Коммерциялық банктер қызметіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 19:13, курсовая работа

Описание

Коммерциялық банктердің банк жүйесінің буыны ретінде қаржы жүйесінде атқаратын рөлі өте зор. Себебі коммерциялық банктер бірінші деңгейдегі Ұлттық банкпен қатар қаржы жүйесіндегі басты функциялардың бірі – қаржылық ресурстарды қалыптастыру қызметін орындайды. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қызметтері, операциялары жайында көбірек мәлімет алу жөн.
Коммерциялық банк – өз атынан ақшалай қаражаттарды мерзімділік, ақылылық және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған несиелік мекеме.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі 5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі, функциялары 5
1.2. Коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операциялары 7
1.3. Коммерциялық банктер қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі 11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 14
2.1 ҚР банктердің даму тарихы 14
2.2 Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі 18
2.3 ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 21
ІІІ. «ЦентрКредит» АҚ үлгісі негізінде коммерциялық банктердің операциялары мен қызметіне талдау жасау 27
2.1 «ЦентрКредит» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 27
2.2 «ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтері мен өнімдері 29
2.3 «ЦентрКредит» АҚ-ы банкінің қызметін бағалау 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Ком.банки курсовая ЭТ.DOC

— 376.50 Кб (Скачать документ)

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары  жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеумеетік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды. 
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң – «Мемлекеттік банк туралы» Заң және «Банктер және банк қызметі туралы» Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады. Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.  
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.  
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.  
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді.  
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады.  
Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі — натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін).  
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 — 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.  
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді

60-жылдардың басында жинақ кассаларында  тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.  
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды.  
Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді.  
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.  
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды — дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.  
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз

Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.  
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.  
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым — «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.  
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.  
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.  
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды.  
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан  
№ 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.  
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз және де бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.

 

2.2. Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстан  Республикасындағы коммерциялық  банктердің қызметтерін жетілдіру  жолдары.

Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру үшін «Самұрық – Қазына» қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады. Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:

  1. «Самұрық – Қазына» қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен 15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
  2. Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
  3. Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5%-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
  4. Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы қалаларының нарығынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады.

Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету  бойынша шаралар қабылдайтын  болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылыс аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген  баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша  265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер  тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша  заңнамаға өзгерістер енгізетін  болады.

Экономиканы отандық  қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың  қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

Біріншіден, осы мақсаттарға «Самұрық – Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Екінші деңгейдегі банктер  шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық- Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.

Екіншіден, «Самұрық-Қазына» қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді.

Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.

Жер қойнауын пайдаланумен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс  күшейтілетін болады.

Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру.

Агроөнеркәсіптік кешенді  дамуға ерекше назар аударылатын болды. Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар:

  1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды.
  3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.

Республикалық бюджеттен  агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға «Қаз Агро» холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.

Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы-сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.

Отандық банк жүйесін  қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Информация о работе Коммерциялық банктер қызметіне талдау