Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 15:02, лекция

Описание

Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді

Содержание

1. «Кәсіпкерлік» түсінігі және оған деген әр түрлі көзқарастардың эволюциясы
2. Кәсіпкерліктің мазмұны және жіктелуі
3. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары

Работа состоит из  1 файл

макпал.docx

— 72.13 Кб (Скачать документ)

Лекция  № 1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы 

    Лекцияның мақсаттары: Кәсіпкерліктің түсінігінің пайда болуын, ғылыми теориялық  көзқарастардың эволюциясын, экономикалық мазмұнын, жіктелуін және оның қазіргі заманғы концепцияларын қарастыру 

    Сұрақтар:

  1. «Кәсіпкерлік» түсінігі және оған деген әр түрлі көзқарастардың эволюциясы
  2. Кәсіпкерліктің мазмұны және жіктелуі
  3. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары
 

   1. Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді [156-159].

    Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел  сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алғанмен байланыстырылды.

   Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней (Quesney) сияқты физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс үрдісін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық қорларға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше, кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.

    Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас  Бауде (Nikolas Baudeau, 1767) өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға, яғни жаңартушылыққа және менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Н.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды.

   1776 жылы Адам Смит (Adam Smith) өзінің  «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмайды [14].

   Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы  рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар, кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша, «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет екендігін баса көрсетті [160]:

  • Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
  • Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
  • Өз бойына әділеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты 
    моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
  • Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу.

    Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды  және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда, олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.

   1890 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы  түрде жаңа құбылысқа ие болды,  бірақ осы уақытта-ақ Альфред Маршаллдың (Alfred Marshal), кәсіпкер мен менеджердің (әкімдердің) арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет зерттеулерінде көрсеткен. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады, бірақ Маршаллдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады және ол менеджерге, әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс.

   Ортағасырлық  менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шумпетерді (Josept Schumpeter) (1910) қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер рөлінен алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклдарының тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:

   Жаңа  өнімдер немесе қызмет көрсетулер;

   Жаңа  өндіріс әдістері;

   Жаңа  өткізу нарықтары;

   Жаңа  жабдықтау көздері;

   Жаңа  ұйымдастыру түрі.

   Джозеф  Шумпетер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда, әр түрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атады. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелік ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әр түрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп, енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол “кәсіпкерлік пайда” деп атады.

    Франк Найт (Frank Knight) (1921) кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі - анықсыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер әр түрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам.

   Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдары  кәсіпкерге мынадай

   сипаттама береді:

  • Дәлелденген тәуекелге бара білу;
  • Жігерлік және іскерлік белсенділік;
  • Жеке, дербес жауапкершілік;
  • Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
  • Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда табу;
  • Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу;
  • Ұйымдастыру шеберлігі.
 

Кесте 1 «Кәсіпкерлік» терминіне деген әр түрлі көзқарастардың эволюциясы 

Ғалымның  фамилиясы, аты, жарияланған жылы Теорияда зерттелген негізгі ережелер
1 2
Ричард  Кантиллион (Richard Cantillion)

(1725) 
 
 

Николас Бауде 

(Nikolas Baudeau)

(1767) 
 

Жан Батист Сэй

(Jean Baptist Say)

(1810) 
 

Карл Менджер

(Сarl Menger)

(1871) 

Альфред Маршалл

(Alfred Marshal)

(1890)

Джозеф Шумпетер

(1910) 

Франк Найт

(Frank Knight)

(1921) 

Давид Макклеланд

(David Mc.Clelland)

(1967) 
 
 

Питер Друкер (Peter F.Druker) (1964)

Харви Либенстейн

(Harvey Leibenstein)

(1978)

• Кәсіпкер - өзіне-өзі  жұмыс орнын жасайтын адам.

• Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайда жұмыс істейді.

• Кәсіпкер нарық  талаптарына сай іс-әрекет жасауы керек.

• Кәсіпкер ең алдымен  жаңартпа менеджері.

• Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында айырмашылықтар бар.

• Кәсіпкерлерді  қолдап және арнайы оқытып отыру қажет.

• Кәсіпкерлік  еңбек те - еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы.

• Кәсіпкерлер - белгілі бір моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет.

• Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр.

• Кәсіпкер шешім  қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар таңдау және өндіріс жоспарының орындалуын басқару.

• Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде 
айырмашылықтар бар, демек оларға әр 
түрлі талап қойылады.

• Кәсіпкердің міндеті - капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру.

• Кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін 
жаңадан ұйымдастырудан тұрады.

Кәсіпкерлік кызметінің бағыттары:

1) жаңа өнімдер  немесе кызмет көрсетулер;

2) жаңа өндіріс  әдістері; 3) жаңа өткізу нарықтары; 4) жаңа жабдықтау көздері; 5) жаңа ұйым түрлері.

• Кәсіпкер —  әлеуметтік-экономикалық жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды - кәсіпкерлік табыс.

Кәсіпкер бір мезгілде меншіктенушісі де болуы керек. 

  • Кәсіпкердің негізгі міндеттері - ұйымдастыру және бақылау.
  • Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.
  • Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігерлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

• Бірінші рет  пайда табуға мүмкіндік категориясын енгізеді.

• Кәсіпкердің  міндеті – ресурстарды тиімділігі төмен саладан тиімділігі жоғары салаға ауыстыру.

• Кәсіпкер әр түрлі  нарықтық жағдайларда жұмыс істей  білуі қажет: тұрақты нарық жағдайында, сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында.

Ескерту: автор құрастырған.

   2. Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік (Еnterpreneship) қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру үрдісі ретінде қарастырылады [168-170]. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік - жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңашылдық қызмет болып табылады.

   Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал  сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте көңіл аударатын жайт, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.

   Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен  жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма кызметінің жағрапиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруіне немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметінің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады (сурет 2). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпкерлік

Өмір сүру мерзімі бойынша

Көлемі бойынша

Өсу қарқыны бойынша

Қызмет бейімі бойынша

Пайда әкелетін ұйымдар 

Баяу  өспелі фирмалар

Үлкен корпора-циялар

Жаңа фирмалар

Пайда әкелмейтін ұйымдар

Қарқынды өспелі фирмалар

Шағын және орта фирмалар

Нақты бар фирмалар

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 2. Кәсіпкерлік салаларының жіктелуі

Ескерту: автор құрастырған. 

   Кәсіпкерлік үрдісін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы  құрушы және негізін салушы болып  табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті (Opportanity) жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік  пен қажетті қор жатады (сурет  3).

Кәсіпкерлік процесінің

қозғаушы  күштері

Кәсіпкер және оның менеджер командасы

Бизнесті жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер

Қажетті қорлардың болуы

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 3. Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

 

   Жоғарыда  кестеде көрсетілген кәсіпкерлік  үрдісінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер (құрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі орын алады.

   Тағы  да ескеретін маңызды фактор, ол кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік үрдіс - бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер үрдісі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді қабылдайтын интеративті іздестіру үрдісі болып табылады. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек қана бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде жүзеге асыруды білетін, жатыққан пікірлестер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.

   3. Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің жеті тұжырымдамасы көрсетіледі. Осы тұжырымдамалардың мазмұны кәсіпкерліктің мектебінің негізін құрайды :

Информация о работе Кәсіпкерліктің даму эволюциясы