Меншіктің акционерлік формасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 19:52, курсовая работа

Описание

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.

Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.

Содержание

Кіріспе 3

1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5

1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5

1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7

1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19

2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22

2.1 Акциялар 22

2.2 Облигациялар 24

2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25

3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Работа состоит из  1 файл

Менш акцион формасы кур работа.docx

— 61.73 Кб (Скачать документ)

      Қоғамның  басқару билігі қолында акциялардың  бақылау бумасы бар ірі акционерлерде  болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін  акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына  құқық беретін белгілі бір  акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне  проценттік арақатынасы. Іс жүзінде  акционерлердің жалпы жиналысында  дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

      Қоғамның  келесі басқару органы - директорлар  кеңесі. Оның міндетіне:

      • қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау;

      • акционерлердің жылдық және керек жағдайларда  кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау;

      • олардың күн тәртібін бекіту;

      • қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып  алу туралы шешім қабылдау;

      • таза табысты, резервтік капитал  мен қоғамның өзге қорларының қаражатын  пайдалану тәртібін айқындау және сол  сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары  аралығында шешілетін мәселелер  жатады. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының  және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органды директорлар  кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген  санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, қызметкерлер штатын шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.

      Қоғамның  атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган - тексеру комиссиясы. Ол кемінде  үш мүше құрамында құрылып, бес жыл  мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің  тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 процентінен астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.

      Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының  шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан  дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі  акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционердің келісімімен  сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді  тоқсан сайын, жарты жылда бір  рет, не жыл қорытындысы бойынша  жариялайды. Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ жыл сайын баспасөз басылымында  қоғамның жылдық балансын және кірістері  мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан аяқталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы  және табысы мен зияны туралы есептерді  баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам  облигациялар шығарған және орналастырған  жағдайда да баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.

      АҚ-дардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар жұмыс  істеп тұрған заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық  кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда  болған қоғамның ұсынысы бойынша  белгілі бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.

      Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі  деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір  қоғамның барлық өзгерген деректері  жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.

      Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу және оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады.

      Қайтадан  ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың  акцияларына айырбастаумен осы  қоғамның барлық мүліктерін жаңадан  пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру  қоғамды бөлу болып танылады. Бұнда  бөлінетін қоғамның құқықтары мен  міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде  пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған  қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте  болады.

      Қызметін  тоқтатпастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін  өткізумен бір немесе бірнеше  қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы  деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары  мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өткізілсе ол қоғамды  қайта құру деп танылады.

      Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім  несие берушілердің келісімдері  бойынша және олардың бақылауымен  акционерлердің жалпы жиналысында  қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде  ең алдымен оның несие берушілерінің  талаптары қанағаттандырылады. Несие  берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:

      Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;

      Екінші  кезекте артықшылықты акциялар бойынша  есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді  төлеу жүзеге асырылады;

      Үшінші  кезекте артықшылықты акциялардың  иелеріне оларға тиесілі акциялардың  атаулы құнын өтеу жүргізіледі;

      Қалған  мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

     Акция – акционерлік қоғамның жарғылық қорын бірдей үлестер көлеміне бөліп, әрбір акционерге олардың салған салымдарына қарай пропорционалды берілетін, акционерлік қоғаммен шығарылатын бағалы қағаз.

     Акция акционердің дивидендтер нысанында  акционерлік қоғам табысының  үлестерін алу; қызметті басқарудағы  қатысу; акционерлік қоғам тарауынан  кейін оның мүлкінің жартысын алудың құқық категориясы мен түрін  куәландырады. Акция табысын дивиденд деп атайды. Оның көлемі акционерлік  қоғамның кәсіпкерлік – коммерциялық және қаржылық әрекетіне тәуелді.

     Акцияның  сату бағасы оның бағамы деп аталады.

     Акциялардың бақылау пакеті –  басқа акционерлермен салыстырғанда, белгілі бір акционердің акцияларының жалпы көлемінің басымдылығы (50%-н жоғары). Бұл пакетінің меншік иесіне акционерлік қоғаммен қабылданатын шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді, яғни оның «даусы үлесімді» болады.

     Бағалы  қағаздар, акциялар қоғамға екі түрлі  артықшылық әкеледі:

     Басында көптеген ұсақ салымшылар арасында таратылған үлкен капиталдың жедел шоғырландыру мүмкіндігі.

     Биржалық  механизм арқылы акцияларды алу немесе сату мүмкіндігі, яғни, ірі капиталдың бір аядан екінші аяға тез құйылуы, конъюктураға байланысты. Басқа серіктестік  түрлерінде бұл мүмкін емес.

     Сонымен бірге, коммерциялық тәжірибе көрсеткендей, бұл ұйымдастыру-құқықтық басқару  нысанында әр түрлі қызметкерлікті дұрыс қолданбау жиі кездеседі. Басқарушылар (директорлар, құрылтайшылар) кәсіпкерлік қызметте жұмыс жасамайтын, тек дивиденд алуға мүдделі, осындай  топтың ақшасын ұстап отырады. Сол  себептен, акционерлік қоғамның дұрыс, тиімді қолданылуы, тек керекті заң  шеңберімен анықталуы тиіс.

     Қатысушылары  өздеріне тиесілі акцияларды басқа  акционерлердің келісімінсіз бөліп  бере алатын қоғам ашық акционерлік  қоғам деп аталады. Мұндай акционерлік  қоғамдар өз акцияларын заң белгілеген шеңберінде сатуға құқылы. Осындай  қоғамдар акционерлер үшін жылдық есеп жариялауы керек (бухгалтерлік баланс, зиян, пайда шоттары).

     Акционерлік қоғамның басқару органы – акционерлер  кеңесі. Бұл кеңестің өкілдігі қоғаның  ешқандай атқарушы органдарына жүктелінбейді. Акционерлер саны 50-н асатын, акционерлік  қоғамда әрдайым бақылаушы кеңес  ұйымдастырылуы тиіс. Бұл кеңес акционерлердің мүдделерін қорғап, директорлар қызметін бақылап отырады. Бұл орган ерекше компетенцияға ие болуы тиіс. Акционерлік  қоғам акционерлер кеңесінің  шешімімен ЖШС-ке немесе өндірістік кооперативке айналуы мүмкін. 

     Еншілес шаруашылық серіктестік  және тәуелді акционерлік  қоғам 

     Біріншісі толық серіктестік нысаны бола алмайды, осыған байланысты ол дербес заңды  тұлға ретінде құрыла алмайды. Еншілес  серіктестік деп жарғылық қорға  басымырақ қатысуына қарай, не олардың  арасында жасалған шарттарға сәйкес немесе өздері қабылдайтын шешімді  өзгеше түрде белгілей алатын серіктестікті  айтамыз. Оның екі белгісі бар:

     Жарғылық  қорға басымырақ қатысуына қарай;

     Олардың арасында жасалған шартқа сәйкес.

     Бұл жерде жарғылық қорға басымырақ  қатысуын екі тұлғадан қарастыруға  болады. Біріншіден, егер акциядағы  үлес бір дауысқа 50% тең келсе, екіншіден, жарғылық қордың 12% бір қатысушыда болса, ал, қалғандардың үлестері 10%-н аспайтын болса, осыны басымырақ қатысу деп  түсінеміз. Еншілес шаруашылық серіктестіктер өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің  борыштары бойынша жауап бермейді. Ал негізгі шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезде оның борыштарын өтеуге көмектесуге міндетті. Еншілес  шаруашылық серіктестік акционерлері, негізгі шаруашылық серіктестігінің  кінәсінен болған залалды олардан  талап етуге құқылы.

     Тәуелді акционерлік қоғам  – деп дауыс беруші акцияларының 20% басқа заңды тұлға меншігінде болған қоғамды айтамыз. Басымырақ қатысушы заңды тұлға, тәуелдік акционерлік қоғам акцияларын тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында дереу жариялауға міндетті.

     Жарғылық  қорға қатысушы басқа да акционерлік  қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің  жалпы жиналысында 25%-дан артық  дауысты пайдалана алмайды.

1.3 Акционерлік қоғамның  артықшылықтары мен  кемшіліктері

 

     Акционерлік қоғамның артықшылықтары:

     Жарғылық  қорындағы акционерлердің үлестік  қатысуының негізінде құрылатын  жеке меншік есебіндегі мүшелер бірігуінің коллективтік- корпоративтік сипаты.

     Ғылым, техника, сыртқы және ішкі нарықтарында қызметтер мен тауарларды өндіру мен өткізудің тәжірибе жетістіктерінің (олардың түріне, сапасына, бағасына және т.б.-ға сұраныстың өзгеру тенденциясын алғанда) негізінде тиімді даму үшін кең мүмкіндіктерді береді.

     Тек акционерлік қоғамдар акциялар шығара алады.

     Акционерлік қоғамның әрбір қатысушысының жарғылық қорындағы, жинаған мүлікте және банк шоттарындағы жинаған ақша қаражаттардың  үлесін анықтайтын акциялар құнының  есебіндегі олардың шектеулі жауапкершілігі.

     Операцияларды жүргізудің басқару қарапайымдылығы.

     Акционерлік қоғамның шексіз өмір сүруі.

     Қоғам банкротқа ұшыраған кезде тек  өзінің акция құны шеңберінде тәуекел  етеді.

     Кемшіліктері:

     Акционерлік қоғамды ұйымдастыруда, мемлекеттік  тіркеу мен құрылымның өзгеруіндегі болатын қиыншылықтар.

     Әрекет  ету мерзіміне қарамастан, салық  салу қойылымының жоғары болуы.

     Барлық  акционерлердің акционерлік қоғамды  басқаруға қатыса алмауы, өйткені, шынайы бақылау үшін 20%-ке ие болуы керек.

     Кейбір  тұлғалардың қолында зор акция  мөлшері шоғырланады, әрине, бұл  оны пайдалануға әкелуі мүмкін.

     Тағы  бір айта кететін жайт, серіктестіктер мен қоғам арасындағы ерекшелік, ол қоғам капиталдың бірігуін білдіреді, яғни құрылтайшылардың қатысуы мүліктік салымдарында айқындалады. Ал серіктестік - тұлғалардың бірігуін білдіреді, яғни құрылтайшылар тек серіктестіктің қызметінде өз мүлкімен ғана қатыспай, сонымен қатар кәсіпкерлікпен де айналысады. Екіншіден, қоғамның қатысушылары жарғылық  капиталға салған салымдардың  шеңберінде ғана шығындар тәуекеліне жауапты, ал серіктестіктің құрылтайшылары өзінің барлық мүлкінің қарыздары бойынша  ғана шектеулі жауапкершілігіне жауапты. 

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасы