Автор работы: s**************@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 18:39, курс лекций
Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауралармен жасалынатын операцияларды экспорт пен импортты, қызметтер көсретуді жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері, техникалық көмек, қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар, транферттер, ізгілік көмек, техникалық жәрдемдесу гранттар. Қызметтер көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар дивиденттер пайыздар басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.
Кіріспе
І Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем балансының түсінігі
1.2. Төлем балансындағы әрекет ету бойынша қатынастарды реттеу
ІІ Қазақстандағы төлем балансының тенденциялары
2.1.Қазақстан Республикасының төлем балансының қазіргі даму ерекшілігі
2.2.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері
ІІІ Қазақстан Республикасының төлем балансын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
І Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем балансының түсінігі
1.2. Төлем
балансындағы әрекет ету
ІІ Қазақстандағы төлем балансының тенденциялары
2.1.Қазақстан
Республикасының төлем
2.2.Қазақстан
Республикасының ақша-несие
ІІІ
Қазақстан Республикасының
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.
Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштерің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:
ағымдағы есеп (сауда балансы)
капиталмен
және қаржылармен болатын
резервтік активтер;
таза қателер пен рұқсатнамалар.
Ағымдағы
есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауралармен
жасалынатын операцияларды экспорт
пен импортты, қызметтер көсретуді жүк,
жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм
қызметтері, техникалық көмек, қарыздардан,
кредиттерден алынатын табыстар, транферттер,
ізгілік көмек, техникалық жәрдемдесу
гранттар. Қызметтер көрсету факторлық
және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық
қызметтер көрсету өндіріс факторларын
еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған
табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге
берілетін өтемақылар, инвестициялар
мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан
түсетін табыстар дивиденттер пайыздар
басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін.
Факторлық емес қызметтер көрсету жүк
және жолаушылар тасымалдарын, байланысты,
туризмді көрсететін консультациялық
және оқыту қызметтері түріндегі техникалық
көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді
кіріктіреді.
І Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем балансының түсінігі
Капиталмен
және қаржылармен жасалынатын
Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады: ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды: басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. Бұл жайғасым екі шоты-ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын операциялардың шоттарын теңдестіреді.
Қателер мен рұқсатнамалар көлеңкелі бизнесті қоса алғанда бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаржылардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу, оларды жасау, трансформациялау, айырбастау немесе өтеу, меншік иесінің ауысуы мезетінде жүргізіледі.
Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар. Бірінші-тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда және кедендік жинақтар, шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу, осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және тағы басқалар.
Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан теория. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Д. Юманың стандарт шартында автоматты түрде теңестірілудің классикалық теориясы өте жоғары дамыған.
Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, жақсаруына байланысты жоғарылайды. Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны Дж. Робинсон мен Лернер ойлап шығарды.
Сауда балансының сальдосы =Рэ/Ри*К болып табылады.
Мұнда: Рэ- экспорттық тауарлар баағсының деңгейі
Ри-импорттық тауарлар бағасының деңгейі
К-валюта курсы
Төлем балансының тепе-теңдік жеткізу құралы - валюталық курс өзгерімділігі болып табылады.
Демек, осындай жағдайда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады. С. Александрдың еңбегі Дж. Мид және Я. Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда кейнсиандық теорияға сүйенеді.
Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын елдің табысының, оның ішінде абсорбцияның жалпы көтерілгенін көрсетеді. Бұл теориялардан басқа да көп тәсіл қарастырылады. Соның ішінде монетаристік тәсіл. Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің ақша рыногындағы тепе-теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын анықтайды.
Төлем
балансының дефицитін болдырмау
үшін ақша массасын қатаң қадағалау
қажет. Бұл проблемаға аса көңіл
бөлмеу керек дейді.
1.2. Төлем балансындағы әрекет ету бойынша қатынастарды реттеу
Төлем балансының жай күйі ең алдымен сауда балансының жай күйімен анықталады. Операциялар қосарлы жазба жүйесі бойынша дебет және кредит бойныша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілермен қамтып көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасына тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады. Бұл орайда ағымдағы операциялардың шотындағы оң сальдо (кредит жазбаларының асып түсуі) тауарлар мен қызметтерді көрсетудің түсуін білдіреді, теріс сальдо тауарлар мен қызметтер көрсетудің импортын табыстар мен трансферттерді төлеуді білдіреді. Күрделі шотта оң мөлшер бейрезиденттер алдында бұл елдің міндеттемелерінің өсуін және резиденттер тарапынан бейрезиденттерге талаптардың қысқаруын сипаттайды, теріс мөлшер бейрезиденттер алдында елдің міндеттемелерінің қысқаруын және резиденттер тарапынан бейрезиденттерге талаптардың өсуін білдіреді. Төлем балансының жай күйі ең алдымен сауда балансының жай күйімен анықталады. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекетің іс қимылдарының аса маңызды мақсаты тауарлар экспорты мен факторлық және факторлық емес қызметтер көрсетуді ұлғайту есебінен төлем балансын сауықтыру болып табылады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына өндіруші тұрпатындағы экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жүмсауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әлеуетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді.
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы іс әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті, ал кем болған жағдайда пассивті сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта бағамын толығырақ қарастырайық.
Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда оны төлем құралы ретінде теңге валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және тағы басқа төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы бар. Осындай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты екі әр түрлі ұлттық валюталарды қолдану мәселесі болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады. Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы: 153тг=1$, 70 тг=1DM, 4 тг=1RR
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарам-қарсы екі әдіс бар:
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
Еркін айналым кемшіліктері: