Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:59, реферат
Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді.
Нарықтық
экономиканы реттеу
жүйесіндегі мемлекеттік
бюджеттің маңызы
Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді. П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі өздерінің қолын экономиканың пульсінде ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді. Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі заманғы капитализм нарықтық қызметі мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын жүйе болып табылады.
Жақсы үкімет - бұл байлық емес, өмірге керекті жағдай дегенмен келіспеуге болмайды. Тиімді мемлекетсіз тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық сұрақтарына оралуда ғана емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да оны өзекті етуге мәжбүрлейді.
Қазіргі кезде
мемлекеттің экономикадағы
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің
Мемлекеттің
экономикалық ролі туралы
Шаруашылық жағдайын реттеу саясатын инновациялық процестер мен глобализациялауды есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің бюджет саясатында алғы орынды алады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған сапалы қызметі туралы сөз болады.
Бірақ та
экономиканы мемлекеттік
Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері нақты тарихи жағдайларға байланысты өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық жүйедегі негізін қалаушы қызметтері өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы экономиканың дамуы мүмкін болмайтын, нарықтық жүйенің керекті конструктивті элементтері болып саналады.
Дж. Тобин
экономиканы мемлекеттік
Экономикалық
тиімділікті көтеру мен
Тәжірибе
көрсеткендей нарық
Қайсібір қоғамдық игіліктерді өндіруді жеке сектор атқара алмайды немесе атқарған күнде де бұл қызмет оларға пайда әкелмейді, ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет оларға пайда әкелмейтін болсама, онда кәсіпкерліктің заңы бұзылады. Осындай игіліктердің классикалық моделі меншік құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты жүргізу, елдегі тәртіпті сақтау болып табылады. Осы сияқты игіліктерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру тұтас қоғамның қызметінің нәтижесі болуы керек. Осындай қоғамдық мүдденің өкілі мемлекет болып саналады. Сондықтан да мемлекет тұрғындарды ұжымдық және қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етуге жауапкершілікті болады.
Ерекше экономикалық категория ретіндегі қоғамдық игіліктердің негізгі мінездемелерін төмендегіше сипаттауға болады:
1. Жеке тұлғалардың қоғамдық игіліктерді тұтына отырып өзара бәсекелестікке түспейтінін сипаттайтын, тұтынудағы бәсекелестіктің болмауы. Қосымша индивидтің ұжымдық иглікті тұтынуының шекті шығындары нольге тең, осылайша қоғамдық игіліктерді тұтынуға қосымша индивидттердің қосылуы оның басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді басқалардың тұтынуын толығымен жоққа шығарады.
2. Қоғамдық игіліктер
тұтынудан шығармау қасиетіне
ие, өйткені қосымша тұтынушыға
қоғамдық игіліктерді
Келтірілген мінездемелердің талдауы классикалық қоғамдық игіліктердің санының шекті екендігін сипаттайды. Сонымен қатар жеке және қоғамдық игліктер арасына нақты, анық шек қою өте күрделі. Таза ұжымдық игіліктерге шарттылықтың белгілі үлесінде меншік құқығын қорғауды, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, көшелерді игеруді және т.б. жатқызуға болады.
Классикалық қоғамдық игіліктер мен жеке игіліктердің арасында көптеген игліктер бар, оларды «толығымен қоғамдық емес» және «толығымен жеке емес» деп сипаттауға болады. Осындай игіліктер «аралас» деген атауға ие және мемлекет арқылы да, жеке сектор арқылы да өндірілуі мүмкін, мысалы, жол құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, фундаментальды ғылыми зерттеулер.
Қоғамдық игіліктерді ұсыну мемлекеттің экономикаға қаржы және бюджет саясаттарын жүргізу арқылы араласуының объективті алғы шарты болып табылады. Қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерге мемлекеттің араласуы өте үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер ету шеңберіндегі негізгі мәселе осы жағдай үшін дұрыс болып саналатын нарық пен мемлекеттің рольдерінің қатынасын табу болып есептелінеді.
П.Самуэльсон
сыртқы әсерлер, яғни
Басқа экономикалық субъектілерге әсер ету нәтижесі бойынша экстерналииді оң және теріс деп бөлуге болады: сыртқа әсерлер, егер де олар сыртқы субъект үшін өнімділік пен пайдалылықты ұлғайтса оң деп есептелінеді және керісінше теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді. Сыртқы әсерлердің болуы сонымен қатар теріс сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғарғы дәрежеге жеткізетін, экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда теріс сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті қорқыныш тударатын экология мәселелерімен байланыстырылады. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары арасында қайшылықтар бар. Экономикалық глобализациялаудың күшеюі жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда да осы жағдайдың күшін бюджет-салық механизмдерін белсенді қолдану арқылы азайтуға болады.
Қоршаған
ортаны ластаумен байланысты
теріс экстерналиилерді ең
• экологиялық
жобаларға «мультипликациялық»
әсер беретін және
• экологиялық жобаларды және осы сферада алғы технологияларды жасауды қаржыландырудың қайнар көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғат рентасының деңгейін көтеру.
Сонымен қатар экологиялық жобаларды жанама мемлекеттік қолдау механизмі болып ғылыми-техникалық ақпараттардың осындай жобаларына қатысушыларына ұсынылатын несиелерінің пайыздық ставкаларына жеңілдік жасау, шетелдік инвесторларды іздеп тарту және т.б. саналады.
Қазіргі заманда жеке экономикалық субъектілер ғана емес, сонымен қатар мемлекетт те оң және теріс сырқы әсерлерді өндіре алады. Осының классикалық мысалы ретінде ғылымды, білім мен медицинаны қолдауды айтуға болады. Фундаментальды ғылыми зерттеулерге мемлекеттік шығындарды жұмсау пайдалы білімді тарату арқылы басқа да субъектілерге оң сыртқы әсерлерді өндіреді. Жаңа білімдерге деген жеке құқықтарды ұзақ уақыт бойы қорғау мүмкін емес және фундаментальды ғылыми зерттеулерге салынған жеке қаражаттар мәні бойынша қоғамдық игіліктерді құруға әкеледі, нарықтық экономика жағдайында фундаментальды білімдердің жеткіліксіз өндірісі салыстырмалы түрде болуы мүмкін, ол біздің пікірімізше, фундаментальды білімдерді бюджеттік қаржыландырудың бірден бір себебі болып саналады.
Білім беру үнемі оң сыртқы әсер әкелетін қызмет ретінде қарастырылатындықтан, мемлекет әлеуметтік пайданы үнемі ең жоғарғы деңгейге жеткізуге және білім берудің мүмкіндіктерін нарықтың жеке оқу орындарына беретін жеңілдіктерімен немесе тікелей мемлекеттік оқу орындарын құрумен қатар кеңейтуге ұмтылады.
Мемлекет
тарапынан денсаулық сақтау
Мемлекет
өндіретін сыртқы әсерлерді
Информация о работе Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы