Микроэкономиканың негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, лекция

Описание

Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен бағыттары Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың,тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады;

Работа состоит из  1 файл

Микроэкономика.docx

— 30.88 Кб (Скачать документ)

Пайдалылық ұғымы. Шекті пайдалылық Пайдалылық адамдардың қажеттілігін қанағаттандыра алатын құндылықтардың қасиеті. Шекті пайдалылық әр келесі өнімнің біреуін тұтынушылардан алатын қосымша пайлалылықты айтады. Шекті пайдалылық (MU- marginal utility) – берілген тауарлардың қосымша 1 бірлігін тұтынған кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі: MU= =∆TU/∆Q Шекті пайдалылықтың азаю заңы - тұтынатын тауардың саны өскен сайын оның әрбір қосымша бірлігінің шекті пайдалығының азаюы. Бұл заң сұраныс заңының негізі болып табылады.

Талғамсыздық  қисығы максималдық пайдалылық бюджеттік сызықты талғамсыздыққисығы және тұтынушының тепе теңдік жайын талғамсыздық сызығы мен сұраныс өзара байланысын сызу арқылы анықталады. Талғамсыздық қисығы (indifference curve) - тұтынушыға бірдей пайдалылық әкелетін екі тауардың (тауарлар жиынтығының) түрлі тіркестерін көрсетеді Талғамсыздық қисығына мынадай қасиеттер тән: 1. Талғамсыздық қисығы теріс көлбеу орналасады. Өйткені тұтынушы аз тауарға қарағанда көп тауарды қалайды. 2. Талғамсыздық қисықтары ешқашанда қиылыспайды. Себебі бір талғамсыздық қисығының бойында орналасқан тауарлар жиынтығы әкелетін пайдалылық бірдей.3. Талғамсыздық қисықтары координат басынан алыстаған сайын, олардың бойындағы тауарлар жиынтығы әкелетін пайдалылық жоғары болады. Сондықтан тұтынушы әрқашанда төмен жатқан талғамсыздық қисығының бойында орналасқан тауарлар жиынтығына қарағанда жоғары орналасқан тауарлар жиынтығын таңдайды.

Талғамсыздық қисықтарының жиыны талғамсыздық картасын құрайды

Бюджет сызығы. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Бюджет сызығының U2  талғамсыздық қисығымен жанасу нүктесінде (Е) тұтынушы тепе-теңдігі (Consumer equilibrium)  орнайды (9-сурет). Бұл нүкте тұтынушы қажеттіліктерін ең жоғары деңгейде қанағаттандырады. Е  нүктесінде MRS тауарлар бағасының кері қатынасына тең болады: MRS =P/P. Бюджет сызығы берілген баға және белгілі табыс көлемі кезінде тұтынушы сатып алуы мумкин еки тауардың әр түрлі комбинацияларын көрсететін сызық

«Табыс тұтыну»  және «баға тұтыну» қисықтары Тұтынушының табысы өскен сайын оның бюджеттік сызығы KL  K1L1 жағдайына ауысады. Тұтынушының немқұрайлық қисығы U1U1 –ден U2U2 – ге жылжиды (11-сурет). Е1, Е2 нүктелеріне тұтынушының тиімді таңдаулары сәйкес келеді. Суреттен Е2 жиынтығында  Е1 – ге қарағанда көп тауарлар бар екенін көруге болады.  Осы нүктелер тізбегін қосу арқылы «табыс-тұтыну» қисығын GG, табуға болады. Табыс-тұтыну қисығы – табыс өскендегі тұтынушы талғамының өзгерісін көрсетеді. Бұл қисықты кейде «тұрмыс деңгейінің қисығы» деп атайды. Тауарлар төмен сапалы болғанда  «табыс-тұтыну» қисығы координаттар осіне қарай бұрылады.  Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі сапасыз тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде табыс-тұтыну қисығының көлбеуі теріс болады.

Баға-тұтыну қисығы (price-consumption curve) - бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушы талғамы қалай өзгеретінін  көрсетеді. Баға-тұтыну қисығы негізінде сұраныс қисығын құруға болады 10-сурет (төменгі жағы). Ол үшін «баға-тұтыну» қисығының бойында орналасқан тұтынушының теңдік нүктелерінен төмен қарай екінші графиктің абцисс өсіне перпндикуляр түсіреміз. Ординат өсінде тауардың бағасын белгілейміз. Егер тұтынушы Рх деңгейінде Х1 тауарын сатып алатын болса, онда  Р’х,деңгейінде Х2 тауарын сатып алады. Осындай мәліметтер негізінде Х тауарына сұраныс қисығын (DD) құруға болады

Өндіріс түсінігі. Өндіріс функциясы. Изокванта. Өндіріс - тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану үдерісі. Өндipic процесінде қолданатын факторлардьң 6әpiн eкi топқа бөлеміз. Өндірісте материалдық түрде қолданылатын өндіріс факторлары (жер және өндipic құрал-жабдыктары) капитал ресурсына жатады, жұмыс күші мен кәсіпкерлік кабілет еңбек ресурсы болып табылады.  Өндіріс нәтижесінде өндірілетін тауарлар саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі дегеніміз өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды белгілі бір өңдеу үдерістері арқылы дайын өнімге (тауарлар мен қызметтерге) айналдыру. Өндіріс технлогиясының   үнемі өзгepiп отыратыны белгілі. Бірақ өндірушінің қабылдайтын     шешімі     тұрақты     (езгермеген) технология шеңберінде жүзеге асады деген болжау жасалады.  Тұрақты технология шеңберінде мейлінше көп өнім өндіру үшін қолданылатын өндіpic факторларынын үйлесімі мен өндірілген өнім көлемі арасындағы байланысты өндіріс функциясы (production function) дейміз. Егер өндірісте капитал мен еңбек ресурстары қолданылса, онда eкi факторлы өндіріс функциясын былайша  керсетуге болады:  Q = f (L, K), мұндағы Q - өндірілген өнім көлемі, f - функционалды байланысты көрсететін белгі, L - еңбек , К - капитал. Егер өндіріске жаңа технология енгізсе, онда басқа өндіpic функциясы пайда болады. Бірдей өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының әр түрлі үйлесімдерін (комбинацияларын) көрсететін қисықты изокванта (isoquant) деп атайды. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатынын көрсетеді.

Монополистің өнім көлемін  белгілеу


Информация о работе Микроэкономиканың негізі