Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:46, курсовая работа
Курстық жұмыстың аты – «Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі». Берілген курстық жұмыста мен жалпы қаржы жүйесін, оның экономиканы реттеудегі рөлін қарастырдым, сондай- ақ, экономикалық реттеудің бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасының бюджетін алдым. Әрине, біз мемлекетімізді экономика жағынан қалыптастырардың алдында дүниежүзілік дамыған елдердің тәжірибесімен есептесуіміз қажет деп ойлаймын, сол себептен мен, соңғы бөлімде АҚШ- тың қаржы жүйесінің ерекшеліктерін ашуға тырыстым. Қазақстан Республикасының бюджетіне статусы жағынан пара- пар ретінде, салыстыру мақсатында, АҚШ- тың федералды бюджеті алынды.
Кіріспе.....................................................................................................................3
Бөлім І. Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы, сфералары мен буындары.........................5
1.2. Қаржы функциялары мен рөлі...........................................................11
. Қаржылық реттеудің қажеттілігі.......................................................14
Бөлім ІІ. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің бір саласы ретінде орталықтандырылған қаржы қорлары және дамыған елдер тәжірибесімен салыстыру
2.1 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі..............................................17
2.2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі..................22
Бөлім ІІІ. АҚШ қаржы жүйесінің ерекшеліктері
АҚШ- тың қаржы жүйесінің құрылымы..............................................24
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................27
Қосымша А
Қосымша Ә
2.2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің модельдерін оқыту ұстамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл:
Бөлім ІІІ. АҚШ қаржы жүйесінің ерекшеліктері
Қазіргі кездегі мемлекет қаржысының жүйесі төмендегідей көрсеткіштерден тұрады:
Мұндай мемлекеттік қаржыны ұйымдастыру жүйесі орталықтандырудың жоқтығын көрсетеді. Бұл- мемлекетті басқарудың әрбір бөлімшесі (федерация, штаттар, аумақтық органдар) өздігінен өз бюджеттерін қалыптастырады және оны бекітеді, салық саясатын қалыптастырады және жүргізеді, қарыздарды басқарады.
Штаттардың бюджеттері федералды бюджетке кірмейді, яғни одан тәуелсіз, ал аумақтық бюджеттер штаттардың бюджеттерінің қарамағында болмайды.Федералды үкімет қаржы жылын 1- ші қазаннан бастап, келесі жылдың 30- шы қыркүйегінде аяқтайды, ал көпшілік штаттардың қаржы жылы 1- ші шілдеден келесі жылдың 30- шы маусымына дейін созылады. Сонымен қатар, штаттардың жартысынан астамы бюджетті екі жылға қалыптастырады. Аумақтық әкімшілік бірліктердің көпшілігінің қаржы жылы календар жылымен сәйкес болады.АҚШ- тың мемлекеттік қаржы жүйесіндегі басты рөлді федерациялардың қаржы жүйесі мен федералды бюджет атқарады.
Бұл жағдайды бізге соңғы отыз жылда үш деңгейлі бюджеттердің арасында қалыптасқан қаржыларды бөлу және қайта бөлу параметрлері дәлелдейді:
бюджеттің жалпы шығындарының 65%- дай федералды бюджет арқылы өтеді және қалған екі деңгейлердің 2/1 пропорциясы түрінде штаттардың және жергілікті басқару органдарының арасында бөлінетін 35%- дай үлесі өтеді.
Федералды органдар жалпы ұлттық деңгейдегі шығындарды басқарады (әскери қажеттіліктер, халықаралық жұмыстар; ұлттық шаруашылықтың белгілі бір секторларына көмек ретінде бағытталған қаражаттар; федералды мемлекеттік аппаратты қамтамассыз ету үшін; мемлекеттік федералды қарызды басқару үшін және т.б.). Ал штаттар үкіметі мен жергілікті басқару органдарының үлесіне жергілікті шаруашылықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне, әкімшілік аппаратқа бағытталған қаражаттармен байланысты жұмсалған мемлекеттік шығындарының көп бөлігі тиді. Енді табыстарға тоқталатын болсақ, оның негізгі бөлігі салық түсімдері арқылы алынады. Оның бір ерекшелігі, федералды бюджетке түсетін табыстардың көп бөлігі тікелей салықтар, штаттардың табыстары- жанама, ал жергілікті басқару органдарының табыстарының көп бөлігі- меншікке салынатын салықтар арқылы алынады.
АҚШ- та бюджет дотациялар мен шығындар арқылы басқарылады. Ресурстардың қозғалысы бір уақытта төрт каналдар арқылы жүреді: федералды бюджеттерден штаттардың бюджеттеріне және жергілікті бюджеттеріне қарай; штаттардың бюджеттерінен жергілікті бюджеттерге қарай; жергілікті бюджеттердің арасында болады. Штатардың үкіметтері мен жергілікті үкіметтердің өз табыстарының базасында федералды дотацияларға деген тәуелділіктің біртіндеп артуы байқалады. Штаттарға (≈23%) және жергілікті басқару органдарына (≈6%) бағытталған федералды көмек нақты бекітілген, жоспарлы түрде ұйымдасқан нысанда көрінеді. АҚШ- та дотациялар мен субсидиялар бір келкі бөлінбейді. Олар арқылы штаттар деңгейінде 500- дей программалар орындалады.
Мұндай
федералды дотацияларға деген үнемі
артудағы тәуелділік «федералды көмектің»
(штаттар мен жергілікті органдар жалпы
табысының ≈29%- ы) штаттар мен жергілікті
басқару органдарының қаржы саясатын
федерация тұрғысынан тікелей басқару
құралына айналды.
Қорытынды
Жоғарыда айта кеткенімдей, қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтерінің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде- бірі өзінше өмір сүре алмайтандығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, оның функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.
Нарықтың қалыптасуында ақша және қаржы- кредит жүйелері де маңызды рөл атқарады. Мұнда айта кететін жәйт, қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикамыздың сауықтыру бағытындағы, қаржы- кредит жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформаларының біразы іске асып жатыр. Олар – халық шаруашылығында қолданылатын икемді салық жүйесін қалыптастыру, экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу, республикада ақша айналымын тұрақтандырып, оны сауықтыру сияқты көптеген шаралар.
Сонымен қатар, бұл реформалар
мемлекет саласындағы саясат
бағытын өзгертеді. Бұл
Қолданылған
әдебиеттер тізімі: