ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:30, реферат

Описание

Білімді реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түрлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

2болим.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

 Алтыншыдан – ұстазға тән  лидерлік қасиеттер ие болуы. Қашан да, кез келген уақытта не жағдай болса да тосылып қалмайтындай сөзге шешен, білімі жетік, жан-жақты интеллектуалды қаруланған тұлға иесі болуы.

 Жетіншіден – ұстаздықты таңдап алған оқушылардың дайындығы:

7.1  оқу орындарына  қойылатын талаптар;

    1. Оқытушыларды сараптап алу;

7.3 саяси әлеуметтік  жағдай жасау (жалақы, үй, шәкіртақы,  т.б.). Мысалға ұстаздың үйі (әсіресе, ауылдық жерде) ауылдың көркі болуы керек. Шәкірттердің ұстаз үйіне қызығушылықпен қарап, сондай үйде тұруға деген ынтасы мен сол арманына жету жолындағы талап-жігері;

    1. Ұстаздың жалақысы екі тұрғыдан қарастырылуы керек: базалық төлемақы және қосымша төлемдер;
    2. Ер азаматтардың мұғалім болуы үшін не істеу керек деген мәселе. Қазіргі күндері мұғалімдік салаға көбінесе әйел адамдар барып жатады. Ал ұрпаққа берілер тәрбие қай кезде де, қай жерде де, қандай ортада да ер азаматтардың қалыс қалуы себебінен ақсап жатады;
    3. Мектепті нағыз білім ордасына және мәдениет ордасына айналдырудың мәселелерін жан-жақты қарастырылу қажеттігі.

Сонымен, өркениеттің ғарыштап дамуындағы ғажап идеялар, дархан істер, ғаламат жоспарлар – жаңа ғасырдың қолынан ғана келеді. Жаңа  ғасырдың тізгіні – ұрпақтарының қолында ғана, ендеше ұрпақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың еншісіне ғана берілмек.

Жан сарайыңды жібітетін тәрбиенің үлгісі де, ащы ақиқаттың күмбір күйі де өркениет ұстазының әр сабағында шежіре боп сөйлеп жатады. Бұл жалғандық болмай, педагогиканың барлық жүйесінде мазмұнды жүрсе, адамзаттың ой-өрісі дамып, сәулелене түспек.

       Интеллектуалдық әлеует деп қоғамдағы сұраныс үдесінен шығуға даяр әлеуметтік субъектінің уақыт пен орта алға тартқан міндеттерден, қиыншылықтардан, ұсыныс пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан тұтастай болмаса да негізінен биік тұрып, ілгерілеу динамикасы мен заңдылығына кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз мүддесіне жегу арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу өресін айтамыз. Ендеше интеллектуалдық әлеуеттің өміршеңдігі, жасампаз күші бар салада - экономикада, білімде, мәдениетте, ұлтаралық қатынаста, саясатта, т.б. – сыналады, шыңдалады. «Мәселе мынада, - деп көрсетеді Н. Назарбаев, - ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді – олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі... Осы заманғы экономикада салмақ материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда, интеллектуалдық әлеуетке көбірек түсіріледі. Ұлттың осы заманғы және тиімді білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық қорын арттыруға қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігі үшін ерен  маңызды болуда».

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, іздемпаз, дені сау жастарға байланысты. Осыған орай,  интеллектуалды ұлт қалыптастыруда қоғам алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой – пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті, дені сау азамат тәрбиелеп шығару.  Үдемелі-инновациялық жаңа экономика құрып жатқан осы кезеңде елімізге білімді, дер кезінде шешім қабылдай білетін ұлт, соның ішінде жастар өте қажет. Ол үшін ақпаратқа қолжетімділікті бүгінгі күн талабына сай дамыту қажет, бұл – ұлттың денсаулығының дұрыстығы, сапалы өмір сүруі, жақсы білім алу және ғылымды дамыту. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер  жаһандану үрдісінде өзіндік келбеті қалыптасқан жаңа адамды дамыту мақсаттарын қойып отыр.

Жас ұрпақтың жаңаны қабылдай отырып, ұлттық болмысты сақтауға ұмтылуы Ұлылықты сақтау үшiн жаңғырған  Қазақстанға ұлттық сананы сақтап қалу – аса зәру мәселе. Ұлттық сана – халықтың жаратылыс-болмысын, салт-санасын дамыту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн өмiр сүру қағидасы.

Білім алушыны  тұлғалық қасиетін қалыптастырып, әлеуметтендіру бағдарына  басты қажеттіліктер ретінде:

  1. Отанын сүю, отанының белсенді азаматы болу(қоғамға қажетті тұлға).
  2. Ұлтжандылық (Халқының ұлттық құндылықтарын білуі, сақтай алуы).
  3. Дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтарды сараптай алуы, одан керекті мәслелерді өз өмірінде іске асыра алуы.
  4. Денсаулық қажеттілігі (денсаулыққа қажетті жан-жақты мағлұматты тұлға)
  5. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі (заңды құрметтей білетін, заңға мойынұсына білетін тұлға)
  6. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі
  7. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі
  8. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі
  9. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі
  10. Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл – күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан, жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

Адам баласы өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал, даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Тұлға қалыптастырудағы білім бағдары жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білуі үшін қажет.  Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. 

Болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда әлемдік дәрежедегі ғылым мен білім саласындағы жетістіктерді қамти отырып, ұлттық әлеуетті дамыту бағдарын негізге алынады. Елбасы «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы  идеясына «оның басты мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын.  Осы тұрғыда республикамызда ұлттық интеллектің негізін қалауға бағытталған ғылым мен білім жетістіктерін дамыту тұрғысына назар аударылғаны жөн. Өйткені, елімізге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті білімді адамдар қай кезде де өте қажет.   Интеллектуалдық ұлт қалыптастыру жөнінде айтқанда, біз ең алдымен қоғамның рухани-адамгершілік мәселесіне тереңірек көңіл бөлуіміз керек. Қоғамды ұлттық тұрғыда дамытуға, жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, ұлттық намысты шыңдауға, әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға барлық жағынан мүмкіндік жасалуы қажет. Осы тұрғыда интеллектуалдық ұлт қалыптастыруда ұлттық тәрбие маңызын айқын аңғаруға болады. Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз – бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі – ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады», - дейді. «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллекталды түрде дамыту жолдары негізге алынады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда ұлт денсаулығы  маңызды мәселелердің бірі. Денсаулық адам дамуының маңызды құраушысы және салдары. Ол жас кезде білім алудың, ал кейіннен оны үнемі жетілдіріп отырудың маңызды шарты болып табылады. Сондай-ақ, денсаулық жоғары өнімді еңбектің негізі бола отырып, адамдардың жеке және қоғамдық жағдайларын көтеруге мүмкіндік береді. Ендеше, ұлттың интеллектуалды даму бағдарында салауатты өмір салтының маңызы айқын. Осы мақсатты жүзеге асырудың аспектілері отбасы тәрбиесімен және білім беру  мазмұнымен тығыз байланысып, білім мазмұнында жан-жақты ашылуы тиіс.

 Интеллектуалды тұлға  қалыптастырудың кезеңдері отбасы, мектепке дейінгі тәрбие, мектептік,  кәсіптік және жоғары  білім  беру жолында деңгейленіп қарастырылғаны  жөн. Көпсатылы білім берудегі  сабақтастық тұлға қалыптасуының  дұрыс бағдарын қамтамасыз етеді. Ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану принципі негізінде жоғары біліктілік қамтамасыз етіледі.

Білім беру жүйесін  модернизациялау арқылы қойылатын  мүдде – жоғары профессиональды  және интеллектуальды деңгейдегі тұлға дайындау. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа заман талаптарына сай білім жүйесі жасалынып жатыр. Оның негізінде отандық ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге деген талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді азаматтарын  дайындау міндеті жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі