Кемел келешекке бастайтын бағыттың бір жолы – халықты жұмыспен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 22:12, статья

Описание

Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту - міне, осы он бағыт бойынша Елбасы тапсырмалар берді. Жолдауда көрсетілген осы он бағыт еліміздің одан ары дамуы мен өркендеуіне жол ашады деп сеніммен айта аламыз.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Елбасы жолдауы – болашақтың бағыты
1.2 «Жұмыспен қамту - 2020» ертеңнің қамын ойлаған ұзақ мерзімді
бағдарлама
1.3 Ауыл - ел экономикасының өзегі
1.4 Жұмыспен қамту бағдарламасы – жаңа әлеуметтік саясаттың жемісі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛДАУ.docx

— 34.70 Кб (Скачать документ)

   І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
 
 

   Кемел келешекке бастайтын  бағыттың бір жолы – халықты жұмыспен қамту 
 
 
 
 

                                                                         Орындаған: Әшімова Әсел

                  Факультеті: Заң факультеті

                  Курс: 2

                  Жетекшісі: т.ғ.к., доцент

                  Тинистанова С.С

                                        

                                          
 
 
 
 
 

Талдықорған, 2012

ЖОСПАР 

    КІРІСПЕ

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Елбасы жолдауы – болашақтың бағыты
    2. «Жұмыспен қамту - 2020» ертеңнің қамын ойлаған ұзақ мерзімді

    бағдарлама

    1. Ауыл - ел экономикасының өзегі
    2. Жұмыспен қамту бағдарламасы – жаңа әлеуметтік саясаттың жемісі

    ҚОРЫТЫНДЫ

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    КІРІСПЕ

    Қазір еліміз дамудың  жаңа кезеңіне    қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз дұрыс деп санаймын. Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. 
                                                    

                                         Н.Ә. Назарбаев 

      Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел болғанының үшінші онжылдығы басында ҚР Президенті, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жаңа жылдық жолдауын ерекше ыждағаттылықпен, үлкен үміттермен асыға тосқанымыз баршаға аян. Бүгін дүниежүзілік экономикалық кризисі белең берген кезде біздің еліміздегі елеулі табыстар мен даму көрсеткішінің көбеюі әрбір қазақстандық үшін мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз. Өткен бір жылдың ішінде қаншама игілікті шаралардың жүзеге асқаны, ал бүгінгі ел басымыздың Мемлекет басшысы биылғы жолдауында  «Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екендігін атап өтті. Президент өз Жолдауында он бағытты белгілеп беріп, олар бойынша кешенді шаралар атқарылуы тиістігіне тоқталды. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту - міне, осы он бағыт бойынша Елбасы тапсырмалар берді. Жолдауда көрсетілген осы он бағыт еліміздің одан ары дамуы мен өркендеуіне жол ашады деп сеніммен айта аламыз. Қазіргі таңдағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдарын қарастыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналасуға көмектесу шараларын жүзеге асыру мәселесі халықтың көкейінде жүрген сауалға жауап берді.  Сондай-ақ онда, қолжетімді баспаналар соғу мәселесі жастар мен жас отбасыларда ерекше толқыныс тудырғаны айтылды. «Елбасы: «Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет»,- деп атап көрсетті [1]. Бұл жастардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, ерекше сезімге бөлегені жасырын емес. Өңірлерді дамыту мәселесі де Елбасы назарынан тыс қалмаған. Мемлекет қуатты болу үшін оның барлық аймағы дамыған әрі қуатты болуы қажет. 
 

    
    1. Елбасы  жолдауы – болашақтың бағыты.
 

    Мемлекет  басшысының биылғы жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты  жолдауында көптеген көкей кесті мәселелер кеңінен қаралды. Оның ішінде Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбегі, білімге құштарлығы екендігін баса айтты.

    Ұлт Көшбасшысы инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының елеулі үлес бере бастағанын, ең бастысы экономиканың өсімі терең құрылымдарға бастау болғанын жан-жақты көрсетіп берді.

    Президент аймақтық саясаттың жаңа ұстанымын  қалыптастыруды ұсынып: «Қуатты бизнес-қуатты мемлекет» қағидасын жариялады.

    Мемлекет  басшысы күн тәртібіне халықтың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған  әлеуметтік модернизция және әлеуметтік саясат мәселесін қойды.

    Жолдаудағы  елімізді индусрияландыру, кәсіпкерлікті  дамыту, тұрғындарға медициналық  көмек көрсету мен білім беру саласын жаңғырту, мемлекеттік тілді  дамыту, ауылдарға сапалы ауыз су жеткізу  жөніндегі пікірлер халықтың жүрегіне тікелей жол тапты. Өйткені бұл  бағдарламалар әрбір Қазақстан  азаматының өмірін жақсартуды көздейді.  Президент Жолдауы Қазақстан халқының әлеуметтік толысуының, оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісімі мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасуының негізінің бірі болып табылады .

    Еліміздің ертеңі жастар дейтін болсақ, Қазақстанның  келешегі кемелді болуы үшін жастарымыз білімді, саналы болуы тиіс. Азаматтардың білім алуы, жұмыспен қамтамасыз етілуі биылғы жолдаудың негізгі мәселесі болып отыр.

      «Біз 10 бағыт бойынша мақсаттар  кешенін іске асыру қажетпіз. Біріншісі қазақстандықтардың еңбекпен  қамтылуы»,- деді Президент өз сөзінде. Биылғы жолдауда оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту мәселелері бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.  Жастардың білім алуы үшін қолайлы жағдай туғызу, ауыл жастары мен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жастардың білім алуы үшін жол шығындарын өтеу, жұмыс істейтін жастардың жұмыспен қатар білім алуын қамтамасыз ету тетіктерін белгілеу шаралары қолға алынатыны жастар күткен жағымды жаңалық болғаны рас.

    Жолдауда  Елбасы әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың түбегейлі мәселе екенін атап корсетіп, республика үшін айрықша маңызға  иеон бағытты белгілеп берді. Олардың  дені уақыттың талабына орай жаңаша сипат  беріліп, айрықша мәнге ие болған бұрынғы шаруалар. Мұның мәнін  Елбасы өз кезегінде болуы ақиқатқа айналып жақындап қалған әлемдік  экономикалық дағдарыспенбайланыстырды [2].

    Десек те дағдарыс деген дауыл Қазақстандықтарды  шыр айналдырғалы бері жұмыссыздар  саны да көбейе түскені жасырын емес. Халқымыздың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздардың саны да азаймай –  еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. 2007 жылы жұмыссыздар саны 7,3 пайыз болса, 2008 жылдың күзінде 559 мыңға жеткен еді.  Елімізде күннен күнге көбейіп келе жатқан жұмыссыз  адамдардың санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама еліміздің экономикасын көтеретіні анық еді. Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеген болатын. Осы тұрғыда, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу – Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен маңызды құжатта жүктелген міндеттер негізінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қабылданған болатын.

      Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  тікелей тапсырмасымен қолға  алынған бұл бағдарламаның арқасында  келелі уақытта мыңдаған тұрақты  жұмыс орны ашылатыны қуантарлық  жаңалық болды.

    Еліміздегі  жұмыссыз адамдардың саны азаятын күн  де алыс емес. Кемел келешектің кілтіне  айналар «Жұмыспен қамту – 2020»  бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 млн. қазақстандық жұмыспен қамтылып, кедейлік көрсеткіші 6 пайызға дейін азаяды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, елімізде 2,7 млн. халық өз бетінше  күн көреді. 16 млн. халқы бар мемлекет үшін айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Жаңа бағдарлама сол өзін-өзі асырап жүрген азаматтарды қамтиды. Оның ішінде, ізденушілер, аз қамтылған азаматтар  мен жұмыссыздардың да мүддесі ескерілген. Қазір елімізде кедейлік деңгейі 8,2 пайыз көрсеткішін көрсетіп отыр. Алдағы уақыт 6 пайызға дейін қысқарту көзделген. Ал жұмыссыздардың саны 5,5 пайыздан аспауы қарастырылуда.

    Жаңа  жоба, жаңа жұмыс орындары – жаңа мүмкіндіктер тудыратын  бұл жоба – жана  жұмыс орындарын ашып,  қарапайым халықтың игілігіне бағытталған. Жұмыссыздар, жалақысы төмен, аз қамтылған  азаматтар мен өз бетінше жұмыс  істеушілер үшін лайықтап жасалған жоба мақсаты айқын анықталған.

    Үкімет  басшысы К. Мәсімов: «Осы бағдарлама арқылы халықты лайықты еңбек  орнымен қамтамасыз ету – халықты  әлеуметтік қорғаудың негізі. Осы  арқылы адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шартын құру, қоғамдық байлықты арттыру мен  өмір сүру сапасын жақсартуға тиіспіз», – деп атап көрсеткен еді. Аталмыш  стратегиялық бағдарлама алдағы он жылдың ішінде бірнеше бағыттар бойынша  жүзеге асырылмақ [3].

    Елбасымыз жолдауында атап өткен дұрыс бағыттағы  айқын міндеттерді орындауға  жұдырықтай жұмылып, атсалысу біздің әрқайсымыздың  азаматтық борышымыз. Бізді орасан зор, күрделі және қиын, бірақ баршамыз үшін, қарапайым адамдар үшін де, бүтіндей алғанда мемлекет үшін де қызықты жұмыс күтіп тұр. Осындай  үлкен мақсаттар қоймайынша біздің ел дами алмайды.

    Биылғы  жолдау Қазақстан көшбасшысының  кемел ойлы көрегендігінің тағы бір  дәлелі.

    Бұл – халықты жабығудан жаңаруға, елді күн көрістен гүлденіске бастайтын  адастырмас жарық жұлдыз – ақ жұлдыз [4].   

    
    1. «Жұмыспен қамту - 2020» ертеңнің қамын ойлаған  ұзақ мерзімді бағдарлама.
 

    Жаһандық  болжамдарға сенсек, алдағы отыз жылда  әлемдегі халық саны 40 пайызға дейін  артатыны күтіледі. Бұның ішінде дамушы мемлекеттердегі халық саны күрт артып, олар шамамен 9 млрд.-қа дейін  жетеді. Яғни, сарапшылар алдағы уақытта  жұмыссыздық мәселесінің, сондай-ақ мигранттарға қатысты қысымның күшейе түсетінін болжайды.

    Алдағы 20-30 жылға аттамай-ақ, қазіргі жағдайды сараптаған жұртшылық дабылды бүгін  қағуда. Өйткені әлемнің белді  елдеріндегі жұмыссыздық кешегі дағдарыс салдарынан пайда болған кері құбылысқа айналып, қабылданған  шараларға қарамастан оның барған сайын  өршіп отырғаны әмбеге аян. Мысалы АҚШ-тағы жұмыссыздық соңғы 30 жылдағы ең жоғары шекке - 9,7-10 пайызға жетсе, Еуропаның  Испания мен Италия секілді іргелі елдерінде де қауіп «қызыл сызық» деңгейінде тіркеліп жатқаны жаһан  жаңалықтарынан белгілі. Алда болжанатын дағдарыстың екінші толқынында жұмыссыздық  мәселесі тіптен өршитіні белгілі. Ендеше әлем елдерінің күн тәртібіндегі бүгінгі ең басты мәселесі - осы [5].

       Халқымыздың әл-ауқатының артуы – ел экономикасының, дамуымыздың айнасы екені жасырын емес. Еліміз күннен күнге қарыштап дамып, биік арман-мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Десек те, күн сайын жұмыссыз адамдардың санының көбеюі – басты проблема күйінде қалып отыр. Еліміздегі жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, табысы аз адамдарға көмек қолын созу жөнінде Мемлекет Басшысы Н. Назарбаев былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен тиісті министрліктер мен құзырлы органдарға тапсырма берген болатын. Осылайша, Елбасының тапсырмасымен елімізде бұрын соңды болмаған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы әзірленіп, 2009  жылдың наурызында «Нұр Отан» партиясында кеңінен талқыланып, бекітілген болатын. Еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама Үкімет отырысында да сараланған. Жалпы алғанда Үкімет 2016 жылға қарай бағдарламамен бір жарым миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда. Соның нәтижесінде еліміздегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайыздан асырмай ұстап отыру міндеті көзделуде. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етіп, алдымыздағы стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуына жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың алдына өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту, еліміздің индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кадрлар әлеуетін дамыту, еліміздің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру сияқты шараларды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы жағдай туғызылады.

    Шілде айынан іске қосылған бағдарлама үш бағыттан тұрады.Өткен жылда бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты атқарылып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылады. Осы мақсатқа бюджеттен 40 млрд. теңге  жұмсалмақ. Ал алдағы жылдарға шамамен 100 млрд. теңге қарастырылады. Екінші кезеңі 2012 – 2015 жылдары, ал үшінші кезеңі 2016 – 2020 жылдары іске асырылады.

    Бағдарламаның аталмыш үш бағытына тоқталсақ, бірінші  бағыт – еңбек нарығындағы  өзін өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды, аз қамтылған отбасылар мүшелерін  оқыту, оларды жұмыспен қамтыса, екінші бағытта кәсіпкерліктің ауылдық  жерде дамуына жәрдемдесу жүзеге асырылады. Ал, үшінші бағыт – еңбек  ресурстарының жинақылығын арттыруды  көздейді. Бағдарламаның бірінші  бағытына сәйкес, алдымен жергілікті әкімдіктер деңгейінде әлеуетті қатысушылар  анықталатын болады. Сосын олармен  әлеуметтік келісім-шарт жасалады, онда азаматтың қай бағытты игеру  мүмкіндігі, ебі сараланып, одан соң  сол адаммен консультация жасалып, оқу ұсынылады. Шәкіртақы мен  жол жүруге қажетті шығындар қарастырылады. Ең соңында келісімшарттың міндетті шарты ретінде әлгі азамат жұмысқа  орналасады. Бұдан кейін, белгілі  бір кезеңге дейін жұмыс берушімен  қосымша қаржыландыру туралы шарт жасалады [6].

      Бір айта кетерлігі, мемлекеттік  бағдарламаға кез келген азамат  қатыса алады. Билік пен бұқараның  тілегі бір арнаға бастайтын  дара жол осы. Керегің алдыңда,  мүмкіндігің қолыңда. Бір сөзбен  айтқанда, жаңа стратегиялық бағдарлама  – бүгіндік емес, ертеңнің қамын  ойлаған ұзақ мерзімді бағдарлама.

    Бүгінде мамандарды қайта даярлау, жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламалары ауқымды іске асырылуда. Оның нәтижесінде  жұмыссыздық деңгейі, әсіресе жастар арасында едәуір төмендеп, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық негізіне айналып отыр. Еліміздің барлық өңірінде де аталмыш  бағдарлама нәтижелеі іске асырылып, барлық салада көрініс табуда [7]. 

    1. Ауыл - ел экономикасының өзегі.
 

    Бағдарламаның екінші бағыты  ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Себебі, өңірлерде тұрақты жұмыс  орындары жоқтың қасы. Оның үстіне, жұмыссыз, өз бетінше жұмыс істейтіндер  мен аз қамтылған халық ауылда тұрады. Бұл бағыт ауылда өз ісін бастап немесе кеңейтем деушілерге арнаулы, әрі қолайлы. Жұмыссыздардың 71 пайызын  ауылдық тұрғындар құрап отыр. Бұл ретте бағдарлама ауылдықтарды жұмыспен қамтып, тұрмыстық жағдайын көтеруге бағытталып отыр. Тағы бір  мәселе, жұмыссыздардың 76 пайызының  жоғары білімі жоқ, тек мектеп аттестаты  ғана бар азаматтар болып табылады. Біліктілік тұрғысынан қарасақ, оларды жұмыспен қамту үшін, алдымен белгілі  бір мамандыққа оқыту керек. Бұл  ретте, ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында  іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып  табылады. Еңбек нарығында қалыптасқан  мұндай ахуалдың тікелей салдары  кедейлікке әкеп соқтырады. 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам  адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз. Сондықтан өз бетінше  жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар  және табысы аз адамдар бағдарлама аясында 5 жылдан аспайтын 3 млн. теңге  шағын несие ала алатын болады. Айта кету керек, бұл қаражат тұтынушылық  мақсатқа арналмаған. Алдыңғы қарыздарды өтеп, тұрғын үй жылжымайтын мүлік  сатып алуға ғана. Ал қатысам деушілерге тегін кеңес, бизнес жоспарды құруға көмек беріледі және тегін кәсіпкерлік  негіздерін оқи алады.  Сонымен  қатар, қажет болған жағдайда инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту үшін жолдар, жылумен  және сумен жабдықтау, телефон және электр желілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды салу сынды қосымша қолдау да көрсетіледі. Бұл тәуелсіздік жылдары алғаш  рет жасалып отырған қадам.

Информация о работе Кемел келешекке бастайтын бағыттың бір жолы – халықты жұмыспен қамту