Ұлттық банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:08, курсовая работа

Описание

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
ІІ-тарау. Ұлттық банк жүйесі
2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы
2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы
2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

     Қоғамда бір бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық рөлі күшеюде: Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік -әміршілік әдістердің орнын –экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп, экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

     Бұл жағдайда экономикада инфляцияның  төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі  рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты –несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуді тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.  Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға, жетті. Ұлттық банкпен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 пайызға, төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13.5 пайызға, қыркүйекте 10.9 пайызға тең болды.

     Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300 ден 250 пайызға дейін  төмендеуі мен несиелік ресурстар  аукциондағы пайыздық мөлшерлеменің 460 тан 280 пайызға төмендеуі, яғни несие  үшін төлем сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарлауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурсар аукциондарда сатылады.

     Ұлттық  банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

     Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің рөлі маңызды. Банктердің активтері  мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттерінің  қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан бан,ктік реформаның негізгі мақсатының бірі –экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны –банктік реформа. Мемлекет меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден арыла алмайды. Бұл қазіргі кезде көптеген мемлекет кәсіпорындарының несие портфелі сапасының төмендігіне байланысты.

     Банктік реформа кәсіпорындарды тарату және қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеу мен  қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды  кәсіпорынның  өміршең кәсіпорындардын бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкінеберілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктерден нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырландыруын болдырмауы тиіс.

     Банктік жүйенің реформасы инвестициялық  қорлардың рөлін жоғарлату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің рөлі жекешелендіру бағдарламасның негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпаративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, Яғни жеке меншік құқық және тұлғаларға көшеді деген сөз.

     Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

     Жекешелендіруші кәсіпорындаға республикада банктік  реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер, маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде  әңгіме жекелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен Заң базасын жасау керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2. Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау

      Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне  банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

      Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа  мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызымыз.

      Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік  және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.

      Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер  мен кәсіпорындар арасында төлем  төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс  жүргізе алмады.

      1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына  несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың 2 тоқсанында несиенің сомасы ЖҰӨ нің 11,3 пайызын құраса, ал 4 тоқсанда 29,8 пайызды құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктердің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылады. Оларды келесідей мәліметтер куәләндырады: 1992 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы -6,7 пайызды құраса, 4 тоқсанында 17,8 пайызды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру -өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасалмайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.

      1993 жылы Ұлттық банктен 7,5 млрд. Теңге  сомасында орталықтандырылған несие  берілді, 5,6 млрд. Теңгесі үкіметке, яғни олардың үлесі 75 пайызды  құрады, ал олар бойынша жалпы  қайтарылатын жалпы сома 138,5 млн.  теңгеге немесе 3,9 пайызға тең болады, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылады.

      Ұлттық  банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін –еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда кедергі болған тағы да бір фактор –бұл төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірген мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық тәжірибесінің әлсіреуіне әсер етеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды  жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз айында 25 пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция 1000 пайызды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.

      Осылайша  мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкеледі.

      Арнайы  банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей  несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.

      Төменгі пайыздық мөлшерлемесінің саясаты  жинақ ақшаларды банктерге толық  мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қоғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығындардың орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне банктердің байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

      Несиелік  ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік  кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жыл 4 тоқсанында 65 паыз төмен) мөлшерлеме бойынша беріледі.

      1992 жыл Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырылған несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42 пайызын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

      1993 жыл мақсаты үкіметтік бағдарламаларға  берілетін орталықтандырылған несиелер  жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен 3, 25, 65 пайызға беріледі.

      Ұлттық  банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын жүргізу кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.

      Дегенмен  жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға берілгені мен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.

      Несиелік  жұмсалымдардың жалпы сомасында  мемлекеттік емес қарыз бюджеттің  тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса, 1993 жылы 1 қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға 877 млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8 пайызды құрайды.

      1991 жылы 1 қаңтарда уақында төленбеген  есеп айырысу құжаттары 5 млн. теңге құраса, 1992 жылы 1 қаңтарда 11,2 млн теңге құраса, 92 ж маусымда 384 млн. теңге немесе ЖҰӨ нің 12,3 немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасы 84,1 пайызды құрады. 93 ж мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60есе жоғары өсті.

      1992 жыл соңында Қазақстан мен  Ресей, екі елдің кәсіпорынның  қарызын өзара есепке алу туралы  екі жақты келісімге қол қойды,  ол қарыздар сомасы 1992 жылғы аяғында  80 млн. теңгені құраған. 

      1993 жылғы қараша айында Ұлттық  банкке Ұлттық валютаның енуімен ақша несие саясатын жүзеге асыру, бюджетпен банктер мен өзара қарым қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

      Ұлттық  валютаның еңгізілуі сәтінен  бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің қызметін атқару жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай –несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды.

      1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан  Республикасы Призедентінің қаулысымен  бекітілген, 1995 ж арналған Қазақстандағы  банктік жүйені реформалаудың  бірінші бағдарламасы жасалынды. 

      Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:

      Ұлттық  банкінің негізінен алассикалық  орталық банктерге тән валюталық  және ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын еңгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай  несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банкінің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді.

Информация о работе Ұлттық банк жүйесі