Инновациялық мотивация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 13:55, доклад

Описание

Инновациялық мотивация инновацияларды ойлап табу мен сатуға немесе керісінше тұрмыстық жағдайда оны қолдану не сатып алу үшін бағытталған белсенді қызмет атқаруы үшін өндіруші мен менеджерді ынталандыратын мотивтер мен қажеттіліктердің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Аудару.docx

— 31.10 Кб (Скачать документ)

Мотивация –компанияның қызметінің белгілі  бағытта анықтайтын қажеттіліктердің жиынтығы және себебі. Инновациялық менеджментте мотивация алға қойған мақсатқа жету үшін бағытталған қозғаушы күштердің жиынтығының тәсілі ретінде қаралады.

Инновациялық мотивация туралы бізде қандай түсінік бар?

Инновациялық мотивация инновацияларды ойлап табу мен сатуға немесе керісінше тұрмыстық жағдайда оны қолдану не сатып алу үшін бағытталған белсенді қызмет атқаруы үшін өндіруші мен менеджерді ынталандыратын мотивтер мен қажеттіліктердің жиынтығы.

Инновацияны мотивациялау екі аспектте қаралады:

  1. Инновацияларды ойлап табу мен оларды сатуға мотивациялау;
  2. Инновацияларды сатып алуға мотивациялау;

Мотивация қандай элементтерден  тұрады?

Кез келген мотивация төрт элементтен тұрады, оларға мыналар жатады:

  1. Мақсат;
  2. Мотив;
  3. Фактор;
  4. Мақсатқа жетуге талпыну;

Инновацияларды ойлап  табу мен оларды сатудың мақсаты  неде?

Инновацияларды ойлап табу мен  оларды сату мақсаты болып жаңа ойлап тапқан тауардан түскен қаржыны нарықта өзінің имиджін және бәсекеге қабілеттігін арттырып, кәсіпкерліктің тиімді саласына сол қаражатты салу болып табылады.

Инновацияларды ойлап  табу мен оларды сатудағы негізгі  мотив қандай?

Кәсіпкерлер үшін инновацияларды ойлап  табу мен оларды сатудағы негізгі  мотив болып мыналар табылады:

  • Өзінің жаңа өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
  • Нарықтағы имиджін көтеру;
  • Жаңа нарықтарды жаулап алу;
  • Ақша ағымының көлемін ұлғайту;
  • Өнімнің  ресурстті қуаттылығын төмендету.

 

Жаңа өнімнің  бәсекеге қабілеттілігі нені білдіреді?

Жаңа өнімнің бәсекеге қабілеттілігі белгілі уақыт  аралығында оның нарықтық талаптар мен  сұранысына сай болып, нарықтағы басқа тауарлардың ішіндегі ең табысты сатылымды тауар болуын білдіреді.

 

Өнімнің бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторлары қандай?

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  өзіндік қасиеттермен яғни сатып алушыны қызықтыратын қасиеті, нарықтық талаптарға сай сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыратын ерекшеліктерімен  анықталады.

 

Жаңа өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мыналарға негізделген:

  1. Өнім сапасының талаптарға сай болуы;
  2. Сапаның бірдей деңгейде болса да бағаның төмендігі;
  3. Тұтынушыларға өнім сапасындағы сенімді ғана емес, сол өнімді уақытылы жеткізудегі сенімді де нығайтуы тиіс;
  4. Тез әрі сатудан кейінгі қызметтің болуы;
  5. Өнімнің үйлесімділігі, унификациясы және өзара алматсыруды қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық талаптарға сай болуы;
  6. Жарнамаға.

 Инновацияларды ойлап табу мен оларды сатуддың негізгі факторлары қандай?

Инновацияларды ойлап табу мен  оларды сату мотивтері мынадай факторлар  қатарына негізделеді. Ең бастылары  болып мыналар табылады:

  1. Бәсекеге қабілеттілікті күшейту;
  2. Өндірістік-сауда процессіндегі өзгерістер;
  3. Технологиялар операциялардың жүзеге асуы;
  4. Салық салу жүйесіндегі өзгерістер;
  5. Халықаралық қаржылық нарықтағы жетістіктер.

Инновацияларды сатып  алудың мақсаты неде?

Инновацияларды сатып алудың мақсаты  болып шаруашылық субьектісінің бүгін сатып алған өнімнің болашақта сол өніммен жаңа технологияларды немесе жаңа өнімді айналысқа енгізуден қаражат алу болып табылады.

Инновацияларды сатып  алудың негізгі мотивтері қандай?

Инновацияларды сатып алудың негізгі  мотивтері төмендегілер:

  1. шаруашылық субьектісінің имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
  2. бүгін капиталға салған табыстың перспективсын болашақта көру.

 Инновацияларды сатып алудың  негізгі мотивтері тұтастай обьективті  әрі субьективті факторлар қатарына  негізделген.

Инновацияларды сатып  алудың обьективті және субьективті  факторлары қандай?

Инновацияларды сатып алудың негізгі  обьективті факторлары:

  1. Өндірістік-сауда процессіндегі өзгерістер;
  2. Салық салу жүйесіндегі өзгерістер;
  3. Халықаралық қаржылық нарықтағы жетістіктер.

Инновацияларды сатып алудың субьективті  факторларына белгілі бір сатып  алушының қызығушылығын анықтайтын факторлар, жоспарлар мен оның инвестициялық  және қаржылық қызметінің бағдарламасы, психологиялық мүмкіндіктері, менджерлердің  мамандандырылғандығы және т.б факторлар  жатады.

 

3.2.  Ұйымның инновациялық  потенциалын қалай бағалауға  болады.

Потенциалдың дамуы арқылы ұйымның  және оның бөлімшелерінің оған қоса өндірістік-шаруашылық жүйесінің де дамуы  жүреді. Инновациялық потенциялға инновациялық стратегияның жүзеге асуы тәуелді, сондықтан да оның дұрыс бағалануы өте маңызды.

Инновациялық потенциал  дегеніміз не?

Ұйымның инновациялық потенциалы –  инновациялық мақсатқа жету үшін орындалатын жұмыстар дайындығының деңгейін анықтайды, яғни инновациялық жобаның немесе  инновацияны енгізу және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалуы деңгейін анықтайды.

Ұйымның инновациялық потенциалын  қалай анықтауға болады?

Ұйымның инновациялық потенциалы оның бөлімшелерінің оған қоса өндірістік-шаруашылық жүйесінің барлық элементтері арқылы жүзеге асады. Сондықтан да инновациялық потенциалды бағалау үшін оның ішкі ортасын тексерістен өткізу немесе қатаң түрде анализ жасау қажет.

Ұйымның ішкі ортасы нені білдіреді?

Ұйымның ішкі ортасы өндірістік-шаруашылық жүйесін құрайтын элементтерден  тұрады. Қолайлы анализ жүргізу үшін осы элементтерді былай топтаймыз:

  1. Өнім блогы (жобалық) – ұйым қызметі мен нәтижесінің бағыты өнім мен қызмет түрінде болады (жобалар мен бағдарламалар);
  2. Функционалды блок – ұйымның қызметшілерінің еңбектік қызмет процессінде қызмет пен өнімге басқару мен ресурстардың жүзеге асуы;
  3. Ресурстік блок – кәсіпорынның материалды-техникалық , еңбектік, ақпараттық және қаржылық ресурстар кешені;
  4. Ұйымдық блок – ұйымдық мәдениет, жобалар мен қызметтер бойынша процесстер технологиясы және ұйым құрылымы;
  5. Басқару блогы – басқару стилі мен басқару жүйесі және ұйымның жалпы әкімшілігі.

Инновациялық потенциалды бағалау  әдетте мына сызба бойынша жүзеге асырылады:

Ресурс             Қызмет                     Жоба


Бірақ осы сызбада жоба жаңа өнімді өндіріп жүзеге асыру немесе қызметтің  жаңа бағытын ойлап табу дегенді  білдіреді.

Инновациялық потенциалды бағалаудың қандай методикасы бар?

Ұйымның инновациялық потенциалды  бағалау екі паралельді түрі бар:

  1. Жаңа бір жобаның жүзеге асуына дайындыққа ұйымның өзіндік баға беруі;
  2. Жүзеге асып қойған жобаға қатысты ұйымның қазіргі жағдайына берілетін кешенді баға.

 

Инновациялық потенциалды  бағалау талаптарына сай екі  бағалаудың екі әдісінен біреуі таңдалады: бөлшекті немесе диагностикалық.

Бөлшекті әдіс қандай жағдайларда және қалай қолданылады?

Бөлшекті анализ негізінен инновацияларды негіздеу және жобаларды дайындау мен оларды жүзеге асыруе  кезінде жүзеге асды.

 

Бөлшекті анализ жасау  кекезіндегі ұйымның инновациялық потенциалын бағалау сызбасының қысқаша нұсқасы:

  • Ұйымның инновациалық потенциалының жағдайының нормативтік моделіне сипаттама беріледі, яғни барлық бөлімшелерге потенциал деңгейіне сапасы мен көлеміне қатаң талаптар,  нақты инновациялық мақсаттың  жеткен табыстарын қамтамасыз ететін талаптар қойылады;
  • Жоғарыда көрсетілген блоктар мен олардың компоненттері бойынша инновациялық потенциалдың қазіргі күйі  тексеріледі;
  • Потенциалдың параметрлері нормативті және фактілі   мәнінің келіспеулігі орнатылады;
  • Потенциалдың нормативке сәйкес күшті және нормативке қайшы әлсіз жақтары бөлінеді;
  • Ұйымның әлсіз жақтарын жақсарту үшін жұмыстар тізімі жасалынады.

Қандай жағдайларда диагностикалық шешім қолданылады?

Мерзімдерге шектеу қою,жүйелік талдау жасайтын  мамандардың болмауы, ұйымның инновациялық потенциалына баға берген уақытта сол ұйым туралы нақты ақпараттар болмаған жағдайда диагностикалық шешім қабылданылады. Осы орайда айта кетер жайт, диагностикалық талдау жүргізу үшін белгілі себептер мен ақпараттық база қажет. Диагностикалық параметрлер жүзінде көбінесе  кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын(мысалыға, қызметшілер саны, жалақының орташа деңейі,еңбек өнімділігі, өнімнің өз құны, қызмет пен тауар сапасы және  т.б. ) сипаттайтын, қол жетімді ақпарат қолданылады.

Ұйымның инновациялық потенциалын  бағалау мен диагностикалық талдау сызбасы мына түрде болады:

  • Басқарушы ықпалдың бағасы;
  • Сыртқы орта жағдайына баға беру;
  • Сыртқы көріністі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық) сипаттайтын диагностикалық параметрлер каталогын енгізу;
  • Ұйымның ішкі жағдайын сипаттайтын құрылымдық параметрлердің  каталогын енгізу;
  • Жүйенің диагностикалық және құрылымдық параметрлердің өзара байланысын орнату;
  • Диагностикалық параметрлерді бақылау және статистикалық мәліметтерді өңдеу;
  • Құрылымдық параметрлеріне баға беру;
  • Ұйым потенциалының интегралды бағасын анықтау.

Өзіміздің кәсіпорнымыздың  инновациялық потенциалын өзіміз бағалай  аламыз ба?

Иа, бағалай аламыз. Инновациялық потенциалға  баға беру үшін әдетте мамандар өз бағасын 5-баллды шкала бойынша бағалайтын арнайы сауалнама бар. Егер сіз өзіңіздің кәсіпорныңыздың қызметін жақсы білсеңіз, сіз осы сауалнаманың біреуіне біздің модульдің Айқындауыш бөлімшесіне келіп ат салыса аласыз.

Бұдан басқа, сізӨзін-өзі тексеру  Жүйесіне келе отырып,  өз кәсіпорныңыздың жаңа бұйымдар жасаудағы келешегін мен жаңа қызметтер дамуын да бағалайсыз.

 

3.3. Жаңа енгізілімге деген сұранысты  қалай талдаса болады.

Жаңа енгізілімге деген сұранысқа  талдау жасау орасан мәнге ие, өйткені  оның нәтижелеріне байланысты кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының әзірленуі, өнім өндіру көлемі мен оның стратегиясы және қызметінің қаржылық нәтижесінің нақтылығы анықталады.

Сұраныс дегеніміз не?

Тауарға деген нарық сұранысы –  белгілі бір маркетингтік бағдарламасы аясында, белгілі бір уақат аралығында, нақты бір аймақта орналасқан тұтынушылардың қандай да бір тобы ішінде сатып алынатын  тауар  көлемін айтады.

Кәсіпорын туарына деген сұраныс  – түрлі макетингтік шығындар деңгейінде сол кәсіпорынға түсіп  отыратын нарық жиынтығының сұранысының  бір бөлігі.

Жаңа өнімге деген сұранысқа  талдау жасау – инновациялық компаниялардың қызметінің ең негізігі бағыты. Жеке меншік кәсіпорындарға егер соңғы нәтижелері өзін ақтамачса, НИОКР-ға салым салудың  еш мәні жоқ.

Инновацияға деген сұранысқа  талдау жасаудың негізгі бағыттары  қандай?

Жаңа енгізілімге деген сұранысқа  талдау жасау келесідей бағытта  жүзеге асырылады:

  • Жаңа шығарылатын  енгізілім қажеттілігіне талдау жасау (өнім немесе қызмет түрі);
  • Жаңа енгізілім сұранысы мен оған байланысты қызметтер және оның басқа да факторларға әсеріне талдау жасау;
  • Кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне деген сұраныстың әсеріне талдау жасау;
  • Кәсіпорынның өндірістік мүмкіншіліктері мен талдау жасалған өтімділік  жоспарларын негіздеу, өтімділік көлемінің максималдығын анықтау.

Жаңашылдыққа деген  сұранысқа талдау жасаудың қандай түрлері  бар?

Уақыт бойынша жаңашылдыққа деген сұранысқа талдау жасау алдын ала жүргізілген, жүргізіліп жатқан және өнім жаңа болып есептелген кезеңге сәйкес жүргізілген түрде болуы мүмкін.

Информация о работе Инновациялық мотивация