Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:59, реферат
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.
Салықтардың ішіндегі ең негізгілерінің қатарына табыс салығы жатады.Табыс салығы - дегеніміз табыс табу мақсатында қызмет ететін ұйымдардың жалпы табыстарынан өздерінің шығындарын алып тастағаннан кейінгі қалған табыстарына салынатын салық. Оның қазіргі ставкасы 20%.
КІРІСПЕ 3
1 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Салықтың экономикалық мәні 5
Қазақстан Республикасының салық жүйесі 6
2 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
2.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері 10
2.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы 14
2.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі 17
3 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
3.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар» 21
3.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
Қазақстанның республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республиканың аумағында тiркелген коммерциялық емес ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен филиалдар.
Осы заңның салық бөлімінің қолданылу аясына келетін болсақ,субъект салық операцияларның қазіргі және алдағы нәтижелерін және басқада жағдайларды қаржылық есепте есепке алады.Ағымдағы салық мiндеттемелерi және активтер ағымдағы салықтың қатынасында анықталады және де ағымдағы салықты төлеу немесе орнын толтыруды анықтайды.
Кейінге қалдырылған салық мiндеттемелерi және кейінге қалдырылған салық активтерi субъектінің баланстық құнында келешектегі өтеулер немесе орнын толтырулар бойынша танылады,оларға әр түрлі жағдайларда қолданылмаған салықтық шығындар мен несиелер жатпайды.
Салық базасы
Активтің немесе міндеттемелердің салық базасы – бұл,егерде баланс салықтық заңдар мен есепке алудың негіздері бойынша жүзеге асырылған жағдайда танылатын шама.
Мысал:Станок бағасы 100 бірлік. Амортизациялық
салықтық өндірулер бойынша ағымдағы
және алдағы кезеңге 30 бірлік есептеліп
қойылған,
ал қалған құн алдағы уақытта амортизация
немесе есептен шығару бойынша есептеледі.Станокты
қолдану барысында түсетін пайдаға салық
салынады, станокты қатардан шығару барысында
түсетін барлық табысқа салық салынады,ал
қатардан шығару барысында шығатын шығындардың
бәрі салықты өндіруге кеткен шығын болып
есептеледі.Салықтық база:70 бірлік.
Уақытша айырмашылықтар
– салық базасындағы актив немесе міндеттемелер
арасындағы және баланстық құн айырмашылығы,
салық салынатын немесе активтiң баланстық
құнын шығарғанда немесе мiндеттеменiң
баланстық құнын жапқанда шегеруге жататын
сомалардың пайда болуына алып келедi.
Уақытша айырмашылықтардың салық салынатын немесе алынып тасталынатын түрлері болуы мүмкін:
Салық салынатын уақытша айырмашылықтар – алдағы уақыттағы салық салынатын табысты анықтау кезінде анықталатын салық салынатын сома.Бұл кезде активтің баланыстық құны шығарылады немесе міндеттемелердің баланстық құны жабылады;
Алынып тасталынатын уақытша айырмашылықтар - алдағы уақыттағы салық салынатын табысты анықтау кезінде анықталатын шегеруге жататын сома. Бұл кезде активтің баланыстық құны шығарылады немесе міндеттемелердің баланстық құны жабылады.
Мысалы: Уақытша айырмашылықтар нәтижесінде кейінге қалдырылған салықтық активтер пайда болады,егерде:
Қаржылық есеп беру шығындары уақыт өте келе салықтық шегерме шығындарына жатса. Оған мысал: қызметкерлердің жұмыс жасап жүрген уақытында олардың зейнетақысына және басқада сыйақыларына бөлінген шығындар тек уақыт өте келе төлемдерді төлеу барысында салықтық шегермеге төлеу шығындарына жатады.
Активтер мен міндеттемелерді бастапқы мойындау
Субъект бизнесті біріктіру немесе басқада жағдайларда алынған активтер мен міндеттемелерді алғашқы мойындау барысында ҰҚЕС №2 Стандартының 542 және 543 бөлімдерінде көрсетілген қағидаларды қолдануы керек. Алғашқы мойындау кезіндегі активтер мен міндеттемелердің баланстық құны,кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелердің мойындалған құнына әсер етеді.
Активтің немесе міндеттемелердің баланстық құны сәйкесінше алғашқы мойындалған әділ құнына тең болады. Кәсiпкерлiктi бiрiктiруден тыс, субъект кейінге қалдырылған салықтың сальдолық түзетулерін кез – келген айырмашылықты мойындауы керек:
1) актив немесе мiндеттеменiң баланстық құны және кейінге қалдырылған салықтың пайда болатын сальдосы;
2)төленген немесе алынған сома.
Болашақта кейінге
қалдырылған салық активтерi және кейінге
қалдырылған салық мiндеттемелерiне
байланысты қаржылардың ағындары пайда
болатындығымен, субъект ақшаның уақытша
құнның шағылысуы үшiн оларды дисконттамауы
керек.
Әртүрлi деңгейлердегі салық салынатын пайдаларға әртүрлi салық ставкалары қолданылады.Субъект қолданыстағы салықтық ставканы қолдана отырып салық бойынша кейінге қалдырылған шығындарды және сәйкесінше салық бойынша кейінге қалдырылған міндеттемелерді анықтайды. Уақытша айырмашылықтардың қайтуын күтетiн мерзiмде салық салынатын пайдаларға қолданылады.
Дивидендтерге салық ұстап
қалу
Ұйым өз акционерлерiне дивидендт төлеген кезде, акционерлердің атынан салық органдарына осы дивидендтердiң бөлiгiнiң төлеуi туралы талап көрсетуі мүмкін. Салық органдарына төленетін мұндай сома дивидендтердiң бiр бөлiгi ретінде капиталда тiкелей танылады.
Субъект салық бойынша
шығындардың негізгі құрамдас бөліктерін
жеке – жеке көрсетеді.Салықтың мұндай
құрамдас бөліктеріне:
1) ағымдағы салықтық шығындар;
2) ағымдағы салық бойынша танылған алдыңғы мерзiмге кез - келген түзетулер ;
3)Уақытша айырмашылықты қайта ұсынумен байланысты кейінге қалдырылған салықтық төлемдер мөлшері;
4)салықтық ставкалардың өзгеруіне байланысты
немесе жаңа салықтар енгізуге байланысты
кейінге қалдарылған салықтық төлем
шығындары;
5)құнсыздану барысында немесе кейінге
қалдырылған салықтық салықтық төлемдер
мөлшері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Салықтық жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды элементі. Ол мемлекеттің шаруашылық дамуына, әлеуметтік және экономикалық дамуды анықтау қасиеттеріне әсер ететін маңызды құрал болып табылады. Салықтың мемелекетте болып жатқан кез – келген экономикалық шараларға өзінің септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, Қазақстанның салықтық жүйесі жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделуі, әлемдік тәжірибеге сәйкес келуі қажет.
Мемлекеттік құрылымнан тыс, жаңа салықтық жүйеде Қазақстанда
алдыңғы жылдарға қарағанда мәселесіндегі басқару деңгейлеріне сәйкес құқықтар мен жауапкершіліктер анық шектелген. Заңдылықпен қарастырылған қызмет ететін республикалық салықтар мен алымдарды енгізу әртүрлі жергілікті бюджеттерге арналған табыстар түрлерін толық білуге мүмкіндік берді.
Осы курстық жұмысты қортындылайтын болсақ, жалпы салық және де осы салықтың негізгі бір түрі болып табылатын корпоративтік табыс салығын есептеудің жодары мен тәсілдерін жете меңгердік деуімізге болады. Бұл есептеулердің барлығыда әлемдік тәжіребиеде бірнеше жылдар бойы қолданылып келе жатқан Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қаржылық Есептілігінің Стандарттары және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, сондай басқада заң актілерінде белгіленген нормалар бойынша жүргізіледі. Олар қатып қалған ережелер бойынша емес сол кезде болып жатқан экономикалық жағдайларға байланыс иілгіш қағидалар бойынша қолданылады.Бұл есеп жүргізуші тұлғаға кәсіпорын немесе ұйым қаржысын есептеуде бірнеше тұрғыдан жеңілдіктер береді. Бұл шаралардың барлығыда есеп беруді барынша жеңілдетуді көздейді.
Қазіргі бүкіл әлемдік нарықтық экономика жағдайында қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізудің екі нысаны қарастырылған. Олар:
1)Жалпыға ортақ бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістері – бұл әдіс бойынша ұйым жыл соңында Жылдық жиынтық табыс есебін береді ;
2)Оңайлатылған бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістері - бұл әдіс бойынша ұйым әр тоқсан соңында есеп беріп тұруға міндетті .
Менің мысал ретінде алған компаниям «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» Акционерлік Қоғамы осы әдістердің жалпыға ортақ бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша есеп береді. Компания жыл бойы аванстық төлем бойынша төлемдерді төлеп отырып жыл соңына «Жүзінші форманы» жабады. Бұл есептеулер кезінде Жылдық жиынтық табыс, компанияның пайда және шығындар туралы есебі және де Корпоративтік табыс салығын есептеу тәсілдеріде қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Экономакалык талдаудын адистери мен тасилдери