Экономикалық цикл теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:21, курсовая работа

Описание

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Экономикалық цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе.
І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.
1.2. Экономикалық цикл теориялары.
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.
ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы.
ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

494 Экономикалық цикл факторлары мен теориялары.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

      ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

Экономикалық  теория және халықаралық экономика  кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: «Экономикалық  теория» 

Тақырыбы: «Экономикалық цикл факторлары мен  теориялары»

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                      Орындаған: Ф-17к тобының студенті

                                                                                                    Амиржанова Фатима

                                                                      Тексерген:  Сүйіндіков Ж.С.                                                                    
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды 2006 
 

Жоспар: 

   Кіріспе.

І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.

1.1. Циклдік ауытқу  – экономиканың жалпыға ортақ  дамуының              формасы.

1.2. Экономикалық  цикл теориялары.

1.3. Циклге қарсы  мемлекеттік реттеу.

ІІ  Тарау. Экономикалық цикл факторлары.

2.1. Экономикалық  циклдің ішкі және сыртқы факторлар  жүйесі.

2.2. Мультипликатор  – акселератор өзара әрекет  ету тұжырымдамасы.

ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.

     Қорытынды.

     Пайдаланған әдебиеттер  тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Кіріспе

      Экономикалық  цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

      Экономикалық  цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі  қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.

      Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты  әрі үзіліссіз еместігімен айқындалыды.Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.

      Қазіргі нарықтық маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.  Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданғанда, онда айырбас процесі    Т-А-Т екі қарама – қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А болса, 2) сатып алу А-Т болмақ.

      Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы нарықтағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыну аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.

      Үшіншіден, бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те атайды.

      Жоғарыда  айтылған мәселелерден экономикалық циклдің мазмұны көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпта, осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады:

    • Экономикалық дамудың циклдік теориялары.
    • Экономикалық цикл факторлар жүйесі.
    • Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.

Бұл тақырыпты  таңдап алудың негізгі себебі, экономиклық циклдің дамуын, пайда болу себептерін, формалары мен факторларын, ауытқуға қарсы мемлекеттік шараларды ашып көрсету. Әрбір экономист экономикалық циклға байланысты негізгі мәселелерді білуі тиіс.

      Сонымен бірге, бұл курстық жұмысты жазу барысында түрлі оқулықтар, журнал мақалалары, статистикалық жинақтар қолданылды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.

1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.

      Экономикалык даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және    мәңгілік кұпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап, қолайлы экономикалық ортадан қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың  өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс - экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

      Экономикалык  дамудың циклдік себептері:

1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын-ала байыпты түрде болжап білудің   мүмкін еместігі;

2) экономикалық  субъектілер мүдделерінің көптігі,  сондықтан да 
нарықтық экономиканы алдын-ала болжап білудің мүмкін еместігі, 
тәжірибедегі олардың тепе-теңсіздігі;

  1. бәсекелестік – экономика  ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;
  2. өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

      Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

      Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті  экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен-ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т - А- Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуы негіз болып саналмайды. Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады. Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай-ақ өзінің кредиторымен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды. Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.

      Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалык конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.

      Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті, ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады. Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу, нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрессивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

      Экономикалык  циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына, сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады. Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса, онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

      Экономикалық цикл табиғаты осы уакытқа дейін ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді, қоғамдық өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын, сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік экономикалық жүйегс кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе әлсіреу) салалары деп санайды.

      Екінші  бағыттың өкіддері циклді өзіндік үлгідегі әлемнің бөлінбейтін "атомы" ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл – материалдық   әлемнің айрықша әмбебап және  абсолютті құрылымы. Циклдің құрылымын, өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды.

      Ең  қарапайым анықтамада цикл, сұраныс  пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

      Циклдің басты қасиеті – бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

  1. Тұрақты өсу;
  2. Өсудің біркелкі еместігі;
  3. Ауытқу (экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

      Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

      Ауытқу  ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша цикл да болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. цикл да өмір сүреді.

      Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты - 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдері; маусымдық - жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.

      Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін  бөліп көрсетеді: 1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы сыртқы цикл - кұбылыс;

2)Жалпы  экономикаға тән ішкі цикл  - құбылыс;

3)Бір  сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың, ішкі және сыртқы факторларының жиынтық цикл себептері.

      Қазіргі уақытта зерттеушілер, сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы, ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық ауытқушылыққа айналдырады деп болжайды.

      Экзогенді (экономикадан тыс) себеп циклдер ішінде ғылыми -техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді.  Сондықтан,  циклдер проблемаларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатыны көрсетілу шыңы мен ең төмен кұлдырауының екі нүктесі болатынын ерекшелеп көрсетуге болады.

    ЖҰӨ

                     

        

      

                            

                              Экономикалық цикл

      В – құлдырау, А- құлдыраудың ең төменгі  нүктесі, В1- ең жоғарғы көтерілу.

Құлдырау  белгілері - қорларды жою, өндірістік инвестицияларды  қысқарту, еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік сұраныстың қысқаруы және т.б. Көтерілу белгілсрі - керісінше кұбылыстар болып саналады.

          Көптеген экономист-теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені, соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да, экономика тепе-теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден (ауытқулар) іздеу керек, оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа түрліше әсер етеді. Сөйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс, циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бағалауда да бірыңғай емес. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Экономикалық цикл теориясы