Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 16:58, курсовая работа

Описание

Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiмдi келесiдей топтастыруға болады:
• Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
• Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
• Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
• Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
• Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымы;
• Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya.docx

— 223.34 Кб (Скачать документ)

 

    1. Жаңа өнiмдi дайындау:
  • Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
  • Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
  • Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;

 

    1. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
  • Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
  • Сатылудың оптималды шараларын талдау;
  • Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
  • Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

 

    1. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
  • Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
  • Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
  • Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
  • Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. / 5 /

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк  қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны  қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар  және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде  сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста  болып отырады. (Сурет 1) 


Инновациялық процесс


Ұйымды  басқару


Құқықтық  және саяси жағдай

Экономикалық, технологиялық.


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Әлеуметтiк, психологиялық және мәдени жағынан



 

 

          

                                                                          

1-сурет.  Инновациялық  процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы

 

 

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай  инновациялық процестi дамытуда  сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту  үшiн осы сыртқы орталарды да  жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық  қызметке ынталандыруымыз керек.  Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады. 

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.  Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

       2002 жылдың шілде айында қабылданған  “Инновациялық қызмет” туралы  Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс  әкелетін жаңалық болды. Мақсаты  отандық өндірістің инновацияларға  сұранысын арттыру, қолданбалы  зерттеулерді қолға алу, ұлттық  технопарктер құру, инновациялық  даму салаларының басым бағыттарын  белгілеп, сол арқылы ел экномикасын  ары қарай дамыту.

       Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген  мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет  көркеюінің негізгі жолы- ғылыми  техникалық және инновациялық  салада лидер болу. Инновациялар  және жаңалықтар экономиканың  құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық  прогрестің белсенді түрде дамуына  жағдай жасап, ұлтық экономиканың  тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін  жоғарылатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

 

2.1 Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiң ролi

 

Рыноктық қатынаста бәсекенiң  дамуымен экономикада мемлекеттiң  ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер  тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң  араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан  инновация мен инвестиция мемлекеттiң  реттеудiң объектiсi болып табылады. 

Көптеген  дамушы елдер табиғи ресурстарға  бай бола тұра, тұрақты дамуға қол  жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат  экспорты бұл елдердің мемлекеттік  қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт  өте келе жоғары табыс экономиканы  құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат  экспортынан және оның әлемдік рыноктағы  жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты  аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің  күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл  мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың  бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық  өндірісті дамыту.

        Қазіргі таңда ел экономикасы  дамуының шешуші факторлары - ғылым  мен инновациялық технологиялар  екеніне күннен-күнге көз жеткізіп  келеміз. Бүкіл әлемде озық  технология мен техниканы насихаттайтын  1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние  жүзіндегі ең алғашқы технопарк  – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының”  пайда болуына негіз болды.  Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер  тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да  құрыла бастады.

       Жапондықтар жаңа өнімді ойлап  табу және оны жасап шығару  жылдамдығынан американдықтар мен  еуропалықтарды да басып озады.Жаңа  автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін  шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан  кейін шығады.Жапондықтар үшін  өнімнің сапасын қажетті деңгейге  жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал  АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .  /2/ 

       Ал Қытайда жаңа техника мен  жоғары технологияны өндіріске  енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды  парктер/ айналысады.Онда технологиялық  жетістіктер коммерциялық және  өндірістік жағынан қарқынды  жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына  әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар  мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП  олардың құрылуына жағдай жасайды,  ғылыми зерттеулерін жүргізуге  көмектеседі,ақпарат және қаржымен  қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір  сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы  орта” жасайды.Қытай экономикасына  үлкен үлес қосып, инновацияны  дамытып отырғанын ҒТИП құрамына  кіретін кәсіпорын санының өсуінен  байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796.  /3/

       Ал Корея Республикасының /Оңтүстік  Корея/ ғылым мен техниканы  соңғы 50 жылда өте қарқынды  дамытты. Екінші дүниежүзілік  соғыстан әлемдегі ең кедей  елдердің бірі болып шығып,  соғыстан кейінгі зерттеулердің  басым бөлігін қорғаныс, ядролық  және космостық салаларға бағыттады.Корея  Республикасы ғылыми-техникалық  саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының  ортасында қолға алды. 1967 ж. басты  міндеті ғылыми-техникалық саясатты  жобалау және жүзеге асыру  болып табылатын Ғылым және  технология Министрлігі құрылды  және Ғылым мен техниканы қолдау  туралы Заң қабылдады. Осыдан  кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге  жоспарланған.  /14/

       Финляндия 1991 жылға дейін экспортының  жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО  тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс  Финляндия экономикасына да жағымсыз  әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі  1991 ж  3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін  өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан  шығу үшін Финляндия Үкіметі  1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама  қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны  дамыған елдер қатарына қосу.Осы  бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен  Үкімет ұлттық инновациялық жүйені  құрды. Оның қызметін тікелей  Финляндия Президенті қадағалайды. 

        1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің  экономикасында жағымсыз жағдай  қалыптасты. Қазақстанда барлық  салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға  көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар  жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті  қайта құрылу сияқты құрылымдық  өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің  себебі – нарықтың қатал талабы  болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны  көп икемсіз өндіріс, тиімсіз  басқару, сын көтермес қаржылық  жағдай және осы сынды мәселелер  аяғына шырмауық болып оралды.

       Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан  кейінгі жылдарда экономиканың  жанданып дамуы шикізат (газ,  мұнай, металл) сатудан түскен  валюталық түсімдерге тікелей  байланысты болды. 2000-2002 жылдарда  Қазақстанда экономикалық өсу  байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат  сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін  түсінген ҚР Үкіметі қырағылық  танытып, елдің индустриалды-инновациялық  саясатын қолға алды. 2002 ж шілде  айында ҚР Президенті Жарлығымен  “Инновациялық қызмет" туралы  Заң күшіне енді.

       Әрбір ел дүниежүзілік рынокта  өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға  тырысады. Бұл тікелей инновацияларға  қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға  алған негізгі мәселе де осы  болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік  негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен  қаржыландырып немесе басқа қаржы  ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе,  бұл саланың қарқынды дамуы  да екіталай. /14 /

      Іс жүзінде ғылыми зерттеулер  мен инновациялық процестерді  мемлекеттік қолдаудың негізгі  кең тараған 3 әдісі бар.

      1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі  лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін  ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы  мәселелерін шешумен айналысады;

      2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз  негізде мемлекеттік бюджеттен  қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын  шарт- зерттеулер барысы бойынша толық  есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде  жариялау

      3. Ғылыми-техникалық зерттеулер  мен тәжірибе жүргізуге инвестиция  бөлінген жеке бизнеске салық  жеңілдіктерін ұсыну. 

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк  қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 2)  / (4), 56 б. /

 

 

 

Мемлекеттiк құқықтық қолдау



 


Мемлекеттiк қаржылық қолдау



 


Инновациялық құрылымды  құру



 


Салықтық және несиелiк жеңiлдiктер



 


Жалпы шаруашылық және саяси-әлеуметтiк  жағымды климат



 

 

 

      

2-сурет.  Инновациялық қызметке мемлекеттiк  қолдау көрсету

 

 

 

2-шi сурет бойынша инновациялық  қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн  ең бiрiншi құқықтық нысандары  елiмiзде жоғарыдағы стратегия  бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк  қаржылық қолдау және инновациялық  құрылымдарды құру үшiн оған  көп мөлшерде қаржы керек. Осы  мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң  бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген  Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

Бұл мәселенің  шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.

Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. /13/

 

 

Инновациялар  саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады

                                                       Мемлекет

 


 

 

Құқықтық- нормативтік  жағынан                             Бюджеттен немесе басқа  

қамтамасыз  етеді                                                     көздерден қаржыландырады

 

Ал мемелекет  инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың  ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті  капитал салымы мен жұмыссыздық  туралы деректерді сәйкестендіру болып  табылады.

       Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына  мынандай қолдау көрсетеді:

  1. Мамандандырылған  мемлекеттік мекемелер (шағын  инновациялық кәсірорындарға кеңес  беретін комисссиялар, кәсіпорындарды  қолдайтын бас басқарма, регионалдық  органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар  академиясы, шағын инновациялық  кәсіпорындардың бүкіл жапондық  регионалдық орталық комитеті) жаңадан  құрылған шағын кәсіпорындарға  көмек көрсетеді.

Информация о работе Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты