Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:58, курсовая работа

Описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Ақша теориясының эволюциясы
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні..................................................................3
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары....................................10
1.3 Ақшаның ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері...................................12
ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және оны жоспарлау кезеңдері
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны..............................................15
2.2 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі..........................................21
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны жетілдіру жолдары
3.1. Ұлттық валютаның шығу тарихы..................................................................24
3.2. Ұлттық валютадағы мәселелерді шешу бағыттары.....................................25
Қорытынды...........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Акша реформасы курсовой.doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезеңде теңге тұрактанып келеді, ал оның түрлаулы валюта болуы үшін әлі біраз істерді жүзеге асыру керек.  Атап  айтқанда,  өз  өндірісімізді нығайтып,  шикізат-экспортіык жүйеден біртіндеп жаңа инновациялы өнеркэсіптік салаға көшкен жөн. Ғаламдық нарық кеңестігін адын мұхит десек, валюта — кеме. Біздің де теңгеміз осынау айдында өз бағыт-бағдарын нық ұстап, бағамын арттыра еркін жүзетініне сеніміміз мол деп айтуға болады. Теңге — тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының рәмізі.

Ал 1993  жылы 18 қарашасынан  ұлттық  валюта  ҚР-ның  аумағында  жалғыз  төлем  құралы  болып  табылады. Банктер мен басқа  шаруашылық  субъектілерін  барлық  октивтері  мен пассивтері  теңгеге  қайта  есептелінді. Айналыстан  1961-1992 ж.ж үлгідегі  рубль купюралары  950,6 млрд.сомасына  алынып  тасталды. Ұлттық  валютаны  енгізу  жөніндегі құрамында Премир-министр С.А. Терещенко, қазақстанның Висе-президенті Е. Асанбаев, Үкіметтің 1-ші вице-премьері  Д.Сембаев, Ұлттық  банк  төрағасы  Ғ.Байназаров,  Қаржы министері Е.Дербісов  пен  Экономика  министрі  Б.Ізтілеуов бар Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Комитетін  құрады.  [5,3 бет ]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны жетілдіру жолдары

3.1 Ұлттық валютаның шығу тарихы

КСРО ыдыраған соң  кеңес валютасы-рубль бірінші  кезеңде ТМД-ға кірмейтін елдерді  қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер  аумағында айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге байланысты ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

КСРО ыдыраған соң  ақшаны дезинтеграциялау процесс өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекетерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

КСРО республикаларының  егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер рөлін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 жылы маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан қорғау мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар Украина, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.

1992 жылы шілде айында  Орталық банктердің корреспонденттік  шоттарындағы ақша қаражаттар  көлемінде Ресей мен бұрынғы  кеңес мемлекеттері арасындағы  төлемдерді күнделікті екі жақты  өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді.

1991 жылы Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін Қазақстан  ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге рубль аумағында қала берді. 1992 жылы айналысқа 200,500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.

Сөйтіп Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста  ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж кеңес ақшалары, 1992ж кеңес үлгісіндегі Ресей  Орталық банкінің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі күн  өткен соң айырбас мерзімі 1993 жылдың 1қыркүйегіне дейін ұзартылып  айырбас шегі бір адамға 100 мыңға  дейін ұлғайтылды. Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды  ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

1992 жылдың бірінші   жартысында –ақ Қазақстан Республикасының  жетекшілері ендігі жерде рубльден  күдер үзіп, өз валютасын шығаруға  бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа  ақшаларды шығаруға ағылшынның «Хариссон» фирмасымен шарт жасалды.  Сөйтіп 1993 жылы 1,3,5,10,20,50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгізілді.  КСРО Мемлекеттік банкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

 

3.2 Ұлттық валютадағы мәселелерді шешу бағыттары

 

Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық  үдерістерді тежеу, қалыпты қолма-қол  ақша айналымын ұйымдастыру, елдің  банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету әрқашанда валюта саясатындағы басым бағыттар болды. Республика эконмикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері міндеттері алмасып, кеңейіп құрамында валюта қатынасы да ақша-несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді.[10,231б].

Ақша түсімінің көлемі мен бағыттарына бақылау жасаудан басқа валюталық реттеудің алдына қойған маңызды міндеттердің арасынан теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды капиталдың кемуінің алдын алудың тетігін жасауды, елге валютаның ақшалай түсімінің толық түсуін қамтамасыз етуді және басқа мақсаттарды бөліп алуға болады. Шектеу негізінен капиталдың жылыстауының жолына қойылды.

Валюта әлемі бойынша  негізінен экспортшы кәсіпорныдардың  валюта түсімін міндетті сатуының мөлшерін белгілеу айырбас операцияларын жүргізген кезде жеке тұлғадан 1% алым алынуды енгізу, белгілі эквиваленттегі қолма-қол валюта әлемінің сомасын мағлұмдау түрінде реттеуші сипаттағы уақытша шаралар қолданылады.

Республика әлемдік  экономикаға неғұрлым көбірек біріксе, оның ақша-несие және валюта саясатына сыртқы экономикалық факторлардың әсері соғұрлым күшті болатынын Қазақстан экономикасын он жыл бұрын реформалаудың тәжірибесі көрсетті. Экономикасы шикізатқа бағытталған Қазақстан экспорттық дәстүрлі баптарына әлемдік бағаларының жағдайына күшті тәуелді болады. Экспорттық валюта түсімі өте-мөте тұрақсыз болғандықтан ол төлем балансының және ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың ахуалына тікелей әсер етеді. Валюталық түсімге тәуелділікті жеңу үшін мемлекеттің ақша саясаты ұлттық экономиканы дамытуға бағдарлануға тиіс. Өнеркәсіптің көпшілік саласында өндірістің өсуі байқалып, қаржы көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан осы бағдарламаны жүзеге асыру айтарлықтай уақытты талап етеді. Алайда жеткілікті берік және тұрақты емес өсім қарқынын бекіту қажет.

Қазақстанның экономикасы  әлі де толық ырықтандырылмаған. Шет елдік шығарушылар шығарған бағалы қағаздардың айналымы жеткілікті жетілмегендігі Қазақстанның бағалы қағаздар рыногына арналған заңымен оларға рұқсат етуді қатал нормативтеріне байланысты. Әлемдегі ірі мемлекеттердің биржаларымен салыстырғанда параметрлері қарапайым жалғыз қор биржасы қаржы рыногында өз қызметін жүзеге асырады.[11,214б].

Қазіргі күнде Қазақстанда  капиталдың кетісінен гөрі құйылуы көбірек. Өйткені ақша жиынының әкетілуі мемлекеттің реттеуші органдары қатаң бақылап отыр. Қазақстанның валюта тәртіптемесін толық ырықтандырғаннан кейін елден капиталдың безіну тәуекелділігі болғанмен, алайда ол аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде капиталды алып кеткеннен гөрі салымға салған тиімді. Республика табиғи ресурстарға бай болғандықтан шет ел инвестициялары үшін тартымды аймақ болып қалуға  оның қорлары ұзаққа жетеді. Қазақстанның инфрақұрылымы халықаралық инвестицияларының әлемдік көрсеткіштерімен теңесуі екі талай. Соған қарамастан қазақстандық инвесторлар ТМД шегіндегі келешекті салаларға инвестиция сала алады.

Ғаламдастырудың ықпалымен  ағыны көп дүркін көбейтетін капиталдың ырықтандыру және қайта реттеу жаңа феномен бәрінен бұрын қысқа мерзімді және жоғары өтімділікті тікелей шетел инвестициясының жылдам ағынының ұлттық экономикаға жағымсыз әсерін туғызады. Аяғына тұра қоймаған экономикасы мен қаржы жүйесі бар елге ғаламдастырудың тұрақсыздандырушы әсері ұзақ мерзімді жекеше капиталдың емес, икемді алыпсатарлық трансферттердің жылдам көбеюіне апарады.

Теңгенің тұрақты нақты  бағамен сақталып тұрғанда Ұлттық банктің  ішкі валюта рыногынен шет ел валютасының  артығын сатып алуы ақша жиынының өсуіне апарады. Соның нәтижесінде  егер ақша ұсынысының көбеюі оларға нақты сұраныстың өсуімен өтелмесе, не инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұруда қиындықтар туып Ұлттық банк ақша жиыныны айықтыруға жәрдемдесетін борышқорлық құралдарға қызмет көрсету бойынша залал шегеді. Орташа мерзімді прспективада төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету валюталық реттеу саясатының акцентін капиталдың жылыстауын қатаң әкімшілік бақылаудан мына мәселелерді шешу арқылы валюта қаржыларын тарту мен пайдаланудың тиімділігін жоғарылатудың міндеттерін шешуге ауыстыруға мүмкіндік береді:

  • резидент еместердің бағалы қағаздарға салған сапалы инвестицияларына валюталық бақылау реттемелерін жұмсарту жолымен инвестициялық қоржынды әртараптандыруға жағдай жасау;
  • Қазақстанның өндірістік әлуетін кеңейтетін, жаңа перспективалы рыноктарға енуге жағдай жасайтын инвестициялау обьектілерін бақылауды қажетті деңгейге келтіретін резиденттердің тікелей инвестицияларын ынталандыру;
  • Валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық операцияларға экспорттық-импорттық валюта бақылауын жасаудың тиімділігін жоғарылату;
  • сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырған кездегі шектен тыс әкімшілік бөгеттерді жою.

Қазақстанның монетарлық үкіметі валюта тәртіптемесін ырықтандыру  тұжырымдамасын және оны жүзеге асырудың 2004 жылға дейін әрекет ету бағдарламасын айқындады. Біздің ойымызша осы тұжырымдаманы валюта саясатын ырықтандырудың алғашқы сатысы ретінде қарастыруға болмайды. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асыру болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық  жұмысты  қорыта  келгенде, ақша  дегеніміз –  бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға  айырбастау  арқылы ғана  тауарлар қоғамдақ  еңбектің  нәтижесі  екенін анықтауға болады. Екіншіден, әр  адамның  еңбектегі, яғни  қоғамдық  өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда, ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде  ақшаның  делдалдық етуімен  тауардың  ішкі  қайшылықтары да  шешіледі.

Ақша  реформасы – ұлттық  ақша  бірлігін тұрақтандыруға, елдің  жүйесін  қалыпқа  келтіруге  және  нығайтуға  бағытталған  ақша  айналысында мемлекет  тарапынан  жүзеге  асатын  түрлендірулер.

Жалпы, ақша  реформалары  мынадай  әдістер  көмегімен  жүзеге  асырылады:

  • жаңалау,  яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа  валюта  негізу туралы хабарлау
  • қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру ;
  • деноминация, яғни "нольдерді қысқарту" әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

Ұлттық валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып     табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін  бейнелейді. Ал Теңгенің ҚР Ұлттық Валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады. Осы айтулы күнге орай ,белгілі сәулетші , суретші  дизайнер , ұлттық валюта – теңгені жасаушылардың  бірі  Хайроша Ғабжәлелов баспаға әзірлеп , қазақ  және орыс  тіліндерінде  құрастырған "Теңге " атты көлемді кітабы жарық көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Ақша. Несие. Банктер Алматы,2001

2.Әубәкіров.Экономикалық теория негіздері

3.Б.Жүнісов. Нарықтық экономика негіздері Алматы,1994

4.Е.Жукова. Деньги, кредит, банки.ЮНИТИ 1999

5.В.Крымов.Экономикалық теория  Алматы,2003

6.Б.Көшенова.Ақша, несие, банктер,валюта қатынастары.Алматы,2000

7.Қожаниязов. Қазіргі экономика Тараз,2001

8.Қожамқұлов.Саяси экономия негіздері

9.В.Лексис Кредит и банки Перспектива, 1994

11.Н.Қ.Мамыров,М.Ә.Тілеужанов.Макроэканомика Алматы,2003

11.С:Б:Мақыш Ақша айналысы және несие Алматы,2004

12.С.Б.Мақыш Банк ісі Алматы,2004

13.Мамбетов.Нарықтық экономика негіздері

14.С.Т.Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік есеп  Алматы,2004

15.О.Шеденов,Байжомартов. Жалпы экономикалық теория Алматы,2002

16.Г.Сейткасымова. Деньги,кредит,банки.Алматы, 1999

17.“Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына 10 жыл” энциклопедиясы

 

 

                  

 




Информация о работе Ақша реформасы