ЭМР-дің түрлері мен әдістерін сынаптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 20:22, курсовая работа

Описание

Экология (грекше oikos-үй, тұрақ, мекен, logos-ғылым) "мекен еткентабиғи орта туралы білім” деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тавзалығын сақтау, яғни салауатты өмір қалпын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр.

Содержание

1.Теориялық экология нені зерттейді?
2.Ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың негізгі зандылықтарын.Қандай факторлар шнктеуші болып табылады?
3.Экожүйенің энергиялық байланыс.Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. Қоректену тізбектері және трофикалық деңгейлер қолдану жүесі.
4. Тірі заттың тасмалдау қызметі.
5. Ауыз, мәдени тұрақты және барлық шаруашылықтарының су қойылатын жалпы талаптарды атаңыз
6.Антропогенді жолмен пайда болатын және ауаға тарайтын газдарды атаңыз.
7. Шөлдену дегенде нені түсінесіз?

Работа состоит из  1 файл

экология бақылау.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

"Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабының 10)тармақшасына  сәйкес бұйырамын: 

1. Қоса  беріліп отырған: 

1) "Орталықтандырылған  ыстық сумен жабдықтау жүйесiн  ұстау мен пайдалануға қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";

2) "Орталықтандырылған  ауыз суымен жабдықтау жүйесiнiң  сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар";

3) "Орталықтандырылған  жер бетi суын ластаудан қорғау  жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.

2. Осы  бұйрықтың орындалуын бақылау  Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк  санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа  жүктелсiн. 

3. Осы  бұйрық ресми жарияланған күнiнен  бастап қолданысқа енгiзiледi.

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жерасты  су көздерінің СҚА-да мынадай шаралар  жүргізіледі:

       1) тығындау (консервілеу) немесе  барлық ескі қолданылмайтын, ақаулы  немесе дұрыс пайдаланылмайтын, сулы қат-қабат ластану мүмкіндігін келтіретін ұңғымаларды анықтау;

       2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық  қызмет органдарының оң қорытындысы  болған кезде, кеннің үстіңгі  қабатының бұзылуына байланысты  жаңа ұңғымаларды бұрғылау;

       3) объектілердің аумағын санитариялық абаттандыру бойынша шаралар ұйымдастыру (кәріздеумен, су өткізбейтін күресіндер қондырғылары, жер бетіндегі суағарларды бұруды).

       130. СҚА-нда:

       1) жер асты қат-қабаттарына пайдаланылған  суларды құю, қатты қалдықтарды  және жер қойнауын қазуды қоймалау;

       2) бейіттерді, мал қорымдары, ассенизациялау  өрісі, сүзілу өрісі, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал шаруашылығы  және құс өсіретін шаруашылық  субъектілері және жер асты  суларының микробтық, химиялық  ластану қауіпіне себепші болатын  басқа да нысандарды орналастыру, тыңайтқыш және улыхимикаттарды пайдалану; орманды кесу;

       3) жанар-жағар май материалдары, улыхимикаттар және минералдық  тыңайтқыштар, шаруашылық-тұрмыстық  және өнеркәсіптік ақаба сулар  жинауыштар, шламқоймасы және басқа  объектілерге жол берілмейді.

Жерүсті су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА  аумағын және сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолақтарын күтіп ұстауға қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

СҚА-нда  судың сапасына әсер көрсететін ағынды сулар, соның ішінде су көлігінің ағынды сулары, сондай-ақ шомылу, кір жуу, мал суаты, суды пайдаланудың басқа түрлеріне жол берілмейді.

  1. Сумен қамтамасыз ететін жер үсті көзінің СҚА бірінші  белдеуінің аумағында осы санитариялық ереж Су қорын тиімді пайдалану жолдары

      Адамның негізгі қажеттерінің бірі – таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі  20 % құрайды. Жылдан  жылға  әртүрлі заттармен ластанған су объектілерінің саны көбейіп барады. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Ол барып табиғи судың сапасын жақсартатын гидробионттардың  өмірін  қиындатады.

       Судың  сапасы  дегеніміз –  шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балықшаруашылығы  және техникалық қажеттілікті  анықтайтын судың құрамы мен  қасиетінің сипаттамасы. 

    Ауыз  су эпидемиологиялық тұрғыдан және химилық құрамы бойынша қауіпсіз, органолептикалық қасиеттері жағынан қолайлы болуы керек.

         ҚР судың сапасы 2.1.4.559-96 МеМСТ  сай болуы керек. 

    Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлығы, концентрациясы және тағы басқалары жатады.

          Судың биологиялық  көрсеткіштерінің бірі − коли-индекс, бұл 1 литр судың көлеміндегі ішек таяқшаларының саны. Бұл көрсеткіш  бойынша табиғи сулар бес түрге  бөлінеді: өте ластанған − коли-индексі 10 000 –нан көп, ластанған 1000 –нан көп, аз ластанған – 100-ден көп, қанағаттанарлық - 10-нан көп, жақсы – 3-тен аз. Тағы бір көрсеткіші − коли-титр: бір ішек таяқшасы болатын судың миллилитрмен өлшенген көлемі − 300 мл кем болмауы керек.

енің 31, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіле алады. 
 

6.Антропогенді жолмен пайда болатын  және ауаға тарайтын газдарды атаңыз.

Антропогенді әрекет - адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.

Антропоген  дәуірі - жердің геологиялық тарихының  қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

Антропогенді  ландшафт - адам әрекетінен түлеп қайта  түзілген ландшафт.

Антропогендік фактор - ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

      Антропогендік фактор – (грек сөзі-anthropos-адам, denesis-шығу тегі) – айналадағы ортаға адамның тигізетін ықпалы. Адамдардың іс-әрекеттерімен атмосфераның құрамы мен режимі өзгеріп, өзен көл, теңіз, мұхиттардың сулары ластанады. Радиоактивті элементтер топырақты бұзса, барлық экожүйені адамдар бұзады. Адамзат баласы өсімдік әлеміне елеулі өзгерістер енгізіп, көмір қышқыл газының көбейіп кетуіне, оттектің азонына ықпал жасайды. Тропикалық өсімдіктерді отағандықтан атмосфераның химиялық құрамы өзгеріп, адамзат баласының тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туып отыр. Жер шарындағы оттектік көбеюіне, көмір қышқыл газының азаюына тропикалық өсімдіктер айтарлықтай рөл атқарады. Биосферадағы бір түр жойылатын болса, онда онымен байланысты екінші түрде жойылып кетеді. Экожүйенің бұзылуына өрт, кенеттен сел жүріп, жер сілкіну және тағы басқадан табиғат аппараттары өте үлкен әсер етеді. Биосфераның химиялық элементтері мен пестицидтермен, гербицидтермен және басқада улы қосылыстармен ластануы. Биосфераның өзгеруі фитомасса мен зоомассаларды биосфералардан мөлшерден тыс ала беруден болады. Сол себепті экожүйелер түпкілікті түрде өзгеріске ұшырап кетеді.  
 

7.Шөлдену дегенде нені түсінесіз?

    Шөлденуге қарсы күресу  БҰҰ конвенциясы  мәліметтері бойынша әр  жылы Қазақстан  топырақтарында қарашірінді  мөлшері азайғаннан келетін зияны 2,5 млрд. америкалық долларын құрайды, ал эрозиядан  келетін   зияны 779 млн. доллармен бағаланады.

    Б.Г. Розанов айтуы бойынша шөлдену  бұл топырақтардың өсімдіктермен  қалпына келмейтін өзгеріс үрдістері  және биологиялық  өнімдіктің  төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биосфераның толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Әлемде барлық құрлықта 1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған.

    Шөлденуге алып келетін факторлар: табиғи (қолайсыз метеожағдайлар, топырақтың сорлануы, жеңіл топырақтар, жер асты сулардың төмендеуі, жел және су эрозиясы) антропогенді (орманды кесу, жайылымды дұрыс пайдаланбау, қарқынды жерді өңдеу, жерді дұрыс пайдаланбау). Көбінесе шөл осы факторлардың бір қалыпты әсер етуінен пайда болады. Шөлейттену әлеуметтік –экономикалық   және табиғи үрдіс болып  табылады. Ол дүние жүзі бойынша 3,2 млрд. гектар жерге, сонда тіршілік ететін 700 млн. адамға қауіп  келтіреді.

    Шөлейтке  ұшыраған жерлерде топырақтың физикалық  қасиеттері нашарлайды, өсімдіктер жойылады, жерасты сулар сорланады, биологиялық  өнімдер күрт  азаяды, соның барлығы (экожүйелердің қайта қалыптасу  қабілетін төмендетеді). Осындай экологиялық апатқа  ұшыраған аймақтарға  Қазақстан аумағында  Арал және Балхаш  өңірлері  жатады.

    Қазақстанда шөлейттену  қауіпі бар  жерлер, жалпы  жер ауданының 75% құрайды. Шөлейттену және жағымсыз экологиялық өзгерістерге әкеліп соғатын басты себептердің қатарына тың игеру кезінде топырақтың  жаппай жыртылуы, шабындықтар мен мал жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан сорлануы, ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.

    Еліміздің Жер ресурстарын  басқару агентігінің  2006 жылғы мәліметі бойынша орташа және үлкен дәрежеде тапталып бүлінген жайылымдар  26,6 млн. гектарды құрайды.

    Орман қорының жері елімізде онша мол емес (23,4 млн. га), ал орманды алқапты барлық  республика территориясында тек қана 3,8% қамтиды. Соған қарамай бұл жерлердің  экологиялық мәселесі өте өзекті болып отыр. Тек қана 2000 жылы 934 орман өрттері  болып, ол 27 мың 487 гектар жер ауданын қамтыды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Қарағанды, Алматы облыстарында байқалған. Тек қана Павлодар облысында  кейінгі 10 жыл ішінде орман өрттері мен жөнсіз ағаштарды кесу салдарынан 45 мың гектар жерде орман жойылып, осы жерлерде шөлейттену қауіпі туып отыр.

    Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ  өндіру кезінде ауыр техника мен  транспорт салмағымен, мұнай-битум  қалдықтарымен шамамен 4-5 млн. гектардай  жер бұзылып, ластанған.

    Елімізде  егіншілікте көп жылдар бойы пайдаланып келе жатқан топырақтардың құнарсыздануы құбылыстары байқалуда. Павлодардың ауыл шаруашылығы  ғылыми зерттеу институты ғалымдарының (Қ.Е. Қанапиянов. С.У. Асқаров, 2004) мәліметі бойынша оңтүстік карбонатты қара топырақты егіншілікте 1965 жылдан 2003 жылға дейін пайдаланғанда (38 жыл ішінде) оның 0-22 см қабатында қарашірінді мөлшері 5,2-5,9%-да 3,2-3,6%-ға дейін, ал 22-40 см қабатында 2,8-3,4%-дан 1,9-2,2% -ға дейін кеміген.

Шөлдену – шөлге шектес жатқан жерлердің  құнарсыздануы барысында шөлді  аумақтардың ұлғаюы. Шөлденуге табиғи (климаттың циклдік өзгеруі нәтижесінде ағын сулардың өзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңшылықтардың қайталанып отыруы) және антропогендік себептер (ауыл шаруашылық мен өнеркәсіптің дамуы, тағы басқа) басты әсер етеді. Шөлдену процесі кезінде өсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың), топырақ эрозиясы (онымен қоса жел мен су эрозиясы), топырақтың тұздануы, көп жылдық өсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады. Ал адамзаттың шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де Шөлдену аумағы тез өседі. Адамзат өз тарихында кезінде өнім беріп келген шамамен 1 млрд га-дай жерді шөлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін (Еуропа аумағынан 3 есе, немесе Жер бетінің бөлігін, яғни 25%-ға жуығын қамтыған) шөл және Шөлденуге бейім жерлер алып жатыр. Шөлдену процесі Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекет аумағын қамтиды. Шөлдену процесі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап адамзатқа үлкен қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1968 – 73 ж. аралығында Сахараның оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 250 мың адам көз жұмып, малдың 40%-ы қырылған. Ал 80-жылдардың ортасында осы белдемдегі қуаңшылық салдарынан 3 млн-ға жуық адам қырылған. Мұның бәрі табиғатқа антропогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың жаїандық жылуына байланысты Шөлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін және Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және солтүстік белдемдерін қамти бастады. 
 

Информация о работе ЭМР-дің түрлері мен әдістерін сынаптау