Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 15:15, курсовая работа
Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.
сомасы мынадай қорлардың салымшыларында болды:
1. «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ - 642,3 млрд. теңге (31,3%)
2. «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ - 333,2 млрд. теңге (16,2%)
3. «Ұлар Үміт» ЖЗҚ АҚ - 292,4 млрд. теңге (14,2%)
4. «БТА Казахстан» ЖЗҚ АҚ - 176,0 млрд. теңге (8,6%)
Жиынтықта, осы 4 қорға жинақталған зейнетақы қаражатының 70,3% келетін.
Қазіргі
уақытта азаматтардың жинақталған
зейнетақы қаражатын сақталуын
қамтамасыз ету мен еліміздің
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сыртқы,
сондай-ақ ішкі қаржы нарықтарында
болып жатқан жағымсыз процесстердің
ықпалын төмендету зейнетақы
секторы үшін басым бағыттар болып
табылады.
3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Даму стратегиясын айқындау кезінде Президенттің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттеріне, оның ішінде зейнетақы қорлары үшін өзекті мəселе - өмір сапасын жақсарту жəне əлеуметтік қорғауға баса назар аудару керек.
Осыған байланысты, болашақта бүгінгі салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, зейнетақы активтерінің құны мен құндылығын сақтау мақсатымен оларды тиімді инвестициялық басқару - зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті болып қала береді.
Қазақстан зейнетақы жүйесі қызметінде зейнетақы қорларының саны 14 ұйымға дейін көбейді. Зейнетақы қорлары басқаратын жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 1,8 трлн. теңгеден асты. Əр жылдардағы жинақталған зейнетақы қаражатының жыл сайынғы өсу қарқыны 18-ден 40% құраған, бұл 30% деңгейіндегі орта жылдық өсімге сəйкеседі. Салымшылар саны 7,7 млн. адамнан асады. Оның ішінде, шамамен 72% төрт қордың салымшылары. Бұл қорлардың жинақталған зейнетақы қаражатының үлесі 71% құрайды.
Негізгі мақсаттары:
Қордың капитализациясын жəне сəйкесінше инвестициялық тартымдылығының артуына зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс көлемі, сондай-ақ зейнетақы активтерінің басқаруындағы Қордың пайдасын есептеу кезінде негізгі болып табылатын мəндердің көлемі əсер етеді. Осыған байланысты, алдағы кезеңде бар салымшыларды ұстап қалу мен жаңа салымшыларды тарту арқылы жинақталған зейнетақы қаражатының көлемін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, зейнетақы активтерінің құнының артуына инвестициялық стратегия əсер етеді, оның мақсаты зейнетақы активтерінің номиналды инвестициялық кірістілігінің ең жоғары деңгейіне жету болып табылады.
2. Қызмет көрсету сапалылығына шынайы берілгендік, ұмтылыс.
Сапалық көрсеткіштерді дамыту - зейнетақымен қамсыздандыру қызметімен байланысты қызметтердің қосымша кешенін қатар алуға мүдделі салымшыларды ұстап қалу мен келуіне тікелей əсер ететін маңызды фактор болып табылады, осылайша клиенттерге қызмет көрсету форматы жетілдіріледі.
Сапалық дамуды сипаттайтын көрсеткіштер ішінде мыналар қаралады:
1)
бизнес-процесстер мен
2) жоғары білікті мамандардың клиенттерге қызмет көрсетуі;
3) зейнетақы реформасы мен зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
4)
Интернет арналары бойынша
5)
қаржы нарығының
Осылайша,
Қордың қаржылық жағдайын дамытумен
қатар, алдыға қойған мақсаттарды іске
асыру, жинақталған зейнетақы
Қазақстандағы ЖЗҚ қызметтерін әрі қарай дамыту, зейнетақы жүйесіне жаңғырту жүргізу жетістікке жетуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді. Ең алдымен зейнетақы жүйесінің сенімді институционалды инфрақұрылымын құру қажет. Бұл міндеттің орындалуы, міндетті жинақтау қағидаларына негізделген екінші деңгейдің жаңадан құрылуымен және үш деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты қажетті болып табылады:
Нәтижесінде ЖЗҚ ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға, бағалы қағаздар сатып алуға ұтымды салым жасай алады.
Бірақ Қазақстанда, экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде тиімді және сенімді ұзақ мерзімді инвестициялау мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы потенциялын тиімді орналастыру айтарлықтай күрделі мәселе.