Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 15:02, лекция

Описание

Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді

Содержание

1. «Кәсіпкерлік» түсінігі және оған деген әр түрлі көзқарастардың эволюциясы
2. Кәсіпкерліктің мазмұны және жіктелуі
3. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары

Работа состоит из  1 файл

макпал.docx

— 72.13 Кб (Скачать документ)

   - кәсіпкерліктің жеті тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы 
мектебі:

   - кәсіпкерліктің психологиялық мектебі;

   - кәсіпкерліктің классикалық мектебі;

   - кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы  мектебі;

   - кәсіпкерліктің ішкі мектебі;

   - кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы  мектебі;

   - кәсіпкерліктің менеджмент ұстанымындағы  мектебі.

   Кәсіпорынның  дамуының бастаушы, өсу сатылары және кемелдену сатылары кәсіпкердің  мінез-құлық пен қасиеттеріне әр түрлі талап қояды.

   Кестеде әр түрлі мектептерге сәйкес кәсіпорынның әрбір даму кезеңінде кәсіпкерлікке қажетті мінез-құлықтар мен қабілеттеріне сипаттама берілген.

Кесте 1. - Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары 

Мектептің атауы Негізгі концепция Мінез-құлқы  және қабілеті Кәсіпорын сатысы
1 Жеке тұлғалық қасиеттерді ба-ғалау ұстаны-мындағы мектеп Кәсіпкер табиғат  қабілеттерге, сезімталдыққа ие ерекше тұлға Сезімдік, сергектік, жігерлік,

қаржылық

Кәсіпорынды қалыптастыра бастау
2 Психологиялық мектеп Кәсіпкерлер қызметін ынталандыратын ерекше қажеттіліктерге, көзқарастарға ие, жетістіктерге жетуге және тәуекелге бейім Тәуекел қабілеттілік, жетістіктерге құштарлық, құндылықтар жүйесі Кәсіпорынның  қалыптасу бастамасы
3 Классикалық мектеп Кәсіпкерлік процестің  негізгі

жаңартушылықтар, табыскерлік мүмкіндіктерін іздестіру

Жаңартушылық  және іскерлік бейімділік Кәсіпорынның  қалыптасу бастамасы
4 Жетекшілік  ұстанымындағы мектеп Кәсіпкер –  басқалар-дың қызметін басқа-ратын  және ынталан-дыратын, басқаларды соңынан  ертетін же-текші «адам жаны-ның  сәулетшісі» Дәлелдеу, басқарушылық және жетекшілік Өсу және жетілу сатысы
5 Кәсіпкерліктің  ішкі мектебі Кәсіпкерлік шеберлік ірі ұйымдарда қызмет көрсету  және өткізу нарығын кеңейту мақсатында тәуелсіз құрылым бірліктерін құруда пайдалануы мүмкін Ашылған мүмкіндіктерге, оңтайлы шешімдерге қабылдау қабілеттілігі Жетілу сатысы
6 Маркетинг ұстанымындағы  мектеп Кәсіпкерлік, өнімді бөлу және жаңарту-шылық бөлу және жаңартушылық про-цесті ұйымдастыру арқылы сұранысты  қанағаттандыру және соңғы тұтынушы-лардың сұранысы мен қажеттіліктеріндегі  өзгерістерді тоқтау-сыз іздестіру  процесі ретінде қарастырылады Маркетингтік  талдау, нарықтық әлеуетті зерделеу Өсу және жетілу сатысы
7 Менеджменттік ұстанымындағы мектеп Кәсіпкер –  кәсіп-орынды құрайтын, кәсіпорынды  және басқаратын адамдар-ды, кәсіпкерлерді  басқарудың барлық қызметтеріне үйретуге болатын адам Өндірісті, еңбекті, қаржы қорларын басқару Өсу және жетілу сатысы
Ескерту: автор құрастырған.

     

   Әр  түрлі мектеп тұжырымдамаларының талдауы, әрбір мектептің кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет жайлы өзіндік көзқарастары бар екенін көрсетіп отыр. Бір мектеп кәсіпкердің жеке тұлғалык қасиеттеріне баса көңіл бөлсе, екіншісі кәсіпкерлікті жаңа кәсіпорын құру мүмкіндіктерін табумен байланыстырады, үшіншісі кәсіпкерлік қызметін жетекшілік ету тәсілдері мен әдістерін үйрету арқылы жақсартуға болады деп санайды. Мектептердің қайсысы артығырақ көрінеді? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ, себебі мектептердің әрқайсысы тұтас алғанда кәсіпкерлік ерекшелігін сипаттайтын бір ғана құбылыстың әр түрлі қырларын көрсетеді. 

    Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет қай ғалымның қандай еңбектерінде баяндалды?
  2. «Кәсіпкерлік» терминін зерттеп, авторлық анықтама беріңіз
  3. Кәсіпкерліктің эволюциялық дамуында қандай ғалымдар өздерінің үлестерін қосты?
  4. Кәсіпкерлік қызметте жаңашыл-кәсіпкердің ролі қандай?
  5. Кәсіпкерлік қалай жіктеледі?
  6. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепцияларын атап, әрқайсысының ерекшелігін айтып кетіңіз  
 

      Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Б. Исабеков  Кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері. Оқу құралы.  Түркістан. «Тұран» баспасы, 2008.
  2. Исабек Б.Т. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіріудің нарықтық механизмдері. Оқу құралы. Түркістан. «Тұран» баспасы, 2009.
  3. Исабек Бауыржан Түркістани. Парасатты экономика:дағдарыс пен серпіліс.  Оқу құралы. Түркістан. Л.Н.Гумилев атындағы Еупазия ұлттық университеті университетінің  баспасы. 2011
  4. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы / Егемендік Қазақстан, 31 наурыз, 2006ж.
  5. Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004
 

Лекция  №  2.  Қазақстанда  кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму проблемалары 

    Лекцияның мақсаттары: Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуын, оның шағын, орта, ірі кәсіпкерлік нысандарының өзара байланысы анықтау және оны дамытудағы мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру  

    Сұрақтар:

  1. Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы және шағын бизнестің дамуы
  2. Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік нысандарының өзара байланысы және даму проблемалары
  3. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік қолдау  шаралары
 

    1. Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың икемді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызы құрылымдық және бәсекелестік нарықтық механизмнің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын, орта және ірі бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны бизнестегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл елдерде ел экономикасының анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен экономикалык белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді. Мысалы, дамыған елдердің экономикасында шағын және орта деңгейдегі шаруашылықтардың үлесі 90%-дан асады. Осы шаруашылықтар жалпы ішкі өнімнің 50%-ын өндіріп, барлық жұмысшылардың 80%-ын жұмыспен қамтып, жыл сайын еңбек нарығында қалыптасатын барлық жаңа жұмыс орындарының 75%-ын қамтамасыз етеді [187-189].

   Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың  басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен, комсомол жетекшілері, жастардың ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне өспелі инфляция жағдайы дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқынына төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

   Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы  кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы» заң қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

   Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметінің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрды және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мың адамға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті  дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде Сауда және Экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Агенттігі құрылды. Оның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті қолдау және оның жұмысын ұйымдастыру. Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделді. Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлеміндегі келешегі анағұрлым бар жобаларды қаржыландыру көзделді.

   Осылайша  Қазақстанда елдегі қалыптасушы  нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.

    Елімізде  шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі заңдық-құқықтық құжаттардың бар болуы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жағымды әсерін тигізді. Оларға өндірістік-техникалық, қаржылық және инвестициялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерін банкілік несиелермен қамтамасыз ету кезінде кепіл ретінде қызмет атқаратын мемлекеттік кепіл қорлары және кәсіпкерлік құрылымдар мен өзін-өзі қаржыландыру мақсатында несие серіктестіктері құрылды. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік субъектілерін білікті мамандармен және ғылыми-техникалық жетістіктермен қамтамасыз ету және күштеп қаржы жинаушылықтан (парақорлықтан) қорғау бағытында бірқатар іс-шаралар жүйесі қабылданды

   2.  Бизнестің көрсетілген түрлерінің жиынтығы нарықтық экономиканың ерекше секторын жасайды және нарықтық экономиканың заңдар ықпалында бола тұрып, нарықтық экономиканың құрылымын қалыптастыруға қатысады. Олар белгілі бір үйлесімділікте тұтас экономика мен әр түрлі салалардың экономикалық құрылымдарына кіреді және мемлекеттік тұтынушылардың әр алуан сұрауларын толығырақ қанағаттандыру үшін өнімнің кең ассортиментін шығарудағы белсенді рөліне, экономиканың дағдарыстағы жағдайын жеңуге және оның тұрақтануы мен келешекте берік түрде дамуына жәрдемдеседі.

    Нарықтық  қатынастарға өту жағдайларында  шағын, орта және ірі кәсіпкерліктердің  арасында тығыз өзара шартты байланыс пайда болады, ол олардың жаппай түрде қатысты тәуелсіз жұмыс істеулері ретінде көрініс алады. Бұл байланыс, әсіресе, шағын және ірі бизнес кәсіпорындары арасында нақты көрініс табады, бұл кезде біріншілері екіншілеріне қатысты қажетті қосымша ретінде орын алады және контракт пен субконтракт негізінде ірі өндіріске тікелей немесе жанама түрде қызмет көрсету міндеттерін атқарады.  

    Кәсіпкерліктің  әр алуан түрлері өзара байланысу  кезінде кәсіпкерлік қызметтің  анағұрлым тиімдірек нәтижелеріне қол жеткізеді және бизнестің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Осыған орай мемлекет осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тек шағын бизнестің ғана емес, сондай-ақ, осы мақсатқа бағытталған орта және ірі бизнестің дамуына да ықпал жасауы керек, себебі олар да, әсіресе, нақты бір нарықта пайда болу және өз жағдайларын күшейту сатысында мемлекеттік көмекке, мүдделері қорғалуына, технологияларға және қаржылай қолдауға мұқтаж болады. Шағын бизнес үшін алдын ала заңмен қарастырылған жеңілдіктер мен кепілдемелерге келер болсақ, олар шағын кәсіпкерліктің тұрақты тиімді жұмыс істеуін алдын ала анықтай алады Шағын бизнестің бастапқы кезеңде пайда болуына және өзінің одан әрі дамуына «келесі қарқынды» жасау үшін қажетті әлеует құруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Кәсіпкерліктің даму эволюциясы