Микроэкономиканың негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, лекция

Описание

Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен бағыттары Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың,тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады;

Работа состоит из  1 файл

Микроэкономика.docx

— 30.88 Кб (Скачать документ)

Микроэкономиканың негізі Микроэкономикалық теорияның  мақсаты мен бағыттары Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың,тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады; 2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекетарасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелрі; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері. Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.

Экономикадағы таңдау және шектеу экономикалық шешімді қабылдау проблемасы-шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады. Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашан шектеулі болады. Біріншіден,бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және оны игіліктердің сиректігі  деп атайды Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді. Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет

Әр түрлі экономикалық жүйелердегі ұштастыру мәселелері Экономикалық  жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады. Меншік қатынастарының формалары бойынша: Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады. Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы: Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде. Техникалық прогресс шектеулі. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары. Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы: Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы. Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік. Экономикада орталықтанған жоспарлау. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі. Орталықталынған ресурстар қоры. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Айналым моделі – орталықтан бір мезгілде көптеген аймақтық абоненттерге тарату жүргізілетін орын. Бұл үлгі өте жиі кездеседі: мысалы, дәріс кезінде не ресми баяндама жасағанда тыңдармандар қандай да бір аудиторията ден қояды, телехабар кезінде бірнеше хабарламаны әр жерде орналасқан өте көп адамдардың бір мезгілде қабылдауы. Біржақты коммуникацияға тән осы модельдің сипаты жекелей кері байланыс мүмкіндігінің аз болуымен (әсіресе БАҚ жайлы айтқанда), сонымен қатар коммуникацияның уақыты мен орнын жіберушінің өзі анықтауымен ерекшеленеді. Экономистер жалпы экономика туралы көзқарастарын моделдер көмегімен түсіндіруге тырысады. Моделдерде математикалық түрде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстар көрсетіледі. Экономикалық моделдерде айнымалылардың екі типі қолданылады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді айнымалылар сырттан келеді, яғни олар бастапқы мәліметтер. Эндогенді айнымалылар модель ішінде қалыптасады, яғни олар шешімдердің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда экзогенді айнымалылар моделді құрмас бұрын белгілі болады, ал эндогенді айнымалылар моделдегі есептеулер нәтижесінде анықталады. Модельдердің мақсаты – экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымалыларға әсерін түсіндіру.

Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Әсер ететін факторлар: тұтынушы табысы Ү, тұтынушы талғамы Z, тұтынудың обьективті шарттарыN, Бағаның өзгеруін күту Е.

Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс (sypply) –сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны. Ұсыныс көлемінің қалыптасуы кезіндегі жағдайларды ұсыныс факторлары деп атайды.   Ұсыныс факторлары: 1.Қарастырып отырған тауардың бағасы (P). 2. Ресурстардың бағасы. 3. Басқа ауыстырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы  (субституттар мен комплементтер) (Рs,Рс).  4. Өндіріс шығындары мен технология деңгейі (С). 5. Салықтар мен субсидиялар (Т). 6. Өндірістің объективті (сыртқы) жағдайлары (N). 7. Өндірушілердің болашақты күтуі (Е). Ұсыныс заңы – тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады. 1) өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кезде резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады. 2) бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады. Ұсыныстың өзгеруі – бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді. Ұсыныс қисығының бойымен жылжу – баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.

Нарықтағы тепе теңдікті қалыптастыру Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі және олардың үйлесімі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асады. Бұлар нарықтағы тепе теңдік пен теңдестік бағаның құрылуына әсерін тигізеді. Нарықтық теп-теңдік (market equilibrium) – бұл нарықтағы тауарларға сұраныс пен олардың ұсынысы тең болатын жағдай. Нарықтық тепе-теңдікті анықтаудың екі үлгісі қалыптасқан: Вальрас бойынша және Маршалл бойынша. Егер нақты баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса , онда өндірушілердің көбірек өндіруге ынтасы молаяды , ал сұраныс көлемі  Q1D- ге қысқарады. Бұл жағдайда ұсыныс артықшылығы бағаны түсіруге ықпал етеді.  Егер нақты баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда  сұраныс көлемі   ұсыныс көлемінен, артады). Нәтижесінде нарықта тапшылық орнайды да, сұраныс артықшылығы бағаны көтеруге әкеліп соқтырады. Бірінші жағдайда бағаның төмендеуі өндірушілер арасындағы бәсекеге байланысты болса, екінші жағдайда тұтынушылар арасындағы бәсеке бағаны көтереді. Нарықтық тепе-теңдікті сипаттаудың мұндай әдісі Вальрас бойынша тепе-теңдік деп аталады. Мұндай әдіске баламалы әдіс Маршалл бойынша тепе-теңдік. Оның негізгі мағынасы, нарықтық тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс артықшылығы емес, сұраныс (тұтынушы) бағасы мен ұсыныс (өндіруші) бағасына байланысты орнайды. Мәселен, егер ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен төмен, ал сұраныс бағасы  ұсыныс бағасынан жоғары болса, онда өндірушілер көбірек өндіруге тырысады.   Егер өндіріс көлемі тепе-теңдік деңгейден көп, ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары болса, онда бұл жағдай өндірушілерді өнім көлемін қысқартуға мәжбүр етеді  Нарықтық тепе-теңдікті анықтаудың аталған екі әдісінің айырмашылығы: Вальрас сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне көңіл бөлді, сондықтан оның сұраныс және ұсыныс функциясы былайша беріледі: QD = QD(P),  QS = QS(P), ал тепе-теңдік шарты былайша болады: QD (P)= QS(P). Маршалл өз теориясында «сұраныс бағасы», «ұсыныс бағасы» деген ұғымдарға негізделді. Оның сұраныс және ұсыныс функциясы төмендегідей: РD = PD(Q), РS = РS(Q), ал тепе-теңдік шарты: PD(Q) = РS (Q).

Икемділік ұғымы. Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныс  икемділігіне әсер ететін факторлар. Икемділік бір өлшем өзгерістерінің екінші қлшем өзгеруіне әсерін көрсететін көрсеткіш.  Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады Ер (D)<0, себебі тауар бағасы төмендегенде сұраныс көлемі жоғарылайды және керсінше, тауар бағасы жоғарылағанда сұраныс көлемі төмендейді. Бірақ икемділікті бағалаған кезде көбінесе бұл көрсеткіштің абсолюттік мәні қолданылады η=׀EP(D) ׀ (минус таңбасы ескерілмейді). егер│Edp│> 0 болса, онда зерттеліп отырған тауар Гиффен тауары болады. Сұраныстың бағалық икемділіктері: 1. │Edp│>1 – сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы өте жоғары. Бағаның р1-ден р2-ге төмендеуі сұраныс көлемін Q1-ден Q2-ге дейін бірталай өсіреді, ал жалпы түсім (Р∙Q) жоғарылайды,  тауарға сұраныс икемді  болады 2. │Edp│<1 – сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы әлсіз. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін азғантай шамаға өсіреді, сондықтан жалпы түсім (Р∙Q) төмендейді, тауарға сұраныс икемсіз  болады.   3. │Edp│= 1  - Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін дәл сондай шамаға өсіреді, сондықтан жалпы түсім (Р∙Q) өзгермейді, сұраныстың бірлік икемділігі болады. Сұраныс икемділігіне әсер ететін негізгі факторлар:                   Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым сұраныс икемді болады; Қарастырып отырған тауардың тұтынушы бюджетіндегі үлесі неғұрлым жоғары болған сайын,соғұрлым икемділік жоғары болады; Қажетті тауарларға (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) сұраныс икемділігі төмен болады; Қарастырып отырған тауарды пайдаланудағы мүмкіндіктердің (бағыттардың) алуан түрлі болуы да икемділікке әсер етеді. Бұл мүмкіндіктер алуан түрлі болған сайын икемділік жоғары болады; Бағалық икемділікке әсер ететін басты көрсеткіштің бірі-уақыт факторы. Ұзақ уақыт мерзімімен салыстырғанда қысқа уақыт мерзімінде сұраныс икемділігі төмен болады, Икемділіктің уақытқа байланысты өзгеру тенденциясы былай түсіндіріледі: уақыт өту ағымында әрбір тұтынушы өзінің тұтыну себетін өзгертуге, яғни алмастырушы тауарлар табуына мүмкіндіктері болады.

Нүктелік икемділік. Доғалық икемділік. Сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті Ер(D) тауардың бағасы 1%-ға өзгерсе, онда сол тауарға деген сұраныстың қанша %-ға өзгеретінін көрсетеді. Бағалық икемділікті Ер(D) анықтағанда төмендегідей икемділік коэффициенттерін қолданамыз: Еdр=∆Qd%/∆p%=(=∆Qd%/∆p)·(p/Qd) - нүктелік икемділік.

Еdр=(∆Qd/∆p) · ((р1+р2)/(Qd1+Qd2) )- доғалық немесе сызықтық икемділік Qd1, Qd2 -1-және 2 кезеңіндегі тауардың бағасы. Р1,Р2-1,2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы. Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады Ер (D)<0, себебі тауар бағасы төмендегенде сұраныс көлемі жоғарылайды және керсінше, тауар бағасы жоғарылағанда сұраныс көлемі төмендейді. Бірақ икемділікті бағалаған кезде көбінесе бұл көрсеткіштің абсолюттік мәні қолданылады η=׀EP(D) ׀ (минус таңбасы ескерілмейді).

Сұраныстың қиылысқан  икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың қиылысқан икемділігі (Edc) - Ү тауарының бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей өрнектермен анықталады: Edc=(∆QX/∆py)(py/QX), мұнда, Edc-қиылысқан икемділік коэффициенті;

QX-х тауарына сұраныс  көлемі; Рy- у тауарының бағасы; 1.Егер х және у – бір-біріне тәуелсіз тауарлар болса, онда Edc=0; 2.Егер х және у – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болса, онда Edc> 0; 3.Егер х және у – бірін-бірі толықтыратын тауарлар болса, онда Edc< 0; Сұраныстың табыстық икемділігі (Еі)-  тұтынушы табысының көлемі 1%-ға өзгерген кезде қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті –Edc EdI=∆Qd%/∆Id%=(∆Qd/∆I)·(I/Qd) EdІ-дың шамасы тауарлардың қасиеттеріне байланысты болады: - егер EdI>0 болса, онда тауар «қалыпты немесе толық бағалы» тауарлар категориясына жатады; - егер EdI<0 болса, онда тауарлар –сапасыз тауарлар болады; - егер EdI=0 болса, онда- бұлар бейтарап тауарлар болады. Қалыпты тауарлар үшін EdI –дың шамасы олардың тұтынушылар үшін маңыздылық деңгейіне тәуелді: - егер тауар бірінші қажеттілік дәрежесіндегі болса, онда 0<Edi<I; - екінші қажеттілік дәрежесіндегі немесе күнделікті қажетті тауарлар үшін- EdI=1; - ұзақ уақыт қолданылатын және сән- салтанат тауарлары үшін - EdI>1.

Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор – қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген кезде ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.

Ұсыныстың бағалық икемділігі Ep(S) - баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгеретінін  көрсететін шама.Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:  ESp=∆QS%/∆p%=(∆QS/p)·(p/QS). Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар: 1)    ресурстардың мобильділігі; 2)    уақыт мерзімі. Әдетте ұсыныс икемділігін бағалауда үш уақыт кезеңін қарастырамыз: 1) дәл қазіргі кезең немесе өте қысқа мерзім кезеңі; 2) қысқа мерзім кезеңі; 3) ұзақ мерзім кезеңі. Нарықтың өте қысқа мерзімді жағдайында ұсыныс өте икемсіз - ESp= 0. Бағаның өсуі ұсынысты өзгертпейді. Қысқа мерзімді кезеңде өндірістік қуаттар өзгермейді. Ұсыныс басқа өндіріс факторларының өзгеру салдарынан өседі – 0<ESp<1 – ұсыныс икемсіз.

Информация о работе Микроэкономиканың негізі