Коммерциялық банктер қызметіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:13, курсовая работа

Описание

Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.
Қазіргі күні коммерциялық банктердің басым бөлігі үшін әмбебаптану тенденциясы, яғни банк клиенттері кез келген ақшалай-

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Ком.банки курсовая ЭТ.DOC

— 376.50 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.

Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.

Қазақстан Республикасында  коммерциялық банктерді құру және олардың  жұмысы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңына 31.08.1995ж. (10.07.2003ж. толықтырылған) негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі  салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды.

Қазіргі күні коммерциялық банктердің басым бөлігі үшін әмбебаптану тенденциясы, яғни банк клиенттері кез келген ақшалай-қаржылық қызметті пайдалана алатын  «қаржылық супермаркетке» айналуы тән.  Нақ біздің тарихи қалыптасқан жағдайымызда, нарықтық құрылымдарының бірінші кезеңдерінде, коммерциялық банктер қызметінің әмбебаптануы олардың құтаюы мен дамуының, болашақта күн көруінің бірден бір анық мүмкіндігі ретінде көрініс табады. Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың дамуы мен нығаюы әр банктің алдында билігі мен уәкілеттігін бөлудің нақты механизмдері, қызмет етуінің тиімді аумағы мен қызметінің арнайы ауқымын табу жайында сұрақты тудырады. Осындай ізденістер көптеген банктерді өз қызметін ішкі қайта құру мәселесіне әкеп тірейтін болады.

Қазіргі коммерциялық банктер жайында сөз қозғайтын болсақ, олардың несиелік жүйенің басқадай буындары сияқты үнемі дамып отырғандығын, операциялардың түрлері, бәсекелестіктің әдістері мен басқару мен бақылау жүйелерінің өзгерістерге ұшырауын, эволюциялық жолмен дами отырғанын айтпай кетуге болмайды. 

Соңғы жылдары банк саласындағы  бәсекелестік халықаралық банк операцияларының  кеңінен тарауы, банк бөлімшелерінің кең ауқымды ашылуы мен электронды терминалдардың пайда болуы көмегімен күш алып отырды. Сонымен қатар басқа да қаржылық институттардың (мысал ретінде коммерциялық банктерге тән қызметтерді ұсына алатын жинақтық ұйымдар мен ақша нарығының өзара қорлары) жылдам өсім алуы да бәсекелестіктің беріктенуіне ықпалын тигізді.

Коммерциялық банктер  активті және пассивті операцияларды  жүзеге асырады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі – бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас. Яғни, активті операциялар пассивті операциялар болмай жүзеге аспайды, және керісінше, пассивті операциялар активті операциялардың көмегінсіз өз мазмұнын жоғалтады. Солай бола тұра, барлық орындалатын банктік операциялар тек бір ғана мақсатты – шығындарды азайту және табыстарды ұлғайтуды көздейді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің функцияларын және операцияларының жүргізілу ретін талдап, мәселесін ашу. Қойылған мақсатқа орай келесі міндеттер анықталды:

  • Коммерциялық банктің мәнін, экономикадағы рөлін ашу;
  • Коммерциялық банктердің функцияларын талдау;
  • Банктің қызмет етуін қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының орындалуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру және т.с.с.

 

 

1. Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі

 

1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары

 

Несиелік жүйенің төменгі  буыны халық шаруашылығына тікелей  қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер  жиынынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік  заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Бүгінгі коммерциялық банктер  өз кленттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызметтерді көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді диверсификация коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз қаржы-шаруашылық жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады.

Бірақ әр банктік мекемелерде операциялардың барлығы түгелдей күнделікті тәжірибеде қолдана бермейді (мысал үшін, халықаралық есеп айырысулар немесе трасттық операциялар). Сонымен қатар банктің қызмет етуі мен күн көруі үшін қажетті базалық операциялардың құрамы бар. Бұндай операцияларға:

    • Депозиттік салымдарды ашу;
    • Ақшалай төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу;
    • Несие беру жатады.

Коммерциялық банктер  өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен уақытша  бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Бұл әрекеттер банктегі ақша қаражаттарының тұрақты айналымын тудыра отырып, қосымша қаражатты тартуына ықпал етеді. Төлем құралдарының пайда болуы банктің депозиттік-несиелеу қызметімен тікелей байланысты.  Себебі салым екі жолмен ғана пайда бола алады: клиенттің өз қолма-қол ақшасын банкке ұсынуы арқылы немесе банктік несиелеу нәтижесінде. Аталған операциялар мемлекеттегі ақша массасына түрліше әсер ете алады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі –сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банктің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады және т.б. Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банк аппаратының күшімен банкноттарды, металл ақшаны кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі ақарыз алуайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік қатынас өзгермейді. Коммерциялық банктердің елдегі ақша массасының көлеміне осындай ықпал ету мүмкіндіктері міндетті резервтерді басқаратын орталық банкімен кеңінен қолданылуда.

Депозиттік-қарыздық операцияларды  жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. 
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Былайша айтқанда, банктік  несие – нақты бір қарыз  алушының қажеттіліктерін ескере отырып, қарыз алудың шарттарын реттеуге мүмкіндік бере алатын (қарыз алудың шарттары мен мерзімдері стандартталған бағалы қағаздар нарығымен салыстырған  жағдайда пайдасы молырақ және икемділеу келетін), қаржылық қызметтердің ішіндегі ең қажетті әрі көп жағдайда ауыстыруға келмейтін формасы.

«ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» Заңына сәйкес жоғарыда аталғандардан басқа банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- Ақшалай нысанда орындауды  қарастыратын үшінші тұлғалар  үшін кепілдеме және өзге де  міндеттемелерді беру; 
- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу; 
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); 
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; 
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.  

- Банктік қызметтермен  байланысты кеңес беру қызметтерін  көрсету; 
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясына 
сәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.

Жалпы, коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылғандықтан, олар кәсіпкерлік тәжірибесінде көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде негізгі құраушы рөлін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

1.2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

  

Коммерциялық  банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі –экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

     Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

     Коммерциялық  банктің несиелік операцияларын  әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге  болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді (1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.

     Банктердің  несиелік операциялары, банктердің  және клиенттің өзара қатынастары,  қарыз берудің барлық шарттары  реттерліп жасалған несиелік  келісімшарттар негізінде жүзеге  асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.

     Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.

     Лизинг бірнеше  қызмет атқарады. Біріншіден, ол  негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:

    1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.

     2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

     Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.

     Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Информация о работе Коммерциялық банктер қызметіне талдау