Инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының теміржол көлігі мен «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ– мы болып табылады.
Зерттеу нысаны - теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті басқару үдерісі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой инновация.docx

— 109.78 Кб (Скачать документ)

Міне осындай шараларды  орындау арқылы біз кәсіпорындағы  иновациялық басқаруды біршама  жақсарта алар едік.

«ҰК «ҚТЖ»  АҚ-ның иновациялық қызметін талдай келе келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:

- жоғары оқу орындарының жанынан  ғылыми-зерттеу орталықтарын ашуды  және олардың аумақтарында технорпарктерді  ұйымдастыруды ынталандыру;

- технологиялық бизнес-инкубаторларда  идеясы бар талантты адамдардың  ақыл-ой жетістіктерін тәжірибеден  өткізіп, оны қолданысқа дейін  жеткізуге мүмкіндіктер жасау;

- білікті мамандарды даярлағаны  үшін инновациялық инфрақұрылым  элементтері тарапынан сол жоғары  оқу орнына жыл қорытындысы  бойынша сыйақы төлеу жүйесін  қарастыру;

- инновациялық инфрақұрылым  элементтерінде жұмыс істеп жатқан  жоғары оқу орнының түлектерін  осы оқу орындарында білім  алып жатқан білімгерлерге ақылы  дәрістер оқу жүйесін енгізу;

      Осындай  негізгі мәселелерді шешетін  болсақ Қазақстанда инновация  қарқынды дамитындығына сөз жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          

       Бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

Қазіргі күні барлық елдерде  ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар  жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде  бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен  инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі  және жеке бөлімдерін қолдау болып  табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға  айналған. Бұл саланы қолдау заңды  түрде: мемлекеттік акт, үкімдер  бойынша жүзеге асырылады.

Экономикалық  қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

           Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациясын басқаруды дамыту үшін елдегі инновациялық жағдайды жақсартуымыз қажет. Бұл үшін елімізде инновациялық инфрақұрылымды дамытуымыз маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының  инновациялық инфрақұрылымын дамытумен  байланысты келесідей қорытынды жасауға болады:

1. Бәсекеге қабілетті  экономиканы қалыптастыруға ынталы  Қазақстан Республикасы өзінің  инновациялық инфрақұрылымын жасақтап  болғанымен, оның қызметі күтілген  нәтижелерді көрсетпей отыр. Сондықтан  да, аталған жүйенің ұлттық экономика  үшін тиімділігін қамтамасыз  етуге мүмкіндік беретін экономикалық  механизмді дайындау бүгінгі  күннің талабы.

2. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық инфрақұрылымын инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерімен қатар (технологиялық парк, технологиялық бизнес-инкубатор және инновациялық қор), бұл құрылымға белгілі бір деңгейде (тікелей немесе жанама) қатысы бар элементтердің де құрайтыны анықталды (олар: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақпараттық-талдау орталықтары, консалтигтік фирмалар; ҚР ұлттық холдингтік компаниялары және олардың құрамындағы ұлттық компаниялар мен даму институттары; ҚР басым бағыттары бойынша құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар).

Жалпы кәсіпорындағы инновациялық контролллингті дамытуды қолға алу  керек. Кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдірудің экономикалық тетіктері ретінде келесілерді қарастыруға болады: экономикалық базаны қамтамасыз ету, қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз етуді жетілдіру, яғни жеңілдікпен салық салу және несие беру, субсидиялар бөлу; тәуекелдерді сақтандыру, шығындарды төмендету, кәсіпорындағы бюджет құру және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, кәсіпорындағы персоналдарды ынталандыру.

        Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

Қазақстанның алдыңғы  қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында  индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі  мәнге ие болуы қажет:

- ғылыми-технологиялық әлеуетті  жоғары ғылыми-технологиялық және  өнеркәсіптік ұйымдар желісі  бар қалаларда ғылымдық және  инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық  парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және  т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің  қызметін құру және қолдау  көрсету;

- экономиканың стратегиялық  маңызы бар алдыңғы қатарлы  салаларын дамытуда өзімізде  бар ғылыми-техникалық әлеуетті  қолдану;

- бүгінгі таңда Қазақстанда  бірқатар бағыттар бойынша отандық  зерттеулер негізінде ғылыми-сыйымды  өндірісті дамытуға мүмкіндік  беретін ғылыми база бар, оның  ішінде, жаңа материалдар, химиялық  өнімдер, заман талабына сай  жаңа өнімдер шығару және т.б;

- отандық тауар өндірушілерге  жағдай жасау мақсатында уақытша  жеңілдікпен қарыз құралдарын  беру, салықтық жеңілдіктер беру  және Қазақстанда өндірілмейтін  импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды  әкелуде ҚҚС босату.  

        Сонымен  қорытындылай келе, статистикалық  мәліметтер көрсеткендей, елдегі  жалпы инновациялық көрсеткіштердің  төмен болуы ол инновацияға  байланысты қабылданған бағдарламалар  мен стратегиялардың өздеңгейінде  жүзеге асырылып жатпағанын аңғартады. Сондықтан инновациялық потенциалды көтеру үшін алдымен баңдарлама мақсаттарын дұрыс анықтау, кадрлар құрамын жетілдіру және кәсіпорындағы инновацияны басқару механизмдерін жетілдіруді қолға алу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Қ.Мейірбеков., Қ.Ә.Әлімбетов., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, «Экономика», 2003.
  2. К.Ж.Оразалин., «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2007
  3. Э.С.Алимкулова, «Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту», 09.07.2011 ж
  4. Е. Әмірбекұлы, « Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі», Алматы, 2011
  5. Г.Э.Жунисбекова, Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері, Алматы, 2011

 

  1. М.А.Кулбаева,  «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері», Түркістан, 2009
  2. «Егемен Қазақстан» газеті,  « Жаңашыл жұмыс жетістіктерге жетелейді», Бақтияр ТАЙЖАН, 18 Қыркүйек, 2011
  3. «Егемен Қазақстан» газеті,  «Трансформатор заутының жаңа көкжиегі»,  Е.ІЛИЯСОВ, 9 Сәуір, 2011
  4. http://www.stat.gov.kz  мәліметтері
  5. Теміржол көлік қызметін бағалайтын корсеткіштер жүйесі. // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.- Хабаршы №4(30).- Қызылорда, 2012ж.- Б.85-90. 
  6. http://www.railways.kz
  7. http://kk.wikipedia.org
  8. Кәсіпкерліктің ресурспен қамтамсыз етудің инновациялық әдістері  //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6 – Алматы, 2009

http://audit.kz/uploads/MSA_KAZ_2009.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инновация