Кәсіпордағы бухгалерлік есеп пен аудит жұмысын ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:48, реферат

Описание

Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.

Работа состоит из  1 файл

реф.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

     а) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері  бойынша;

     ә) бұл объектіерді иелікке алу  мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

     б) басқа кәсірорындардан және тұлғалардан  өтеусіз алу күйіндегі сараптама  жолымен.

4 –  кесте

 Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы 

Аудит (процедурасы) Ақпараттың  шығу көздері
Бас көрсеткіштер Бас кітабының мәліметтеріне  МЕА бойынша сәйкестігін көрсету Баланс
Бас көрсеткіштер Бас кітабының мәліметтеріне  МЕА бойынша сәйкестігін көрсету Бас кітап, есеп регистрі, 12, 10  журнал-ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжат
Кәсіпорынның  бұл объектіге меншік құқығын  растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжатарды тексеру Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба (схема), жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен  кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецетурасы, геологиялық карталар және т.б.
Түскен  МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру Келісім-шарттық  бағалардың хаттамалары, сату сатып  алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.
МЕА кіріске  алу есебінің көрсетудің дұрыстығын зерттеу Қабылдау тапсыру  актісі, 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал ордері, Бас  кітап
МЕА амортизациясын есептеу дұрыстығын зерттеу «МЕА амортизациясы  сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10 журнал ордері
МЕА істен  шығу есебіндегі көрсетудің  дұрыстығын зерттеу Қабылдау тапсыру  актісі, 10 журнал ордері
МЕА түгендеу қорытындыларын шоттарда көрсетудің дұрыстығын зерттеу Түгендеу тізімдемесі, салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал ордері
МЕА қатысты  салықтар есептеу мен есептің  дұрыстығын зерттеу Салықтар бойынша  есеп айырысулар, 5, 8 журнал ордерлер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. АУДИТОРЛЫҚ  ҚОРЫТЫНДЫ
 

    Аудиторлық  қорытынды есептің тиісті атауы  болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды  есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директор кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.

    Қорытынды есептің жекелеген баптардың  топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін  аудитор  төмендегі жағдайларды анықтау  үшін қорытынды есепке жалпы тексеру  жүргізу тиісті:

  • Операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудиторлық білімінің өзара сәйкес келетінігі;
  • Қажетті ақпараттарды лайықты түрде ашылғандығы және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығы;
  • Қаржылық қорытынды есептің кәсіпорын шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың  және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
  • Жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой пікірін тұжырымдай алатындығы.

    Аудиторлық  қорытынды құрылымы мынадай элементтерден  тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масшатабын анықтау бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.

    Аудиторлық  қорытынды есептің жергілікті ережелер мен келісім - шарттардың талаптары  бойынша лайықты түрде адрес  иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды  есебі аудитке тартылатын кәсіпорын директорлар кеңесіне арналып құралады.

    Аудиторлық  қорытынды есептің аудиті ХАС  немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз қалыптасқан  жағдайларға байланысты қажетті  аудит процедураларын орындауы болып табылады [12].

    Менің мысалым бойынша, «ҚазАвтоКөлік» АҚ – на аудиторлық тексеру жүргізілді. Бұл компанияның презиенті Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы, «Делойт» ЖШС тексерушісі  болып табылады, президенті Кунтлеуов Аманбай.

Бағдарлама: 

    Қаржы шаруашылық қызметіне аудиторлық тексеру кезеңі «ҚазАвтоКөлік» АҚ – на 31.12.2008 – 30.06.2009 жыл. 

    Келесі  жұмыстар атқарылады:

  1. Жалпы мәліметтер
  2. Үздіксіз қызметті бағалау
  3. Есеп саясаттың негіздері
  4. Меншікті капитал аудиті
  5. Касса аудиті (таңдалған)
  6. Банктік шоттардағы қолма – қол есеп айырысу аудиті (таңдалған)
  7. Дебитрлық және кредиторлық қарыздардың аудиті (таңдалған)
  8. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің аудиті (таңдалған)
  9. Тауарлы – материалдық қорлардың аудиті (таңдалған)
  10. Бюджетпен есеп айырысу
 

    Тәуелсіз  аудиторлық компания «Делойт» ЖШС лицензиясы – МФЮ - 2 №.0000022

    «ҚазАвтоКөлік»  АҚ – ның 31.12.2008 – 30.06.2009 жылғы қаржылық есеп беруіне аудиторлық тексерісті жүргізді. Аудит №6 келсім – шарт негізінде 15.07.2009 жылы жүргізілді. Оның үлгісі төменде келтірілген: 

КЕЛІСІМ – ШАРТ 

                                                    ШАРТ № 6 

Алматы  қаласы                                                                        1.06.2009 ж. 

Аудитор фирмасы «Делойт» ЖШС бұдан кейін  «орындаушысы» фирма атынан жауапкер, директоры Кунтлеуов Аманбай фирма жарғысына орындаушы, бір жағынан шартқа жауапкер және екінші жағынан шартқа отырушы шаруашылық субъектісі фирма «ҚазАвтоКөлік» АҚ – ның атынан жауапкер презденті Жұмағалиев А.Қ.  төменде көрсетілген міндетті орындауға: 

1. Шарт мазмұны және  олардың міндеттері

1.1. Тапсырушы  міндеттейді, ал Орындаушы сол  тапсырмаларды орындауға міндеттенеді.

1.1.1. Аудитор  тасырушының қаржы – шаруашылық  өткен бір жылдық көрсеткіштерін (белгіленген мерзімде) тексеруді  міндетке алады.

    Аудиторлық  тексеру нәтижесінде:

1.1.2. Бухгалтерлік  есеп жұмысының дұрыстығына, мүлкінің  және ақша қаражаттарының түгелдігіне  анықтама береді 

1.1.3. Аудиторық  қорытыды жасайды.

             Шарт жасау кезінде екі жақты  міндеттері төмендегідей анықталады:

1.2. Тапсырушы  міндеттері:

1.2.1. Шаруашылық  субъектісі өзінің мүлкіне, ақша  – қаржысына, есеп айырысу  әрекетіне «тапсырушының» қаржылық  есебінен түгендеу жүргізіліп, оның  нәтижесін белгіленген ереже  – нұсқауға сәйкес анықтауға  міндетті.

1.2.2. Тапсырушы осы шарттың 1.1. бөлімінің талабына сәйкес «орындаушыға» аудиторға қажет барлық бухгалтерлік құжаттарды, есеп кестелерін, қаржы есептерін банк әрекеттерінің құжаттарын т.б. аудиторлық тексеруге қажет мәлеметтерді түгелдей, қажет мерзімде беруге міндетті. 
             Осы көрсетілген құжаттар немесе басқа қажетті мәліметтер уақытылы аудиторға берілмесе, ол шарттың тоқталуына, күшін жоюына негіз болады. Оның мазмұны осы шарттың 7.2. бабына сәйкес құқылы болады (орындалады). Қажет құжаттарды «тапсырушы» уақытылы бермесе, онда аудиторлық тексеру мерзімі ұзартылады. Ондай жағдайда тапсырушы орындаушыға жұмыс тоқталып қалғаны үшін төлем жасауға міндетті.

1.2.3. Тапсырушы  орындаушының талабына сәйкес  қажет болған  жағдайда өзінің  қызметкерлерін анықтама, түсініктеме қағаздарын т.б. құжаттарды беріп отыруға міндетті.

1.3. Орындаушының  міндеттері:

1.3.1.  Аудитор тапсырушының бір жылдық  қаржы шаруашылық бір жылдық  қаржы – шаруашылық жұмысын  (31.12.2008 ж. – 30.06.2009 ж.) тексеруге  міндеттенеді.

1.4. Осы шарт бойынша аудит актісін және аудитор қорытындысын (15.07.2009 ж) өткізуге міндеттенеді.                                                                    

2. Аудитор қызметіне  төлем 

2.1. Аудит  қызметіне төлем, осы шартқа  тіркелетін (қосымша № 1) хаттама арқылы анықталады. Қалыптасқан  тәртіп бойынша аудитор қызметіне төлем, бір сағат жұмыс уақытына белгіленген бағаға көбейту арқылы, әр бір аудитор қызметкерлеріне жеке – жеке анықталады.

2.2. Тапсырушы  аудит қызметін өткізіп алғаннан  кейін, аудит үшін өз банкісінен төлем жасайды.

3. Аудитордан орындалған  тексеру жұмысын  қабылдау тәртібі

3.1. Орындаушы  аудиторлық тексеру жұмысын бітіргеннен  кейін арнайы акт жасап тапсырушыға  өткізеді. Онда аудит актісі, т.б.  тексеру барысында жасалған құжаттар, сараптау материалдары, экономикалық талдау кестелері арнайы тіркеу жасап өткізеді.

3.2. Тапмыруша  15 күннің ішінде аудитор материалдарын  қарастырып, талдау жасап, қарсылығы  болмаған жағдайда жазбаша түрде  аудит есебі қолданылды деп  мәлемет беруі қажет. Ал келіспеушілігі болған жағдайда оның нақты себептерін көрсетіп, жазбаша түрде наразылығын хабарлауға міндетті.

3.3. Екі  жақты аудиторлық тексеру нәтижесінде  келіспеушілік жасаған жағдайда  екі жақты акті жасалып, онда  қандай жұмыс жасау керек екенін  анықтап, ол жұмыстың орындалу мерзімін белгілейді.

3.4. Аудитордан  жұмыс қорытындысын қабылдау  барысындабұрынғы шартта көрсетілмеген  жұмыс кездескен жағдайда онда  екі жақ қосымша шарт жасап,  оған бөлек төлем анықтайды.

4. Екі жақтың жауапкершілігі

4.1. Осы  шартта көрсетілген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда «тапсырушы» да, «орындаушы» да тікелей ақшалай айып төлейді. Оның мөлшері осы шарт бойынша, арнайы заң талабына сәйкес орындалады.

4.2. Орындаушы  аудитор қорытындысын дұрыс жасамау  нәтижесінен келтірілген тікелей қаржы зиянын тапсырушыға түгелдей төлеуге міндетті.

4.3. Орындаушы  шарт бойынша жүргізетін аудиторлық  тексеруін белгіленген мерзімінде  орындалмаған жағдайда, әр кешіктірген  жұмыс күні үшін 0,2 % мөлшерінде  бір күндік жұмыс төлем ақшасынан  айып төлейді.

4.4. Тапсырушы аудит қызметінің төлемін кешіктірген жағдайда әр күн үшін 0,2% мөлшерінде сол төлем сомасын айып төлейді.

5. Құпиялық

5.1. Екі  жақты шарттың мазмұны туралы, оны жасағанын және осы шарт  туралы мәліметтерді ешқандай  жаққа хабарламауға міндетті. Орындаушы өз тарапынан ешқандай фактіні, мәліметті өз мақсатына пайдаланбауға міндетті.

5.2. Тапсырушы  шарттың талабына сәйкес аудит  мәліметінің құпялығын сақтауға  міндетті, ал үшінші бір шарт  мәлімет беру үшін орындаушының  жазбаша келісімі болғанда еруге  құқылы.

6. Шарттың жойылуы,  тоқтатылуы

6.1. Екі  жақтың да арнайы жазбаша түрде  мәлімдеуі бойынша шарттың күшін  жоюға құқысы бар. Ол келесі  жағдайдалда болады:

а) аудит  қызметіне төлем жасауға қаржысы  жоқ болса;

Информация о работе Кәсіпордағы бухгалерлік есеп пен аудит жұмысын ұйымдастырылуы