Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 15:15, курсовая работа

Описание

Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.

Работа состоит из  1 файл

I ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ12.docx

— 69.88 Кб (Скачать документ)

       Қорлардан  жүзеге  асырылатын  зейнетақы  төлемдері  мен  аударымдары 2010 жылғы  жағдай бойынша 164,3 млрд. теңгені құрады. 2010 жылдың басынан бастап қор алушылармен бірге жалпы 32,1 млрд. теңге (24,3% ) сомасына зейнетақы төлемдерін жүзеге асырды.  

       2.2 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы (МЗЖҚ)» АҚ-ның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау 

       «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының алғашқы жинақтаушы зейнетақы қоры, барлық зейнетақы қорларының арасында алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдаған және зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алған алғашқы қор және мемлекеттік институттар мен халықаралық қаржы ұйымдардың: Қазақстан Респуликасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және 2007 жылғы мамырдан бастап Еуропаның Қайта құру және Даму Банкінің қатысуымен құрылған бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры.

       Ерекше  мəртебеге ие болған жəне еліміздің зейнетақы реформасына бастама болған «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы 24 қыркүйекте құрылған. Зейнетақы реформасы басында, салымшылар зейнетақы қорын таңдауда өз таңдауларын айқындамаған кезде, салымшылардың барлығына МЖЗҚ - да қызмет көрсетілді.

       1998 - 2002 жылдары МЖЗҚ қызметін «Жалпыға ортақ қор» режимінде атқарып келді: егер қызметкер қор таңдауын жасамаса және басқа зейнетақы қорымен шарт жасамаса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын МЖЗҚ-на аударып отырған.

       2003 жылы «Жалпыға ортақ қор» мәртебесі  алынып тасталды, сөйтіп МЖЗҚ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен бірге тең құқыққа ие болды.

       2004 жылы Қор сапа менеджменті  жүйесінің (СМЖ) ISO 9001:2000 халықаралық  стандарты «Moody International» халықаралық  агенттігінің сертификатын иеленді. 

       2005 жылдың 1 ақпанынан бастап «Мемлекеттік  Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ өзінің атауын «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жаңа атауына өзгертіп, түпкілікті бəсекелестік нарыққа кірді.

       2006 жылғы қаңтардан бастап, салымшылар  мүддесінде, МЖЗҚ барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында алғашқы рет және жалғыз болып зейнетақы активтерінен өндіріп алынатын комиссиялық сыйақы сомасын 0,05% -дан 0,0475%-ға төмендетті.

       2007 жылдың мамырында Еуропалық Қайта  Құру және Даму Банкі МЖЗҚ акционерлерінің құрамына енді.

       МЖЗҚ-дың Жарғылық капиталының мөлшері зейнетақы қорлары арасындағы ең ірісі болып табылады және 2010 жылғы жағдай бойынша 5, 01 млрд. теңгені құрайды.

       2010 жылғы МЖЗҚ зейнетақы активтерінің сомасы 350 млрд. теңгеден асты.

       2010 жылғы жағдай бойынша МЖЗҚ-дың «таза» инвестициялық кірісі 117,8 млрд. теңгені, ал орташа алғанда жүйе бойынша 41 млрд. теңгені құрады. Абсолюттік мәнде МЖЗҚ-дың «таза» инвестициялық кірісі республиканың барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы ең жоғарғысы болып табылады.  

       МЖЗҚ инвестициялық саясаты – ең төменгі тәуекелдер арқылы ең жоғарғы пайда алуды көздейтін қаржы жұмсаудың бірыңғай - консервативті саясаты.

       Қазіргі уақытта МЖЗҚ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының бəсекелестік ортасында жұмыс істейді жəне бірінші кезекте назарын өзі қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге аударады. Қордың Қазақстан бойынша ауқымды өңірлік желісі бар.

       «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ барлық облыс орталықтарында 18 филиалы, 97 агенттік пункттері, 9 қосымша операциялық залы, 2 дербес қызмет көрсету орталықтары (Астана жəне Алматы қалаларында) бар.

       Қазақстан Республикасының ҚҚА-ның ресми деректері бойынша 1,8 млн. адам МЖЗҚ салымшылары болып табылады немесе еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі қатысушыларының жалпы санынан 22,2% құрайды. Барлық зейнетақы қорларының жалпы жинақталған зейнетақы қаражаты 14,5% өскен уақытта, Қордағы олардың жинақталған зейнетақы қаражаттары ағымдағы жылдың басынан 19,1 % өсті. 

       2.2.1 кесте – Қазақстан Республикасының  2008-2010 жылдарға ЖЗҚ жəне МЖЗҚ салымшылар санының динамикасы 

Көрсеткіштер (мың, теңге) 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
ҚР  жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі  МЗЖ бойынша салымшылардың жалпы  саны 9 411 365 7 587 586 7 838 873
«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ салымшылар саны 2 426 176 1 760  657 1 741 045
Жинақтаушы  зейнетақы жүйесіндегі «МЖЗҚ»ЖЗҚ» АҚ салымшылар үлесі, % 25,78 23,21 22,21
«МЖЗҚ»ЖЗҚ» АҚ салымшылар саны бойынша  нарықтағы орны 1 2 3
«МЖЗҚ»ЖЗҚ» АҚ Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 16 722 660 55 782 253 104 752 326
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан «МЖЗҚ»ЖЗҚ» АҚ  аударылған жинақталған  зейнетақы қаражатының сомасы 76 928 429 127 696 755 177 457 611
Қорытынды: аударылған жинақталған зейнетақы  қаражаттарының сальдосы -60 205 769 -71 914 502 - 72 705 285
 

       Жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі бойынша Қордың нарықтық үлесі 2005 жылдың қорытындылары бойынша 19%-дан 2009 жылдың қорытындылары бойынша 15,8% - ға дейін төмендеу үрдісі орын алды. Дəл осы кезеңде МЖЗҚ салымшыларының саны 2,3 млн. адамнан 1,7 млн. дейін немесе 23,6% кеміді. 1 жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының орташа сомасы 55 мың теңгеден 158 мың теңгеге дейін өсті.

       Өз  қызметі бастамасынан Қормен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарына зейнетақы  төлемдері және аударымдары 35,7 млрд. теңгеге артты және сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдардың жалпы  көлемінен 21 % құрайды, бұл МЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша негізгі қорлардың бірі деп пікір айтуға мүмкіндік береді.  

       2.2.2 кесте – Қазақстан Республикасының «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ таза комиссиялық кірістері (2007 – 2009 ж.) 

  2007 жыл

(мың  теңге)

2008 жыл

(мың  теңге)

2009 жыл

(мың  теңге)

Зейнетақы актив есебінен инвестициялық қызмет комиссиялық кірістері 2,142,238 1,545,605 3,990,936
Зейнетақы активтер есебінен комиссиялық кіріс 952,984 1,222,365 1,345,125
Комиссиялық кіріс жиынтығы 3,095,222 2,767,970 5,336,061
 

       2010 жылғы нәтижесі бойынша МЖЗҚ салымшыларының арасында үлестірілген «таза» инвестициялық кірістің көлемі 16,8 млрд. астам теңгеге артты. Бұл жинақталған зейнетақы жүйесі бойынша тоғыз айда алынған таза инвестициялық кірістің 33 % құрайды. Оған қоса жинақталған зейнетақы қаражаттарының сомасы бойынша МЖЗҚ - дың нарықтық үлесі 16,4 % сәйкес. 2010 жылғы Қор қызметінің барлық кезеңі үшін «таза» инвестициялық кіріс 117,7 млрд. теңгеден асты.

       2010 жылғы жағдай бойынша МЖЗҚ  жинақталған зейнетақы қаражатының құны 293,4 млрд. теңгені құрады. 2009 жыл үшін жинақталған зейнетақы қаражатының құны 19.5% өсті.

       2010 жылғы жағдай бойынша «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері 333 220 924 мың теңгені құрады.  

       2.3 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының  қаржылық - экономикалық жағдайын талдау 

       Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері бойынша, “Зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы” Заң қабылданғаннан бастап, 2008 жылға дейінгі кезең ішінде міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 9 миллион 223 мың 712-ні құрады. Тек өткен жылдың өзінде салымшылар қатары 7,96 пайызға көбейді.

       Ең  бастысы, осы жылдар аралығында зейнетақы  қорларындағы салымшылар ақшасын инвестициялаудың жақсы механизмі дайындалып, бүгінде  олар ірі институционалдық инвесторлар  болып табылады. Дәлірек айтқанда, қазақстандықтардың – салымшылардың  ақшалары түрлі құнды қағаздарды, оның ішінде отандық компаниялардың құнды қағаздарын инвестициялау  арқылы қор рыногында белсенді жұмыс  істеп келеді. Сонымен қатар, ел экономикасының нақты секторын дамытуға да қатысуда.

       Нақты мысал келтірсек, 2008 жылғы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық  портфель жиынтығы 1 триллион 195 миллиард 89 миллион теңгені құрады. Мұндағы  мемлекеттік емес құнды қағаздардың 46,32 пайызы қазақстандық эмитенттердің  үлесіне тиеді. Бұл айтарлықтай  үлкен цифр. Жинақтаушы зейнетақы  жүйесін дамытудың нәтижесін  осыдан-ақ көруге болады. Осы жылдар аралығында біздің азаматтарымыздың басым  көпшілігі зейнетақы жинақтаудың  маңыздылығына түсіністікпен қарап, зейнетақы реформасының даму барысын  мұқият қадағалап келе жатқаны ерекше маңызды.

       Инвестицияланған  зейнетақы активтерінің көлемі 2010 жылдың басынан бастап 400,4 млрд. теңгеге  немесе 29,1%-ға ұлғайып, 2009 ж. 1 778,8 млрд. теңге  болды.

       ҚР  эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) жəне мемлекеттік емес бағалы қағаздары инвестициялық  портфельдегі ең көп үлесті құрайды (77,1%).

       Номиналды кіріс коэффициенті 12, 36 жəне 60 ай кезеңіне есептеледі.

       Жалпы экономикалық жағдай, сондай-ақ қаржы  реттеушісінің жəне жинақтаушы зейнетақы  қорларының жинақталған зейнетақы  қаражатын сақтауды, оның ішінде капиталдандыруға қойылатын талаптарды арттыру, МБҚ-ға инвестициялаудың міндетті лимиттерін енгізу арқылы қамтамасыз ету жөніндегі  шараларының жиынтығы жинақтаушы зейнетақы  қорларының инвестициялық саясаты  мен стратегиясын портфельде нарықтардың  ауытқуларына ең аз ұшырайтын қаржы  құралдарын ұлғайтуға қарай түзетуге мүмкіндік берді жəне ұлттық валютаның  девальвациясымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорлары дамуының негізгі  көрсеткіштерін жəне рентабельдігінің деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз етті.  

       2.3.1 кесте – Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің бөлінуі (%-бен) 

Жинақтаушы  зейнетақы қорлары 2008 ж. 2009 ж.
«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН ЖЗҚ»  АҚ 2,5 2,2
«Нефтегаз – ДЕМ» ЖЗҚ» АҚ 2,5 2,8
«Еуразиялық ЖЗҚ» («Еуразиялық банк» АҚ ЕҰ) АҚ 3,5 3,3
«Қорғау»  ЖЗҚ АҚ 1,4 1,6
«ГРАНТУМ ЖЗҚ» («Казкоммерцбанк» АҚ ЕҰ) АҚ 6,0 5,9
«РЕСПУБЛИКА»  ЖЗҚ» АҚ 0,1 0,7
«ҰларҮмiт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 17,7 13,5
«Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ 2,5 2,5
«МЖЗҚ»  ЖЗҚ» АҚ 16,9 17,4
«ТұранӘлем  Банкі» АҚ ЕҰ «БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ 10,4 12,7
«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ ЕҰ «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ 29,1 28,6
«Қазақмыс ЖЗҚ» АҚ 2,1 2,0
«Отан»  ашық ЖЗҚ» («АТФ Банк» АҚ ЕҰ) АҚ 2,5 3,0
«Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҰ - «Капитал» ЖЗҚ» АҚ 2,8 3,8
 

       2.3.1 сурет – Қазақстан Республикасының  зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің бөлінуі (%-бен) диаграммасы 

 

       2010 жылғы жағдай бойынша жинақталған  зейнетақы қаражатының ең көп 

Информация о работе Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері