Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 19:52, курсовая работа
Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған
әдебиеттер тізімі 33
Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты меншік ұғымы төңірегінде акционерлік қоғамдарда орын алатын меншіктің формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқара анықтап, өзіндік ой пікір қалыптастыру.
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды. Олар осы екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктің категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болғалы отырғаны меншіктің акционерлік формасы, яғни акционерлік қоғамдар туралы болмақ.
Біз акционерлік қоғамдардың меншік формасын ретінде басқа меншік формаларына қарағанда артықшылықтары қандай және нендей кемшіліктері бар деген сұраққа жауап іздейміз.
Сонымен
қатар қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы
акционерлік қоғамдардың аяқ
алысын, олардың қалыптасуы мен даму
үрдісіне зер салып саралаймыз.
Меншіктің
экономикалық, мазмұнын заттың, материалдық
игіліктің біреудің иелігіндегі
деген түсінік арқылы жеткізу
жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: «мына
жер аумағы — менің меншігімде».
Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық
мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік
экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі?
Жер бетінде банк өз бетімен жұмыс
істей ме? Әлде сол жерде. Басқа
бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр
ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды
жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін
ипотекалық банкке салып, содан тиісінше
табыс алатын шығар? Байқап отырсақ
меншіктің экономикалық мән-мазмұнын
бір сөзбен айтып түсіндіру қиын
екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын
сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік
қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру
мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас
бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды.
Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін
түсіндіруде тікелей
Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.
Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.
Кестеде
көріп отырғандай, қазіргі экономикалық
жүйе меншіктің көптеген формаларымен
ерекшеленеді.
Меншік түрі | Қоғамдық | Жеке | Аралас | |||||||||||||
Меншік формасы | Мемлекеттік | Ұжымдық | Индивидуалды еңбек ету | Жалдамалы
еңбек ету |
||||||||||||
Меншік түрі | Муниципалды | Кооперативтік | Акционерлік | Қоғамдық ұйымдар меншігі | Діни мәдени ұйымдар меншігі | жеке тұлғалық | Жанұялық | Индивидуалды жалдамалы еңбектің қатысуымен | Монополистік | Корпоративті | Мемлекеттік- ұжымдық | Мемлекеттік жеке | Жеке-ұжымдық | Біріккен шет ел капиталын қолдана отырып | Тағы басқа |
Сонымен, меншік формасы – материалды игіліктерді экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын бейнелейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:
Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.
Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден,
табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы
қағаздардың пайда болуы
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі? Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:
(50х100%)/5 = 1000$
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1.
жалған капиталдың өз құны (өте
аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың
кейбір түрлері нақты
2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
3.
жалған капиталдың мөлшері (