жеткізушімен де жағырапиялық іскер байланыстары берік әрі берекелі қалыптасып, нығайған.

    Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі мен  жергілікті үкімет органдары бұл  салалардағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Оның ішінде, атап айтқанда, түсті металлургия нысандарын шетел компанияларының басқаруына, ал көптеген өндірістік кәсіпорындарды реформалауға, қайта жарақтандыру  мен жабдықтауға берді. Қорытындыда 2006 жылдан бастап өткен жылдардын биылға дейін өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2,5 есе артты.

Информация о работе ҚР инвестициялық жағдайы