Коммерциялық банктер қызметіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:13, курсовая работа

Описание

Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.
Қазіргі күні коммерциялық банктердің басым бөлігі үшін әмбебаптану тенденциясы, яғни банк клиенттері кез келген ақшалай-

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Ком.банки курсовая ЭТ.DOC

— 376.50 Кб (Скачать документ)

«ЦентрКредит» Банкінің қор нарығындағы және банкаралық нарығындағы операцияларына тоқтала кетейік. «ЦентрКредит» Банкі АҚ ҚР Ұлтық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын және ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық облигацияларын сатып алу бойынша бастапқы дилер болып табылады, сондай-ақ Қазақстан қор биржасындағы мемлекеттік қағаздарды сатып алу-сату бойынша брокерлік қызметті ұсынады. 2010 жылдың қорытындысымен Банк Қазақстан қор биржасының мүшелері арасында «Репо» нарық секторындағы операциялардың белсенділігі бойынша 1-орынға, ал «Шетел валюталары» нарық секторындағы операциялардың белсенділігі бойынша 3-орынға ие болды. Сонымен қатар «ЦентрКредит» Банкі банкаралық сауда-саттықта ең белсенді маркет-мэйкердің бірі болып, валюталық ішкі нарықта жетекші орындарды да иеленген болатын.

Банктің кастодиандық қызметіне  төмендегі кесте толықтай түсініктеме  береді:

3-сурет. Кастодиандық  қызмет аясында банк клиент  активтерін есепке алу және  сақтау бойынша қызмет көрсетеді.

Банк өндіретін өнімдер мен қызметтер көлеміне нақтылай тоқтала кетейік. «ЦентрКредит» Банкі шығарылған карточкалар мен эквайринг желісін дамыту бойынша ҚР төлем карточкалары нарығында жетекші 4 банктің қатарына кірді. 2010 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге қарасақ, айналымдағы картоскалар саны бойынша банктің нарықтағы үлесі 7,8%-ды құрады. Аталған жылы шығарылған карточкалар саны 285 165 карточканы құрады. Шыққан карточкалар өсімі жылдың басына есептегенде 25,7%-ды құрап отыр. Банк өнім желісін және олар бойынша ұсынылатын қызметтің жиынтығын кеңейтті. Өнім желісін Maestro, MasterCard Standart, MasterCard Gold, MasterCard Platinum сияқты төлем карточкалары толықтырды. Жаңа карточкалық өнім – «Gift Card» сый картасы енгізілді.

Ал банкоматтар арқылы жасалған транзакцияларға келетін болсақ, олардың көлемі 58%-ға артып, 188,6млрд теңгені құрады. Сауда желісіндегі айналым 58%-ға өсіп, 2,8 млрд теңгені құраған болатын. 2010 жылы несиелік/дебеттік карта бойынша бизнес процесстерді жетілдіру жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесінде скоринг жүйесі әзірленіп, енгізілді. Банк несие карточкаларының қызметін дамытуға басты назар аударды, себебі несие карточкалары несиелік қаржылардың тағы бір маңызды көзі ретінде қарастырылып отыр.

Сонымен қатар заңды  тұлғаларға арналған және де қашықтан қызмет көрсету үшін құрылған «Интернет – Банкинг» жүйесі кеңінен қолданылуда. Қазіргі күні осы жүйеге қосылған компаниялардың саны 16%-ға артып, 17 000 болып отыр.

«Интернет – Банкинг» жүйесінің жеке тұлғаларға арналған альтернативті нұсқасы – «Үйдегі – Банкинг» жүйесіне де сұраныстың өсуі байқалып жатыр. «Үйдегі – Банкинг» жүйесі – клиенттің банкке баруды талап етпейтін және жеке тұлғаларға қашықтан банктік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе. Банктік есепшоттарды басқару «онлайн» режимінде Интернет желісі арқылы клиентке ыңғайлы уақыт пен орналасқан орны бойынша өткізіледі. 2010 жылдың соңында «Үйдегі – Банкинг» жүйесінің клиенттік базасы 9190 тұтынушыға жетті. Сонымен қатар «ЦентрКредит» Банкі WesternUnion халықаралық ақша аударымдары, жедел аударымдар, жедел түсім, СМС-банкинг сияқты т.б. қызметтерді сәттілікпен жүзеге асырып отыр.

3.3 «ЦентрКредит» АҚ-ның банктің қызметін бағалау

 Банктің 2010 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес «ЦентрКредит» Банкі жиынтық активтердің мөлшері бойынша және меншікті капитал бойынша Қазақстандағы коммерциялық банктер арасында 4 орынды иеленді. Есепті кезең ішінде «ЦентрКредит» Банкі активтерінің көлемін 5,5%-ға өсірді, жиынтық мәні 1 224,6 млрд теңгені құрады. 2009 жылғы 3,45 млрд теңгені құраған таза табысымен салыстырғанда 2010 жылы Банк 30,7 млрд теңге мөлшерінде теріс қаржылық нәтиже көрсетті.

Жеке тұлғалардың «ЦентрКредит» Банкіндегі депозиттік салымдары 2010 жылы 17,2%-ға өсті. Тұрғын халықтың «ЦентрКредит» Банкіне салымдары осы кезең ішінде 16,2%-ға ұлғайды. Банктің жеке тұлғалардың салымдары нарығындағы үлесі 14,9%-ды құрады.

2010 жылы Банктің капиталы 13,3%-ға кеміді және 2011 жылғы 1 қаңтардағы  жай-күйі бойынша 84,8 млрд теңгені  құрады. 1010 жылы банктердің несиелік  белсенділігінің төмендеу беталысы байқалып, «ЦентрКредит» Банкінің негізгі мақсаты несие портфелін сауықтыру болды. Бұл несие портфелінің сапалық құрылымының өзгеруінен байқалды, ондағы күмәнді несиелердің үлесі 14,5%-ға өссе, осы уақытта үмітсіз несиелердің үлесі 38,3%-ға кеміді. Яғни, жоғарыда көрсетілген Банк пайдасының төмендеуіне әкеп соққан басты фактор – несие портфеліне қарсы қосымша провизия құру қажеттігі болды. Банк капиталының динамикасы жайындағы ақпаратты төменде көрсетілген графиктен алуға болады.

 

4-сурет. Банк капиталының динамикасы.

2010 жыл ішінде Банктің  несие портфелі 10%-ға өсіп, жыл  аяғында 801,1 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымы елеулі  өзгерістерге ұшыраған жоқ. Өткен  жыл жалпы банк жүйесі үшін  айтарлықтай күрделі болды, бұл  өз алдына несие сапасының  нашарлауына ықпал етті. Дегенмен, Банктің несие портфелінің сапалық көрсеткіштері әлдеқайда жақсы, бұған қалыпты консервативтік несие саясаты мен несие портфелінің жақсы әртараптануы өз септігін тигізді. «ЦентрКредит» Банкі АҚ қорларының деңгейі 2010 жылы 9%-дан 13%-ға дейін ұлғайды (ҚЕХС бойынша) және оның абсолютті мәні 106 млрд теңгені құрады. NPL (Non-performing loan – мерзімі өтіп кеткен несие немесе бастапқы несие шарттары сақталмай, кредиторға несиені қайтару кезінде қосымша пайыз төлеу, т.с.с.) деңгейі 3,5%-дан 10%-ға дейін ұлғайды (ҚЕХС бойынша). Осылайша Банк туындауы мүмкін тәуекелділіктерді өтеу үшін жеткілікті деңгейде қор жинады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер Банктің несие бойынша шығындарды абсорбациялаудың жоғары мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазіргі күнде банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жетекші орындарға ие. Несие саясатындағы басымдықтарды өзгерту көзделмеген, сонымен қатар 2011 жылы ШОБ-тың несие портфелін ұлғайту жоспарланып жатыр.

Экономиканың әр түрлі  секторларын несиелеу кезінде Банк әр тараптандыру саясатын қолданады, оның негізгі мақсаты – салалық тәуекелдіктің банк қызметіне теріс әсерін шектеу. Экономика салаларын несиелеуде несие портфеліндегі ең қомақты меншікті салмақ саудаға, құрылысқа, тамақ өнеркәсібіне, өндіріске және ауыл шаруашылығына тиесілі болып келеді: олардың үлесі несиелік портфель жиынтығының 50%-ын құрайды. Несиелік портфельдің салалық құрылымындағы жеке тұлғалар 34% құрайды.

5-сурет. Несие портфелінің үлестік көрінісі.

 

Ірі корпоративтік клиенттер  несие портфеліндегі қомақты  үлесті – шамамен 25%-ды иеленді, осы  кезде құрылыс секторын қаржыландырудың  табиғи төмендеуі байқалып жатқан болса, ал экономиканың сауда және қызмет көрсету салаларында банк өз белсенділігін сақтады.

Берліген несиелер негізінде  пайда болған банк активтері 2010 жылы 5,5%-ға өсім алып 1 224,6 млрд теңгені құраған болатын. Қазақстан банк жүйесінің жиынтық активтеріндегі «ЦентрКредит» Банкі АҚ-ы активтерінің үлесі 10,1%-ды құрады. 10 жыл ішінде банк активтері 1 192 млрд теңге шамасында өсім алды.

6-сурет. Банк активтерінің динамикасы.

 

Банк «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асырылатын шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдармаларға, сондай-ақ ҚР  Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражаттарын толықтыруға екінші деңгейлі банктердің беретін несиелер бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасына қатысады. 2010 жылы «ЦентрКредит» Банкі «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнес клиенттерге несие беруді бастады. Неміс Даму банкі, Азия Даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Германия Үкіметі бағдарламасының желісі бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша халықаралық бағдармаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық жалғастыруда. «ЦентрКредит» Банкі Мемлекеттік азық-түлік корпорациясымен бірге отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қаржыландыруға байланысты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып отыр. Банк өз бағдарламасының аясында және Қазақстанның ипотекалық компаниясының бағдарламасы бойынша халыққа ипотекалық несие беру жұмыстарын жүргізуде.

 

Заключение

Список используемой литературы

 

  1. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело. – Питер, 2000г.
  2. Бекболатулы Ж.К. Коммерческие банки Казахстана: проблемы и приоритеты // Экономика Казахстана, 1997г., № 9-10.
  3. Дробозина Л.Т. Деньги, Кредит, Банки. - М., Инфра-М., 1997г.
  4. Жукова Е. Ф. Банки и банковские операции. – М.: Банки и биржи – Юнити, 1997г.
  5. Калиева Г.Т. Коммерческие банки в Казахстане и проблемы обеспечения их устойчивости: Автореферат. – Алматы: 1999г.
  6. Колесников В. И. Банковское дело. -  М: Финансы и статистика, 2000г.
  7. Лаврушин О.Н. Банковское дело. - М: Финансы и статистика, 2000г.
  8. Маркова О. М., Сахаров В. И. Коммерческие банки и их операции. – М., Банки и биржи – Юнити, 1995г.
  9. Миркин Я. М. Банковские операции. – М., Инфра-М., 1996г.
  10. Поляков В. П., Москвина Л. А. Основы денежного обращения и кредита. – М., Инфра-М, 1995г.
  11. Поляков В.П. ,Москвина Л.А.  Основы денежного обращения  и кредита. - М.: Инфра - М, 1995
  12. Речмен Д.Д. Деньги. Денежно-кредитная политика, Ташкент, 1996
  13. Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки / Под ред. В.М.Усоскина.- М.: Космополис, 1991.
  14. Сейткасимов Г.С. Деньги, Кредит, Банки. - Алматы: Экономика, 1999г.
  15. Сейткасимов Г.С., Банковское дело. -Алматы,Каржы-каражат,1998г.
  16. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции. М., 1994.
  17. Чепурин М.Н., Киселевой Е.А., Курс экономической теории, Киров,1994.
  18. Чечелева Т.В, Грязнова А.Г.,   Экономическая теория – М.: Издательство «Экзамен», 2003

(М.Жолдасбеков, «Незаменимые услуги»,  Алматы,1986 ж.).  


Информация о работе Коммерциялық банктер қызметіне талдау