Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:58, курсовая работа

Описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Ақша теориясының эволюциясы
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні..................................................................3
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары....................................10
1.3 Ақшаның ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері...................................12
ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және оны жоспарлау кезеңдері
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны..............................................15
2.2 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі..........................................21
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны жетілдіру жолдары
3.1. Ұлттық валютаның шығу тарихы..................................................................24
3.2. Ұлттық валютадағы мәселелерді шешу бағыттары.....................................25
Қорытынды...........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Акша реформасы курсовой.doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіз  еліміздің  экономикасын  тұрақтандыруда, экономикалық  өсу  мен  экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді  қамтамасыз  етуде  ұлттық  валюта – теңгенің  рөлі  айтарлықтай.

Алғашқы  кезде  Теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  (1 теңге = 100 тиын) мынадай  номиналдардан  тұрады: 1, 3,  5,  10,  20,  50  және 100 теңгелік банкноттар,  1,  3,  5,  10,  20  теңгелік  монеталар,  1,  3,  5,  10,  20  және 50 тиындық  монеталар (бастапқыда  қағаздан  жасалған).

Кейіннен  айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі  номиналы  200 теңгелік  және  1994 жылғы  үлгідегі  500 теңгелік  банкноттар;  1995 жылы  1994 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 теңгелік  банкноттар;  1996  жылы  1996 жылғы  үлгідегі  номиналы  2000 теңгелік  банкноттар; 1997 жылы номиналы  1,  5,  10,  20,  50  теңгелік  монеталар (жаңа дизайны);  1999 жылы  1998 жылғы үлгідегі  номиналы  5000 теңгелік  банкноттар;  2000 жылы  1999  жылғы үлгідегі  номиналы  200 және  500  теңгелік  банкноттар (дизайны  өзгертілген).

2001 жылы:  2000 жылғы   үлгідегі  номиналы  1000 және  2000  теңгелік  банкноттар  (дизайн  өзгертілген);  2001  жылғы  үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара  өзгертілген);  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10 жылдығына  арналған  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  мерейтойлық  банкноттар;  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген).

2002 жылы:  2003 жылғы   үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар;  1999 жылғы  үлгідегі  номиналы  200  және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы:  2003 жылғы   үлгідегі номиналы  10000 теңгелік  банкноттар.

1993  жылға  дейін   айналыста кеңес  рублі   болды, сонан соң  Ресей жаңа  рублін  енгізді.  1993 жылдың  күзінде  Қазақстан ТМД  елдерінің  ең  соңында  рубль  аймағынан  шықты. Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  Жоғарғы  Кеңес пен  Үкіметтің  бірлескен  қаулысы  қабылданды. Президенттің  Жарлығы  шықты. Осылайша,  1993 жылдың  15 қарашасы  төл теңгеміздің туған күні  деп саналады.

Егер де бүгінгі  таңдағы  қаржылық  жүйеге , біздің  валютаға  келетін  болсақ,  қазіргі  кезеңде  теңге  нығайтылды деп айту  әлі  ерте.  Оның  бағамы  тек  тұрақтанды  деуге  болады.  1999 жылға  шейін  теңге  бағамын  жасанды түрде ұстап  тұрдық. Бірақ  басты  проблема  валюталық  бағамда емес. 1996-1998 жылдар  барлық  күш  инфляциямен  күреске  жұмсалды. Үкімет  теңгешілдік  саясатты жүргізе  отырып, ақша  тапшылығын  тудырды. [6,4 бет]

- Тәуелсіз  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып  табылады. Кез-келген мемлекеттің  тарихына оның  бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да  кіреді. Басқа  көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының  тарихы  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің өткенін, бүгінгісін  және  болашағын бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының тарихы – Президенттің  1993 жылғы 15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады. Алайда  сол күнге дейін теңгенің  сыртқы  сипатын  жасау  бойынша  ұзақ жылдар  мен  айлар  бойы  қатарлы  еңбек пен  табанды  жұмыс  жүргізілген  болатын. Алғашқы  кезде  теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  мынадай  номиналдардан  тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100  теңге. Бір  теңге  құны   1,2,5,10, 20  және 50  тиын  болатын  100  тиыннан  тұрды. Жеті  банкнот  жасау  үшін  Т.Сүлейменовтың  басшылығымен  суретші  дизайнерлер  командасы  құрылды. Оған  М.Әлин, А. Дүзелханов  кірді. Оларға  ерекше  әрі  өте  жауапты  жұмыс  жүктелді. Банкноттың  дизайны  көркемдік  жағынан  алғанда  эстетикаға  сай  әрі  алдағы  уақытта  оларды  көптеп  шығаруға,  яғни  полиграфиялық  басылым  тұрғысынан  алғанда  барынша  ыңғайлы  болуы  керек. Біріншіден, банкноттар  тарихи  тұжырымдама  тұрғысынан  алғанда  шын  мәнінде  қандай  болуы  керек  екенін  шешу  қажет  болды. Екіншіден, оларда  бейнеленген  тарихи  тұлғалардың  бет-әлпетін  барынша  дәл  түсіру  керек-тін.

Металл  ақша – ерекше  әрі  маңызды  тарихи  дерек  көзі. Олар  бүгінгі  күнге  тарихи  тұлғалардың  тұтас  бір  портреттік  галереясын,  түрлі ескерткіш  бейнелерді  алып  келді, олардағы  суреттерде  мифологиялық  сюжеттер, тұрмыс-салт  көріністері  бейнеленді.

1994  жылы  ұсақ  қағаз  тиындардың  орнына  құны 2; 5; 10;  20; және 50 тиындық латунь  металл  ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған  1993 жылдың  үлгісіндегі құны  1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың  үлгісіндегі   "нбрасс"  қоспасынан  жасалған  құны  1; 5; 10 теңгелік  және  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған 20,50  теңгелік  металл  ақшалар айналыста  жүрді. 1997  жылғы  үлгідегі  (жаңа металл  ақша  қатары) металл ақшаларды  айналымға  қосу  оларды  халықтың  пайдалануы  үшін  барынша  қолайлы  етіп  шығаруға, металды  аз  жұмсауға  деген  ұмтылысқа, сондай-ақ  металл  ақшаның 50 теңгелік  қосымша  құнының  енгізілуіне  байланысты  болды.

Республикада  ақша  айналымында  металл ақшамен  қатар  мерейтойлық  және  ескерткіш  металл  ақшалар  да  қолданылуда. Мерейтойлық  және  ескерткіш  металл ақшалар  белгіленген  құнға  сәйкес  төлем  қабілетіне  ие, бірақ олар  негізінен  мәдени-ағарту  мақсатында  шығарылған. Әдеттегідей  олар  қатаң  шектеулі  таралыммен  шығарылады  және  Қазақстан Республикасының  аумағында  және  шет  елдерде  коллекциялық  құнымен  сатуға  арналған. 1995-2000  жылдардағы  кезең  ішінде  "нейзильбер"   қоспасынан  он бір  ескерткіш  және  мерейтойлық  металл ақша, тоғыз күміс және "prool"  сапасымен бір алтын  ақша  шығарылды.

Банкноттармен  металл  ақшаларды  әзірлеу саласындағы  жетістіктерге  қарап  Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның  рәмізі екендігін,  еліміздің  кешегі  күнінің  айғағы, сенімді  бүгініміздің  дәлелі  және  жарқын  болашағының  кепілі  болып  табылады.  [5,3 бет ]

-1999 жылы  біздің  өсуімізге   жаңа мүмкіндіктердің  көкжиегі  ашыла  бастады. Осыған  байланысты  теңгенің  экономикалық  өсімге  тікелей  қызмет етуін  қамтамасыз  ету  қажет  болды. Бұған   дейін  теңге  құлдырай  бара  жатса  Ұлттық  банк  өзіндегі  алтын-валюта  қорынан қосымша  ақша  жұмсап, оны  реттеп отыратын. Бірақ бұл  әрекет  жасанды  бағамның  жасалуына жол  ашты. Теңгенің  шын  бағамын  белгілеу  үшін  оны  еркін  жүзеге  жіберу  керек  болды.. Елдегі  инфляция  қазір  соңғы үш жылда 5-6 пайыздан  асқан жоқ.

- Ел экономикасының  стратегиялық  даму  көрсеткіштеріне   болжам  жасала  отырып, 2006-2007 жылдары   теңгені  еркін  айырбасқа   жіберу  туралы  мемлекетте  бағдарлама  бекітілді. Осыған  орай  теңге   үш жылдан  кейін  барлық  экономикалық  кеңістіктерде  АҚШ-тың  доллары  сияқты  еркін  айырбасталатын  валютаға  айналмақ.Мұндай  жағдайда  теңге  өзінің өміршеңдігіне  негіз  қалайтын  болады. Дей  тұрғанмен  болашақта  құрылатын  біртұтас экономикалық  кеңістікте  ортақ  валютаның  болуы  қиял  емес. Теңге  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  қол  жеткізе  алмай  келе  жатқан  асқаралы армандарының  бірі  болатын.  [4,3 бет ]

Қорғау  элементтері, пайдаланатын  техникалық  тәсілдер, орындалу  күрделігінің  жиынтығы  бойынша  Қазақстан теңгесі қолданылып  жүрген валюталардың  жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан  орын  алады және  оның  дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік  технологиялардың  дамуына әрі ақшаны  жаңа  тұрғыдан  қорғау мен  оған  мәшине  ғана оқи  алатын  элементтерді  енгізу  бойынша  Ұлттық  банктің  жоспарлы  жұмысына  байланысты  болды. 2006 жылы  жаңа дизайндағы  банкноттарды  енгізді.

             Ұлттық  валюта- теңгені  енгізген алғашқы  күннен  бастап қайта құру  құрылымын  тездету, инфляцияны  төмендету, тұрақты экономикалық  өсуге  жету, төлем  балансының  тепе-теңдігін  және  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету міндеттері  қойылды. Осы мақсатта  Үкімет  пен Ұлттық  банк  қатаң  макроэкономикалық саясат  жүргізуге  бағыт  алды,  оған  бюджет  тапшылығын  едәуір  қысқарту  және  кредит  экспансиясын  шектеу кіреді.

            Валюталық  реттеу және  валюталық  бақылау  саласында  валюталық  режимді  бұдан  әрі  ырықтандыру  үшін  қажетті  алғышарт  жасау  бойынша  жұмыс  жалғасуда. Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  2005-2007 жылдарға  арналған  валюталық  режимді  ырықтандыру  бағдарламасы іске  асырылуда.  [14,6 бет ]

          Есеп айырысу  баламасына  деген сұраныс б.э. дейінгі VIII  ғасырда  белгілі  салмақ  пен  құрамдағы  стандартты құймалардың  пайда  болуына  негіз  қалады.

       Қазақстанның  Конститутциялық Кеңесі  Қазақстанның  біртілді  я екітілді  мемлекет  екендігін ашып  айтып бере  алмаған күйі  үнсіз. Демек, елдегі  солқылдақ ұлттық  саясаттың салдарынан  біз әлі де  мемлекеттік тілдің статусын  айқындай  алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз  қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате  кетті.

Елдің  елдігін, мемлекеттігін  паш  ететін  5 түрлі  символы  болады, олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы  ретінде ғана  қарауға болмайды  екен. Ол  төлем құралы  бола  тұрып, елдің тарихи  жадында паш етуі  тиіс  [12,1 бет ].

Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар  ұ сталмай  бірге –бір  есебінде  жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта  болатын  акция  ескі  және жаңа  дизайндағы  банкноталардың  республиканың бүкіл аумағында бір жыл  бойы  қатар  жүруін  көздейді.  Әр  түрлі  дизайндағы банкноталар шыққан жылына  қарамастан  номиналы  бойынша  төлем  құралы ретінде  қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде  қандайда  бір заңды  тұлға ескі  және жаңа дизайндағы  банкноталарды номиналына қарамастан  қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік  құқық  бұзушылыққа  жатқызылады.

- Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану  тарихы  тұрғыда  қалыптасқан. Біздің заңдарымыз ,  Конституциядан бастап бұл екі тілдің   қандай да бір жағдайларға қарамастан  тең  дәрежеде,  бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы  және  барлық  заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға   сәйкес   келтірілуі -   ұлттық валюта банкноталарында   екі  тілдегі  жазулардың  пайда  болуына себепші  болды.  Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың  жоғары  номиналдарының  сырт  жағында  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  жазылған  тек  екі жазу  ғана  бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы  және қолдан жасағаны үшін  жауапкершілік  туралы  ескертетін жазу. Осы жоғары  номиналдарды  енгізгенде   орыс  тіліндегі жазулардың  пайда болуы ,  шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда  пайдаланылған  біріңғай  бейнелермен байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың  мәтіні  мемлекеттік  және  орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік  тілде  жазумен  қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",

-Жаңа банкнотаны әзірлеу  кезеңінде дизайнның бірнеше  нұсқасы , әр түрлі тақырыпта  жасалған болатын.Таңдалған тақырып   ежелгі  мекенімізбен қазіргі  Қазақстанның ,  оның  болашақтағы  нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.

- Жаңа  үлгідегі  банкноталарды   енгізуге  дайындықтың  бастапқы  сатысында  ескі  үлгідегі  банкноталар  жаңаны  енгізгенге  дейін  жеткілікті  болуының  ықтимал  нұсқалары  зерделенеді.  Енгізудің  жарияланған  күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы  дизайндағы  теңгенің жеткілікті  болуының  соңғы  мерзімі.

- Банкнота  екі   парақпен  жасалынады, оның  біреуінде   ішкі  жағында сутамғы  белгісін  және  қорғаныш  жібін  алдамшы   түрде  басып  шығарады. [9,7 бет ]

 

1.2 Ақшаның  металдық және номиналдық теориялары

 

Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді. 

Германияда 19ғ. Екінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге  келді.Бұл оның 1-ші метаморфозасы  болды, неміс экономистері (К.Книс) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға  ауыстырылатын банкноттарды да санады.

2-ші метаморфоза бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейін  болды, оның өкілдері алтынмонетарлық  стандартты қалпына келтірудің  мүмкін еместігін мойындап, алтын  монометаллизмнің жаңа кесілген  формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды.Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М.Дебре,Р.Харрод) халықаралық  айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда 20 ғ-дың 70 жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды.АҚШ-та 1981 жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.  17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады.Бұл тоерия ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан.Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген.Олар ақщаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарады.

Ақшаның номиналистік теориясының  негізгі идеялары:

-ақша тамаша есептеу бірлігі, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;

-бірдей бөліктері  бар тамаша масштаб болып табылатын  аталған бірлікте ешқандай ішкі  құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы –оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Информация о работе Ақша реформасы