Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері............................................5
Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.................................................5
Жұмыссыздық түрлері......................................................................9
1.2.1. Уақытша жұмыссыздық...................................................................10
1.2.2. Құрылымдық жұмыссыздық............................................................11
1.2.3. Циклдік жұмыссыздық....................................................................12
1.3. Жұмыссыздық ұзақтыгы және жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне
ықпалы................................................................................................13
2. Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары...................................16
2.1. Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыда белсенді халық................16
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық........................................................17
2.3. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес...............................22
2.4. Жұмыспен қамту...........................................................................24
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер………………

Работа состоит из  1 файл

КУРСАВОЙ Қазіргі жағдайдағы жұмыссыздық.docx

— 68.20 Кб (Скачать документ)

                              2.4 Жұмыспен қамту. 

          Қақақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамтылған халықтын ең азайған кезеңі 1992 — 94 жылы болды — жылына 4%-дан. 1996 — 99 жылы жұмыспен қамтылған халық санының төмендеу қарқыны бәсендеді — жылына 1,8%-дан, ал 2000 жылдан тұрақты артуы байқалды. 2001 — 05 жылы республика экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны жыл сайын 212 мың адамға, яғни 3,2%-ға көбейіп отырды. 2005 жылы экономиканың түрлі салаларында 7,3 млн. адам жұмыспен қамтыл-ды. Бұл 2001 жылғымен салыстырғанда 562,2 мың адамға, яғни 8,4%-ға, ал 2004 жылғымен салыстырғанда тиісінше 79,2 мың адамға, яғни 1,1%-ға көп. 15 жастағы және одан жоғары жастағы халықды жұмыспен қамту 63,8% болды.  Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3,7 млн. адам (51,8%), әйелдер 3,5 млн. адам (48,2%). Олардың жартысынан астамы (4,1 млн. адам) 15 — 39 жастағы адамдар, ал 40 — 49 жастағылар 26% (1,9 млн. адам).

          Олардың арасында 1,8 млн. адамның жоғары білімі бар, бұл олардың санының 25%-ы, орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар 2 млн. адам, яғни 27,2%. Бастауыш кәсіптік білімі бар адамдардың үлесі 12%, орта және негізгі жалпы білімі барлардың үлесі 34,9%.

          Жалданбалы  жұмыскерлердің саны 2005 жылы 4,6 млн. адам болды. Бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 64%-ы. Мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдарда істейтін жалданбалы жұмыскерлердің негізгі үлесі 81% (3,8 млн. адам), ал жеке тұлғаларда icтейтіндердің үлесі 12,1% (0,6 млн. адам), шаруа (фермер) қожалықтарында 6,9% (0,3 млн. адам).

          Жұмыспен  қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2005 жылы 2,6 млн. адам (36%) болды. Бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 91,5 мың адамға (3,4%-ға) аз. Олардың көбісі  ауыл шаруашылында, сондай-ақ бөлшек сауда аясында, халыққа көлік, білім беру, медециналық қызмет көрсету жөнінде дербес қызметпен айналысты.

            Соңғы жылдары халықтың экономикалық қызмет түрлеріне қарай жұмыспен қамтылуы: мейманхана-мейрамхана бизнесінде ic-тейтіндердің саны 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 160,3%-ға, құрылыста 157,4%-ға, қаржы саласында 144,9%-ға, білім беруде 119,6%-ға, мемлекеттік басқаруда 117,8%-ға, ал денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызмет көрсетуде 114,3%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде 110,7%-ға көбейді. Құрылыста 2005 жылы 0,4 млн. адам (5,7%), өнеркәсіп орын-дарында 0,9 млн. адам (12,3%) еңбек етті, бұл орайда өндеуші өнеркәсіп ұйымдарындағы жалданбалы жұмыскерлердің саны айтарлықтай көбейді.  Аграрлық секторда 2,4 млн. адам жұмыс істеді. (332,4%). Жұмыспен қамтылған халықтың жартысынан астамы (3,6 млн. адам) халыққа түрлі қызметтер көрсетумен айналысты.

          Бұл орайда саудамен, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды жөндеу жұмыстарымен қамтылған халықтың 28,8%-ы айналысты, білім беру аясында 19,1%, көлік пен байланыста 14,7%, мемлекеттік басқаруда және денсаулық сақтауда 9,1%-дан Экономикадағы нарықгық өзгеріcтерге, орта және шағын бизнестің тұрақты дамуына байланысты жеке меншік кәсіпорындарда істейтіндердің үлеci көбейіп келеді.

          Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75%-ы жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғаларда, қалған 25%-ы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде еңбек етеді. Еңбек ететін халықтың басым бөлігі орта және ipi кәсіпорындарға шоғырланған. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                 Қорытынды. 

      Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі  түсіндіреді.

      Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі  туралы барынша айқын көрсете  білуде. Осы теорияны жақтаушылар  жұмыссыздық себебін мемлекеттің  ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде  екіндігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс  процесін реттеуге болады. Олардың  ойынша, түзу инфиляция өндірісті  ынталандырады және жұмыссыздықты  басады.

      Нарықтық  экономикадағы елде құрылымдық және уақытша жұмыссыздық болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5-7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы кезінде толық  жұмыспен қамтамасыз етілу бұзылады.

    Жұмыссыздықтың  көрсеткіштері:

    • Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы.
    • Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуы.

      Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс  істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық  деңгейі – бұл жұмыс күшінің  жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.

      Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде).

      Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

                                    ЖС     

                      ЖД = ________    .  100, 

                                 ЖК 

      мүндағы -   ЖД – жұмыссыздық деңгейі;

                    ЖС – жұмыссыздыр саны;

                    ЖК – жұмыс күшінің саны.

      Экономикалық  әдебиеттерде кез келген қоғамдағы  жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, технологиялық жұмыссыздық, циклдық жұмыссыздық болып ажыратылады.

      Өнеркәсібі  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары  олардың жекелеген түрлерін тудыратын  нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының  жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер  барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен  екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын  жатқызады, алдыменен циклдік жұмыссыздықты  айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен  байланысты емес. Фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін»  жаткызамыз.

      ҚР  Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген  қатаң монетарлық саясат табиғи нәтижеге – жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфиляцияны  ауыздықтауға әкелді. ҚР-дағы жұмыссыздық  жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрінді:

      1) кезеңдік жұмыссыздық елдегі  экономикалық дағдарыстың нәтижесі  ретінде болды;

      2) уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді  іздеген елдің басқа елдерге  жаппай көшуінің нәтижесінде  болды.

      3) құрылымды жұмыссыздық сыртқы  әлемнен экономиканың көп жыл  жабық болуының және нарықтық  қатыныстарға қазіргі жағдайда  көшу қажеттігінің нәтижесінде  болды. 

      Осы нысандармен қатар жұмыссыздықтың негізгі пайызын көрінбейтін  жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден, көп кәсіпорындар толық емес жұмыс  күні тәртібінде жұмыс істеп және өндіріс көлемін қысқарта отырып, жұмыскерлкрін төлемсіз демалысқа  жіберуге мәжбүр, екіншіден, адамдар  олардың ұйымдастыру жұмыстары  жетілмегендіктен, еңбңек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып алуды  жөн көреді.

      Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

  • кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
  • шағын және орта бизнесті дамытуға;
  • еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
  • шарттар мен контрактар және бюджеттік сатып алулар кезіде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
  • қоғамдық жұмыстарды ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;
  • жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастауға;
  • қызмет көрсету саласын және әcipece туризмді белсенді дамытуға негізделеді.

          Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау саясаты "әлеуметтік топтардың мұқтаждарына" емес, "жұмыссыздарды  жұмыс істейтіндерді "ортақ қазанына" кіру үшін дайындауған шоғырландырылады. Жыл сайын кемінде 23 мың жұмыссыз кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.

            Еңбек нарығы талаптарының үздіксіз  өзгеруіне ден қоятын икемді  еңбек ресурстарын дамыту жүйесін  құру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушілердің мүдделілігі мен жауапкершілігін арттыру және қазақстандық кәсіпорындарды OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттарына жеделдете көшіруге жәрдемдесу, әлеуметтік диалогтың рөлін күшейту және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын шарттық реттеу жүйесін дамытуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірленеді. Жұмыс күшінің сапалы әлеуетін арттыру мақсатында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтары бойынша ұлттық кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру жүйесі дамиды, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлеріне  еңбекақы төлеу жүйесі жетілдірілетін болады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                             Пайдаланылған әдебиеттер. 

1. Қазақстан  – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2005. – 136 б.

2. Қазақстан  республикасының 2015 жылға дейінгі  аумақтық даму стратегиясы туралы.

3. Қазақстан  республикасының ғылымын дамытудың  2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы.

4. Қазақстан.  Ұлттық энциклопедия / Бас ред.  Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»  Бас редакциясы, 2007. – 704 бет.

5. Қазақстан.  Ұлттық энциклопедия / Бас ред.  Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»  Бас редакциясы, 2007. – 720 бет.

6. Егемен  Қазақстан. – 2010. – 22 қыркүйек. – 1 б.

7. «Жалпы  экономикалық теория». Оқулық / Жалпы  редакциясын басқарған Ө. Шеденов.  – Ақтөбе: «А - Полиграфия», 2004. –  455 бет.

8. Мамыров  Н.Қ., Тілеужанова М.Э. Макроэкономика: оқулық. – Алматы: Экононмика, 2003. –  432 бет.

9. Темирбекова  А.Б. Экономикалық теория: Оқу  құралы. – Алматы: «экономика», 2008. –  276 бет.

10. Сұлтанов  Қуаныш Қазақтың жаңа дәуірі (публицистикалық  саясатнамалық мақалар, естеліктер) – Астана: «Елорда», 2010. – 224 бет.

11. Саясат. – 2004. - № 12. – 59 бет.

12. Саясат. – 2005. - № 4. – 77 бет.

13. Саясат. – 2005. - № 9. – 65 бет.

14. Саясат. – 2006. - № 1. – 3 бет.

15. Саясат. – 2010. - № 4. – 21 бет.

16. Саясат. – 2009. - № 6-7. – 24 бет.

17. Саясат. – 2010. - № 4. – 21 бет.

18. Саясат. – 2010. - № 6. – 61 бет.

19. Саясат. – 2010. - № 8. – 72 бет.

20. Қаржы-қаражат.  – 2006. - № 3-4. – 47 бет.

21. Қаржы-қаражат.  – 2007. - № 5. – 84 бет.

22. Қаржы-қаражат.  – 2008. - № 32-3. – 21 бет.

23. Қаржы-қаражат.  – 2008. - № 4. – 66 бет.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары