Экономикалық цикл теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:21, курсовая работа

Описание

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Экономикалық цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе.
І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы.
1.2. Экономикалық цикл теориялары.
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.
ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы.
ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

494 Экономикалық цикл факторлары мен теориялары.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

      Сөйтіп, циклдік дамуға осы заманғы жол  табушы, цикл табиғатын анықтауға, циклдін әр түрлі сатыларында алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.1. Мультипликатор –  акселератор өзара  әрекет ету тұжырымдамасы.

      Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты. Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар - ұлттык табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы - кері құбылыс - ұлттық табыс өсімін - инвестициялардың өсу әсерін зерттейді. Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі және экономиканы көтерудің бірден - бір негізі болып саналады.

      Акселерация маңызы алғашқы беттегі инвестициялар нәтижесінде 
алынған, өскен табыс, тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен 
байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде, 
өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни 2 құрылым 
бөлімдері  үшін машиналарға,  жабдықтарға,  шикізаттарға сұраныстың өсе түсуіне әкеледі. Бұл, 1 кұрылымдық бөлім үшін, ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі шығындарды талап етеді.

      Акселерация қағидасы, салалар арасындағы тізбекті тәуелділіктің күшінен, тұтыну тауарларына деген сұраныс, өндіріс кұралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің неғұрлым күшті дамуын  туғызады.

      Мультипликатор  теориясының (автономиялық инвестициялар теориясы) өзгешелігі, біріншіден, түпкі сұраныс немесе сату көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады.

      Екіншіден, орта капитал коэффициенті, сол кезеңдегі барлық капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді;

      - үшіншіден, бұл себептер, қазіргі, әсіресе соғыстан кейінгі экономикадағы құлдыраудың шамалы түрдегі "тереңдеуіне" әкелді;

      - төртіншіден, дағдарысты құбылыстар жиі түрде бағалы қағаздар нарық және қаржы дағдарысы формасында несие нарықта көрініс берді.

      Индустриалды  экономикаға тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жасауға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдік дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналады.

      XX ғасырдың 70- ші жылдарының бірінші жартысы қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың дамуына жаңа жойқын төңкеріс әкелді.  Іс жүзінде бүкіл қазіргі капиталистік әлемді қамтыған мұнай дағдарысы кең етек алды. Бұл дағдарыстың циклдік дағдарыс ерекшелігі, мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуі ілесіп, әдеттегіден тыс өсумен қабаттаса жүруімен сипатталды.

      Бұл құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалардың дамуы арасындағы диспропорция туындайды, созылмалы сипатта және циклдік дағдарыс басталуымен әрқашан да сәйкес келе бермейді.

      Мұнай, азық - түлік, энергетикалық, шикізат дағдарыстары соңғы он жылдықта валюта жүйелеріндегі және экологиялық дағдарыстармен "толыға" түсті.

      Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық дамуының жалпы суреті дәстүрлі схемалармен сәйкес келмейтін болды. Құрылымдық дағдарыстар неғұрлым күрделі сипат ала бастады, экономикалық проблемалар ғаламат саяси процестер әсерін молырақ тигізетін болды. Мәселен, ұлттық және аймақтық қақтығыстар мен социалистік жүйенің құлауы, "ислам" факторы деп аталатын жағдай, біртұтас Еуропаны құру процесіндегі қарама - қайшылықты процестердің өсе түсуі және т.б. бөліп көрсетуге болады.

      Акселерация коэффициенті, өз кезегінде, капиталдың өсуі (ынталандыру, инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды.

      Мультипликатор  мен акселератор өзара әрекеті өнімдер өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады. Бұл үлгілердің мәнісі: мысалы, егер тәуелсіз немесе автономиялы инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады.  Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және (индукция - еркін туындату) капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді.

      Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы  инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады. Табыстың өсуі, өз кезегінде, тутыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі.

       Сонымен, акселераторды, төмендегі формула арқылы, инвестицияларды тұтынуға деген сұраныс немесе ұлттық табыстың өсуіне қатынасы түрінде беруге болады:

       А =  

      Бұл жерде  А - акселератор

                           И- инвестициялар

                         Д - табыс (немесе тұтыну сұранысы)

                         Т - инвестициялар жүзеге асырылған жыл.

       Мысалы, егер тұтыну сұранысының өсуі 1995 жылы және 1994 жылдар арасында болса, онда инвестициялар 1996 жылы жүзеге асырылған болады немесе

       А =    

      Экономикалық  циклді зерттеген экономистердің бәрі де белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда. Мәселен, Самуэльсон, мультипликатор мен үйлесімді Акселерация қағидасы кумулятивті дефляцияны немесе инфляциялық спиральды тудырады деп болжайды.

      Тұтастай алғанда, Акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын, экономикалық ауытқулар бөлінбейтін элементі ретінде қарастырылады. Өркендеудің басталуы, жинақтау сондай жағдайға жетумен сәйкес келеді, соған орай өндірістің жаңа негізгі қорларын кұру үшін, капиталды тиімді инвестициялау мүмкіндігі туады. Көтерілу, орта мерзімдік циклдегі өнеркәсіп дағдарысынан туындайтын орта мерзімдік циклдердің шиеленісуімен қоса қабаттасып жүреді.

      Экономикалық өмір қарқынының төмендеуі немесе факторлардың жиынтығымен пайда болған төмендету толқыны, өз негізінде жетілдірілген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік қаржылы топтардың қолдарына шоғырландыруды күшейтеді. Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқыны болып, цикл қайталанады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік  дамудың ерекшеліктері.

      Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік  ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми – техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленеді. Мұндай құбылыстар 1974 – 1975-ші және 1980 – 1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды – дамыған елдердің экономикасын қамтыды.

      Дағдарыс  кезеңі сыйпатында жаңа құбылыс –  инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының  инфляциямен қосылуы страгфляция  деп аталады. Ғылыми – техникалық революция жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда.

      Бір жағынан макроэкономиканың ғылым  сіңіргіш жаңа салалар – прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар  – көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы құрылымдық дағдарыс деп аталады.

      Циклдік теорияны жасауда айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892 – 1938жж.) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған «Конъюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітаптабаяндалды. Экономикалық циклдардың 7 -11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқа да 48 – 55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынадай үлкен циклдарды қарастырды. Ол қоғамдық өндірістің технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндіріледі. 
 

                       Өрлеу                             Құлдырау
1789 –  1814 жж.   1814 – 1849 жж.
1849 –  1873 жж.   1873 – 1896 жж.
1896 –  1920 жж.  

            

      Әдетте  циклдарды классификациялағанда екі  критериі қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бұл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін алдын  – ала анықтайды. Осы критерийлерге  сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған:

      1. Н.Д. Кондратьевтің циклдары немесе  ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын  толқынды циклдар. Оның басты  қозғаушы күші – технологиялық   базаның радикальды өзгеруі және  оның құрылымдық қайта құрылуы.

      2. Белгілі американ экономисі С.Кузнецтің  (1901-1983жж.) циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал қозғаушы күштері - өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы болып табылады.

      3. Жеке шаруашылық циклдары. Бұл  1 жылдан бастап 12-і жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сүреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды.

      Капиталистік  экономиканы қалыптастырудан бастап, қолайлы экономикалық ортадан қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың  өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс - экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

      Экономикалык  циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына, сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады. Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса, онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

      Циклдің басты қасиеті – бұл ұлттық өнімнің ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

  1. Тұрақты өсу;
  2. Өсудің біркелкі еместігі;
  3. Ауытқу (экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

      Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі Карл Маркс берген индустриялық қоғамның макроэкономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. "Капиталистік ұдайы өндіріс циклі" маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан өтуі беріледі.  Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары циклдер болып саналады.

      Үш  циклдік схема, яғни экономикадағы  ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н.Кондратьевтің, К.Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған.

      Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі  көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар.

      Экономикалық  конъюнктураны жақсарту кезінде  мемлекет, салық - бюджет және несие - ақша саласындағы қайшылықты шараларды, яғни салық ставкасының көтерілуін, мемлекеттік шығындардың қысқаруын, амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді.

Информация о работе Экономикалық цикл теориясы