Еңбек нарығы және жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 08:08, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------4
I. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары---------6
1.1. Жүмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнстің, К. Маркстің)--------------6
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері-------------------------------9
II. Еңбек нарығы------------------------------------------------------------------------12
2.1. Жүмыспен қамту және еңбек нарығы--------------------------------------------12
2.2. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері----------------------------21
III. Жүмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары------24
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі—----------24
3.2. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы, Президенттің жолдауындағы жүмыспен камту мәселелері-----------------------------------------25
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------27
Қолданылған әдебиеттер--------------------

Работа состоит из  1 файл

Еңбек нарығы және жұмыссыздық.doc

— 385.50 Кб (Скачать документ)

     Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ - та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда - жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; 18

Францияда - 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем - ақіпа; Ұлыбританияда - 52 апта бойына 28,58 фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

     Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын (отанын қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын кысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орьндарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.

     Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толык өз мойынына алады.

     Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын кала

шеңберіндегі   бос   жұмыс   орны   туралы   да   білмеуі    мүмкін.   Ал   басқа аймақтардағы жұмыс  орны туралы одан да аз біледі.

     Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе - теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

3

еңбектің саны

Сурет № 2. Жекеленген еңбек нарығы.

     2 - ші суретте еңбекке сұраным  мен ұсыным және жалақының  тепе -теңдік деңгейінің графигі  көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы 88 және ДД қисык сызықтарының жылжуына және жалақының тепе - теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (ЛҮ/Р).

     Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша  айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда

жалақының   өсуі   орын   алады.   Еңбекті   ұсыну   мынадай   факторлармен анықталады:

-    халықтың  мөлшерімен;

-    тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;

-    жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс   сағатының орташа санымен;

-    жұмсалатын     еңбектің     саны     және     сапасымен,     жұмысшының мамандық деңгейімен / квалификациясымен /.

     Жалақының тепе теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты  тенденциясы болады. Тепе - теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыкка әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.

     Барлық  экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды. 21

      2.2. Еңбек биржасы және оныц атқаратын қызметтері

     Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын-дардың жұмыспен қамту қызметі айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.

     Мемлекет  кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

     Адам факторының ықпалы кәсіпорын жұмысының икемділігін арттырудағы негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту; кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және ағлақтық бағалылығын жетілдіру.

     Еңбек рыногы бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,   жұмыссыздықтың   сала       бойынша,   кәсіби         биліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің кұрылымын байқатады.

     Қазақстан Республикасында осы уақытқа  дейін еңбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек рыногы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жуйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рьнок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.

     Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етелді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал - жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс құрал - жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен -сатып алу - сату жолы арқылы жүзеге асады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III. Жұмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары

3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі

     Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жумыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2001 жылы орташа табыс деңгейі 34024 теңге болған және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2000 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.

     Жалпы 2000 - 2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте - 20712 мың адамға, ауыл шаруашылығында - 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында - 68 мыңға, құрылыста - 747 мыңға өскен.

     Сонымен, жұмыссыздық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

     Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді. 

3.2. Қазақстан - 2030 стратегиялык  бағдарламасы, Президенттің  Жолдауындағы жұмыспен  қамту мәселелері

     Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен катар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстарғанда күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.

     Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  заңнаманы жетілдіре береміз, Еңбек  кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды  ынталандыруды көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастырамыз.

18 ақпан күні 2005 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында былай деп  айтты:

«Біз алдымызға  анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәріпен де бурып балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір суруіді қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.

     Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бүл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамыздың да мүшелді мерекесі».

     Ал, жұмыссыздық жөніндегі динамикаға тоқталатын болсақ, соңғы жылдары республиканың көптеген аймақтарында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың қорытындысы бойынша 9,4 пайыз төмендеді. Қызылорда облысындағы аталмыш көрсеткіш осыған сәйкес 10,8 пайыз, Жамбыл обылысында - 10,7 пайыз - ды құрады.

     2003 жылғы жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Шығыс Қазақстан (7,6 пайыз) және Қарағанды (7,6 пайыз) облыстарында байқалды.

     Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартудың ең жоғары көрсеткіші Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Оқуға тартылған  жұмыссыздардың ең көп саны Қарағанды (4,8 мың адам), Алматы (4,0 мың адам), ІПығыс Қазақстан (2,5 мың адам), ал ең азы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.   
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Жұмыс күші - адамның табиғи және ой кабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады.

     Еңбек нарығында барынша қабілетті  және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол енбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады.

Информация о работе Еңбек нарығы және жұмыссыздық