ҚР инвестициялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:06, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялыќ қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұлѓаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Инвестиция саясатының мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы
АҚШ-тағы инвестициялық саясаттың тәжірибесі


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс2.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

    ҚОРЫТЫНДЫ 
 

       Курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымға келдім. Экономиканы тиімді басқару жүйеісіне шет  елдердің капиталын саналы тарту жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оњтайлы жолын табу болып табылады.

          "Әрине кез  келген стратегияның құндылығы  түпкі ойда емес, сәтті жүзеге асырылуында" деген елбасы Н.Ә.Назарбаев. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбіне шетел инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторға саяси кепілдер беруді болжайды.

          Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде  ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.

          Инвестияларды мемлекеттік  басқару жүйесіне инвестиялық белсенділікті  қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің  экономикасына отандық және шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестиялық жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын-ала міндетті жарыс негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекет-коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.

    Қазақстандағы инвестииялық процестің қалыптасуында  шетел инвестицияларының орны ерекше. Алайда, қазіргі кезеңде ұзақ мерзімді бағдарламаларды қаржыланыдыруда шетелдік капиталға қаншалықты сенім артуға болады деген сұраққа орай ел экономикасы көтеріліп келе жатқан уақытта отандық инвестицияларды, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау әлеуметтік мәселелерді, кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретіні негізделді.

    Қазіргі кезеңде Қазақстан өз дамуының қоғам аухаттылығының өсуі адам капиталының құрайтын жеке қабілеттілік пен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Яғни, адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, потенциалына, сипатына жаңа талап-тілектер қоятын кезең қалыптасып отыр.

    Сонымен қатар, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды  толыққанды құқықтық жүйемен қамтамасыз ету - жалпы инвестициялық процестің  жан-жақты, еліміз үшін тиімді дамуының кепілі, алғышарты. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мемлекетіміздің бірегей, салмақты, инвестицияларды тиімді пайдалану бағытталған саясатынсыз мүмкін емес. Бұндай саясат жүйелі заңнама негізінде мүмкін болады.

    Шетелдік  инвестияларды толық, тиімді пайдалану, қандай да ел үшін объективті қажеттелік. Ол - ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы және экономикалық даму негізі.

    Зерттеулер  және даму институттарымен, ұлттық компаниялармен, отандық жєне шетелдік инвесторлармен бірлескен жұмыс негізінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді нысаналы жобалардың тізбесі мен оларды іске асыру жөніндегі шаралар кешені қалыптастырылатын болады.

    Бұл тізбеге өңірлік және халықаралық  маңызы бар «серпілісті» жобалар  енгізіледі, оларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттің, қаржылық даму институттарының, жеке инвесторлардың ресурстарын тиімді шоғырландыру қамтамасыз етіледі.

    Қазақстанның  инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру  және шетелдік әріптестерді , атап айтқанда, трансұлттық компанияларды іздеу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

    Нәтижесінде республиканы технологиялық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын  қабылдау, даму институттарын корпортаивтік  басқару сапасын арттыру, олардың  «серпілісті» жобаларды ілгерілетуге арналған ресурстарын шоғырландыру, бәсекеге қабілетті индустрия мен қызметтер саласын дамыту күтілуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 
 

    1.Америка  экономикасының негіздері.- 2000.- 189 б

    2.Бердалиев  К.Б.Қазақстан экономикасын басқару негіздері.-Алматы:2001.-421 б.

    3.Нұрғалиев  К. Қазақстан экономикасы.-Аламы: 2002.-210 б.

    4.Осипаов  Г.М. Экономика теориясы.-Алматы:2001.-206 б

    5.Назарбаев  Н.Є. Инвестициялық тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті // Егемен қазақстан.-2006.-9 маусым.-1-2 б

    6.Назарбаев  Н.Є. Біз алға қарай - бірақ  сарабдалдықпен жүретін боламыз //Егемен Қазақстан.-2006.-7 маусым.-1-2б.

    7.Әміренов М. Өскеменде өткен өңірлік инвестициялық форум. Шығыс Қазақстанның экономикалық және негізгі қорларының қуатын паш етті //Дидар.-2005.-7 маусым.-1б

    8.Жалғасбаева  А. Мұнайгаз кешенінің инвестициялаудың негізгі баѓыттары //Қазақстан жоғары мектебі.- 2004.-№2.-237 б

    9.Жалғасбаева А. Қазақстан мұнай газ кешеніне  инвестициялық ресурстарды тартудан тиімділікті экономикалық бағалау //Ізденіс.-2004.-№3.-28-34б

    10.Жүнүсов Ж. Көптеген шаруашылық формаларын дамыту - экономикалық және әлеуметтік прогресстің маңызды шарты //Ізденіс.-2004.-№ 3.-9-12б

    11.Мороз  С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы //қазақстан жоғары мектебі.-2003.-№ 1.-161 -167 б

    12.Шөптібаева Г. Инвестициялық процесс - әлеуметтік жүйе ретінде //Ізденіс.-2004.-№1.-160-164б

    13. Өскенбаев Г. Инвестициялық қор //Егемен Қазақстан.-2005.-24 ақпан.-3б

    14.Тілекқабыл С. Мұнай-газ саласындағы инвестициялардың игерілуі //Ақиқат.-2006.-№2?-35-36б

    15.Түлеутаев М. Инвестиция игілігі //Қаржы - қаражат.-2005.-№2.-14-18б

    16.Тастағанов  М. Бай қуатты өмір сүруден басқа жол жоқ //Ертіс өңірі.-2005.-9 маусым.-5б.

    17. www.google.kz 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР инвестициялық жағдайы