Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:13, курсовая работа
Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.
КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37
Халықаралық
факторинг туралы Конвенцияға
сәйкес, келесідей төрт белгі
қанағаттандырылғанда ғана
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
Факторингтік
келісімнің бірнеше типі бар.
Толық қызмет ету туралы
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасттық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» – «сенім» деген мағынаны білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасттық деп аталады.
Коммерциялық банктер трасттық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Трасттық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Инвестиция дегеніміз халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу.
Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады.
Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Коммерциялық
банктердің инвестициялық
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Қордық
бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның
массалық сипатымен
Олар
негізгі және көмекші болып
бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы
қағаздар негізгі мүліктік
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы
қағаздармен операциялар
Коммерциялық
банктер пайда табу үшін басқа
эмитентердің бағалы
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда
табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге
банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет
түрлеріне қатысты толық
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі
түрде осы қаражаттардың
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі
талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың
төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау
2.1 ҚР банктердің даму тарихы
Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес, олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.
Жалпы, «Банк» деген ұғым – италиян сөзі: «bank» – орындық, айырбас орындығы, айырбас орны дегенді білдіреді.
Кеңес үкіметі кезінде
Қазақстанның өзінің банктік жүйесі
болған жоқ, себебі республика аумағында
КСРО-ның орталықтандырылған несие
жүйесінің филиалдары мен бөлімдері
қызмет етті. Осыған байланысты банктік
жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің
банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік
банктер, қалалық банктер, ипотекалық
несие банктері мен басқа да несиелік
мекемелер кірді. Ресейдің мемлекеттік
банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің орталық банкі болып табылады.
Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық
құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк
743 филиалымен) қарыз капиталы нарығында
басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың
жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету
үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер
қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы
(11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік
дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік
жер банкі, 10 акционерлік жер банктері,
36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық
несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе,
деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет
көрсететін несиелік кооперация кеңінен
танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен
несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк
ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы
түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке
коммерциялық банктер мен басқа несие
мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.
1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері
және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі
сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері
мемлекет, кооперативтік және қоғамдық
ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда
банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ
Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк),
Кооперативтік банк және акционерлік,
салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие
түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы
Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай
өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ
мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді.
Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне
тән ерекшк қызметі –банктік несие беру
жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың
түріне айналды. КСРО-да 1930-1932 жылдары
жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде
жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды.
Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және
несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер
құрылды:
1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып
қайта ұйымдастырылды.
2. Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері
КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында
үлестірілді.
3. Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз жұмысын
тоқтатты, ал активтері мен пассивтері
1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.
4. Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да оның қызметтері
КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында
үлестірілді.