Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 17:16, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................................................3
I Бизнес жоспар түсінігінің әдiстемелiк негiздерi.......................................5
1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5
1.2.Бизнес жоспардың негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы
1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20
2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23
Қорытынды.................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29
Қосымша.....................................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

экономика.docx

— 54.36 Кб (Скачать документ)

-         жабдықтаушылармен, тұтынушылармен банкпен бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері;

Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам  экономикасының  негізін құрайды, себебі мұнда материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.

Кез-келген шаруашылық субьектілері қаржысыз өмір сүре алмайды. Қазіргі заманғы несие мекемелерінің жұмыс тиімділігі болашақта табылар пайда мен ұрынатын шығынды мүмкіндігінше дәл болжаумен тығыз байланысты. Бүгінгі банк рыногы қайсыбір несие мекемелері ұсынатын банк өнімдері ғана емес, сондай-ақ сол өнімдерді өткізу жоспарлары болуы қажет. Өйткені, жоспарлау элементтері кез-келген ұйымның қызметін тән белгілердің бірі болып табылады. Бұл пікір ағымдағы жоспарлауға ғана емес, перспективалық жоспарлауға да қатысты, кәсіпорын қызметінің табысты болуы жоспардың сапасына тәуелді болады.             

 Тоталитарлық шаруашылық  билігін бастан кешірген елдердің  бәрінде дерлік жоспарлауға деген жағымсыз көзқарастың үстем болғаны шындық. Қазіргі таңда қаржылық жоспарсыз кәсіпорындардың ішкі тіршілігін қажетті арнаға түсіріп отыру қиынға соғады. Жұмыстың түрлі бағыттарын қатар алып жүргенде қайсыбірінің ақсауы ықтимал, істелетін істің барысын бақылап отыру мүмкіндігі кемиді.             

 Кәсіпорын жұмысының  тиімділігін басқарудың бірден-бір ұтымды құралы-стратегиялық жоспарлау кәсіпорын қызметін стратегиялық басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұзақ мерзімге бағытталған мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу жолдары көрсетілетін ағымдағы қызмет қаржылық жоспарларын жасау оның негізгі міндетіне жатады. Әдетте шаруашылық субьектілердің стратегиялық жоспарында мыналар көрініс табады:

-бастапқы жағдай және  кәсіпорын жұмыс істейтін ортаға баға беру;

-қаржының бөлінуіне әсер ететін рыноктың басымдықтары;

-кәсіпорындардың күші сондай-ақ әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен тосын қауіптерді бағамдау;

-рыноктық мүмкіндіктерді  жүзеге асыру мақсатында стратегияға  өзгерістер енгізіп отыру;

-стратегиялық іс-әрекеттер уақытын таңдап алу;

-күтіліп отырған нәтижелер.              

 Ұзақ мерзімді мақсаттарды  белгілеп, инвестициялау басымдықтарын  анықтау отырып, кәсіпорын іс-қимыл стратегиясын түзуді жүзеге асырады, оны орындауға қажет қаржы мөлшерін айқындау мұнымен бір мезгілде жүргізіледі. Стратегияны дамыта ұштай түсу үшін ағымдағы жоспарлар жасалады, олар ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға дер кезінде бейімделу мақсатын көздейді. Сөйтіп, кәсіпорын қызметінің кез-келген түрінде ойға алынып отырған стратегиялық нысаналарға қажетті алғышарт жасалады.

 

 

 

 

 

Работа  содержит 1 файл

Скачать  Открыть  

Бизнес  жоспар.doc  

—  187.50 Кб             

 Қаржылық жоспарлаудағы  атқарымдардың бірі болып табылатын стратегиялық жоспарлау процесі кәсіпорын міндетін белгілеуден басталады. Жоспарлаудың бұл процесі ұйымның миссиясын таңдаумен сәйкес келеді, маркетингтік қызмет те осыдан бастау алады.             

 Қазіргі қалыптасқан  жағдайға сәйкес Қазақстанның  көптеген кәсіпорындары стратегиялық  жоспарлаумен көп айналыспайды.

Кәсіпорындардың миссиясын таңдау-стратегиялық жоспарлаудың өте жауапты кезеңі болып табылады. Кәсіпорындардың миссиясын белгілеу барысында клиенттерді және олардың сұраныстарын анықтау мәселелері туындайды. Тұтынушылардың ұтымды таңдап алынған сұраныстарын саналы түрде қанағаттандыру ғана кәсіпорындардың күткен нәтижелерге жетуіне жәрдемдеседі.             

 Қаржылық жоспарлау  кәсіпорын мүмкіндігін байыпты  бағалауға, оның балансын нарықтық  сұранымдармен қамтамасыз етуге,  кәсіпорындардың тиянақталған даму  бағдарламасы мен рыноктағы іс-қимылын түзуге, байсалды басқару шешімдерін қабылдауға қажет негіз туғызуға мүмкіндік береді.              

 Кәсіпорын жұмыс істейтін  сыртқы жағдаяттар өрісі кең әрі мемлекеттік шаруашылық саясатының бағытымен, экономиканы басқару және реттеу шараларымен айқындалады.             

 Кәсіпорын қызметінің  ішкі жағдаяттарын талдау оның қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға, ұсынылатын қызмет түрлерін байыптауға, кәсіпорындардың рыноктағы стратегиялық әрекетін, жоспарлау жағдайын, техникалық жарақтандыру деңгейін, қызметкерлердің біліктілігін бағамдауға, ақпаратпен қамтылуын, қызмет сапасын зерттеуге, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын сараптауға негізделеді.

 
              

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау

2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері

Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы» ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамы көрсетілетін қызметтердің сапасын өзін дамыту негізі және Компанияға Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу жөніндегі алдына қойылған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде қарастырады.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы сапа менеджменті жүйесін енгізуді Компания қызметінің аса маңызды стратегиялық бағыты деп санайды. Мұндай жүйені құрудың нәтижесі инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін Сарыарқа макроөңірінде қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру болуы тиіс.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы Компанияның сапа саласындағы  саясаты Компанияның Миссиясынан, Мақсаттарынан және Стратегиясынан туындайтын қағидаттар мен құндылықтарды білдіру болып табылатындығын мәлімдейді.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін өзіне мынадай міндеттемелерді алады:    

* экономиканың бәсекеге  қабілеттілігінің сапалы жаңа  деңгейіне қол жеткізу үшін  мемлекеттік және жеке секторларды  шоғырландыру жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу;   

* кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құруға ықпал ету;   

* өңірлерді әлеуметтік  жағынан дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;   

* Компанияның мемлекеттік,  республикалық және салалық бағдарламаларға  нәтижелі қатысуын қамтамасыз  ету;   

* Сарыарқа өңірінде жетекші көп бейінді холдинг болуы, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, Компанияның клиенттерімен әріптестік қарым-қатынастарды үнемі дамытуға ықпал ету;   

* өңірлік даму институттарының арасында алдыңғы қатардан орын алу;   

* берілетін мемлекеттік  активтерді тиімді пайдалануды  қамтамасыз ету;   

* Компанияның кәсіпорындарында қазіргі заманғы технологияларды, прогрессивтік технологиялық процестерді енгізу үшін жағдайлар жасау;   

* ISO 9001:2000 халықаралық стандартына  сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау, оның тиімділігін, нәтижелілігін және тұрақты жақсаруын қамтамасыз ету;   

* Жүйелі және процестік  тәсіл негізінде Қоғамның қызметін жетілдіру; бизнес-процестерге үнемі мониторинг жасауды және оларды жетілдіруді жүзеге асыру;   

* Компанияның тиімді  қызметін және персоналды тарту  мен оның сақталуын қамтамасыз  ету үшін Компания қызметкерлерінің  еңбегін, оларды үнемі оқытуды уәждеу және ынталандыру жүйесін үздіксіз дамыту    

* Компания қызметкерлерінің  іскерлік мәдениеттің, атқару  мен еңбек тәртібінің жоғары  деңгейіне қол жеткізуі үшін жағдай жасау;    

* Сапа саласындағы саясатты  Компанияның әрбір қызметкерінің назарына жеткізу және Компанияның персоналын сапа менеджменті жүйесінің процестерін басқаруға толығымен тартуды қамтамасыз ету.

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы» ұлттық компаниясы»  АҚ Ақмола, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының аумағындағы бизнес-жобаларға инвестициялардың І кезегі туралы хабарлайды

Бірлесіп қаржыландыру схемасы

«Сарыарқа» ӘКК               60 млн. теңгеден 600 млн. теңгеге дейін (бірақ 49% көп емес)

Кәсіпкер               51% және одан да көбірек

Жобалардың салалары

Ақмола облысы               Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, туризм және демалыс;

Қарағанды облысы               Металлургия и металл өңдеу, құрылыс индустриясы, энергетика, көліктік-логистикалық орталық (КЛО);

Астана қаласы                         Құрылыс индустриясы, көгөніс сақтау қоймалары, КЛО

Жобалардың сатысы                          Жобаның кез келген сатысында

Әріптестік қағидаттары                Жобаға қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығы. Жобаны иеленудегі және оны басқарудағы басымдық кәсіпкерге беріледі

Қаржылық емес ресурстар

«Сарыарка» ӘКК                                     Ұйымдық – заңдық сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою

Кәсіпкердің                                                 Жобаға бастамашылық жасау, бизнесті басқару

ӘКК-нің қосымша мүмкіндіктері         Жобаға жер, мүлік, жоғарыда аталған өңірлердің пайдалы қазбалары арқылы қатысу             

 Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы» Ұлттық компаниясы»  АҚ 2007 жылы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен пилоттық жоба ретінде құрылған болатын.

Миссиясы - мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу.     

 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР    

* Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;   

* Мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;   

* Инвестицияларды тарту  мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;   

* Шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;   

* Өңірлердің әлеуметтік  проблемаларын шешуге пайданы  бағыттау.     

 Қазіргі уақытта «Сарыарқа»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  мынадай бағыттар бойынша жұмыс  істейтін 22 компанияны қамтиды:   

* отынның баламалы түрлерін  өндіру;   

* өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді және инженерлік желілерді жобалау;   

* автоматтандыру құралдарын  әзірлеу, шығару және реттеу;   

* лифтілерді жөндеу және  құрастыру;   

* сәулет-жобалау жұмыстары;    

* жер қойнауын тиімді  пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер  жүргізу;   

* дәрі-дәрмек заттарын жасау және бөлшек саудаға шығару;   

* ауыл шаруашылық өнімдерін  сақтау және сату;   

* көмірді, темірді, мысты және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру;   

* құрылыс;   

* қатқыл тұрмыстық қалдықтарды  қайта өңдеу және кәдеге асыру;    

* көлік және логистика. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

2.2.Стратегиялық жоспарлаудың  ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы              

 Бірлесіп қаржыландыру схемасы

«Сарыарқа» ӘКК               60 млн. теңгеден 600 млн. теңгеге дейін (бірақ 49% көп емес)

Жобалардың салалары

Ақмола облысы               Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, туризм және демалыс;

Қарағанды облысы               Металлургия и металл өңдеу, құрылыс индустриясы, энергетика, көліктік-логистикалық орталық (КЛО);

Астана қаласы                         Құрылыс индустриясы, көкөніс сақтау қоймалары,

Жобалардың сатысы                          Жобаның кез келген сатысында

Әріптестік қағидаттары                Жобаға қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығы. Жобаны иеленудегі және оны басқарудағы басымдық кәсіпкерге беріледі

Корпорацияның қаржылық жағдайы 2009 жылы мемлекеттік бюджет шығындары  құрылымында жалақы үлесі-5,8%-ды, қызмет көрсетулерді алу-10,4%-ды құрады. Өз кезегінде  мемлекеттік бюджет шығындарының 26,8% аймақтық трансферттер, күрделі шығындар 21,6%-ды құраған. 2007 жылы мемлекеттік  бюджеттен 369,0 млрд теңге сомасында қаржылық активтерді алуға қаржы бөлінді және ол 2006 жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты. Осы ретте қаржының елеулі көлемі «Сарыарқа» корпорациясының жарғылық капиталын арттыруға бағытталған.

Қазіргі кезде корпоративті сыртқы қарыздарды басқару жөніндегі  жұмыстар әлсіз атқарылуда. Корпоративті қарыздың өсуі Қазақстанның халықаралық  инвестициялық позициясын әлсіретеді және трансшекаралық сипаттағы тәуекелдерді арттырады. Шикізаттық тауарлардың жоғарғы әлемдік бағалары төмендеуі мүмкін екендігін ұмытпаған жөн, ол теңгенің нығаю тенденциясының тоқтауына алып келеді, ал әдетте қарыз алынатын құбылмалы пайыздың ставкалары өсуі мүмкін және ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың сыртқы қарызына қызмет көрсетулеріне ықпал ете алады.

Өз кезегінде шикізаттық тауарлардың экспорты негізінен  шетелдіктер қатысқан кәсіпорындармен  жүзеге асырылады, сондықтан экспортық  кірістердің өсуімен тікелей шетелдік инвесторларға дивиденттер көлемі елеулі артты.

Информация о работе Бизнес жоспар