Тойота Мотор Корпарациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:57, реферат

Описание

Toyota Motor Corporation (トヨタ自動車株式会社) - Toyota Motor Corporation Toyota Group-тің негізгі мүшесі болып табылады. Негізгі өндіріс бағыты көлік шығару: жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, құрылыс техникасы, робот жасау, қымбат коттедждер салу және т.б. салалар.

Содержание

1. Тойота компаниясының тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Тойота компаниясының басқару құрлымы және өндіріс құрлымы . . . 12
3. Тойота компаниясының инновациялық қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
4. Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
5. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

Работа состоит из  1 файл

TOYOTA.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті

Экономика факультеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨБСӨЖ

 

Тақырыбы: Тойота компаниясының инновациялық қызметі.

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  Абдураххманов М.

Студент, тобы: ЭМБ-811, 4-курс

Оқытушы: Тохаева Ж.

Бағасы: ____________________

Оқытушының қолы: __________

Мерзімі: ____________________

 

  

 

 

 

 

 

 

Түркістан 2011 ж.

Жоспар

 

1.      Тойота компаниясының тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

2.      Тойота компаниясының басқару құрлымы және өндіріс құрлымы . . . 12

3.      Тойота компаниясының инновациялық қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16

4.      Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18

5.      Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Тойота компаниясының тарихы.

 

Toyota Motor Corporation (トヨタ自動車株式会社) - Toyota Motor Corporation Toyota Group-тің негізгі мүшесі болып табылады.  Негізгі өндіріс бағыты көлік шығару: жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, құрылыс техникасы, робот жасау, қымбат коттедждер салу және т.б. салалар.

Компанияның негізі 1937 жылы қаланады.

Компанияның негізін қалаушы – Кииширо Тойода.

Компанияның бас штабы Жапония, Айти префектурасы, Таёта қаласында орналасқан.

Предсидатель правления - Фудзио Тё.

Президенті - Акио Тоёда.

Сатылым — 8,42 млн автокөлік (2010 г.). Сатылым бойынша әлемде 1-ші орында.

Капитализация — $142,3 млрд.

Қаржылық көрсеткіштер (2011 қаржылық жылдың 3 кварталы, 2010 ж 31 желтоқсанында аяқталды.):

Кіріс — $166,9 млрд,

Таза пайда — $4,5 млрд.

Жұмысшылар саны - 320 590 человек (2010)

Компанияның ұраны:  «Drive Your Dreams» – бүкіл әлемде, «Управляй мечтой» – Россия, Казахстан, Украина.

Бағынышты компаниялар:

Toyota Financial Services

Daihatsu

Hino Motors, Ltd.

DENSO

Toyota Industries

Сайты www.toyota.ru,  www.toyota.com

 

 

Toyota компаниясы қазіргі таңда әртүрлі өнім шығарумен айналысады, автокөліктер және роботтардан бастап, тіпті қымбат коттедждер салумен де айналысады. Бұл көп қилы компания. Ол әлемдегі ең ірі автокөлік өндіруші ретінде танымал. Toyota компаниясының көп жылдық басқару тәжірибесінің арқасында менеджментке көптеген концепциялар енгізді(мысалы: «дәл уақытында» жеткізу жүйсі және «кайдзен»). Ол жапон өнеркәсібінің ХХ ғасырдағы басты қозғаушысы болды.

Toyota «Тойота» (Toyota Motor Corporation, Toyota Jidosha KK), жапондық автокөлік өндіруші компания, «Тойота» қаржы-өнеркәсіптік тобының құрамына кіреді. Өз өнімдерін көптеген брэндтер аттарымен шығарады: «Toyota», «Lexus», «Daihatsu», «Scion», «Hino».

Компанияның тарихы 1933 жылдан басталды. Сол жылға дейiн Toyoda Automatic Loom Works деп аталынған компания тек тоқыма өндiрiсiмен айналысқан. Компания президентi Сакиiи Тойодоның (Sakichi Toyoda) баласы Кииширо Тойода 1933 жылы осы компания жанынан автомобиль департаментiн ашады. Арада көп жылдар өткен соң бұл iрi автомобиль өндiрiсiне айналып, Toyota маркасымен әлемдiк деңгейге көтерiледi. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басы Жапонияда автокөлік өндірісіне жаппай қызығушылық пайда болды. 1930 жылы көлік құралдарымен Daihatsu айналыса бастады, ал 1933 жылы Jidosha-Seido Ltd. – болашақ Nissan құрылды.

Сакиши Тойода 1867 жылы ақпанның 14 жұлдызында Сизуока префектурасы Коромо қаласында ағаш ұстасының отбасында дүниеге келеді. Ол бала кезiнен әр нәрсенi ойлап табумен шұғылданған едi. Өз отбасысының тұңғышы болған соң ол kacho немесе отбасы басшысы атанады, ол өз әкесінің кәсібін жалғастыруы керек болатын, яғни ағаш ұстасы болуы керек еді, бірақтан ол бұл кәсіпке айтарлықтай қызықпады, өнертапқыш боуды армандаған, бұл кезде ата дәстүр заман ағымына қарай босаңсыған кез еді, сөйтіп Сакиши 1885 жылы өнертапқыш болуды шешеді. Осы уақыттан бастап, алдағы отыз бес жыл бойы ол тоқу станоктарын жетілдірумен айналысады. Бiрақ Сакитидiң арнаулы бiлiмi болмады. Ол барлығын жұмыс барысында, тексеру және қателіктер арқылы үйрендi. Ол өзіне керек білімді өндіріс құралымен жұмыс істеу арқылы алуға болатынына сенеді. 1890 жылы Сакиши Тойода қолмен жұмыс істейтін өзінің алғашқы ағаштан жасалған тоқу станогын жасайды. Сакиши жапон өнеркәсібінің алға кішкентай қадамдармен жылжуы және батыс компанияларының енбеген нарық бөліктерін жаулау керектігін түсінеді. Ол дәселестіктің дәрежесіне қарамастан құрылғылардың ылғи да дамуда болуы керек деп есепьеді. 1894 жылы Сакичидiң дүниеге ұлы Кииширо Тойода( Kiichiro Toyoda) келедi. Кейінірек ол Toyota Motor Corporation құрады. Мектептi ойдағыдай бiтiрген ұлы компанияға жұмысқа тұрады. Алғыр бала әкесiне тоқыма станоктарының жаңа жетiлдiрiлген түрiн ойлап табуда көп көмегiн тигiзген. Содан бастап өндiрiс орнының жағдайы жақсара түседi. 1924 жылы баласының көмегімен толық автоматтандырылған тоқыма станогын жасап шығарады. Ал 1926 жылы Toyoda Automatic Loom Works компаниясын құрады. 1930 жылы 30 қазанда Сакиши Тойода қайтыс болады. Жапондықтардың есінде Сакиши өз армандарын іске асырған, барлық қиыншылықтарды жеңе алған және Мәйдзи дәуірінің жақсы мүмкіндіктерін пайдалана алған тұлға ретінде қалды. Өзінің кең оппозициялық көзқарасына қарамастан, өмірден озғанына дейін автокөліктер болашақта өтімді тауар болады деп сенген. Сакити қайтыс болған соң, Кииширо компанияны басқаруды өз қолына алады. Әкесiнiң әу бастағы арманы автомобиль өндiрiсiн құру болса керек. Кезiнде сол арманын баласына да құлаққағыс еткен көрiнедi.

Кииширо әке арманын жүзеге асыруға кiрiседі, 1930 жылы автокөліктерді шығаруды зерртеуді бастайды. Ол автоматтандырылған тоқыма станогының патентiн ағылшынның Platt Brotһers & Co Ltd атты компаниясына сатып, содан түскен 100000 фунт стерлингге сатады және оны автокөлік өндіру жолында жұмсайды. 1930 жылы Кииширо Тойода Toyoda Automatic Loom Works компаниясының директорлар кеңесіне автокөліктерді зерттеуді ұйымдастыруға аумақ бөлуін өтінеді. Әрине, ол осы қаржымен автомобиль өндiрiсiн бiрден жолға қоя алған жоқ және жаңа автомобиль түрiн ойлап та таппады. 1931 жылы американдық іштей жану қозғалтқыштарын зерттеуден бастайды, бәрі толығымен шашылады, зерттеледі, бұзылады.Киширо өз қозғалтқышының прототипін іздейді. Бұл жұмыстар бірнеше жылға созылады. Ол өндірістің осы елге тән ресурстар мен аумақтың аздылығы және халықының бейімділігі мен мүмкіншілігінің әртараптылығын ескеретін ерекше жапондық түрін ойлап табуды ойлайды. Ол 1929 жылы автомобиль өндiрiстерiмен танысу үшiн Америка мен Еуропаға сапар шегедi. Жапония үкiметi оның бұл бастамасына қолдау көрсеттi. Осы кезде базалық көшіруге арналған қозғалтқыш таңдалады – ол алты цилиндрлі Chevrolet B болады. Алдымен компания Американың жақсы жасалынған автомобильдерiн көшiрiп, үйренудi қолға алған. 1934 жылы олар "А" типтегi алғашқы двигателiн жасап шығарды. Қозғалтқыш дайын бола сала автокөлік дайындау ісі жолға қойылады, бірден екі бағытта – жеңіл және жүк автокөліктері. Автомобиль өндiрiсiнiң қыры мен сырын меңгерудi мақсат тұтқан олар жаңа ашылған бөлiмге жетекшi етiп Кииширо Тоеданы тағайындайды Оны жолаушылар таситын автобус көлiктерiне пайдаланып, сынақтан өткiздi. Ал 1935 жылы мамырда "АI" двигателi жүк автомашиналарына жасалынған, жеңіл А1 және жүк тасығыш G1 автокөліктерінің прототипі жасалынып бітеді. 

Алғашқыда iстi жолға қою оңай болған жоқ. Үйлестiру жағы кемшiл түсiп жатты. Алайда компания табандылық танытып, 1936 жылы өмiрге "Toyoda AA" маркасымен жаңа седан, фаэтон АВ, жүк тасығыш AG жасалынады. Алайда Toyoda AA бұл Американың "Cһrysler Airflaw" автомобилiнiң көшiрмесi болатын. Сол жылы компанияның логотипi ойлап шығарылды. Осы жылы тағы ең бірінші жүк көлігінің Солтүстік Қытайға 4 данасы экспортталады. Компанияның әу бастағы тоқыма станоктарын жасау кезiнде қалыптасқан өз тәртiбi бар едi. Егер өндiрiс барысында жұмысшылардың бiр бөлiгiнде қиыншылық туындаса, сол қашан қалыбына келтiрiлгенше өндiрiс жұмысын тоқтатып қоятын. Бұл шығарылған өнiмнiң ақауын болдырмауға үлкен ықпал етсе керек. Сол еңбек тәртiбiн Кииширо автомобиль өндiрiсiнде де жалғастырды. Бұл кезде «жұмыс орнында үйрету» жүйесі жұмыс атқарады, алайда бұл жүйе ресурстардың шығысын көбейтеді, жапондықтардың бұған мүмкіндіктері жоқ еді. Киширо кез-келген элемент оған сұраныс пайда болғанда ғана жасалынуы, оны сақтаудың қажеті болмайды және де ресурстар пайдасыз жұмсалмайтын жүйе туралы армандайды. Осы себептен оның компаниясы «Дәл уақытында» ұранын ұстанады. «Дәл уақытында» және «kaizen» жүйелері Тойода отбасының өндірістік философиясында ерекше орын алады.

Кииширо 1937 жылы тәуекел жасап, компанияның автомобиль өндiрiсiмен айналысатын бөлiгiн өз алдына жеке компания етiп шығарды. Оған "Toyota Motor Company" деген ат бердi. Ол бұрынғы "Toyoda"(豊田) атауын ендi "Toyota"(トヨタ) деп өзгерттi. Сонда өзгергенi бiр-ақ әрiп. Неге? Жапонда ертеден келе жатқан аңыз бар. "Toyoda"-дағы "d" әрпiн жазуға жапондардың құлқы болмаса керек. Сол әрiптi жазу кезiнде қолдарындағы қаламмен қағазға тоғыз рет сызық түсiру керек екен. Ал тоғыз санын жапондар бақытсыз сан деп жек көрген. Кииширо соны қаперiне қатты алып, "d" әрiпiн "t" әрпiне өзгерткендi жөн көредi. Ал "t" әрпiне қаламмен жазуда сегiз рет сызық түсiрсе жетiп жатыр. Оның үстiне сегiз саны жапондықтар үшiн ең бақытты сан болып саналған. Былай қарағанда басқаларға бұл оғаш көрiнуi мүмкiн. Ал бiрақ жапондар үшiн бұл ертеден қалыптасқан ырым. Кейiн мәдени дәстүрге айналған. Олардың дүниенi тану көзқарастары солай қалыптасыпты. Мұндай ырым шығыс халықтарына тән құбылыс. Бiздiң қазақтарда да ырымшылдық бар екенi жасырын емес. Жаңа компанияның "Toyota" атауы өмiрге осылай келдi.

Сол жылдың өзiнде-ақ компанияға жапон Үкiметi сенiм артып, 3000 жүк автомашинасын жасап шығаруға тапсырыс бередi. Бұл компанияның өзiндiк жеңiл автомобиль жасауы үшiн зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға зор мүмкiндiк туғызған. Олар шетел автомашинасын көшiрудi намыс көрiп, бiржолата тоқтатуды қолға алады. Соған байланысты Коромо қаласында "Toyota"-ның алғашқы заводы Honsha Plant ашылды. Завод жұмысы тек автомобиль өндiрiсiмен айналысуға ғана негiзделдi. Өндiрiстен алғашқы өнiмдер шыға бастағаннан-ақ қала атауы "Toyota"(Тоета) деп қайта өзгертiлдi. Компания автомобиль бөлшектерiн шығаратын iрi өндiрiс орындарын ашуды да бiрден қолға алып, өз ауқымын кеңейтедi. Содан бастап "Дәл уақытында" атты жүйе орнатып, қажеттi бөлшектер заводқа дер кезiнде түсiп тұрған. Бөлшектерге алдын ала берiлген тапсырысты олар өз уақытында орындап, автомобиль құрастыру жұмысының еш кедергiсiз жүруiне үлестерiн қосты. Қосалқы бөлшектер де нақты есеппен шығарылды. Нақты қажеттiсi ғана қоймада сақталды. Өйткенi оларға металлды өте үнемдi жұмсау қажет болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында компания тек Жапон императорының армиясына жүк автокөлiктерiн шығарумен айналысқан. Бiрқатар жандар күнi бүгiнге дейiн одақтастар Аичи қаласындағы "Toyota" зауытының үлкен бiр бөлiгiн бомбалап қиратпағанда, шығыстағы соғыс бiразға созылар едi деген пiкiр айтып та жүр.

1940 жылы Кииширо Тойода физикалық және химиялық зерттеулер институтын ашады. Компанияның металлдарға сұранысын өтеу үшін сол жылы Toyoda Seiko. Ltd. және бүгінгі таңдағы ірі жапондық болат өндіруші Aichi Steel Works ашылады. 1941 жылы Toyota Machine Works Co., Ltd – станоктар мен құрылғылар шығаратын зауыт іске қосылады. Осы 1941 жылы жеңіл АЕ көліктері, ал 1942 жылы КВ жүк көлігі шығарыла бастайды. 1947 жыл компания үшін ерекше жыл болады, конвейрден 100 000 реттік нөірлі көлік шығарылады.

50 жылдардың басында Таичи Оно (Taiichi Ohno) «камбан» деген ерекше өндірісті басқару жүйесін ойлап тапты, бұл жүйе барлық шығындарды жоюға мүмкіншілік берді – материалдыр, уақыт, өндіріс қуаттылығы. 1962 жылы жүйе тойота кәсіпорындарында енгізіліп, өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Кииширо Тойода жасаған өндірістің жаңа жүйесі компанияның жұмысының өнімділігін арттырды және нарыққа бәсекелестікке қабілетті бағада көлік шығаруға мүмкіншілік берді, алайда көліктер сапасы әлі де айтарлықтай жоғары болмады және компанияның менеджменті бұл мәселені шешу жолындағы жұмыстарын жалғастыра берді. 1950 жылы сату бөлімі жеке дара бөлініп, Toyota Motor Sales Co. Ltd. дүниеге келеді. Осы жылы Ford және Toyota біріккен кәсіпорын құру туралы келіссөздер жүргізеді, бұл келісім бойынша жапондық мамандар америка зауыттарында стажировкадан өтуі көзделген. Осы 1950 жылы компания тарихындағы жалғыз жұмысшылар көтерілсі болды.

Компания 1950 жылдардан бастап Еуропа мен Американың автомобильдерiне ұқсамайтын, жаңа сипаттағы жеңiл көлiктер шығарып, сапасын мейлiнше жақсартуды жолға қойды. Бұл бетбұрыс оларды табысқа бастауға жетеледi. Сол кезден бастап компания басшылығы өндiрiс орындарын басқару жүйесiне жаңашылдық негiздегi идеялар ұсынысын батыл енгiздi. Осы жүйе бойынша компания жұмысшысы атқарып жатқан жұмысын жақсарту үшiн тиiмдi идеясын ұсынып жатса, оған қолдау көрсету қолға алынды. Әрине кез келген ұсынысты бiрден қолдай салмай оның өндiрiстi жақсартып, дамытуына қарай бағалап отырған. Егер ұсынылған идея басшылыққа ұнап, өндiрiске пайдасын тигiзетiн болса, онда сол идея авторына жалақысынан бөлек көп мөлшерде ақшалай сыйлық берiлiп жатты. Бiз үшiн қазiр жапондардың бұл идея тәсiлi қарапайым, басқа да елдердiң компаниялары қолданып жатқан стандартты даму стратегияларының бiрi болып көрiнгенмен, сол кезде, ХХ ғасырдың бел ортасында бұл нағыз жаңашылдық (новация) болатын. Кейiн батыстың алпауыт компаниялары да осы жаңашылдықтан үлгi ала бастады.

1951 жылы қазіргі таңда ТМД елдерін қоя тұрғанда бүкіл әлемдегі ең танымал және ең көп сұранысқа ие Land Cruiser өндірісі басталады, атының өзі бір ғанибет, «Land Cruiser» ағылшын тілінен аударғанда – Құрлық крейсері. бастапқыда  BJ Toyota Jeep атауымен шығарылады.

1952 жылы компания негiзiн қалаған Кииширо Тойода өмiрден озды. Алайда компания бұл кезде көшiн түзеп алған.

1957 жылы Америкада "Toyota Motor Sales USA" атты жаңа компания ашылды. Компания Америка мен Бразилия елдерiнде автомобильдердi сатумен айналысты. Осы жылы америка нарығына алғашқы Toyota Crown экспорттау басталады, ол жапон нарығында 1955 жылы сатыла бастаған болатын. Алғашқыда автомобильдер американдықтар талабынан шыға қойған жоқ. Алайда жапондық малолитрашкалар американың жылдам жолдарына және ұзақ сапарларға жарамсыз болды. Сондықтан өтiмi нашар болды. Компания басшылары Америка талғамын мұқият қайта зерттеп, өнiмдерiн модернизациялау жөнiнде жаңа бағдарлама қабылдады. 1958 жылы Бразилияда өз өкілдігін ашады. 1960 жылдары компания өндiрiске "кайдзен" принципiн енгiздi. "Кайдзен" сөзi екi ұғымнан тұрады. "Кай" – өзгерiс, ал "дзен" – ақыл, даналық дегендi бiлдiредi. Жалпы алғанда, бұл – аздап болса да үнемi өсу, даму, жақсару деген мағынаны меңзейтiн философиялық ұғым. 50 жылдардың басында-ақ корпорацияның жоспарлау бөлімін басқарған Соиширо Тойода(Shoichiro Toyoda) TMC-да kaizen-ді өте кеш қолданады деген шешімге келеді. Көліктердің ақауларын нарыққа түсіп қойғаннан кейін жөндеу Тойотаның абыройына нұқсан келтіреді деп есептеді. Содан бастап компанияның қарқыны өстi.

Информация о работе Тойота Мотор Корпарациясы