Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 16:58, курсовая работа

Описание

Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiмдi келесiдей топтастыруға болады:
• Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
• Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
• Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
• Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
• Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымы;
• Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya.docx

— 223.34 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2020) 2010 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғандағы аралықты қамтитын «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың келесі кезеңі болмақ.

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.

Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.

Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады.

Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді. Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.

Әртараптандырылған экономиканың негізінде ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың басты жетістігі болады.

      Стратегиялық жоспардың  аясында таяу онжылдықта Қазақстан  2020 жылға қарай мынадай көрсеткіштерге  қол жетуізуі керек:

ЖІӨ өсімі – кем дегенде 30 пайызды құрайды.

Қайта өңдейтін салалардағы өсім өңдеуші  саладағы деңгейден артады немесе соның  деңгейіне жетеді.

Ұлттық қор активтері ЖІӨ-нің  кем дегенде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізат емес секторындағы отандық және шетелдік инвестициялар  кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды.

Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесіі 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жуықтайды.

Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есеге, 2020 жылға қарай – 4 есеге ұлғаяды.

Аграрлық секторда мал шаруашылығын дамыту жөнінде баға жеткізгісіз  жоба іске асырылатын болады. 2016 жылы етті экспорттау 60 мың тоннаны құрап, бұл тұрғыда 4 миллион тоннна астық экспортымен теңеседі. Мемлекет бұл мақсатқа кредиттік ресурстардан 130 миллиард теңге бөледі. Бұл ауылда 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады, 100 мыңнан астам ауыдықтарға кіріс көзін ұсына алады. Мемлекет басшысы шикізат емес секторды дамыту мақсатында Үкіметке энерготиімділіктің кешенді жоспарын әзірлеуге және бекітуге тапсырма берді.

Барлық мемлекеттік органдар үшін бақылау жүргізудің бірыңғай қағидаты мен тәртібі белгіленді. Бұл бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді едәуір төмендету үшін жасалып отыр. Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, қоғамдық қауіпсіздікке көп қатер туғызбайтын қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілді, бас бостандығынан айруға қатыссыз, жазалауды қолдану аясы, сондай-ақ алдын алу шарасы, баламалы тұтқындау кеңейтілді.

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес  жүргізілуде. Қазіргі уақытта халықаралық  сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы  ең тиімді заңнамалардың бірі ретінде танылып отыр.

Бүкіл әлемдік банктің баяндамасында 2010 жылы Қазақстан бизнестің мүддесін көздеген реформа жүргізу бойынша көшбасшы болып танылды. Бизнестік ахуалы едәуір қолайлы елдердің әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемнің 183 елінің арасында 59-орынға ие болған.

Атлған бағдарламаның басты  мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударды.

- Мен үш маңызды мемлекеттік  бағдарламаны: білім беру, дансаулық  сақтау және тілді дамыту бағдарламаларын  бекіттім, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осы  жылдың 1 мамырына дейін негізінде  жаңа бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге тапсырма берді, олар:

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы;

ТКШ жаңарту;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Білім беру

Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:

  • жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;
  • білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
  • техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;
  • бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру.

Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге  бағытталуы тиіс:

Балаларды мектепке дейінгі оқыту  және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға  қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай – 100 пайызды құрауы тиіс.

2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.

2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесі 30 пайызды құрайды.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін  өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингісінде атап өтілетін болады.

- Сапалы білім беру Қазақстанның  индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Денсаулық сақтау

Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін барлық қажетті  жағдайлар жасалды. Денсаулық саласын  қаржыландыру 2002 жылы ЖІӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызға дейінгі мөлшеріне ұлғайды. Бүгінде алғаш рет елімізде ең күрделі медициналық бағыттар бойынша операциялар жасалуда. Мысалы, жетекші шетелдік клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсеткендей, бала туу 25 пайызға ұлғайғанын, өлімнің азаюы 11 пайыз құрағанын, халықтың табиғи өсімі 1,7 есе ұлғайғанын атап өтуге болады.

2013 жылы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендіру аяқталады.

- Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің сапасын арттырып, алдын алу жұмыстарын нақты қолға алуымыз керек. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылайтын ұлттық бағдарлама кешенін ендіру қажет. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекке қол жетімділікті кеңейту қажеттігіне ерекше назар аудару қажет, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба – 2 «Денсаулық» арнаулы емдеу-диагносткалық поезд өз жұмысын бастады. Мобильдік медицниалық кешен –автоклиниканың санын 50 данаға дейін жеткізу қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кем дегенде 16 тікұшақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ трассаларда медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жедел пысықтау туралы тапсырма берді.

Төтенше медицналық көмек қызметі  көппрофильді мобильдік және аэромобильдік госпитальмен жарақтандырылуы қажет.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар салынатын болады.

-  Осы міндеттерді орындаудың нәтижесінде 2015 жылға қарай күтілетін қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа және одан ұзақ жасқа дейін ұлғаятын болады, - деді Президент. 

Тілдерді дамыту

2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген  қазақстандықтардың саны кем  дегенде 80 пайызға жетеді. Ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз болады. Он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді.

- Мен әрдайын бүгінде қазақстандықтар  үшін үш тілді меңгеру –  бұл өздері үшін міндетті шарт  екенін айтып жүрмін. Сондықтан  2020 жылға қарай ағылшын тілін  меңгерген халықтың үлесі кем  дегенде 20 пайызды құрауы қажет, - деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.  

Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы  

«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында екі жыл ішінде халық жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі қысқарды және Қазақстанның қалалары мен ауылдарында инфрақұрылым жақсарды.

Мемлекет басшысы Үкіметке облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен  бірлесіп 2011 жылғы 1 мамырға дейін халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде негізінен жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Үкімет бизнес қоғамдастығымен  бірлесіп индустриалдық нысандарда жұмыс істегісі келетін адамдарға тегін кәсіптік оқуды ұсынуы қажет. Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустриаландыруға қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

- Даму әлеуеті жоғары елді  мекендерде ауыл инфрақұрылымын  дамытамыз, суаруға, шағын кредиттеу  және заттай гранттар бағдарламларына  қол жетімділігін кеңейтіп, кәсіпкерлік машықтарына оқуын ұйымдастырамыз. Сондықтан Үкіметке қаржылық реттеушілермен бірлесіп, тиісті заң жобасы мен шаралар кешенін жедел әзірлеуді тапсырамын, - деді Президент.

ТКШ жаңарту

Жайлы тұрғын үй деңгейі - азаматтардың өмір сүруінің жақсы көрсеткіші. Соңғы он жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды.

ТКШ жаңарту аясында су, жылу, электр және газбен қамту жүйелеріне ауқымды  жаңартуларды жүргізу, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет. Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың үлесін 2015 жылға қарай 32-ден 22 пайызға төмендету қажет. Желілерді жаңарту ұзақтығы 2015 жылға қарай, жалпы, еліміз бойынша 31 мыңнан аса километрді құрайтын болады.

Мемлекет халықаралақ қаржы  институттары мен біздің банктерді  тарту арқылы жеке инвесторларға, кәсіпорындар мен азаматтарға тұрғын үй мен коммунальдық нысандарға жөндеу жүргізу және қалпына келтіруді бірлесіп қаржыландырудың арнайы құралдарын ұсынады.

ТКШ жаңарту бағдарламасын іске асыру жыл сайын жаңа 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Үкіметке ортақ  мүлікті қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қоса қаржыландыру мен жинақтауды ынталандыру тетіктерін әзірлеу туралы тапсырма берді.

Сапалы ауыз су

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  жөніндегі жұмыстар 8 жыл бұрын  басталған еді. Ауылдық елді мекендердің  орталықтандырылған суменжабдықтауға қол жетімділігі 41 пайызға, қалаларда – 72 пайызға дейін артты. Тасымалданатын суды пайдаланылатын адамдардың саны 4 есеге азайды. Сондай-ақ, суменжабдықтау жүйесін жақсартуды қажет ететін ауылдар әлі де аз емес.

Республика бойынша ауыз суға қол жетімділіктің орташа деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға жауап беруі қажет.

2020 жылы қалаларда орталық суменжабдықтауға  қол жетімділік 100 пайызды құрауы  тиіс. Ал ауылдық жерлерде – екі есе артып, 80 пайызға дейін өседі. 

Кірісті арттыру - өмір сүрудің жаңа сапасы 

- Ағымдағы жылы біз зейнетақы,  стипендия, бюджеттік сала қызметкерлерінің  еңбекақысының мөлшерін 30 пайызға арттырамыз. Біз екі жыл қатарынан 25 пайызға ұлғайттық. «Нұр Отан» ХДП Жаңа платформасында жсопарланғандай, 2012 жылы зейнетақы, бюджеттік ұйымдардың еңбекақысы мен стипендияның орташа мөлшері 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артады. Біз осыны уәде еттік және біз осыны іске асырдық, - деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ 2011 жылды  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылы деп жариялады. Мемлекеттік комиссия құрылды, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.

- Үкіметке оны іске асыру  үшін инвесторлардың, бизнес қоғамдастығының,  қазақстандықтардың күш-жігерін  біріктіруті тапсырамын. Біздің мерейтойдың ұраны – «Бейбітшілік пен жасапаздыққа – 20 жыл», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Қазақстан  50 елдің қатарында

 

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып  келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық  “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге  қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп  дәл көрсетуі жаңа экономика –  инновациялық экономика қалыптастырудың  айрықша маңызды екендігін танытады.

Информация о работе Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты