Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау
Лекция, 21 Ноября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Работа состоит из 1 файл
лекциялы-+кешен (5).doc
— 749.50 Кб (Скачать документ)
Пайыз деңгейі,
9.5.-сурет. Ақша сұранысы мен ұсынысының қисықтары
Пайыздық мөлшерлеменің нақты көлеміне несие берілетін мерзім мен оның көлемі, несиенің берілуі кезеңіндегі тәуекел деңгейі әсер етеді.
Пайыз санатын талдау кезінде атаулы және нақты пайыздық мөлшерін бөлу маңызды. Атаулы мөлшер – бұл инфляция қарқынының есебінсіз пайыздың ағымдағы рыноктық мөлшері. Нақты мөлшер – күтілетін инфляция қарқынының есебіндегі атаулы мөлшер.
9.4. ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ
Жер – көлемі қатаң шектелген өндіріс факторы болып табылады және соған байланысты жерге ұсыныс тіптен икемді емес. Экономикалық рента көлемі немесе қоры қатаң шектелген жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға төлемді көрсетеді. Сондықтан жер рентасының көлемі бірінші кезекте, жерге сұраныспен анықталады. Сонымен бірге рента мынаған байланысты әр түрлі:
а) табиғи жағдайы (климаты, жер қыртысының түрлері және т.б.)
ә) жер қыртысының құнарлығы;
б) жердің орналасуы (өнімдерді өткізу мен ресурстарды рыногынан
қащықтығы және жақындығы)
рента әкелетіні – табиғи
Экономикалық ғылымда рентаның келесі түрлерге бөлінеді: дифференциальды, абсолюттік және монополиялық.
Қоғамның жердің шектелуіне байланысты құнарлығы нашар алқаптарды да айналымға қосуға мәжбүр. Дифференциальды ренталардың пайда болу көзі сапасы бойынша жақсы және оташа жер алқаптарында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өндіретін еңбегі болып табылады. Сонымен бірге, табиғи құнарлы жер қыртысымен байланысты дифференциацияланған I-рента мен жер қыртысының жасанды құнарлылығымен (құнарлығын көрсету мақсатында жердің өңдеуден өткізілуі) байланысты II-рентаны бөледі.
К. Маркс өнеркәсіппен салыстыру бойынша, ауыл шаруашылығындағы капиталдың төмен органикалық құрылымына байланысты абсолюттік рента деп бөледі. Қазіргі заманғы батыстық және Ресейлік экономикалық ғылым абсолюттік рентаны бұл жағынан қарастырмайды.
Монополиялық рентаның
пайда болу себебі деп, ауыл шаруашылығының
кейбір сирек өнімдеріне немесе аталған
табиғи-климаттық аймақта
Барлық әлемде рента – бұл есеп айырысу көлемі, ол шаруашылықтың рыноктық тетіктермен белгіленбейді. «Жиынтықты» дифференцияльды рентаны анықтау әдісі келесі жағдайда қалыптасады:
ДР = ЧД – ЧДн,
мұнда, Д.Р. – дифференцияльды рента;
ЧД – бағаланған жер алқабының таза табысы;
ЧДн – «қалыпты» жер алқабының таза табысы (шығынның «тұйықталған» деңгейіндегі нөлдік экономикалық пайда).
Рентаның мөлшерін анықтау
үшін Ресейде 1 гектар жердің есебіндегі
өнімділігінің бағалық
Қазақстан ғалымдары жер рентасының мөлшерін жердің нормативтік бағасын белгілеу кезінде анықтауды ұсынады:
1 га жерден есептік ренталық табыс жерге салынған және өндіруді кеңейту үшін жалға алушымен меншіктенген капиталдың таза табысы мен орта пайдасының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
R = Чд – (Ин × Пс)
Чд = ВПн – Ин
ВПн = Ун × Цр,
мұнда, R – ренталық табыстың есеп айырысуы;
Чд – таза табыс;
Ин - өндірістің нормативтік
Пс – капиталға салынған (бірлік үлесінде) пайданың орташа нормативтік мөлшері;
ВПн – жалпы өнімнің
Цр – ауыл шаруашылығы
Ун – нормативті шығымдылық.
Жердің сұранысы мен ұсынысының қисығы келесі жағдайда көрінеді (9.6.-сурет):
Рента (жалдау R
төлемі
Жер көлемі Q
13.6.-сурет. Сұраныс қисығы мен жер ұсынысы
Мұнда S – оның шектелу күшіне байланысты жер ұсынысының қисығы;
Д – жер сұранысының қисығы, нүкте;
Е – жер алқаптарының сұранысы мен ұсынысын теңестіретін жер рентасының деңгейі.
9.5. КӘСІПКЕРДІҢ
ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ
Пайда – бұл капиталға түсетін табыс. Пайда кәсіпкердің қызметінің басты нәтижесі және мақсаты болып табылады. Пайда көлемі кәсіпорынның жалпы табысы (өнімді өткізуден түсетін түсім) мен өндірістің жалпы шығыны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Экономикалық теорияның
әртүрлі мектебі «пайда»
Капиталдың табыстылығын бағалау тұрғысынан келгенде, тәжірибе жүзінде пайда мөлшерін есептеудің бірнеше әдісін бөледі:
- сату көлеміндегі пайда қатынастары;
- акционерлік капиталға пайда қатынастары;
- кәсіпорынның активтеріне пайда қатынастары;
- сезілмелі ұдайы өндірілетін капиталға пайданың қатынасы.
Пайдаға ықпал жасайтын факторларды жіктелімдеу:
- Пайдалану факторы:
а) қор жинау (өндірістік және ғылыми даму);
ә) әлеуметтік қажеттілік;
б) залалдар мен басқадай шығындарды жабу;
в) күрделі қаржылық салым;
г) тұтыну (дивидендтерді, пайызды төлеу, материалдық көмек және т.б.);
2. Бөлу факторлары:
а) бюджет пен бюджеттен тыс қорларға бағытталады;
ә) несиелерді жабу мен салық төлемдері үшін банкке бағытталады;
б) кәсіпорында қалады;
в) бөлудің басқа да факторлары.
3. Өзара ықпал ететін факторлар:
а) айналымдағы қорлардың айналымдылығы;
ә) бағалар, тарифтер, жинаулар;
б) несиелер бойынша пайыз мөлшерлері;
в) салықтар және салық мөлшерлері;
г) өзіндік құн;
ғ) еңбек өнімділігі;
ж) қор қайтарымдылығы;
з) қордың қорлануы.
4. Құрайтын факторлар:
а) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді
өткізуден түсетін түсім;
ә) материалдық қорларды, материалдық емес активтерді және басқа да
активтерді өткізуден түсетін түсімдер;
б) негізгі қорларды өткізуден түсетін түсімдер;
в) басқа кәсіпорындардағы
үлестік қатысудан түсетін
г) акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздардан түсетін
табыс;
ғ) алынған айыппұлдар, өсімақылар, төленгеннің үстіне тұрақсыздық
төлемінен тыс асыру.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
- Бөлуді қандай үдеріс көрсетеді?
- Қызметтік бөлу қалай аталады?
- Бөлу қандай қызметтерді атқарады?
- Өндіріс факторына баға қалай белгіленеді?
- Өндіріс факторының шектеулі өнімі дегеніміз не?
- Табыстарды жіктелімдеу қандай критериймен жүргізіледі?
- Еңбекақы дегеніміз не?
- Еңбекақы көлеміне қандай факторлар ықпал етеді?
- Нақты еңбекақы деңгейі сұраныстың арасындағы тәуелділік қандай?
- Нақты еңбекақы деңгейі мен еңбек ұсынысның арасындағы тәуелділік қандай?
- «Табыстың әсері» дегеніміз не?
- Ауыстыру әсері нені көрсетеді?
- Еңбек рыногындағы қандай жағдайда тепе-теңдік пайда болады?
- Атаулы құндағы еңбекақы дегеніміз не?
- Нақты еңбекақы дегеніміз не?
- Кесімді және мерзімді еңбекақыларды қандай критерийлер бойынша бөледі?
10.ТАҚЫРЫП.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА -ЖҮЙЕ
Лекция мақсаты: Қоғамдық өндірістің нәтижелері мен олардың жалып ұлттық өнім көрсеткіштерінде бейнеленуін талдау.
Лекция сұрақтары:
1. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ТҮСІНІГІ.ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ.
2. МАКТОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТТАР МЕН КӨРСЕТКІШТЕР
3.. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы.
10.1.ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ТҮСІНІГІ.ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ.
Ұлттық шаруашылық
бұл тұтас әртүрлі
Ұлттық байлық бұл елде бар,еңбекпен
жасалған,жинақталған
Макро экономикалық бағыттағы ұлттық экономиканың құрылымы нақты қалыптасқан қатынастар ретінде сипатталады:
- елді бар өндірістік ресурстар арасындағы ;
- еңбекті қоғамдық бөлі негізінде ерекшеленген,экономикалық агенттер арасындағы оларды бөлу көлемімен;
- осы агенттердің өндіру көлемі арасындағы;
- оны өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну үдерістерінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрамдас бөлігі арасында.
Экономикалық құрылымның қалыптасуына көп жақты факторлар ықпал жасайды:
- қалыптасқан рыноктын жағдаят;
- рыног монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;
- ұлттық экономиканың шаруашылық байланыстары әлемі жүйесіне қосылу деңгейі;
- өндіріс күштерінің даму деңгейі;
- ауқымы, сипатты және ҒТК нің ( НТП) даму қарқыны;
- өндіріс ресурстарының сапасы;
- аумақтық инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі және ұзындығы;
Экономикадағы құрылымдық
байланыстарды сипаттайтын,
- Жалпы үйлесімі, яғни еңбекті (ЖҰҚ пен ұлттық табыс арасындағы, тұтыну мен жинақ арасындағы,инвестиция мен тұтыну сұранысы арасындағы және тағы басқа) қоғамдық бөлу құрылымының есебінсіз қалыптасатын, агрегаттар арасындағы үйлесім;
- Еңбекті қоғамдық бөлу құрылымын көрсететін үйлесем.
Екінші топтың құрамында мыналар ерекшеленеді;
- Салааралық үйлесем,яғни, өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және қаржылық ресурстар мен өндіріс салалық бөлім құарлдарын сипаттайтын ұлттық өндірістің әр түрлі салаларындағы үйлесімдер;
- Өндірілген құрамындағы бөлек аймақтағы үлесті салмағын, елдің пайдаланылған ұлттық табысын және елдің аумағы бойынша мемлекеттік инвестицияны бөлу құрылымын сипаттайтын және т.б. ішкі салалық үйлесімдер;
- Мемлекет аралық үйлесімдер яғни,экспортпен импорт көлемі арасындағы сандыө қатынастар, әр түрлі елдердің жеке өндіріс салаларындағы, әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігінің деңгейі және т.б.
10.2. МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТТАР МЕН КӨРСЕТКІШТЕР
Макроэкономикалық
аспектіде қоғам қол
- Әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсер етуінен келетін өзгерістер мен баяу ұлттық ауқымдағы өндірістің тұрақты өсуі.
- Бағаның тұрақты деңгейі.Баға еркін рыногтың бәсекелестік рыногтың негізінде белгіленеді және өте тез қарқынмен көртерілмейді деп болжанады.
- Жұмыс қамтамасыз етілуінің жоғарығы деңгейі. Маманадық алғысы келетін және тандаған мамандығы бойынша жұмыс іздеген адамның барлығы оны табады.Соынмен бірге, қызметкерді қандайда бір кәсіпорынға міндетті бекіту болмайды.
- Сыртқы саудалық баланстың теңдігін қолдау.Импортпен экспорттың арасындағы салыстырмалы тепе теңдік болжанады.