Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:34, лекция
Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
11.2. ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ
Кейнс теориясында барлық табыс тұтыну мен жинақтауға бөлінеді.
Тұтыну деп адамдардың материалдық жэне рухани қажетті-лігін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, белгілі бір игілік пен қызметтерді сатып алуға тұргындардың жұмсаған ақшасының со-масы түсініледі.
Әр елде тұтыну басымдылығы әр түрлі. Отбасы үшін олардың қалау деңгейі бойынша ең көп жалпы тобын бөлуге болады: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, медицина, білім беру.
Әр елдің тұтынудағы басымдылығы бірнеше факторға байла-нысты болады:
Табыс пен тұтыну арасындағы тэуелділік тұтыну қызметімен бейнеленеді. Тұтыну қызметі әрбір жекенің қолда бар табысының деңгейі мен тұтынушығындарының жоспарлы және қалаулы дәрежесімен анықталады. Тұтыну қызметі графикте көрсетілген (11.1.-сурет).
Тұтыну
11.1 -сурет. Тұтыну кызметінің графигі.
Тұтыну қызметінің бұрыштық иілімі - бұл тұтынудағы (МРС) шектеулі бейімділік. Тұтынудағы шектеулі бейімділік - бұл көле-міне қарай тұтынуы (С) өсетін, табыстың (У) өсуіндегі үлес.
Тұтыну қызметі келесі үлгіде жазылады:
С = МРС х У.
Мысалы, С = 0,75 х У. Бұл тұтыну табыстың 75 пайызына тең екенін білдіреді. МРС бұл жағдайда, егер тұтынушылармен алы-натын табыстар, 1 теңгеге көбейетін болса, онда олардың тұтынуы 75 тиынға өседі.
Табыстардың өсу деңгейіне байланысты тұрғындардың жинақтары да көбейеді.
Жинақ салымы - бұл жиналатын, бірак пайдаланылмайтын та-быс бөлігі. Олар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыкпен көрсетіледі. Жинақ қызметі мынадай түрде болады:
S= МРS х У,
Мұнда, S - жинақ салымы,
МРS - жинақ салымына шектеулі бейімділік. Біздің мысалымызда, табыстың 25 пайызы жинаққа салына-ды жэне жинақ қызметі мынадай түрге ие болады:
S = 0,25 х У
Тұтыну мен жинаққа әсер ететіндер:
Жинақтың қысқаруы мен тұтынудың өсуіне әкелетін, инфляция жэне экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы.Салықтардың өсуі тұтыну мен жинақтардың қысқаруына әкеледі
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдардың өсуі жинақты қысқартуы мүмкін.
Дүрлікпе сұраныс тұтынуды жылдам өсіреді.
Рыноктағы ұсыныстың өсуі жинақты қысқартады.
Табыстардың өсуі тұтыну мен жинақтың көбеюіне әкеледі.
11.3. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖИНАҚ САЛЫМДАРЫ
Жинақ салымдары - бұл ағымдағы өндірістік және тұтыну қажеттілігіне жұмсалған кезіндегі пайдаланылмай қалған колда бар табыстың бір бөлігі, жинақталады. Экономистер жинақты инвестицияға байланысты, экономикалық үдерістер ретінде қарастырады. Жинақ салымдарын фирмалармен қатар, үй шаруашылығындағылар да салады. Фирмалар өндірісті кеңейту жэне пайданы көбейту, яғни инвестиция үшін жинақтайды.
Инвестициялар жаңа технологияны, материалдарды, басқа жабдықтарды жэне еңбек құралдарын енгізуге байланысты жаңарту мен кеңейту үшін шыгындарды қарастырады.
Инвестициялар көздері:
Кәсіпорын қаржылары (меншікті жэне қарызды).
Мемлекеттік капиталдық салымдар.
Инвестициялардың мөлшері мен серпіні үш факторға байланысты: кәсіпорынның табыстарына, олардың шығыны мен кү-тілімдеріне.
Бірнеше жылдар ішінде қайтарылатын қаржыларды инвес-тициялау туралы мэселе шешілу кезінде мынадай жағдайды ескеру қажет:
Жаңа инвестицияның есебінен алынған, жаңа өнімнің сұраныстарының өзгерісі.
Инвестициядағы шығындарға әсер ететін пайыздық мөлшерлеме мен салықтардың мөлшері.
Сұраныс тербелістерін анықтайтын . саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.
Қоғамдағы инфляциялық үдерістер.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің бірден-бір маңызды жэне ен езгерісті құрамы болып табылады. Қашан құлдырау жағдайында тауарлар мен қызметтерге шығындардың қысқаруы болған уа-қытта, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің азаюымен келеді.
Инвестициялық шығындарды үш түрге бөледі:
Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар - бұлар өзінің өндірістік қызметіне пайдалану үшін кэсіпорын сатып алған ғимарат, құрылыс жэне құрал-жабдықтар.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - онда тұру үшін сатып алуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ, келесі жағдайда жалға беру үшін үй иелерімен сатып алынған үйлер.
Қорға инвестициялар - шикізаттар, материалдар жэне аяқталмаған құрылыс пен дайын заттарды қосқандағы және фирманың сақтау үшін қалдырылған тауарлары.
r — пайыздын накты мөлшерлемесі. I - инвестициялар
Инвестиция мен нақты пайыз мөлшерлемесі арасындагы тәуелділік 15.2.-суретте керсетілген.
І1.2.-сурет. Инвестиция мен пайыздык мөлшерлеме арасындагы тэуелділік
Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар пайыз мөлшері төмендеген кезде көбейеді, өйткені, пайыз мөлшерінің аз көлемі капитал бірлігіне шыгынды төмендетеді жэне осыменен, капиталга ие болуды ең пайдалы жасайды.
Кэсіпорынның негізгі
11.4. МУЛЬТИПЛИКАТОРДЫҢ НӘТИЖЕСІ
Макроэкономиканың қызмет етуі туралы кейнсиандық ұстаным «мультипликациялық» нэтиже теориясында өзінің көрсетілімін тапты. Кейнс теориясында мультипликатор деп инвестициялар өзгерістеріне табыс өзгерістерінің тэуелділігін көрсететін коэффициент түсініледі.
Экономика тепе-теңдік жагдайына жететін, ЖҰӨ-нің оңтайлы мөлшерін анықтаудағы Кейнсиан теориясы, инвестиция өскен кезде, алғашқы қосымша инвестицияға караганда, ЖҮӨ-нің өсуі одангөрі үлкен мөлшерде болады. Бүл инвестиция мультипликациялық (өсе түсетін) нэтижеге алып келетіні себеп болады. Бірінші нэтижеден басқа, екінші, үшінші жэне т.б. нэтижелер пайда болады. Бір аядағы шығындар өндіріс жэне жүмыспен қамтамасыз етудегі жэне басқаларды кеңейтуге эке-леді. Осындай ЖҰӨ мөлшеріндегі көбеймелі өсетін тиімділік мультипликациялық нэтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция көлемі өсу кезіндегі ЖҰӨ-нің көтерілуіндегі мөлшерді көрсететін сандық коэффициентті қарастырады. Мультипликатор инвестицияның үстелуіне ЖҰӨ-нің үстелуінің қатынастары ретінде анықталады.
11.5. ТУЫНДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ АКСЕЛЕРАТОР.
«ҮҚЬШТЫЛЫҚ ПАРАДОКСЫ»
Классикалық мектептің қисыны бойынша, жинақ салымына жоғары бейімділік үлттың гүлденуіне көмектесуі тиісті. Кейнсиан мектебінің көзқарастары бұдан ерекше айрықшаланады. Кейнске сай, дамудың жоғары сатысына жеткен елдерде сақтауға үмтылу барлық уақытта инвестициялауға үмтылудың алдында жүреді. Екіжақты себептер пайда болады:
1. Капиталдың жинақталуының осуі мен
оның қызмет етуінің
шектеуді эсері азаяды, өйткені, баламалы
мүмкін жоғары
пайдалы капитал салымдарының шеңбері
бірден-бірге та-
рыла береді.
2. Табыстардың
өсуімен жинақ салымдарының үлесі артады.
Осыған байланысты Кейнс автономды санаттар
мен туынды
инвестицияларды қарастырады.
Автономды инвестициялар - үлттык табыстың серпіні мен колеміне тэуелсіз капитал салымы. Олар бірінші кезектегі «егілім» түрінде жүзеге асырылады және мультипликатор тиімділігі нэтижесінен үлттық табыстың осуіне әкеледі
Іскер-лік белсенділікті жэне жүмыспен қамтамасыз етуді жандандыру кәсіпкерлердің әр түрлі топтарының инвестиция жасауға бейімділігін арттырады. Бүл инвестицияларды үлттық табыстың серпініне тэуелді болғандықтан, туынды деп атау қабылданған.
Акселератор. Түтыну заттарына сұраныстың өсуі, жабдықтар мен машиналарға сұраныстың көп еселі көбеюіне әкелетін тізбекті реакцияны тудырады. Бүл заңдылық акселератор әсері ретінде белгіленеді (акселератор-жеделдетуші).
Экономикада түтыну заттарының өндірісін қалаулы деңгейге жеткізу үшін өндіріс қүралдарын дайындауға алдын ала шығындар жүмсалады. Тұтыну заттарына сұраныстың барлық өсуі әндіріс қүралдарының елеулі кеңеюіне әкеледі, оның нәтижесінде, оның кейбір бөлігі рынокта артық болып қалады. Акселераторды инвестиция мен түтыну сұранысының (дайын онім) өсуінің арасындағы қатынастар түрінде жэне ұлттық табыс түрінде көрсетуге болады:
V = It/(Үі-1 -Үі-2),
мұнда V - акселератор,
I - инвестициялар;
Ү - табыс (немесе тұтыну сұранысы); 1 - инвестиция жүзеге асырылған жыл.
Үқыптылық парадоксы. Егер экономика жұмыспен толық камтылмаған жағдайда болса, онда жинақтауға ұмтылыс, рыноктағы тұтынуға бейімділікті азайтуға ықпал етеді. Тұтыну сұранысының қысқаруы өз кезегінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік бермейтінін білдіреді.Өндіріс кысқарыла бастайды. «Ұқыптылық парадоксы» осымен қорытындыланады.
11.6. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
ҚР үкіметінің инвестициялық саясатының мақсаты - экономиканы дамыту жэне қазіргі заманғы технологияны қолдану арқылы іс жүзіндегі өндірісті кеңейту мен жағарту, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашудағы, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғаудағы инвестицияны ынталандыру. Инвестицияны мемлекеттік қолдау инвестициялық салықтық пұрсаттықтар ұсынумен қорытындыланады. Оған мыналар жатады:
Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялык жо-басына 30 млрд. АҚШ доллары тартылган, бұл Қазақстан тұрақ-тылыққа кепілдік беретін жэне өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сенімді эріптес болып табылатынын көрсетеді.
Жеке секторлардың ұсыныстары бойынша мақсаты қаржылық қолдау көрсету болып табылатын Қазақстанның инвестициялық қоры кұрылды, олар экономиканың шикізатта емес секторларына, кэсіпорындардың жарғылық капиталына қатысуымен немесе үлестік жолымен Қазақстанда, сондай-ақ шетелде ашылғандарға қолдау көрсетеді.
Елде экономиканың әр тараптануына бағытталған, индус-триялды-жаңартпалы стратегия жүзегеасырылуда.Индустриялық жаңартпалық дамудың инфрақұрылымы қалыптасқан. Инвестициялық жобалардың портфелі 1 млрд. 200 млн АҚШ долларынан асады. Тек 2004 жылы ғана 204 инвестициялық жоба жүзеге асты. Келешекте мемлекеттік инвестициялық саясат жүргізу шикізаттык емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыруға және жекешені ынталандыру бойынша шаралар кешенімен үйлесетін болады.
11.7.«АД = АS» МОДЕЛІНДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Жалпы экономикалық тепе-теңціктің негізгі моделі жиынтык-ты сұраныс (АД) теңдігі жэне жиынтықты ұсыныс (АS) арқылы көрсетіледі.
Жиынтықты сұраныс - бұл кез келген мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын, ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең, экономикалық агрегат. Сұраныс жиынтығының моделі сатып алынатын нақты ЖҰӨ-нің көлемі мен баға деңгейінің арасындағы тәуелділікті сипаттайтын кері ылдидың қисығы түрінде графикалық көрсетіледі (15.3.-сурет).
Р
Тұтыну серпініндегі (сатып алынатын) ЖҰӨ-ң бағалық жэне бағалық емес факторларға ықпал етеді. Бағалық факторлардың іс-әрекеті тауарға жиынтықты сұраныстың көлемінің өзгерістері бағалық факторлардың іс-әрекеті және қызметтері арқылы жүзеге асады жэне ол АД қисығы бойымен гра-фикте көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтықты сұраныстарда, АД қисығын солға жэне оңға қозғап, өзгерістер шақырады. Бөлек тауарларға сұранысты анықтайтын, бағалық емес факторлар (тұтынушылар табысы, олардың талғамы, тауар -ауыстырушыларына баға), өзінің ықпалын агрегативті деңгейде көрсетеді.
Жиынтықты ұсыныс - бұл әрбір мүмкін баға деңгейіндегі өндірістің қолма-қол нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтықты ұсыныстың моделі баға деңгейі мен ұлттық өндірістің көлемі арасындағы оң тәуелділігін бейнелейтін, қисығы көрсетілуі мүмкін (11.4.-сурет).
11.4.-сурет. Жиынтыкты ұсыныстың кисыгы
АS-қа бөлек тауарлар рыногындағы ұсыныстарға өзгерістер шақыратын сол факторлар әсер етеді (өндіріс технологиясы, шығындар жэне т.б.).
Бага деңгейінің тендестігі мен өндіріс көлемінің тендестігі жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсыныстың тендігін қарастырады. Бұл графиктік кескіндегі теңдік АД және АS қисығының қиылысуындағы нүктені көрсетеді (15.5.-сурет).
Жиынтықты сұранысты экономика секторлары бойынша бөлуге сәйкес оның құрылымы анықталады:
Басқа сөзбен айтқанда, АД сұранысының жалпы сомасына тең соңғы өнім = С + І+С + Х = ЖҰӨ.
Жиынтықты ұсыныс деп, кәсіпкерлік және мемлекеттік секторлармен сатуға ұсынылған барлық соңғы тауарлар мен қызметтің жалпы сомасының ақшалай көлемін түсініледі. Мұндай жағдайда, жиынтықты ұсыныс немесе егер ұлттық табыстар көлеміндегі елеусіз айырмашылықты есептен алып тастаса, ЖҰӨ-ге теңеседі (АS = ЖҰӨ).
Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау