Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:46, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың аты – «Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі». Берілген курстық жұмыста мен жалпы қаржы жүйесін, оның экономиканы реттеудегі рөлін қарастырдым, сондай- ақ, экономикалық реттеудің бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасының бюджетін алдым. Әрине, біз мемлекетімізді экономика жағынан қалыптастырардың алдында дүниежүзілік дамыған елдердің тәжірибесімен есептесуіміз қажет деп ойлаймын, сол себептен мен, соңғы бөлімде АҚШ- тың қаржы жүйесінің ерекшеліктерін ашуға тырыстым. Қазақстан Республикасының бюджетіне статусы жағынан пара- пар ретінде, салыстыру мақсатында, АҚШ- тың федералды бюджеті алынды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
Бөлім І. Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы, сфералары мен буындары.........................5
1.2. Қаржы функциялары мен рөлі...........................................................11
. Қаржылық реттеудің қажеттілігі.......................................................14
Бөлім ІІ. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің бір саласы ретінде орталықтандырылған қаржы қорлары және дамыған елдер тәжірибесімен салыстыру
2.1 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі..............................................17
2.2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі..................22
Бөлім ІІІ. АҚШ қаржы жүйесінің ерекшеліктері
АҚШ- тың қаржы жүйесінің құрылымы..............................................24
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................27
Қосымша А
Қосымша Ә

Работа состоит из  1 файл

kurs.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)
fy">                                                                                            Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі

  Қазіргі уақытта бұл проблема ашық болып қала бермек, өйткені ол мемлекетіміз егемендігін алғаннан кейін мемлекеттік бюджеттің тапшылығына байланысты болмақ.

  Біздің қазіргі кездегі экономикамыздың қиын жағдайына байланысты экономикалық процесстерге мемлекеттік құрылымның әсерін ұлғайту қажет. Тұрақтылық үшін бюджеттік тапшылықты жаба алатын шаралар кешені, тұтыну секторы- теңдігінің қайта құрылуы, халық шаруашылығының құрылымы мен пропорциясы нормалдануы керек. Салықтың бюджеттік және пайыздық саясатты жүргізудегі макроэкономикалық ұйымдастырудың рөлі ұлғаюы қажет. Халық шаруашылығының барлық табыстары мен шағындарының теңдігін көрсететін макро жоспарлаудағы процестің қаржылық жағы еркін қаржылық теңдіктің құралуына көзделеді. Еркін қаржылық баланс мемлекеттік қаржылық қорларының қимылдарын, реттеп отыруға мүмкіншілік береді және осы процеске әкімшілік пен нарықтық реттеудің коррективтерін еңгізуге рұқсат береді. Сонымен, бұл өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің  бірінші деңгейінде жүреді, яғни микроэкономикада.Микро деңгейде нарықтың орта құрылатын экономикалық дамудың белгілі жерлерін көрсету дұрыс. Олар аралас кәсіпорындардың нарықтық принціптерін даму орталықтарымен байланыса келеді және олар көпшілік тұтынушылар қолданатын өнім шығарады. Осыған бірінші кезекте әртүрлі прфилдегі ауылшаруашылық кәсіпорындар, тұтынушылық кооперацияның жүйесі кіреді. Бұл- құрылымдық күйзелісті жеңуге арналған шара және осының негізінде экономикалық дамудың қайта құрылуы жатыр. Ұлттық валютаны енгізудің нәтижесінде мемлекеттің қаржылық түзетудің мүмкіншілігі маңызды өзгеруде. Осы процесс ақша айналымын тұрақтандырып, ретке келтіруге, сонымен қатар мемлекет қаржыларының түзетілуі мен нормалануына мүмкіншілік береді.

                                                                                                             

                                                                                                               9-234 тобы Мухамбеткалиева С.М

                                                                                            Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі

      Әрине, ең болмағанда ақшалық, қаржылық және несиелік сферада     оныңкөлемін өзгертпеу үшін   бұл процесс өндірістің құлауының тоқталуына басым болған фактор болып қалады.

Ол үшін республика басқарушысы үлкен саяси  жігерді көрсету қажет, яғни несиелік және қолдағы ақшалық эмиссияны қатал тоқтату, мемлекеттік шығындарды азайту керек. Осы соңғы жағдайға шығындармен бірге мемлекеттік бюджет айтылса, сондай- ақ оған қоса мемлекеттік кәсіпорындар, бюджеттік қаржыландыруда өндірістік емес шығындарды азайту, тиімділік бермейтін құралдарға шығын шығармау жатқызылады. Мемлекеттік кәсіпорындарының шығындарын азайту (нарыққа көшу барысында) кәсіпорынның бір ғана жұмысының көрсеткішін реттеу арқылы жүзеге асады. Олар: өзіндік құн (тиімділік), еңбек ақы (тұтыну қоры), баға (сайлау арқылы). Болашақта экономиканың күйзелісінен шығу шараларында осы шектеулер реттеуден өзіндік реттеуге  ауысуы мүмкін.3

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                            Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі

Бөлім ІІ. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің бір саласы ретінде  орталықтандырылған қаржы қорлары және  дамыған елдер тәжірибесімен салыстыру

2.1 Мемлекеттің қаржы  жүйесінің қызметі.

    Қаржы жүйесінің қызмет атқару механизмдерін зерттеу үшін оның әрбір элементтерін және олардың әрекет ету механизмдерінің біртұтастығын мұқият зерделеу қажет. Демек, біріншіден қаржылық қатынастардың барлық нысандарын және олардың өзара байланыстарын айқындау қажет, екіншіден қаржылық қатынастардың әр бір нысанын өндірістің тиімділігін арттыру және экономикалық қатынастардың жетілдіру жөніндегі рөлдері тұрғысынан зерделеу, үшіншіден қаржылық қатынастарды басқару тәсілдерін жетілдіру, яғни, нарық жағдайында қаржылық қатынастарды пайдалану механизмін жоспарлау, болжамдау, қаржыландыру, бақылау және талдау.4 Осындай талдау негізінде қаржы жүйесінің құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы анықталады. Қаржы жүйесінің құрамындағы қаржылық қатынастардың құрылымы өте күрделі. Олар мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

  1. Мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің арасындағы өндірістік қорларды иемдену, тауар шығару, қызмет көрсету және жаңадан құн жасау кезіндегі қатынастар;
  2. Мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің пайданы, таза табысты және амортизациялық қорды құру, бөлу, пайдалану жөніндегі қатынастары;
  3. Мемлекет пен халықтың, азаматтардың табыстарын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөнінднгі қатынастар;
  4. Мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларын, бюджеттен тыс қорларды құру,

                                                                                            Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі 

  1. бөлу және пайдалану, сондай – ақ зейнетақы  қорлары мен әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар жөніндегі  қатынастар;
  2. Мемлекеттің өндірістік емес бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердің қатынастары;
  3. Қаржылық банктік жүйе институттарының арасындағы қатынастар;
  4. Шаруашылық субъектілерінің өзара қатынастары, сондай – ақ олардың қаржылық ресурстарды бөлу және қайта бөлу, күрделі қаржыландыру салалық резервтерді қалыптастыру жөнінде министрліктермен қатынастары;
  5. Мемлекеттің сыртқы экономикалық ғылыми – техникалық қызмет процестерінде жақын және шалғай елдермен қатынастары.

    Қаржылық  қатынастардың жиынтығы қазіргі  кезде “салықтар” атты экономикалық мәні бар ұғыммен көрсетіледі. Демек, олар қаржылардың құрамдас бөлігі, ал салықтық жүйе қаржы жүйесінің элементі болып табылады.Сонымен, қаржылар тұтас тұрғыда сипатталады. Алайда, осы тұтастық ішінде белгілі бір айырмашылықтарды ұмытпаған жөн. Таур ақша қатынастары жағдайында өндірістік қорлар мен еңбек ресурстары натуралдық және құндылық нысанда болады. Сондықтан өндіріс нәтижесі осы екі форма арқылы өлшенеді. Қаржылық қатынастар ағаш рет мемлекеттік кәсіпорындарға өндірістік қорларды беру кезінде туындайды. Бұл жерде өнімді шығару оның тұтыну құнынан бөлінбеуін жүзеге асыру мақсаты көзделді.

    Қаржылық  механизмнің негізгі элементтеріне  мыналар жатады:

  1. Қаржылық бюджеттік жоспарлау және болжамдау;
  2. Қаржылық ресурстарды тікелей басқару және жан жақты бағдарлау;
  3. Қаржылық ресурстардың құрылуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылау жүргізу;

                                                                                                               9-234 тобы Мухамбеткалиева С.М 

                                                                                           Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі

  1. Қаржылар мен салықтардың, бюджеттің өндіріске және халықтың әл – ауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын анықтау;

    Сонымен қаржы жүйесін экономикалық тұрғыда қарастырайық, оның мынадай элементтерден тұратынын көреміз: негізгі салық жүйесі, бюджет жүйесі, шаруашылық субъектілерігің қаржылары, қаржылық механизм және қаржы, салық органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Енді мемлекеттің қаржылық қызметіне, оның жүзеге асырылу әдістері мен құқтық негіздеріне және нысандарына тоқталайық.Қаржылық қызмет деп өз меншігіне ақша қаражаттарын жұмылдыру арқылы оларды ақшалай қорларға қалыптастыру. Осы қорлардан қаражаттарды қажетті тараптарға бөлу, сондай – ақ ақша қаражаттары қорларын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің өзінің немесе уәкілдік берген мемлекеттік органдардың іс - әрекеттерін айтамыз. Мемлекеттің қаржылық қызметі аясынан ешбір мемлекеттік органдар тыс қала алмайды және бұл қызмет іс жүзінде барлық шаруашылық субъектілерін қамтиды. Материалдық мағынасы бойынша мемлекеттің қаржылық қызметі ақша қаражаттарын жинау және оларды жұмсаупроцесі болып табылады. Қаржылық қызметтің әдістері дегеніміз қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде мемлекет жүзеге асыратын нақты шаралар мен тәсілдер. Ақша қорларының әр түрлі болуына байланысты оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану барысында да әр түрлі әдістер қолданылады. Ақша қорларын қалыптастыру әдістері:

  1. Ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі және қайтарылмайтын түрде алу;
  2. Ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі, бірақ қайтарылатын түрде алу. Мысалы кәсіпорындар мен ұйымдардың балансындағы өз қаражаттарын міндетті түрде банк мекемелерінде сақтаулары;

                                                                                                            

                                                                                                              9-234 тобы Мухамбеткалиева С.М

                                                                                                   Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі 

  1. Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылмайтын түрде жұмылдыру (өз еркімен ақысыз тегін түде). Мысалы азаматтардың және заңды тұлғалардың әр түрлі қорлар арқылы мемлекетке өз ақшаларын берулері, сондай – ақ қайырымдылық көрсетулері;
  2. Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылатын түрде жұмылдыру. Мысалы, бюджет кірістерінің түсім көзі болып есептелетін мемлекеттік заемдар, халықаралық несиелер;
  3. Қор ұстаушының (иесінің) өз комерциялық қызметінен түскен табыстарын пайдалануы. Мысалы, басы артық немесе қолданылмаған жабдықтарды сатудан түскен ақша қаражаттарын кәсіпорын қорына жіберу;
  4. Эмиссия, айналымға жаңадан ақша (немесе бағалы қағаздар) шығару. Мысалы, мемлекеттің шығындарының орнын толтыру (мұқтаждықтарды өтеу) мақсатында айналымға қосымша ақшалар шығару;

    Ақша  қорларын бөлудің негізгі әдістері:

  1. Қаржыландыру, яғни, белгілі бір қордан нақты алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын біржола, тегін беру;
  2. Кредиттеу (несиелеу), яғни, белгілі бір қордан нақты алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен ақылы түрде пайдалануға беру;
  3. Қор ұстаушының (бұл жерде мемлекеттің) өз қаржылық міндеттерін орындауы. Мысалы, ішкі және сыртқы заемдарды өтеу, банктерде сақталған аманат ақша – салымдарды иелеріне қайтару;

    Ақша  қорларын пайдалануды ұйымдастыру  әдістері:

  1. Ақша қорларын пайдаланудың тәртібін белгілеу;

                     Ақша қаражаттарын пайдаланудың лимиттерін және қаржылық               нормативтерін белгілеу;                                                                                                                          

  1.                                                                   9-234 тобы Мухамбеткалиева С.М

                                                                                      Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы жүйесі 

  1. Ақша қаражаттарын пайдалану жоспарларын жүзеге асыру;
  2. Ақша қорларын пайдаланылуына бақылау жүргізу;

        Мемлекеттің қаржылық қызметі нақты құқтық нысандар бойынша жүзеге асырылады. Құқтық нысан дегеніміз ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану кезіндегі мемлекеттік органдардың құқтық нормаларға сәйкестендірілген әрекеттері.

    Мемлекеттік органдар қаржылық қызметті жүзеге асару кезінде өздерінің өкілеттіктерінің көлемінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру, сондай – ақ пайдалануы жөнінде бақылау жүргізу бағытында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін қаржылық-құқтық актілер қабылданады.

      Қаржылық-құқтық актілер мазмұнына  қарай нормативтік және жекелеген  түрлерге бөлінеді.

    Нормативтік қаржылық – құқтық акті жалпы ережелерді құрайды. Негізінен мұндай құжат  ұзақ мерзімге қабылданады.

    Жекеленген  қаржылық – құқтық акті белгілі бір мәселені шешуге әрі нақты тұлғаларға бағытталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі