Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:59, реферат

Описание

Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді.

Работа состоит из  1 файл

Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы.docx

— 22.55 Кб (Скачать документ)

 Қоғамдық  игліктерге деген қажеттіліктерді  нақты анықтау мүмкін емес. Мемлекет арқылы қоғамдық игіліктерді өндіру оң, сонымен қатар теріс экстерналиилерге де әкелуі мүмкін.

 Нақты экономикалық жағдайларда барлық теріс әсерлерді интернализациялайтын идеалды нарық және тек қана оң сыртқы әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат та болмайды. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір жағдайға нарықтық күштер мен мемлекеттік әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып, теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі деңгейге және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады.

 Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада мемлекеттік реттеу тікелей әрі жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Әсер етудің тікелей тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізу үшін институциональды фундамент ролін атқарады.

 Мемлекет  алдында нарықтық «кемшіліктерін»  реттейтін және осылайша экономикалық  дамуға ықпал ететін бюджеттік  саясатты жүргізу тапсырмасы  тұрады. Сонымен қатар мемлекеттің  әсер етуі қалаған нәтижеге  жетуге әкелмейді, ол мемлекеттің  өзінің «кемшіліктері» әсерінен  болуы мүмкін, ал ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі бөлмеумен, саяси процестің жетілмеуінен, бюрократияның әсерімен және уақытша лагпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің мониторингі мен мүмкін негативті жағдайларды жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді қарастырады.

 Экономикасы  дамыған елдерде 20 ғасырдың екінші  жартысында жүргізілген экономикалық  саясат мемлекет ролінің күшеюін объективті де және субъективті де факторлармен шарттаған. Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын оның көңіл аудару сферасынан тыс қалған жаңа мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі. Экспортты мемлекеттік қолдаудың институттарын құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек ресурстарын қалыптастыру, экономикалық субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз ету - мемлекет қызметінің осы аспектілері экономикалық субъектілер үшін күнен күнге маңызды болуда. Келесі жағынан, көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың ұлғаюы бюрократия үшін «тегін» бюджеттік қаражаттарды алу мүмкіндігімен байланысты, ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының ұлғаюына әкеледі.

 Экономикаға  мемлекеттің шектен тыс араласуы көптеген жағдайларда өзін өзі реттеудің нарықтық механизмінің әлсіреуімен және шектен тыс бюрократиямен байланысты негативті әсерлерге әкелді, бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі күман келтірмейді. Мемлекетті нығайту және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін көтеру мәселелері Қазақстан үшін де өте өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық институттарды қалыптастыру қажеттілігімен, әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен, жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамсыз етумен байланысты.

 Қазақстан  экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне  қарамастан әлемдік экономикаға  интеграцияланады, одан мемлекет  тек қана табыс қана алып  қоймайды, сонымен қатар осымен  байланысты қиыншылықтарды да  сезінеді. Бұл мемлекеттің экономикалық  жүйесінің өзгеруіне одан әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы глобальды экономика талаптарына сай тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін туындатады.

 Мемлекетті  нығайтудың тапсырмаларын шешудің  қажеттілігі Қазақстанда болып  жатқан жағдайлар арқылы анықталады:

 • қазақстан  экономикасының әлемдік экономикалық  жүйеге интеграциялануының жеткіліксіздігі;

 • жеке  кәсіпкерліктің әлсіздігі, сонымен  қатар меншік иелерінің құқығын  қорғаудың сенімді механизмдерінің  болмауы;

 • экономиканың  шектен тыс бюрократтылығы;

 • нарықтық  трансакцияға қатысушылар арасындағы қатынастардың криминалдылығы.

 Қазақстанда  мемлекетті нығайту тапсырмасы  әр түрлі шаралар кешенін қарастырады. Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы құруға керекті институционалды қайта құрылымдар реформалардың шешуші элементі болып саналады. Қазақстанда нарықтық құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін қаржылық реттеудің институттарының сәйкес келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің мониторингі мен болуы мүмкін негативті салдарларды дер кезінде жою шараларын қарастырады.

Информация о работе Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы