Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:44, реферат
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің 2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік
Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің 2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді. Алайда, кедейлер саны күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өсуі байқалуда.
Сонымен
қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау
жүйесінің және болашақ жоспарларында
күрделі әрі басты
Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.
Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасал, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.
Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл – ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл – ауқатын жақсартудың бірден – бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.
Тақырыптың
маңыздылығы - нарықтық қатынастар жағдайында
халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен
қамтуды ұйымдастыру шаралары қазіргі
халықтың, соның ішінде әлеуметтік жағынан
аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын
көтеру мен республикамыздағы басты мәселелердің
бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін
азайту бағытындағы шараларды іске асыру.
Жұмыссыздық
туралы жалпы түсінік
Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қазіргі
жағдайда «монетарлық теория» өзі
туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтайшылар
жұмыссыздық себебін
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.
Батыс
елдерінің мамандары
Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
Бұл
факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс
іздеп келушілер мәселесін де еске алған
жөн.
Жұмыспен
қамтудың және жұмыссыздықпен
күресудің кейбір аспектілері.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан
қоғау жүйесінің негізгі
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:
Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Жұмыспен қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.
Информация о работе Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері