ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:30, реферат

Описание

Білімді реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түрлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

2болим.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

ҚР-ның  инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт  қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі 

 

Білімді реформалаудың  басты міндеті – мемлекеттік  білім беру жүйесін әлемдік үздік  үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түрлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады. Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасында  біз ұстанған бағыттағы зерттеулер ізденіс сатысында тұр. Мұндай зерттеулер шетелдік мемлекеттердің ішінде АҚШ-та, Жапонияда, Ресейде, Балтық елдерінде және т.б. Елдерде жүргізілуде.

Алайда, біз  олардың зерттеулерін негізге ала  алмаймыз, себебі, сәйкес әдебиеттерге жасалған алғашқы талдау интеллектуалды ұлтты қалыптастыру біржақты ғана қарастырылатынын көрсетті. Жалпы интеллектуалды ұлтты  қалыптастыру жөнінде айтқанда «білім беру», «ғылым», «инновация», «экономикалық өсім және түрлендіру» ұғымдарына екпін түсіріледі, егер біз  тек интеллектуалды элита қалыптастыруда басты назарды аударатын болсақ, онда бұл бағыт  жеткілікті болатында еді. Алдыңғы қатарлы идеялардың өкілдері интеллектуалды ұлт қалыптастыру үдерісіне айтарлықтай ықпал еткендерімен, Елбасы қойып отырған мәселенің шешімі кең болып көрінеді. Барынша өзекті проблемаларды анықтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық-әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-қимылдар мен бағдарламаларды сәйкестендіру және үйлестіру әрбір жеке тұлға мен таланттың жеке әлеуеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Білім беру саласында  білім алушының интеллектуалды тұлғасын дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның даму қарқыны әлеуметтік, экономикалық, тәрбиелік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді. Елбасымыз ұлттық дамудың түпкі мақсаты интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізінде екендігін қазұу – де оқыған  «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интелектуалдық секіріс» атты лекциясында айтып өткен болатын.

Қазіргі кезеңде  жоғары оқу орындарының білім  бағдарламаларында білім беру мен  тәрбие үдерісінің көп қырлы мақсаттары көзделе отырып, білім беру аясында  аясында педагогтарды жан-жақты  етіп әзірлеуді міндеттейді. Осы  орайда, білім алушыларды интеллектуалды тұлға ретінде қалыптастыру оқыту үдерісіндегі білім беру бағдарламаларын  әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыс жағдайында бірегей дамыту бағдарын қамту қажет. Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Ал оның түп негізінде инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы тұр.

Интеллектуалды  тұлға қалыптастыру – білім мен  тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Интеллектуалды тұлға дамыту  білім мен тәрбиесіз, білім мәдениетінсіз, оның адами қасиеттерінсіз дамып-жетілуі мүмкін емес. Тұлға интелектісінің кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім  беру жүйесінің басты міндеті  – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Бұл жобада еліміздегі білім берудің барлық жүйесі жаңғыртылып қана қоймай, экономиканы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды толық қамту, 12 жылдыққа көшу «Назарбаев интеллектуалды мектебі» және «Бейімдік мектеп» желілерін дамыту, жоғары білім беру саласында бәсекелестікті өрістетіп, білім мен ғылымды кіріктіру, «Ұлттық университеттерге» мәртебесіне сай бұрынғыдан да кең құқықтар беріп, ондағы берілетін білім сапасын көтеру, бір сөзбен айтқанда, өзіміз қосылған Болон процесі шеңберінде атқарылатын жұмыс өлшемдерін орындау. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.

 «Интеллектуалды  ұлт-2020» ұлттық жобасын дайындауда  үш негізгі аспектіні қамтуы  қажеттігін нақтылаған. Біріншісі, қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. Қазіргі таңда білім беру үдерісіне барынша кеңінен назар аударылғаны жөн. Ұлттың дамуының негізі дұрыс білім ала білуде.

     «Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру.

     Жобаның үшінші бағыты – инновациялар жүйесін дамыту. Ол қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған.                                                          Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады. Интеллектуалды қоғамның мақсаты -  жаңаша біліммен қаруланған мамандарға сұранысын қанағаттандыру, ғылымның жетістіктерін экономиканың нақты секторларында жүзеге асыру және еліміздің адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған  елдердің қатарына ену үшін заман  талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп нақтылаған болатын.  Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін толықтай қамтуға бағытталған «Балапан» бағдарламасы, дарынды балалар үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын 20 интеллектуалдық мектепті ашуға бағытталған бағдарламалары интеллектуалды ұлт даярлауды ұйымдастырудың жаңа негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламалар еліміздегі инновациялық дамудың негізгі бастауы болып табылады. Осы бағытта қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген іс-шаралар білім беру саласынан бастау алады. Білім беру қызметінде еліміздегі және әлемдік    білім беру жүйесіндегі классикалық дәстүрлі және жаңа үрдістерінің үйлесімділігін қамтитын оқу бағдарламаларымен білім сапасын арттыру қажеттігі туындауына байланысты жоғарыда айтылған бағдарламалардың дамуы өте маңызды. Отандық білім беруге қойылатын аталмыш талаптар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жедел қамтамасыз ете отырып, инновациялық даму нарығы мен көп салалы ғылымның жоғары технологиялы өндіріс жағдайында басқаруға құзіретті және бейімді-шығармашылығы бар тұлға дайындау қажеттілігінен туындайды. Осы бағыттағы жасалынып жатқан игі істердің бастауы ретінде біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған интеллектуалды мектептердің ролі айқын. Аталмыш оқу орындарының ерекшелігі де сонда, білім процессін ұйымдастыруда пән және деңгей аралық кіріктілікті, бірізділікті, дифференциацияны қамтамасыз етуді негізге алады.

Әлемдік сапа және білімнің өтімділігін  негізге алуға бағдарланған интеллектуалды тұлға қалыптастыратын мектептердің мақсаты – әр түрлі салалар үшін бәсекеге қабілетті менеджерлерді дайындау. Елімізде  интеллектуалды мектептердің жүйесін дамыту қазақстандық мектептердің жаңа үлгісін қалыптастырудың бастауы, яғни интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыра алатын рухани болмысты  тұлға дайындайтын білім беру бағдарламаларының жүзеге асуы деген сөз.

Елбасының бастамасы бойынша Астанада «еліміздің болашақ зияткерлік элитасын қалыптастыру мақсатында» құрылған ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң барлық артықшылықтары мен үздiк әлемдiк ғылыми бiлiм беру тәжiрибесiн үйлесiмдi қамтитын, Қазақстанның ұлттық брэндiне айналатын ерекше үлгiдегi Назарбаев университеті де интеллектуалды тұлға қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындауға арналған жұмыстардың бірегейі деп есептейміз.

Интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу  ісі терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет ету, ел алдындағы парыз ұғымына сүйену, рухани құндылықтарға негізделген жасампаз күш негізіне жұмылдырылуы тиіс. Ұлттық жобаны жүзеге асыруда заманның озық жоғары технологияларын жетiк меңгерумен қатар, елiмiзде индустриялық дамудың ақпараттық өркендеуiне белсендi, әрi қабiлеттi, көзқарасы дұрыс, дiнi мен дiлi және рухы жоғары ұрпақ қалыптастыру қажеттiлiгi қамтамасыз етіледі. Осы тұрғыда ұлттың интеллектуалдық капиталы –  бұл барлық жинақталған ғылыми, кәсіптік, мәдени ақпараттар, өмірдің барлық салаларының мамандарының білімі мен біліктері, әрбір жеке адамның  интеллектуалдық, моральдық және мәдени дамуы, ұлттың  позитивті  психикалық және моральдық ерекшеліктері екені белгілі. Интеллектуальды даму бағдарында тұлғаның әлеуметтік-танымдық салты мен  әдеттері, сондай-ақ, халықтың әдет-дәстүрлері, жақсы кәсіптік дағдылар, білімділік, тәрбиелілік, патриотизм, азаматтық белсенділік, тәртіптілік, табандылық,  шыншылдық, еңбексүйгіштік қасиеттерін жан-жақты дамыту сынды қасиеттері қамтылады. Осы айтылған қадір-қасиеттің барлығы дерлік - ұлттың байлығы мен игілігіне жұмылдырылады.

Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда алдымен ол қандай қасиеттерді қамтитынын анықтап алуымыз қажет. Сонымен, интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды меңгерген, тәрбиенің бастауларын толық қамтыған тұлғадан қалыптасады.

Қоғам интелектісін көтеруде ұстаздар қауымының ролі ерекше. Ұстаздық ету – ұлылық болса да, өкінішке орай, бұл мамандықты өз дегенімен қалап, сүйіп таңдап келетін талапкерлер тым аз. «Білім туралы» Заңның «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» туралы тарауында «… келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керек» деп көрсетілген болатын. Ал, Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген. Бұл даналық пікірдің маңызы уақыт жылжыған сайын арта түсуде. Міне, осы талапқа сай ұстаздардың беделін көтеру, соған орай еңбекақысын жоғарлату, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарау мәселесі жиі қозғалып келеді. Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның студенттердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады. Шынында, ағарту орындарының алтын діңгегі – мұғалім. Жас ұрпақ мұғалімге қарап бой түзейді. Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып қала бермек. Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық, парасаттылық барлық ғылым атауылының алғашқы әліппесі өркениет ұстазының тәлім сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен «білім мұхитына» айналып, рухы мықты, интеллектуалды ұрпақ тәрбилеп шығару. Енді, осындай игі ниеттен туындаған өзіміз тарапынан ұстазға қойылар талаптарды жүйелеп ұсынайық.

Ұстазға қойылатын талаптар:

Біріншіден  – мәдениеті жоғары дамыған маман  болуы керектігі:

    1.   Қазақ халқының және дүниежүзілік тарихтан жүйелі хабардар болуы.

Өткен тарихты қазіргі күн талабына сай баға беріп, сараптай алуы.  Тарихи оқиғалардың болу себебін,сол тұстағы  халық рухы мен күш-қуатының қайнар көзі неде екендігін дөп басып, оқушыларға жеткізе алуы. Тәуелсіздікке жету жолындағы ата-бабамыздың арман мүдделері мен оған жету жолындағы күрес нәтижелері;

    1.   Қазақ философиясын терең түсініп, одан нақты мысалдар келтіре                                        алатындай болуы. Мысалы: қазақ халқының өзіне тән ойлау танымын саралау. Адамзат  жаратылысының  ғарыш кеңістігідегі он сегіз мың ғаламмен байланыс құпияларының сырын және халықтық наным-сенімдерінің тылсым дүниемен байланысын ашу;
    2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің даму жолдарын дұрыс саралап, жаңа заман талабына сай баға бере алатын, дүниежүзілік әдебиеттен өзгешеліктерін түсініп, саралай алатындай болуы. Өзге ұлт өкілдерінің алдында мақтана алатындай тіліміз бен әдебиетіміздегі озық жетістіктерімізді бөліп көрсете алуы.
    3.   Қазақ қандай мәдениет түрлерімен мақтана алатындығы. Бізде дамыған мәдениеттің түрлері мен одан қандай тәлім-тәрбие алуға болатындығы туралы мағлұматтардан хабары болуы. Қандай тамыры терең тарихи жәдігерлеріміз бен әлемдік өркениетке ұмтылған мәдени мұраларамыз бар деген сұраққа жауап бере алатындай болуы керек.

Екіншіден – Қазақстан экономикасы мен  оның даму жолдарының ерекшеліктеріне  талдау жасай алуы. Қазақстанның дүниежүзілік қоршаған ортадан қандай жетістіктерімен (брендпен) орын алады деген сауалға жауап таба алуы. Дүниежүзілік экономикалық аренадағы еліміздің экономикалық жағдайына баға беріп, бүгінгі күн талабы тұрғысынан саралау.

Үшіншіден – ұстаздың адами қасиетіне қойылатын  талаптар. Адамгершілігі жетік, рухани бай болуы.  Керек кезінде оқушыға оның  мұғалім ғана емес, сырласына айналуы қажет. Ол үшін оқушының жан дүниесін түсіне алып, оған адамгершілік тұрғысынан көмек көрсете алуы керек.

 Төртіншіден – білім, біліктілігіне қойылатын талаптар. Алған базалық білімін күнделікті ғылыми жаңалықтармен толықтырып отыру. Жаңа технологияларды өз сабағында жаппай қолдана алуы.

 Бесіншіден – жан-жақты дамыған «толық адам» екеніндігі, оқушылардың қызыға қарайтын қасиеттерінің болуы. Әр сабағында оқушыларға тірі тарих сөйлеп тұрғандай әсер қалдыруы. Ол үшін білімі жетік, жаңа ҒТТ-ге сай жан-жақты жетілген рухани бай болуы керек.

Информация о работе ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі