Кемел келешекке бастайтын бағыттың бір жолы – халықты жұмыспен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 22:12, статья

Описание

Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту - міне, осы он бағыт бойынша Елбасы тапсырмалар берді. Жолдауда көрсетілген осы он бағыт еліміздің одан ары дамуы мен өркендеуіне жол ашады деп сеніммен айта аламыз.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Елбасы жолдауы – болашақтың бағыты
1.2 «Жұмыспен қамту - 2020» ертеңнің қамын ойлаған ұзақ мерзімді
бағдарлама
1.3 Ауыл - ел экономикасының өзегі
1.4 Жұмыспен қамту бағдарламасы – жаңа әлеуметтік саясаттың жемісі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛДАУ.docx

— 34.70 Кб (Скачать документ)

    Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша азаматтардың тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға немесе жеке ісімен айналысуға мүмкіндігінің  болмауына байланысты жергілікті атқарушы органдар ондай азаматтарға басқа  өңірлерден жұмыс ұсынатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар  қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті  төмен елді мекендерден көшуі  бастапқы кезеңде бір ауданның ішінде немесе бір облыс шегіндегі бір  ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылады. Бағдарламаның аталған бағытына экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке  жарамды табысы аз адамдар қатыса алады. Бұл ретте экономикалық әлеуеті  төмен елді мекендерді айқындау критерийлерін  Ауылшаруашылығы министрлігі мен  Экономикалық даму және сауда министрлігі  әзірлейтін болады. Соған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар аталған министрліктермен келісім бойынша экономикалық әлеуеті  төмен елді мекендердің тізбесін айқындайды. Бұдан соң, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің  тізбесін Премьер-министрдің төрағалығымен  республикалық ведомствоаралық  комиссиясы бекітеді. Тоқтала кететін  жайт, осы бағытта басқа өңірге жұмысқа орналасу бойынша көшіп  келу мен оларды баспанамен қамту  үшін жалға берілетін үй мемлекет тарапынан субсидияланады . 

    1. Жұмыспен  қамту бағдарламасы – жаңа әлеуметтік саясаттың жемісі.
 

        Мұншалықты ауқымды бағдарламаны іске асыру үшін жұмыспен қамту органдарын институционалды жетілдіру көзделетіні сөзсіз. Соған орай еліміздің барлық өңірлерінде аудандар мен қалалар деңгейінде қосымша Жұмыспен қамту органдары құрылады. Бұдан бөлек, бағдарламаны тиімді іске асыру үшін құқықтық база қалыптасатын болады. Бұл ретте «Жұмыспен қамту туралы» заңға Үкімет пен орталық атқарушы органның құзыретіне сәйкес толықтырулар енгізу қарастырылады. Оның ішінде жаңадан «әлеуметтік келісімшарт», «жалақыны субсидиялау», «жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары», «өз бетінше жұмыспен айналысушылар» секілді ұғымдар нақтыланатын болады. «Жұмыспен қамту бағдарламасын талқылау және түсіндіруге үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде тартылатын болады. Жалпы алғанда Үкімет 2016 жылға қарай бағдарламамен бір жарым миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда.

    ҚР  Статистка агенттігінің алдын ала  бағалауы бойынша, еліміздегі жұмыссыздық  деңгейі 2010 жылғы 5,8 пайыздан 2011 жылы 5,4 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық саны 8144 мың адамнан 8466 мың адамға жетті. 2011 жылы жұмыспен қамту органдарының араласуымен барлығы 235 мың қазақстандық жұмыспен қамтылған. Өткен жылы жаңа 274,8 мың жұмыс орны ашылса, оның ішінде 128,2 мың жұмыс орны ауылды жерлерге тиесілі.

    2011 жылы әлеуметтік әріптестік желісін  дамыту жөнінде шаралар қолға  алынып, еңбек заңнамасын жетілдіру  мен кәсіпорындардың ұжымдық-келісімшарттық  қарым-қатынас жүйесімен қамтылуын  кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын  тапқан. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға  сәйкес, 53,8 мың кәсіпорын ұжымдық  келісімшарт жүйесімен қамтылған.

    Бұлармен  қатар, ел халқының жақсы тұрмыстық  деңгейін арттыру бойынша шаралар  қабылданды. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тағы 30 пайызға көбейді, қазір бюджет саласында еңбек ететіндер саны 1 млн. 300 мың адамға жеткен. Осы саладағы қызметкерлердің орташа жалақысы 52 мың теңгеден 61,5 мың теңгеге дейін  жетті. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы  төлемдері 30 пайызға көбейді. Орташа зейнетақы мөлшері 35 829 теңгені құрап  отыр. 2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері орташа есеппен 9 пайызға артты.

    ҚР  Статистика агенттігінің мәліметтеріне  жүгінсек, ең төменгі күнкөріс деңгейінде табыс табатын халық үлесі 2011 жылдың үшінші тоқсанында 5 пайызды  құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайыз азайған. 2011 жылдың қорытындысы  бойынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын 139,3 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек белгіленген. 2011 жылдың 9 айында 125,3 мың отбасыға баспана мәселесі бойынша көмек  көрсетілген, осы мақсатқа бөлінген қаржы 2 млрд. теңгені құрады.

      «Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

    Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әуелеті  зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз.

    Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біздің 20 жылдықта айттық.

    Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді.

    Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз.

    Ол  үшін қажетті ресурстар мемлеетте  жеткілікті.

    Біздің  міндетіміз – айқын алған бағытымыз  дұрыс»,- деп көрсеткен президенттін сөзін біз де, Жетісу мемлекеттік университеті заң факультетінің студенттері де қолдап, айқын  бағытымызбен тек қана АЛҒА демекпіз. 

      
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Елбасы  Жолдауында нұсқаған басым бағыт-бағдарлар  елдің өсіп-өркендеуіне тың серпін береді. Өйткені онда халықтың талап-тілектері  толықтай ескеріліп,  елдегі әрбір  азаматтың әлеуметтік әлеуетін арттыру  айқын көзделген

    Елдің ертеңін елеп-екшеген Елбасы интеграциялық  үдерістерге де үлкен мән берді. Өңірлердің өсіп-өркендеуі үшін шағын  қалаларды дамыту, әлеуметтің әлеуетін арттыру, жұмыссыздықпен күресті күшейту  сынды басымдықтарға баса назар  аударылған.

    Халықты еңбекпен қамту ҚР Үкіметінің жұмысының  басым бағыты болып қалады. Елімізде жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол  бермей, жаңа жұмыс орындарын ашу  үшін жүйелі шаралар қолға алынуда. Биылғы жолдауында Президент халықты  батыл қадамға шақырып, биік мақсаттарды  жетуге жол көрсетіп отыр.

    Биылғы  Жолдауда ел тәуелсіздігінің үшінші онжылдығындағы міндеттер сараланып, көрсетіліп нақтылы он бағыт айқындалған. Негізгі бағыт - әлеуметтік жаңғырту. Тәуелсіздіктің 20 жыл ішіндегі қол  жеткен табыстарды баянды ете отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі  жақсарту. 
      Ең бірінші байлығымыз – адам. Жолдауда адамдарға қамқорлық, әсіресе жастарға жағдай туғызу бірінші кезекке қойылған. Жастарды жұмыспен қамту, баспаналарға қол жеткізу, білім алуына барлық жағдай туғызу жоғарыдағы пікірімізді дәлелдей түседі.  
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ел келешегі – кемел білімде» деп жастарымызға елдің ертеңін аманат етті.

    «Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды  міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының  өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды  нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті  жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын  қамтамасыз ету болып табылады»[8]. 
 
 
 
 

   
 
 
 
 

  Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

    1 Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақтан дамуының басты бағыты». Қазақстан халқына Жолдауынан. / Президент және халық газеті.- №3.- 2012 жыл 3ақпан.

    2 Құрманғали А. Дағдарыстан дамуға апаратын жол. / Заң газеті. - 2012 жыл, 30 қаңтар.

    3 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы.- Астана, 2007

    4 Досанов С.  Қазақстан көшбасшысының  көрегендігі. / Егемен Қазақстан. - 2012 жыл 3 ақпан.

    5 Жұмыспен қамту бағдарламасы жаңғыртылатын болды. - ҚазАқпарат сайты.- 2012 жыл 10 ақпан.

    6 Мұмаметқали Қ. Бағдарламаның бәрекелдісі неде?.- «Baq.kz» ақпараттық порталы 2011 жыл 16 шілде.

    7 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2011 жылғы жұмысын қорытындылауы туралы ақпарат. – Егемен Қазақстан.- 2011 жыл желтоқсан.

    8 Назарбаев Ә.Н. Жаңа онжылдық  – жаңа экономикалық өрлеу  – Қазақстаның жаңа мүмкіндіктері.  Қазақстан халқына Жолдауынан.- 2010. - Егемен Қазақстан.- 2010 жыл.


Информация о работе Кемел келешекке бастайтын бағыттың бір жолы – халықты жұмыспен қамту