Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа
Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының теміржол көлігі мен «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ– мы болып табылады.
Зерттеу нысаны - теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті басқару үдерісі.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды
Инновациялық
өнім үш жыл бойы түрлі
Еліміздің шаруашылықты жүргізу субъектісінің инновациялық қызметі үшін қажет қаржы қаражатын анықтау үшін бақылауда инновациялық технологияларды пайдалануда шығындар жіктелімі қарастырылған. Инновациялық үдерістер шығындары (ағымдағы, күрделі) шығындар түрлерi бойынша, сонымен бiрге қаржыландырудың көздерi бойынша бөлінеді.
Өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсетулер) есебінде басты сипатта жүзеге асатын ағымдағы шығындар технологиялық инновацияны енгізіп және әзірлеумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлуге, сонымен қатар бір жыл ішінде ұйыммен жасалған инновациялық қызметті қамтамсыз ету үшін қажет жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды алуға жұмсалған шығындар сияқты, күрделі шығындарға жатпайтын басқа шығындар. Күрделі қаржы жұмсалымы өзімен құруға жұмсалған жыл сайынғы шығындарды, көлемінің ұлғаюын, сонымен қатар технологиялық инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты жүзеге асырылатын, сатуға арналмаған, ұзақ пайдаланатын айналымнан тыс активтерге ие болуды көрсетеді. Олар инновациялық қызметті пайдалану үшін қажетті машиналарды, жабдықты, өзге де негізгі құралдарды сатып алуға, инновациялық қызметті жүргізу үшін ғимараттар, жер учаскелерін және табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалған шығындардан тұрады.
Ағымдағы және күрделі қаржы шығындарына технологиялық инновацияларды (зерттеулер мен әзірлемелер, өнертабыстарды патенттеу, өзге де патент-лицензия беру қызметтері, қызметкерлерді дайындау, тәжірибе жүзінде оқыту, конструкторлық жұмыстар, маркетингтік зерттеулер және т.б.) әзірлеу және енгізуге байланысты бөгде ұйымдардың осы ұйым үшін орындаған арнайы жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге жұмсалған шығындары есептеледі.
Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар туралы деректер есепті жылы ескеріледі. Онымен қоса инновациялық процестің қай сатыда тұрғандығы маңызды емес.
Технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар инновациялық қызмет түрлері бойынша бөлінеді.
Зерттеулер мен әзірлемерлерге жұмсалған шығындар құрамына қосылады:
Машиналар
мен құрал-жабдықтарды сатып
Өндірістік жобалауға, өндірісті
жаңа өнімдерді шығаруға, оларды өндірудің
жаңа қызметі мен тәсілдерін енгізуге
даярлаумен байланысты басқа жұмыс
түрлеріне жұмсалған шығындарға
технологиялық жабдықтаумен, өндірісті
ұйымдастыру және жаңа өнімді шығарудың
бастапқы кезеңімен байланысты өндірістік
жобалық-конструкторлық жұмыстар жатады.
Өнеркәсіпте олардың мазмұны
жаңа өнім өндіруге дайындықпен байланысты
өнеркәсіптік объектіні (үлгіні) жобалау,
белгілі бір өндірістік үдерістер
мен әдістерге бағытталған
Инновацияға жұмсалатын шығындар қаржыландыру көзіне байланысты бөлінеді:
1. Кәсіпорындардың меншік қаражаттары;
2.Республикалық бюджет қаражаттары;
3. Жергіліктің бюджеттің қаражаттары;
4. Даму институттарының қаражаттары;
5. Инновациялық гранттардың қаражаттары;
6. ТМД елдерінің қаражаттары;
7. Венчурлық қорлар қаражаты;
8. Кредиттер мен қарыздардан қаражат;
9. Жеңілдік шартымен кредиттер мен қарыздардан қаражат.
Инновациялық жобаларды
1.3.
Кәсіпорында инновациялық
Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді.
Инновацияға байланысты
Дәстүрлі үлгі ─ дәстүрлі, өсімпаздық,
ескішілдік кәсіпкерлік. Осы
Екінші үлгі инновациялық (өнімді
немесе жемісті)
Кәсіпорындағы инновацияның
Осыдан әр бір кәсіпорында
бәсекелік басымдылықты жасау
қажеттігі пайда болады, бұны
жүзеге асыру үшін
Осылайша кәсіпорын
8 – сурет Инновациялық үдерістің функционалды реттілігі
Бірінші кезеңде ілгері зерттеулер ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады, соның нәтижесінде жаңа ғылыми танымдар қалыптасады.
Екінші кезең тәжірибелік бағыты бар қолданбалы және эксперименттік зерттеулермен сипатталады. Бұл кезеңде теріс нәтижелер алу ықтималдығы жоғары, сондықтан жаңалықты өңдеу жиі тәуекелділік сипатта болады.
Үшінші кезеңде конструкторлы-технологиялық құжаттамалар дайындалады, ал инновацияның аралық нәтижелері жаңа өнімдердің тәжірибелі үлгілерін және жаңа технологиялардың тәжірибелі қолдануын көрсетеді.
Төртінші кезеңде – жаңалықты коммерциализациялау – оны өндіріске жіберу уақытынан нарықта тауар ретінде пайда болғанға дейін жалғасады. Тауардың өмірлік циклы осы тауардың нарық өтімінен жоғалып кетуімен аяқталады.
Кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін бизнес-жоспарды өңдеген кезде, өндірілетін өнімнің өмірлік циклдың қандай кезеңінде болуын ескеру керек, бәсекелестердің әрекетін қадағалап, инновацияларды жүзеге асыру және жаңа өнімдердің жетілген модельдерінің сату көлемін келешекте ұлғайта беруді қамтамасыз ету. Инновациялық үдерістің дамуына әр түрлі факторлар тобы әсер етеді: экономикалық, технологиялық, саясаттық, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттік. Кейбір факторлар инновациялық қызметке оң әсер етді, ал басқалары кедергі жасайды. Мысалы, экономикалық және технологиялық факторлар тобы кәсіпорынның инновациялық қызметіне оң әсер етеді, яғни қажетті қаржы ресурстарын, материалды-техникалық құралдар, жаңашыл технологиялар, шаруашылық және ғылыми-техникалық ішкі құрылымның болуын көрсетеді. Осы факторлар тобы инвестиция үшін құралдардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы, материалдық, ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі және т.б. инновациялық қызметке кедергі келтіреді.
Кәсіпорын-инноватор инновациялық жобаны өзінің құрылымдық бөлімшелерінде дайындайды немесе инновациялық кәсіпкерлікке маманданған ұйымды келісім шарт негізінде қатыстырады. Кәсіпорын-инноватор инновациялық кәсіпкермен инновациялық өңдеулерді жүзеге асыру бойынша келісім шартқа отырады. Келісім шарт тапсырыстың белгілі төлемі аванс түрінде қарастырылуы мүмкін.
Инновацияларды қаржыландыру кез келген инвестицияларды қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады, яғни өзіндік қаржыландыру, несиелік құралдар, басқа аралас немесе дәстүрлі емес көздер, бюджеттен тыс қорлар, әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.
Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар: